3 оқу залы Қарымбай (Кәрімбай) Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері



бет28/47
Дата26.06.2018
өлшемі1,61 Mb.
#44309
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47

– Әй, әкеңдей кісімен қалай-қалай сөйлесесің, найсап!

Айбардың шот желкесі шодырайып, тұла бойы шытыр жеген өгіздей бірте-бірте ісініп бара жатты. Көзінің алды ырбыңдап тартыла берді. Түкірігі сақалына шашырап, сөзі баж-бұжға ұласа бастады:

– Өспейтін бала, өнбейтін дауды қуады, қайдағы-жайдағыны даулап даурықпа! Атымтай жомарт бола қалғың келеді, ә! Менің жадымнан жұртқа шүлен таратып, жақсы атанбақсың ғой? Осындағы қусирақтар «Тұрар, Тұрар!» дегенге тым далия берме. Мен тегін жаратылған жан емеспін. Айбар деген атымды арғысы – Қоқан, Самарқан, берісі – күллі Әулие-Ата атырабы біледі, ардақтайды. Халықтың қадірлісімен ойнамас болар. Ойнақтаған бота от басар.

– Астыңа батса алтын ер, атып ұр да – отқа жақ деген сол халық. Сіз халықтың арқасына батып тұрсыз. Қадірлісі, ардақтысы сіздей болған елдің соры қалың. Сөз бітті. Шаруа көп. Сау тұрыңыз.

Айбар тобын енді көзіне де ілмей, Тұрар Мирза-ауфқа бұрылды:

– Әзірше барымен амалдай тұрыңыз. Астық жеткізіледі. Табамыз астықты. Мен кешікпей ораламын.

Осыны айтып бері бұрыла бергенде Айбардың қасындағы ұрма топ Тұрарға тап берді.

– Ұста бәлемді! – деп қырылдады Айбар іркілдеп. – Осыдан-ақ көрдім ғой көресіні. Өлсе – құны менің мойнымда, қорықпаңдар, ұрыңдар бүлдіргіні!

Мұндай тұтқиыл шабуыл күтпеген Тұрар қалтасына қолын салып үлгірмей, қапы қалды. Алпамсадай түксигендер оның қос қолын арқасына қайырып, басқалары басына қамшы төндіре бастады. Мирза-ауф ара түспек болып:

– Оу, оу, мырзалар бұларың жарамас. Бейқадір болмаңдар, – деп бір-екеуін жеңдерінен тартып көріп еді, ожар қолдар оның өзін ұшырып түсірді. Сол шақта ойда-жоқта әлгібір кірпігі ғана қимылдап отырған әлсіз бала шырылдап жылап жіберді. Ісіп-кеуіп отырған шешесі, мұншама қайрат қайдан пайда болғаны белгісіз, кенет атылып барып, Айбардың алқымынан ала түсті. Өзіне адам емес, көрден тұрған әруақ жармасқандай болған Айбар «аллалап» барып көзі аларып шалқалай берді. Тұрардың қолын қайырғандардың бірі Айбарды албасты пішінді әйелден құтқармақ болып ұмтыла бергенде, Тұрар қалтасындағы револьверді алып та үлгірді...

Аспанға атылған мылтық дауысына жан-жақтан лезде жұрт жиналып қалды. Базардағы жан біткен бірден бірге хабарланып Мирза-ауфтың ауласына қарай ағылды. Халықтың дүрліккенінен сескеніп, полиция да азандатып, аттарын ойқастатып тез жетті.

– Тараңдар! Тараңдар! – деп атты жасақ алдында кім кездессе, соны дойыр қамшымен осып өтіп, жұртты сетінете бастады.

– Тұрарды ұстамақшы! – деп шырылдады түтілген топ.

– Ойбай, бермейміз! Қолында өлеміз! – деп өршелене қайта ұмтылды қалың жұрт.



Дауылдағы өртті қоздырып алмайық деп шошынған полиция Тұрарға тіктеп тиісе алмады. Соны көрген Тұрар дереу сатылы арбаға қарғып шығып, қалыңға қарап, жай отындай жарқылдады:

Ей, жарандар! Біреудің үйі өртеніп жатса, біреу барып дереу сол өрттің отына қойдың басын үйітіп жатыр дейді. Міне, мына Айбар байлар сондай. Халық шілдедегі көлдей кеуіп, аштықтың тырнағына ілінгенде, Айбар байдың қамбалары астықтан шермиіп тұр. Әрбір қадағын әкесінің құнындай әуелете сатып, халықтың қасіретінен пайда тауып, байыған үстіне байып барады. Осы да әділет пе, ағайын?! Ол сенің табан ақы, маңдай терің. Большевиктер сол ақынды қайырып, аштарды ажалдан аман алып қалу үшін күреседі. Бұл Айбарға ұнамайды. Міне, шатақтың басы осы. Кешікпей, күнің туады, жұлдызың жанады, халқым. Уақытша үкімет құламай, күнің осы. Кешікпей кеңес жеңіп, бағың ашылады. Большевиктерді қолдаңдар, халқым. Жанашырың, басыңа бұлт төнгенде қол ұшын берер қамқорың сол. Мына Айбар сияқтылардың мал-мүлкін алып, кембағалдарға бөліп беріп, әділет ісіне көмектесіңдер. Аштықпен күрес үшін жорыққа шығыңдар! Жалғыз Әулие-Ата шаһары емес, бұл әділет майданын Күйікте де, Күркіреуде де, Мақпал мен Сәмбетте де, Талас пен Тастөбеде де, Үш Марал мен Үш Қорғанда да, Аспара мен Асада да – барлық болыстарда жүргізіңдер! Жер-жердегі кеңес ұйымына демеу болыңдар. Сонда азаттық таңы тез атпақ. Таңыңды тезірек атқыз, халайық!

Дауылдағы сексеуіл шоғындай жалындаған жас адамның мына сөзі өлі өзекке нәр жүгірткендей, жоқ-жұтаң жұрт теңіз толқынындай буырқанып, буыршындай ширыға түсті. Тұрар көзінің қиығымен Айбарды іздеп еді, қырғидан қорыққан бөденедей бүк түсіп, бойындағы ісік жел шығып кетіп, бір уыс, мыржиған жаман шал бола қалыпты. Сәлем берсең, жеңінің ұшын ұстататын, көзін марғау ашып-жұматын паңдықтан тамтық та көрінбейді. Көл тартылып шөл болғандай бір дәуір екен.


Каталог: kaz -> images
images -> Ғылыми кітапхана Көркем әдебиет секторы «Бір ел – бір кітап» акциясы
images -> М. Х. Дулати атындағЫ
images -> Құқықтық құжаттар Құрметті оқытушылар және білімгерлер!
images -> Сабақты жоспарлау Сабақ жоспарының мазмұны Сабақ жоспарына қойылатын талаптар Ағылшын тілі сабағының құрылымы
images -> «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 2/11. 41 тобының «Педагогика»
images -> №і-б (жоо) жылдық статистикалық есеп кімге жіберіледі: Алушының мекен- жайы: Жіберушінің мекен-жайы
images -> Бюллетень 2016 ж. (шілде-желтоқсан) Ақпараттық бюллетень
images -> 1. Кітапхана туралы жалпы мәлімет
images -> Анықтамалық- библиографиялық ЖҰмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет