25. М.Д.Балалардың қабылдауларының дамуындағы негізгі бағыттар. Уақытты, кеңістікті, суреттерді қабылдау
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау түрлерінің дамуын зерттеген ғалымдар А. В. Запарожец, Л. С. Выготский, Г. Фалькельт, А. Н. Леонтьев, Л. А. Венгер, Ж. Пиаже болып табылады.
26. Мектепке дейінгі шақта ес түрлерінің, процестерінің дамуы. Есті дамытудың әдістері
Мектепке дейінгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделенгендігі байқалады. 3-4н бастап бала қоршаған ортамен жан- жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс-әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай-ақ, іс- әрекеттің орындалу барысындабайқаусызда, материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.
Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленеді. Балалар өз өмірінде ерекше әсер етіп көңіл аударғанын өзін қызықтырған құбылысты ғана есінде жақсы сақтайды және осы кезеңде есте сақтау үшін алдына арнайы мақсат қойылады. 4 жастан бастап ырықты түрде есте сақтау жүзеге аса бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде бала механикалықтүрде есте сақтайды деу қате түсінік. Себебі бала да өзіне қажетті материалды есіне сақтау үшін одан нені талап етіп отыр, нені есте сақтау керек, соны түсінуге тырысады. Ал егер сол материалдың мән мағынасын түсінбесе, түсіну қиынға соқса ғана бала механикалық түрде жаттау арқылы есте сақтауға тырысады.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда, бала өз жас ерекшелігіне сәйкес түсінуге жеңіл, күнделіеті көріп, тұрмыста пайдаланып жүрген заттарды, естіп жүрген мән мағынасы ұқсас сөздерді есінде жақсы сақтайды. Сондай-ақ көріп тұрған заттың өзін өзі біліміне, өмір тәжірибесіне, түсінігіне байланысты есте сақтауы әр түрлі болады.
Ересектер тобындағы балалардың ес үдерісінің дамуы әлі де болса ырықсыз, поссивтік сипатта өтеді. Бала өткенді есіне түсіріп, қайта жаңғырту үшін де ең негізгілерін іріктеп, көз алдына елестетуге әрекет жасайды.
Іс-әрекетті есте сақтауды құрастыру, сурет салу, ойнау, еңбек әрекетін орындау барысында, ертегі, әңгімелерді тыңдау негізінде жүзеге асырып отырады.
Балада сюжеттік ойындарды ойнау арқылы ырықты есте сақтап, қайта жаңғыртуының алғашқы белгілері көріне бастайды.
Бала есте сақтау мен қайта жаңғырту тәсілдерін үлкендерден үйренеді. Мысалы, тапсырма беріп отырып, оны белгілі бір уақыт аралығында қайта жаңғыртуды талап етеді немесе бір нәрсені сұрап отырып, оқиғаның желісін баланың есіне түсіру үшін жетекші бағыттаушы сұрақтар қояды.
Есте сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін естігенін өз сөзімен әңгімеліп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор.
Зинаида Михаиловна Истомина 3 тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының үш дәрежесін анықтаған.
І дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.
ІІ дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай-ақ жүзеге асады.
ІІІ дәрежесінде балада еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады.
Еске сақтаудың осы 2-ші және 3-ші дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді.
Балада ырықты есте сақтауды қалыптастырып тәрбиелеудің маңызды көрсеткіші тек оның есте сақтай алуы мен өз бетімен мнемоникалық мақсат қоя білуі ғана емес, сонымен қатар дұрыс есте сақтауын қадағалап, өзін-өзі бақылауын жүзеге асыруы қажет.
Өзінің есте сақтауын тексеругек тұтастай мүмкіншілігінің болуы 6 жасқа келгенде едәуір артады. Осы жастағылардың басым көпшілігі бейнелік есте сақтау сияқты сөзді есте сақтау кезінде өзін-өзі тексеруді тиімді пайдалана біледі.
Бала 6 жасқа келгенде тек механикалық есі емес, сөз логикалық есі жақсы дамығанын байқауға болады.
Баланың сөз логикалық есінің жақсы дамығанын оның жақсы түсінген материалды есінде сақтап қайта жаңғыртуынан байқауға болады. Мысалы, 6 жастағы бала ертегі әңгіменің мазмұнын өз сөзіменөайталап айтқан кезде өзіне онша таныс емес «азамат» деген сөзді өзіне таныс күнделікті айтылып жүрген «ағай» деген сөзбен ауыстыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |