56.ТұңғышқазақтыңкәсібитарихшысыБекмахановтыңнегізсізайыпталуы. Қазақстан коммунистік партиясы «ұлтшылдық вирусының тамырына балта шабу» жөнінде қаулы қабылдады. Көп ұзамай қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы Ермұқан Бекмаханов 25 жылға сотталды. 1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді. Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті.Осылайша тек Бекмаханов ісі ғана қозғалған жоқ.Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі. Содан соң Қазақстаннан барған тарихшы ғалым Х.Айдароваға сөз берілді. «Бекмаханов алдына қойған міндетті орындай алмады, әдіснамалық тұрғыдан елеулі қателіктерге ұрынды, сөйтіп көтеріліске де, Кенесары Қасымовтың өзіне де мүлде дұрыс баға бермеді. Оның себебі автордың буржуазиялық және буржуазиялық-ұлтшылдық тұжырымдаманың шылауында кеткенінде, ал марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерінен берілген үзінділерді көз алдау үшін ғана қолданды. «Материал жетіспеді немесе автор бұл кезеңді жете зерттемеді» деуге негіз жоқ» деген ауыр айыптаудан бастаған Айдарова «Бекмаханов барлығын әдейі, қасақана жазып отыр» деп көсілді. Сталин өлгеннен кейінгі жылымықта Бекмаханов ісі де қайта қаралып, 1954 жылғы ақпанның 16-ы толық ақталып шықты. Бұған Хрущевтің қабылдауына барып, мән-жайды түсіндірген Панкратова да үлес қосқан еді.Сот шешіммен ақталып келгеніне қарамастан Ермұқан Бекмахановтың қоғамға қайта сіңуі оңай болмады. Сталиннің жеке басына табыну кезінде етек алған саяси қуғын-сүргін кезінде жеке адам факторы көп рөл атқарды. Кей ғалымдардың жеке бас араздықтары ғылыми еңбектерден саяси қате іздеуге ұрындырды. Ғалымдардың идеология жетегінде кетуі диктаторлық режимнің оң жамбасына сай келді. Сөйтіп, саяси қателік іздеудің соңы – жазықсыз ұстап беруге ұласып, тіпті «ұстап бергендердің» өзі де ұсталып жатты.