3 оқу залы Қарымбай (Кәрімбай) Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері



бет27/47
Дата26.06.2018
өлшемі1,61 Mb.
#44309
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
айтқан Кәрімбай Қошмамбетов, Төребек Исабеков дейтін бірі қазақ, бірі қырғыз, Гурбенко дейтін орысы және бар, міне осылар тиісті. Меркедегі мүлкіме Мақсұт Жылысбаев, Қабылбек Сармолдаев дейтіндер қол салды. Олар да сенің адамдарың. Барлығын айдап салып отырған сен. Неге екенін түсінем: менің ұлым, Атамырзамен ата жау болып алдың да, енді сол жаулығыңды маған да салдың. Атамырзаның да түбіне сен жеттің. Дүниеден Атамырза жойылып, сен жайбарақат жайраңдап жүре алмассың. Ана дудар басыңды қан тартып тұр. Енді менің соңыма түстің, бәтшағар. Осының әділет пе? Қасқыр тартып қан шығарса, жаман иттер жұлмалап жей бастайды. Сен аузыңды бір салып едің, енді Әулие-Атаның күллі жоқ-жұтаң қарабақырлары сені көріп, туталақай қылмақшы. Уақытша үкімет мені қорғайды, білесің. Енді болмаса, тура Керенскийдің өзінен бір-ақ шығамын. Ал, оған дейін бәленің бәрін бастаған сенің желкеңді желкектей қиып, ана дудыраған басыңды ағаштағы алмадай жұлып аламын, найсап!

Айбар шал шоқпар шүйдесі ісініп, қалшылдай бастады. Қасындағы ерткендері де арс-арс етіп қалып, көздері қанталап, шатақ іздеп шатынап тұр.

– Ақсақал, ел ішін аштық жайлап тұр. Былтырғы ылаңда көтеріліске қатысты деген желеумен жұрттың малын сыпырып алғандардың ішінде орыстың ұлықтарымен бірге сіздің ұлыңыз Атамырза да, сіз өзіңіз де болдыңыз. Атамырза ажалға өзі килікті. Оның қанына қолым былғанған жоқ. Қазақ пен қырғыздың егін салып отырған тоқымдай құнарлы жері болса, переселендерге тартып әперіп, бай-кулактардан пара алғандардың ішінде сіз де барсыз. Ол даусыз. Ал, енді халық ашықты. Сол халықтан алған малдың ең болмаса бір мысқалын қайтарсаңыз, сізге қылаудай да зиян келмейді. Бұл жалғыз менің тапқан емес, кеңестің қабылдаған қаулысы. Біз тек сол совдептің ұйғарымын орындаушы ғана. Біздің есебімізше, Әулие-Атадағы дүкендеріңіздің қамбасында басқа мүлікті былай қойғанда, тек бидайдың өзі үш мың пұт. Ұн да сондай. Міне, осы астықтың ең кемі үштен бірі міне, мына қазанға түсуі керек! – Тұрар жиегі арпа аталасынан жағалданып қалған дәу қара қазанды нұқып тұрып көрсетті. – Солай, Айбар ақсақал! Маған бір уысы да керегі жоқ, міне, мына жатқан аштарға керек. Өмір бойы осылардың қанын сорып, тойған қандаладай болып тұруыңыз мынау. Енді кезекті дүние. Қолынан қайыр бермейтін сіздей қортиғандардан астықты зорлап аламыз.


Каталог: kaz -> images
images -> Ғылыми кітапхана Көркем әдебиет секторы «Бір ел – бір кітап» акциясы
images -> М. Х. Дулати атындағЫ
images -> Құқықтық құжаттар Құрметті оқытушылар және білімгерлер!
images -> Сабақты жоспарлау Сабақ жоспарының мазмұны Сабақ жоспарына қойылатын талаптар Ағылшын тілі сабағының құрылымы
images -> «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 2/11. 41 тобының «Педагогика»
images -> №і-б (жоо) жылдық статистикалық есеп кімге жіберіледі: Алушының мекен- жайы: Жіберушінің мекен-жайы
images -> Бюллетень 2016 ж. (шілде-желтоқсан) Ақпараттық бюллетень
images -> 1. Кітапхана туралы жалпы мәлімет
images -> Анықтамалық- библиографиялық ЖҰмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет