№1 зертханалық ЖҰмыс циклді қосылыстар және олардың туындыларын синтездеу сабақтың мақсаты



Pdf көрінісі
бет13/45
Дата29.04.2024
өлшемі1,54 Mb.
#201530
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
лаб.ЦҚОХ-АБ-2

 
 
№6
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС 
КОНДЕНСИРЛЕНГЕН АРОМАТТЫ ҚОСЫЛЫСТАР 
2-Нафталинсульфоқышқылы синтезі 
 
Реактивтер:
нафталин, концентрлі күкірт қышқылы, концентрлі тұз қышқылы.
Құрал-жабдықтар:
пипетка, түтіктер, сірінке, колба.
Жұмыс барысы:
Көлемі 25 мл колбада 2,5 г нафталинді ерітеді және оны 160°C дейін 
қыздырады (термометр шаригін сұйықтыққа батыру керек). Балқытылған нафталинге 3 мл күкірт 
қышқылын тамшылатып араластырып қосады, температураның 170°C-тан жоғары көтерілмеуін 
қадағалайдф. Қоспа 160°C температурада 20 минут уақыт араластырылады, содан кейін бөлме 
температурасына дейін салқындатылады және таяқпен баяу араластыып 10-15 мл суы бар 
стаканға құйылады. Ерітінді ди-2-нафтил сульфонының және реакцияға түспеген нафталиннің 
тұнбасынан сүзіледі де 0°С дейін салқындатылады және 2-нафталин сульфон қышқылының 
тригидрат кристалдары түскенге дейін қалдырылады (т.балқу 124°С, шығымы 60%).
2-Нафталин сульфаты
- түссіз, өте гигроскопиялық зат, суда және спиртте жақсы ериді, 
бензолда нашарериді. Сүзілген тұнба кептіріліп, шығымы мен балқу температурасы анықталады. 
Құрылысын дәлелдеу үшін әдістеме бойынша 2-нафталин сульфон қышқылын β-нафтолға 
одан әрі түрлендіруді жүзеге асырыңыз. Ол үшін алдыменен 2-нафталин сульфоқышқылының 
натрий тұзын алу керек. 
2-Нафталин сульфоқышқылының натрий тұзын алу
Реактивтер
:
2-нафталин сульфаты, натрий карбонаты.
Құрал-жабдықтар:
конустық колба (шыны), фарфор шыныыдыс, пробиркалар, плитка.
Жұмыс барысы:
ыстыққа төзімді конустық колбада немесе 100 мл стаканда 10-15 мл суда 
2,08 г (0,01 моль) 2-нафталин сульфатын қыздырып ерітеді. Алынған ерітіндіге лакмусқа сілтілі 
реакцияға дейін 10 мл суда 2,5 г (0,023 моль) натрий карбонатының ерітіндісін қосады. 
Салқындағаннан кейін қоспаны сүзеді, сүзгіде алғашқы кристалдар пайда болғанға дейін фарфор 
шыны ыдыста буландырады. Толық кристалдану бірнеше сағатқа созылады. Кристалдардың 
екінші фракциясын ерітіндіні одан әрі буландыру арқылы алуға болады. Екі фракция да сулы 
жылытқышта фарфор шыны ыдыста кептіріледі. 2-нафталин сульфаты қышқылдарының натрий 
тұзы ұсақ шыны пластинкалар түрінде алынады (теориялық шығым 66%). Өнімнің шығымын 
анықтаңыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет