20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


Күрек және сүйір тістердің анатомиясы



бет36/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

27.Күрек және сүйір тістердің анатомиясы
Адамның тістері өмірінде бір-ақ рет ауысады. Ауысатын тістерді уақытша немесе сүт тістері деп атайды. Бес-алты жастан бастап тұрақты тістер шыға бастайды да 13жаста сүт тістері толығымен тұрақты тістермен алмасады да тұрақты тістем қалыптасады. Тұрақты тістем қатарында 32 тіс болады.
Сүт және тұрақты тістердің мынандай бөліктерін ажыратады: тіс сауыты, мойны және түбірі. Әрбір тістің ішінде қуыс бар (полость зуба), екі бөліктен тұрады: сауыт қуысы немесе ұлпа камерасы түбір бөлігі немесе түбір өзегі (корневой канал), түбір ұшында түбірұшы тесігімен аяқталады. Тістер сауыттарының бірнеше беті бар: алдыңғы тістердің беттері ерін жақ, тіл немесе таңдай жақ, медиальды жақ және дистальды жақ.
Ерін жақ және тіл (немесе таңдай) жақ беттерінің қиылысуынан пайда болған түзу аймақ кесу (немесе тістеу) қыры деп аталады.
Азу тістерде мынандай беттерді ажыратады: ұрт жақ, тіл немесе таңдай жақ, медиальды жақ, дистальды жақ және шайнау беті.
Жоғарғы жақ орталық күрек тістері ең ірі тістер, пішіндері қашауға ұқсас. Ерін жақ беттері аздап дөңестеу, кейде 2-3 сай орналасуы мүмкін. Екі жанасу беті үшбұрышқа ұқсас. Таңдай беттері үшбұрышқа ұқсас және ойықтау. Үшбұрыштың екі қабырғасы біліктермен шектелген, тістің мойнына жақындағанда тіс төмпешігін құрайды. Тістеу қырлары таңдай және ерін жақ беттерінің қиылысуы нәтижесінде құрылған, алғашқы кезінде үш төмпешігі болады. Түбірлері конусқа ұқсайды, көлденең кесіндісі үшбұрышқа ұқсайды. Тістердің сауытының дөңестік және бұрыш белгілері жақсы дамыған.
Жоғарғы бүйір күрек тістер орталық күрек тістерден кішілеу. Ерін жақ беттері дөңестеу, сауытының медиальды бұрышы тіктеу бұрышқа жақын, дистальды бұрышы доғал болып келеді. Таңдай беті ойық, тіс төмпешігі жақсы дамыған, ылдиында терең ойық орналасқан және ол «тұйық тесік» (слепая ямка) деп аталады. Түбірі екі бүйірінен қысылған, көлденең кесіндісі сопақ пішінді.
Төменгі орталық күрек тістер көлемдері кішілеу. Ерін жақ беттері сәл дөңестеу, тіл жақ беттері аздап ойықтау, іс төмпешігі дамымаған. Түбірлері екі жағынан қысыңқы және тік сайлар орналасқан, дистальды бетіндегі сай тереңдеу.
Төменгі бүйір күрек тістер көлемі жағынан үлкендеу, пішіндері орталық күрек тістерге ұқсас, дистальды бұрышы тік бұрышқа жақын, медиальды бұрышы аздап сүйірлеу, түбірлері екі жағынан да қысылыңқы.
Жоғарғы сүйір тістердің пішіні конусқа ұқсас. Тістеу қыры бір-бірімен қосылып бұрыш немесе тістеу төмпешігін жасайтын екі бөліктен тұрады және медиальды бөлігі қысқалау. Ерін жақ беті дөңес, тік білікпен екіге бөлінген. Әрбір бөлігінің беті ойықтау. Түбірі жақсы дамыған, конусқа ұқсас, бүйір беттерінде онша көрінбейтін сайлар бар. Бұрыш және түбір белгілері жақсы дамыған.
Төменгі сүйір тістер. Көлемдері кішілеу, пішіндері жоғарғы сүйір тіске ұқсас. Ерін беті дөңестеу, бірақ білігі жоқ. Тіл жақ беті ойықтау, тіс төмпешігі анық білінеді. Түбірі екі жағынан қысыңқы және жақсы дамыған сайлары бар.
ОРТАЛЫҚ (МЕДИАЛЬДІ) ЖОҒАРЫ ЖАҚ КҮРЕК ТІСТЕР
Күрек тістер тобындағы ең ірісі. Сауыты жиегі тегіс күрекке немесе қашау тіріздес . Ерін беткейі дөңестеу, пішіні ұзынынан созылған төртбұрышқа немесе кесу қыры негізінде трапецияға ұқсас. Вестибулярлы беткейінде сауыттың орта бөлігінен басталып кесу қырына дейін баратын тігінен екі сай орналасады.Тіл беткейі үшбұрышты пішінді болып келеді. Жиектік біліктер бірігіп сауыт негізінде төмпешік құрайды.
Тіс қуысы тістің сыртқы пішінің қайталайды және пішіні қысыңқы к
лген үш бағытта кесу қырына
ағытталған үшбұрышты саңлауға ұқсайды. Өзекке қарай бағытталған сайын қуыс тарылады және шеңберленіп түбір өзегіне ауысады.
Тіл жағынанан жиектік біліктері әртүрлі дәрежеде дамуы мүмкін. Кейбір жағдайда сауыт квадрат немесе а
дап сопақтау болады.
Тік, қырлары тегістелген төртбұрышты пішіндес. Түбірдің бүйір беткейі аздап дөңестеу, тігінен терең емес сайы бар.
Түбір өзегі тіс қуысының жалғасы болып келеді. Түбір бойымен өзек тігінен орналасқан және түбір ұшы доғалданған анық көрінетін тесікпен аяқталады.
Түбір өзегінің сағасы тарылған.
6% жағдайда түбір қисайған.Түбір өзегінің тармақтана түрленуі әр түрлі болып келеді. Түбір ұшында бірнеше тесіктер болуы ықтимал.Түбір өзегі вестибульярлы немесе дистальді бағытқа қарай ауытқуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет