1.Әлеуметтану:ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау


Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива



бет10/12
Дата07.02.2023
өлшемі46,09 Kb.
#167709
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1.?ëåóìåòòàíó ?ûëûì?à ê³ð³ñïå æ?íå áàñòû ??ûìäàðäû ò?æûðûìäàó

17. Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива
Дінді әлеуметтік феномен ретінде түсіну оның қоғам өмірінде әбден шынайы функциялар орындайды, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандырады деп түсінуді білдіреді. Маркс осылайша дінді зерттеудегі функционалдық әдістің негізін қалап кетті. Бірақ Маркс көзқарасының айрықша ерекшелігін дін тарихи табиғатында мәңгілік емес, ауыспалы әлеуметтік жағдайлардың - олардың негізіне басқаның еңбегін иемдену жүйесі, әлеуметтік теңсіздік жүйесі құрайтын жағдайлардың туындысы ретінде сендіру құрайды, ол жерде біреулердің бостандығы екіншілердің құлдығын білдіреді; 
Дін социологиясының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестердің арқасында. Бұл сұрақтарды шешуге елеулі талпыныстардың бірін О.Конт (1798 - 1857) жасады. Ол әлеуметтік өмірді зерттеуге жаратылыстану ғылымдары қолданып жүрген индуктивті әдісті қолдануды ұсынды.
Дінге және мәдениетке жалпы фунциялық көзқарасқа сәйкес, өркениеттің әрбір түрінде әрбір әдет-ғұрып, идея, сенім-нанымдар бірқатар өмірлік қызмет атқарады. Оның ішінде ең бастысы - қоғамдық тәртіптің тұрақтылығын сақтау. Малиновскиймен келісер болсақ, сиқырдың қызметі адамға бағынбайтын үмітсіз жағдайды, үрей-қорқынышты жеңуге үміттенуге көмектесіп, қиыншылықтардан өте білуінен тұрады.

18. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар.
Этникалық қауымдастық - бір-бірімен әлеуметтік-экономикалық байланыстағы, өзара түсінікті тілде сөйлейтін адамдар арасындағы белгілі бір аумақта қалыптасады.
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен олардың өзара қарым-қатынастарын реттеу, дамыту мәселесі қоғам өміріндегі аса қиын да күрделі құбылыс. Өйткені элемде 3 мыңнан астам ұлттар, халықтар мен ұлыстар өмір сүреді. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың әртүрлі сатысында тұрған, олардың арасында азаттықпен бостандыққа қол жеткізгендері де, оған жете алмай тәуелді болып отырғандары да бар. Бүгінде дүние жүзі халықтарының 90 пайыздан астамы көпұлтты мемлекеттер құрамында өмір сүруде. Әлем халықтары 225 мемлекетке топтасқан. Олардың ішінде 180-ге жуығы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі, ал 187-сі егеменділік құқы бар ел болып табылады. Бұлардың қатарында 38-і дамыған ірі мемлекеттерге тәуелді болып келеді. 1600 халық дамушы елдерде тұрады, шамамен алғанда 100 ұлт дамыған капиталистік елдерді мекендеген. Ал ТМД әлемдегі 320-дан астам халықтың әрқайсысының саны бір миллион адамнан асады. Неміс ғалымдарының есептеуінше әлемде бүгінде 5661 түрлі тіл бар. Оның 1400 қолданыстан қалған не жойылу алдында тұрған тілдер болса, ал 4200-і өз алдына дербес тіл ретінде танылған. Бұл келтірілген мысалдар, саясаттың субъектісі ретіндегі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың дамуы жөніндегі мәселеге айрықша назар аударуды талап ететін, күрделі де аса маңызды мәселе көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет