3 оқу залы Қарымбай (Кәрімбай) Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері



бет32/47
Дата26.06.2018
өлшемі1,61 Mb.
#44309
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47

– Ағатай, оны қайтесіз? – деді дауысы дірілдеп.

– Кешір, Сәлима. Мен кеттім. Уақыт тығыз, – деп Тұрар табалдырықтан асығыс аттап, тастай қараңғы, көрдей суық далаға шапши шықты. Оның жүріс-тұрысында, қимылында мына дауылдай күшті бір құдірет бар шығар, әйтеуір бұған үйрене қоймаған тік құлақ көк төбет те бұл жолы жай ғана «ррр» етті де, Тұрарға тұра атылмастан үйшігінде бүктетіліп жатып қалды. Бірақ иттен де сақ Сәбден дарбаза жақ есіктің ашылғанын естіп қалып, жейде-дамбалшаң далаға жанұшыра далбақтап шығып, іргелес үйдің терезесінен жылтыраған шырағдан жарығын көріп: – «Мына большевик бала түн ішінде неге ояу?» – деп есікті ашып кіре беріп еді, қарсы алдынан Сәлима шықты. Сәбденнің ойына лезде ібіліс кіріп, қызым Тұрармен шатасқан екен деп ойлады. Бұған ішінен қуанып та қалды. Бірақ қанша айтқанмен әке ғой:

– Түн ішінде бөтен бөлмеде неғып жүрсің? – деп дүрсе қоя берді.

Сәлима ұрлығы ашылып қалғандай қысылғанмен, кінәсіз екені өзіне аян, әкесіне жағдайды түсіндірді. Әкесі әуелі Тұрардың түсініксіз әрекетіне мән бермегендей енжар кейіпте тұр еді, кенет:

– Бесатары бар дедің бе? – деп қайта сұрады.

– Өз көзіммен көрдім, көке.

Әкесі «ымм» деді де, өз үйінен шекпенін киіп қайта шықты да, жапсарлас отырған інісі Әбденнің үйіне беттеді. Екеуі бір ананың құрсағынан шыққан ұясы бір болса да, тіршілікте өз алдарына шаңырақ көтеріп, қоңсы қоңлы да, дарбазаларын бөлек-бөлек шығарды. Бірінің үйіне бірі көше айналып кіруші еді. Сәбден көшеге шығып Әбденнің қақпасын тарсылдатып жатпай, терезесін тықылдатты. Ар жақтан асып-сасып аңыра қараған інісіне:

– Есікті аш, тығыз шаруа бар, – деді.

«Мынау, сірә, Шақпақтың дауылы», – деді Тұрар көшеге шыққанда желдің күшін әбден сезіп. Кене тоздау сыпайы сұр пальтодан ызғырық лезде өтіп кетті. Тұрар пальтоның жағасын көтеріп алып, әскери казарма тұрған Базар көшесіне қарай тартты. Екі арада бұлым-бұлым көшелер көп. Әсіресе Қарабақыр, Наманған махаллаларының тұсы қауіпті. Қап-қараңғы түн тұрмақ, қызыл іңірдің ішінде өткен-кеткен саяқтарды тонап алатын ұры-қарылары көп, көшеде шам жоқ.«Өкімет осы мәселеге көңіл бөлсе екен», – деген арыздарға қала бастығы Мотяшевтің айтқан жауабы ел арасына мәтел болып тарап кеткен. «Көргенді адамдар күн батқан соң көшеге шықпай, үйінде отырсын», – деген еді қала бастығы.

Сұр пальтоның етек-жеңін жел кеулейді. Етектен енген жел Тұрарды екі қолтығынан көтеріп, әлдеқайда алып ұша жөнелгісі келгендей екіленіп кетеді. Шақпақтың түйе шайқалтар ұлы дауылы әдетте Әулие-Атаға жеткенше екпіні басылыңқырап қалар еді. Екі арада көлденең түсіп Қаратау жатады да, қаһарлы сұрапылдан Әулие-Атаны қарт әже қақпайлап тұратын. Тек Күйік асуынан лақылдап тасқындай өткен екпек ылдилай бере жуасып қалатын.

Бұл жолғы дауыл дауасыз соқты. «Әулие-Атада бұлай болғанда, сұрапылдың ұясы – Шақпақтың аузында жатқан Жуалының халі қандай болды екен?» – деді Тұрар түртінектеп келе жатып. Осы алапат Талас Алатауының Тобышақты тұсында, әйгілі Ақсу-Жабағылы құрсағында толғатып, Шақпақтың қылта қақпасы арқылы соғады да, бүкіл Жуалыны басып өтіп, дәл бүйірінде жатқан Түлкібасқа тимейді. Жуалыда азынап алты тәулік ақ боран соққанда Түлкібаста жарқырап күн шығып тұрады.

Осы жайды есіне түсіріп келе жатқан Тұрар бір замат оң иығы үзіліп түскендей болды да, етпетінен құлап, лезде орнынан атып тұрды. Қарсы алдында деңкиіп сұлап жатқан дәу теректі тек нобайлап қана таныды.

Ә дегенде Тұрар оң иығынан тиген соққыны Қапал махалласы қарақшысының қорғасын қолғабы екен деп қалып еді. Сәлден соң есін жиып, көшеге көлденең түсіп жатқан атан бел дәу теректі көріп: «Әзір мені ажал алмайды екен», – деді. Сипалап жүріп көзілдірігін тауып, құлаған теректен әрең аттап өтіп, казармаға жеткенше жүгірді.

Дауыл толастаған жоқ. Түбі шіріген теректер шыдай алмай гүрс-гүрс құлап, қураған бұтақтар сатыр-сұтыр сынып жатыр. Сұрапыл дауыл жер бетінен ірікті де, шірікті де аластап, дүниені бір жолата қоқыстан тазартып алайын дегендей үдей соқты. Әулие-Атаның жатаған домбаз үйлері желді күні изен түбінде бұғып қалған бөдене құсап, тым пәс тартып, аласара түскен сияқты.



Базар көшесіне жеткен жерде Тұрар аяғына оралған әлденеден тағы да сүрініп кете жаздап, бойын түзеп, аяғын шырмаудан ажыратып алып қарап еді: үзіліп жатқан телеграф сымы екен. Соғуы қатты серіппелі, сым темір тобығын қиып кете жаздады. Сонда Тұрардың есіне былтыр Мерке бойында осы сым темірге буынып өлген Шәкі батыр түсті. «Қайран көзсіз ер! Ажалда да ақыл жоқ. Азаттық тілеп, атқа қонып, жаудың жағасын жыртқан сондай ер дұшпанның оғынан өлмей, жол бойында боздап тұрған сым темірге оралып өлгені өкінішті».

Осылай деп, құлап жатқан телеграф бағанын орағытып өтіп, аяқ астындағы құрғақ жапырақтарды қаудыратып, сол қаудырақ дыбыстан өзі елегізіп, жан-жағына жалтақтай қарап келе жатып, казарма қақпасына қалай жеткенін де сезбей қалды.


Каталог: kaz -> images
images -> Ғылыми кітапхана Көркем әдебиет секторы «Бір ел – бір кітап» акциясы
images -> М. Х. Дулати атындағЫ
images -> Құқықтық құжаттар Құрметті оқытушылар және білімгерлер!
images -> Сабақты жоспарлау Сабақ жоспарының мазмұны Сабақ жоспарына қойылатын талаптар Ағылшын тілі сабағының құрылымы
images -> «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 2/11. 41 тобының «Педагогика»
images -> №і-б (жоо) жылдық статистикалық есеп кімге жіберіледі: Алушының мекен- жайы: Жіберушінің мекен-жайы
images -> Бюллетень 2016 ж. (шілде-желтоқсан) Ақпараттық бюллетень
images -> 1. Кітапхана туралы жалпы мәлімет
images -> Анықтамалық- библиографиялық ЖҰмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет