41. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұнын көрсетіңіз


«Түркістан» легионы. М.Шоқай соғыс жылдарындағы әрекетін талдаңыз



бет9/11
Дата22.05.2024
өлшемі145,25 Kb.
#202777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
41-46 ТАРИХ (1)

59.«Түркістан» легионы. М.Шоқай соғыс жылдарындағы әрекетін талдаңыз.
Түркістан легионы– Орталық Азияда туған түркі халықтарынан (қазақтар, өзбектер, қырғыздар, қарақалпақтар, түрікмендер, түріктер, башқұрлар, татарлар, ұйғырлар және т.б.) тұратын Вермахттың бөлімі. Кеңес пропогандасы легионның құрылуында Мұстафа Шоқайды айыптаған. Бірақ та кейбір деректерге сүйенсек, мұндай бөлімдерді ашуды немістер 1933 жылдарда-ақ жоспарлап қойған деседі. Негізі, Түркістан легионы үлкен Шығыс легионының бір бөлігі болатын. Мұны 1941 жылы Мұстафа Шоқайға ұсынады. Бірақ, ол келіспегендіктен Түркістан легионының басшысы ретінде Уәли Қайюмды сайлайды. Оларды біріктірген негізгі мүдде Түркістанды орыстарды зұлымынан азат ету болды. Бөлім негізінен Қызыл Әскер жағында күресіп жүріп тұтқынға түскен әскерлер мен Еуропа мен Түркияда қоныс аударып кеткен түркі ұлттардан тұрды. Бұл уақыттарда Түркістан өлкесі 23 жылдан бері КСРО құрамында еді. Түркістан Ресей Империясының құрамында 40 жыл ғана болды. Қолына мылтық ұстап келгендерді жергілікті халық жылы қарсы алмағаны сөзсіз. Көпшілігі жаңа үкіметке қарсы бас көтермесе де, оларды саясатын іштей қолдамайтын еді. Бірақ, 1941 жылдардағы Кеңес пропогандасы өте белсенді түрде жайылып жатқандықтан өсіп келе жатқан ұрпақ жаңа, коммунистік рухта өсіп жатқан болатын. Ал, бұл кезекте Кеңес Үкіметіне қарсы бас көтеру мүмкін еместей көрінетін. Бірақ, үкіметтің қысымымен қоныс аударып кеткендер жергілікті халықтың Кеңес шырмауынан азат болғанын шын жүректен қалайтын еді. Осы адамдар арқылы немістер антикеңестік легиондарды құруда шешім қабылдады. Ең баста айта кетерлік жайт, Мұстафа Шоқайдың және большевиктерден теперіш көріп шетел асқан эмиграциядағы түрлі ұлт жетекшілерінің ұйытқы болуымен құрылған «Промете» қозғалысы фашизмге әу бастан күмәнмен қарап, соғыс өртінің тұтанып кетуіне әрдайым алаңдаушылық білдіретін еді. Расында, 1939 жылы қыркүйек айында фашистік Алманияның Польшаға басып кіруімен бірге, осы «Промете» қозғалысы ең маңызды қолдаушысынан айрылды. Өйткені кеңестік жүйеге қарсы күресіп жүрген ұлт өкілдері маршал Пильсудский кезеңінен бастап Польша үкіметіне арқа сүйейтін еді. Ал 1940 жылы неміс әскерлерінің Парижге басып кіруімен бірге қозғалыс мүшелері мүлде қорғансыз қалып, ресми басылымдары да жабылып қалды. Польшаның басып алынуы және оның Алмания мен Кеңестер Одағы тарапынан бөліске түсуі, оның үстіне, Алман-Кеңес басқыншылық келісімі «прометейшілдердің» арманын көкке ұшырды. Осы кезеңде: «Гитлер де, Сталин де – залым. Бірі әсіреұлтшыл, ал екіншісі интернационалист болып көрінгеніне қарамастан, екеуінің де саясаты мен залымдығы тең дәрежеде», –деп жазған Мұстафа Шоқай өзінің пікірлес достары, украиндық А.Шульгин, кавказдық Мир Якуб Мехтиев және грузиндердің көсемі Ное Жорданиямен бірге шет елдердегі барлық отандастарын Герман-Совет коалициясына қарсы бірігіп, қарсы тұруға шақырды. Сонымен қатар Мұстафа Шоқай белсенді автор болған «Промете» журналының 1940 жылы сәуір айында шыққан соңғы саны финдердің кеңес әскерлеріне қарсы қаһарманша табандылық танытуынан қанаттанып, оқырмандарын «оба мен тырысқақ» арасында таңдау жасамауға үндеді. Мұндағы адамзатқа апат әкелетін індет аурулардың аттары екі империяға қаратылып айтылып тұрғаны белгілі болса керек. ІІ дүниежүзілік соғыс басталған күні Мұстафа Шоқай қатты дегбірі қашып, мазасызданады. Оны сол күні фашистер Ножандағы үйінен тұтқындап әкетеді. Тұтқындар лагерінде үш апта болған соң, үйіне екі күн рұқсат берген немістер оны Берлинге қайта алып кетеді. Өмір ағымының ыңғайында кете барған Мұстафа, Берлинде тіпті, есірік фашист офицері тарапынан көше ортасында соққыға да жығылады. Осы орайда айта кетерлік жайт, сонау бір жылдары Мұстафа Шоқайдың Гитлермен кездескені жайында неше түрлі аңыз-әпсаналар айтылып, фашистік формамен суретке түскен бір бейтаныс бейнені Шоқайға телу белең алған болатын. Мұстафа Шоқай туралы айтылған мұндай ақпараттардың сталиндік саясаттан туған жала екенін бірден ашып айту керек. Шоқай өмірінде Гитлермен кездескен емес. Мыңдап қырылған туғандарына қорған болу үшін тиісті мекемелерден шырылдап араша сұраған, бірақ лайықты жауап ала алмаған ол, алға қойған мақсатын белгілі бір дәрежеде атқарып, Парижге қайтуды ойлады. Фашистік билікпен ымыраға келе алмаған, олардың айтқанына көніп, дегеніне жүре қоймаған Мұстафа Шоқай соңғы хатында былай деп жазды: «Мұндағы байланыстарым бітті. Мен Парижге қайтамын деп шештім... Тезірек карантинға жауып тастамай тұрғанда, құтылып шығуым керек». Есіл ердің жүрегі бір сұмдықты сезгендей екен. Алайда тағдыр оған Парижге жетуді жазбапты. Карантинде бірнеше күн болып, тексеруден өткеннен кейін Берлинге қайтар жолда тұтас Түркістанның қайраткер ұлы жұмбақ жағдайда бұл жалғаннан аттанып кете барды. Оның жұмбақ өлімінен соң әртүрлі сөздер тарай бастады. Әрине бұл сөздер негізсіз емес-тұғын. Өйткені Шоқай жеңіске жететіндеріне әбден сенген, Мәскеудің іргесінде тұрған фашистік билікке керек болмай қалған еді. Оның үстіне «әйелі орыс, өзі демократ әрі фашизмге қарсы» Шоқайдан дереу бас тарту жөнінде арыз ұйымдастырған Алимжан Идриси сынды легионды жақтаушылардың Мұстафа өлімінің құрметіне тост айтып, бокал көтергені де тарихи шындық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет