№1 зертханалық ЖҰмыс циклді қосылыстар және олардың туындыларын синтездеу сабақтың мақсаты


Жұмыс тартпа шкафта резина қолғап және қорғаныс көзілдірігін кию арқылы



Pdf көрінісі
бет31/45
Дата29.04.2024
өлшемі1,54 Mb.
#201530
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
лаб.ЦҚОХ-АБ-2

Жұмыс тартпа шкафта резина қолғап және қорғаныс көзілдірігін кию арқылы 
жүргізіледі! 
Реактивтер: 
фенол- 5,9 г; күкірт қышқылы (конц)- 20 мл; азот қышқылы (конц)- 12,5 мл; 
этанол. 
Құрал-жабдықтар: 
дөңес түпті
 
көлемі 50 мл колба, стакан; механикалық араластырғыш
мұзды салқындатқыш, Бюхнер воронкасы. 
Жұмыс барысы:
Көлемі 50 мл дөңес түпті колбаға 6,5г салицил қышқылын, 6 мл жаңадан 
айдалған сірке ангидридін және 5 тамшы концентрлі күкірт қышқылын құяды. Колбаны кері 
салқындатқышпен жалғап сулы жылытқышқа қосады. 1 сағат уақыт аралығында сулы жылытқыш 
температурасын 60
о
С болуы керек. Содан кейін оны 90-95
о
С дейін көтереді. Осы температурада 
колбаны тағы да 1 сағат ұстайды. Реакциялық қоспаны қыздыру кезінде араластырып отырады. 
Реакция аяқталғаннан кейін қоспаны бөлме температурасына дейін салқындатып 10 мл мұзды су 
құйылған стаканға құяды да тағы араластырады. Реакция өнімін Бюхнер воронкасында сүзіп 
мұзды сумен жуады.
Ацетилсалицил қышқылы (аспирин, о-оксибензой қышқылы)- түссіз кристалдық зат,100г 
суда 0,25г ериді; 100 мл 90%-тік этил спиртінде 20г; 100г диэтил эфирінде 3,57г ериді.
Балқу температурасы 133-136
о
С, қайнау температурасы 140
о
С (ыдырайды).
 
 
 
 
 
 


Гидробензойн 
 
CHO
+ Zn + 2HCI
CHOH CHOH
+ ZnCI
2
NH
4
CI
 
 
Реактивтер:
бензальдегид – 6,5 г (6,2 мл); мырыш ұнтағы – 3 г; тұз қышқылы (

1,18 г/см
3

– 9 г (7,6 мл); этил спирті – 15 мл. 
Құрал-жабдықтар:
 
көлемі 250 мл үш мойынды колба; тамшылатқыш воронка; сулы кері 
салқындатқыш; сулы жылытқыш, 400 мл стакан; араластырғыш. 
Жұмыс барысы:
Араластырғышы мен тамшылатқыш воронкасы бар, салқындатқышқа 
жалғанған көлемі 250 мл үш мойынды колбада 6,2 мл жаңадан айдалған бензой альдегидін 10мл 
этил спиртінде ерітеді. Ерітіндіге 3 г мырыш ұнтағын салады, аралаастыра отырып тұз 
қышқылының спирттегіт ерітіндісін (7,6 мл концентрлі тұз қышқлының 5 мл спирттегі ерітіндісі) 
тамшылатқыш құйғы арқылы тамшылатып қосады. Реакциялық қоспаның температурасы 45-50
о
С 
болу керек. Содан соң қоспаны 1 сағатқа қойып қояды да, уақыт өткен соң 100 мл суға құяды. 
Тұнбаны сүзіп кептіреді және бензолда қайта кристалдайды.
Шығымы – 4 г (теориялық шығымның 61

-ы). 
 Гидробензоин 
(1,2-дифенил-1,2этандиол) – түссіз кристалды зат.
Балқу температурасы 138-139
о
С. Суда нашар ериді, бензолда шектеулі, спиртте жылдам ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет