Энеолит,– неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды. Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті «Ботай мәдениеті» деп атайды. Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы — Маңғыстау өңірі. Энеолит мәдениеті Бұл өңірге екі жақтан келді деген тұспал бар. Бірі — Еділ-Жайық бойында өмір сүрген хвалын тайпалары. Екінішісі — б. з. д. 3—2-мыңжылдықтарда Орталық Азиядан белгілі бір бөлігі Маңғыстауға қоныс аударған келтеминар мәдениетінің өкілдері. Маңғыстау түбегіндегі белгілі энеолит тұрақтары Шебер, Жыңғылды, Қошқарата, т. б.
Бұл тұрақтардан ірі шақпақтас құралдар, оның ішінде тері өңдеуге көп пайдаланылған бүйірлі қырғыштар, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді пышақтар, иінді бұрғылар табылды. Қыш ыдыстары саз балшыктан қолдан жасалған. Ыдыстардың көбінің түбі дөңгелек конус тәріздес, тұрқы жұмырткаға ұксас келеді. Ыдыстардың ернеуіне жаға тәріздес қалың жиекпен қатар тарақ жүзді өрнек салынған. Шебер тұрағынан кішкене металл біз табылды. Мұндай жекелеген металл заттар хвалын мәдениетіне жататын зираттардан да табылған.
5. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері туралы жазыңыз
Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез – 12 ғасырдың екінші жартысы. Орталығы – Балықты қаласы. Инанч-білге ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Ол наймандар одағының басын қосып, мемлекетті күшейтті. Бұйрық пен Даян хандар тұсында мемлекет екіге бөлінді. Шыңғысханға қарсы қырғыз, меркіт, найман тайпалары бірігіп, 1201 жылы құрылтайға жиналады. Соғақ суаты деген жерде одақтастар Шыңғыс пен Ван хандардың әскерімен соғысып, ойсырай жеңіледі. Алтайдың оңтүстігіне жылжыған Бұйрық ханды Шыңғысхан әскері қолға түсіріп, жазалайды. Ал 1204 жылы Шыңғысхан Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді.
Керейіт тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Орталығы – Битөбе. Керейіт мемлекеті 10-12 ғасыр аралығында, Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында шарықтаған. 1202 жылы керейіттердің ханы Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейіттерді басып алады. Керейіттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасады. Тарихшы Рашид ад-Дин керейіттер туралы: “Монғол жеріндегі 9-13 ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел…Олар тек Шыңғысхан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған” деп жазды. Монғол мемлекетінде хатшылар керейіттерден болған.
Жалайырлар монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген. Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, батыр Мұқылай болған. Шыңғысхан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған атақ беріп, сол қанатының түменін басқартқан. Жалайыр Жамұқа Шыңғысханның бірде андасы – серттескен ең жақын досы ретінде, ал бірде оның жансызы есебінде, бірде қас жауы ретінде көрсетіледі.
66.Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты.
67. Түркістан қаласы.Бұл қала тарих тауқыметін бастан кешіріп, гүлдену және құлдырау кезеңдерінен өтіп, бүгінге дейін аман жеткен. Ол Тұран аймағы деп аңыз болып қалған, «тарихи түркілер елі» деп те аталып, Қазақ хандығының тұңғыш астанасы болған.Орта ғасырлық сәулет өнерінің де алып асылы – Қожа Ахмет Иассауидің кесенесінде, қазақтың билеушілері мен бір топ саяси және діни, рухани тұлғаларының денесі жерленген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Есім хан (1598-1628 жж.) Түркістан қаласын Қазақ хандығының астанасы етіп бекітіп, өз билігінің тәуелсіз екендігін көрсету үшін ақша соқтырған. Міне, сол уақыттан ХІХ ғасырға дейін Түркістан Қазақ хандығының астанасы, аса әйгілі экономикалық орталықтарының бірі және ресми әкімшілік орны ретінде қызмет етті. XVI-XVII ғасырларда Түркістан Ресей мемлекетімен саяси қарым-қатынастар орната бастайды. Сол кезден бастап Түркістан туралы деректер орыс жазбаларында да көрініс тауып отырған.
68. 1580-1582 жылдары хан тағына Жәнібек ханның немере інісі 80 жастағы Шығай отырды. Ол Баба сұлтанның Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргеніне өшігіп, қарсы шықты. Баласы Тәуекел сұлтан екеуі Абдаллах ханмен бірігіп, 1582 жылы Баба сұлтанға қарсы бірлескен жорық жасады. Осы жорықта Шығай хан қайтыс болды. 1582 жылы маусым айында Тәуекелдің сарбаздары Түркістан түбінде Баба сұлтанды өлтіріп, әскерін талқандады. 1582 жылы Тәуекелдің билікті алған кездегі хандықтың сыртқы жағдайы өте ауыр еді. Біріншіден, Абдаллах Қазақ хандығына қарсы шықты. Екіншіден, шығыс жақтан моғолдар мен жоңғарлар ұдайы қауіп төндірді. Алайда Тәуекел хандық билікті нығайтып, қазақ жерін кеңейтіп, хандықтың беделін халықаралық деңгейге көтере білді. Тәуекел ханның дипломатиялық жұмыстары нәтижелі болды. Хан өзінің бір баласын қарақалпақтардың бірқатар руын басқаруға, ал інісі Шахмұханбетті қалмақтарды басқаруға қойған. Қалмақтардың біраз бөлігі Тәуекел ханға бағынышты болған. Тәуекел ханның басты мақсаты Өзбек хандығына кеткен қалаларды қайтару болды. 1583 жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасалған “ант беріскен шартты” бұзды. Өзбек хандығына шабуылдап, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрамды басып алды. Ташкентке қауіп төндірді. Тәуекел хан Орта Азиядағы ұзақ жылдарға созылған тартыстан кейін Мәскеумен қарым-қатынас орнатуды қолға алады. Тәуекел хан елшілігі 1594 жылы Мәскеуге барды. 1598 жылдың қысында Ташкент түбінде қазақтар өзбек әскерін ойсырата жеңді. Бұл жеңіс хандықтың беделін, күш-қуатын арттыра түсті. Тәуекел хан көп жасағымен 1598 жылдың жазында Мәуереннахрға басып кірді. Бұхара түбінде ауыр жарақаттанып, Тәуекел хан қайтыс болды. Қазақ хандарының ұзаққа созылған соғыстары Сыр бойындағы қалаларды және ірі қала – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. 1598 жылы Сібір хандығы жойылып, Cібір хандығының қол астына қараған қазақ тайпалары Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды.
70.Есім ханның ұлы Жәңгір сұлтан хан сайланбай тұрып-ақ жаугершілік кезінде өзінің ерлік істерімен көзге түсіп жүрді. Жалпы, кейін хан болған соң да оның хандық қызметі ат үстінде, жорықтар мен шайқастарда өткен екен. Ол сонысымен де өзге қазақ хандарынан ерекшеленеді. Бір ғана мысал - қалмақтармен жекпе-жектерде Жәңгірге қарсы шығатын батыр болмайды екен. Сол үшін де ол «салқам» (айбатты) Жәңгір атанған. Жәңгірдің хан ретіндегі билігін әділ бағалау үшін сол тұстағы жағдайдан хабарымыз болғаны жөн. Он жетінші ғасырда ойраттар қуатты Қытай жағынан қысым көре бастайды. Сөйтіп, 1635 жылы Жоңғар хандығын құрып, жан-жағындағы өзінен әлсіз елдердің территориясына көз тігеді. Оларды Қазақ хандығының Жетісу, шығыс және орталық Қазақстандағы шұрайлы жерлері қызықтырды. Олар қазақтың шаңырағын ортасына түсіріп, халқын қырып, қонысын тартып алуға шындап кірісті. Осынау қазақ-жоңғар арасындағы тынымсыз соғыстар тұсында Жәңгір хан халқын да, жерін де абыроймен қорғап қалды. Жәңгір сұлтан жас кезінің өзінде Сібір-Тобыл ұрысында қалмақтардың тұтқынына түскен. Мұны тарихшылар қазақ-ойрат қарым-қатынасындағы маңызды оқиға санайды. Өйткені, ол көп ұзамай аман-сау еліне қайтады. Ол қашып шыққан немесе кездейсоқ сәтті жағдай жоңғар тұтқынынан босап шығуына көмектескен деген пікір бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Берекет Кәрібаев Жәңгір сұлтанды жоңғар елінің өз ішіндегі Батыр қонтайшыға қарсы топ өздері қашырып жіберген және қалмақтан қыз беріп, Жәңгірдің кейін хан болған ұлы Тәуке сол қалмақ қызынан туғаны жайлы айтады. Оған дәлел ретінде Ш.Құдайбердіұлының еңбегінен мәлімет келтіреді. Атап айтқанда, Батыр қонтайшының бақталасы Хұндүлен тайшы қазақтың болашақ ханы Жәңгірмен одақтасқысы келген. «Ескі жазбаларда келтірілген Хұндүлен тайшының Жәңгірді ұлым деп атайтындығының себебі де осында», - дейді ғалым Б.Кәрібаев. Осылайша, Жәңгір сұлтан 1635 жылы тұтқыннан жоңғарлардың өз көмегімен босап, елге оралады. Құр қайтпай, жоңғар тайшыларының арасынан өзіне жоғарыдағыдай одақтастар табады. Бұл одақтастықтың оған 1643 жылғы Батыр хонтайшы әскерімен болған Орбұлақ шайқасында көп көмегі тигені анық. Орбұлақ ұрысы Жәңгірге салқам деген атты алып берген маңызды шайқас болды. Қазақ жеріне Батыр хонтайшы бастаған қалың жаудың бет алғанын алдын ала білген Жәңгір оларға қарсы тұратын ыңғайлы жерді өзі таңдаған. Сол аралықта Самарқандағы досы Жалаңтөс Баһадүрге хабар жібереді. Көмек келгенше жаудың жолын бөгемек болып, 600 батырды соңына ертіп аттанып кеткен. Тау шатқалында айналдыра ор қазып, онда 300 әскерді қалдырады да, өзі жасақтың жарым бөлігімен бірге шатқалдың сыртына, қарсы бетіне жасырынады. Шатқалдың өте тарлығынан қалмақ әскері меңгерген амал-айласын пайдалануға мүмкіндіктері болмай, шетінен қырылады. Екі рет шабуылға шығуға әрекеттенсе де, оларынан түк шықпайды. Самарқаннан 20 мың қолмен Жалаңтөс батыр келіп жеткенде, онсыз да 10 мың әскерден айрылған жоңғар жағы кері шегінеді. Небары 600 батыр ыңғайлы жер мен ұрыс әдісін ұтымды пайдаланудың арқасында 10 мың жоңғарды жайратты. Жәңгір өміріндегі тағы бір шайқастың тарихи маңызы ерекше. Ол - 1652 жылғы қазақ-жоңғар соғысы. Осы ұрыс кезінде Очирту-Цецен ханның 17 жасар ұлы Галдам Жәңгірді өлтіреді. Жалпы, бұл шайқасты тарихшылар Батыр қонтайшының Орбұлақтағы масқара болып жеңілгені үшін үшін қазақтардан өш алуы деп бағалайды. Профессор Берекет Кәрібаев Жәңгірдің қазақ хандығы үшін жасаған бірнеше еңбегін ерекше атап көрсетеді. «Біріншіден, Жәңгір хан бүкіл саналы өмірін ел қорғау ісіне арнады. Екінші есте қалар ісі сол, хан тағын иеленгеннен кейін мемлекеттің сыртқы саясатын бірнеше бағытта жүргізіп, көршілес мұсылман елдермен жақсы қарым-қатынастар орната білді. Жоңғарлармен күресте Мауереннахрдағы аштарханилық әулет өкілдерімен, Шығыс Түркістандағы шағатайлық әулетпен саяси одақ құрып, оны туысқандық байланыстармен нығайтты. Үшіншіден, Жәңгір хан қазақ елінің азаттығы жолындағы шайқастардың бірінде нағыз ерлерше қан майданда қаза табады.
81.1965 жылы кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформалары жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы Косыгин бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай отырып, өнеркәсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды. Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен ене бастап, қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО жоғарғы кеңесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылдады. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың совнархоздары таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық салалық министрліктер құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-кағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді.1965 жылғы шаруашылық реформасы бойынша жасалған қадамдар техникалық жағынан қайта жарақтандыру, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі мәселелерді шешуге ынталандырды. Кәсіпорын қызметін шамадан тыс бақылау жойылып, шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тетіктер жұмыс істей бастады. Әрбір қызметкер мен бүтіндей кәсіпорынды материалдық жағынан ынталандыруға баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанда жоспарлаудың жаңа тәртібіне 11 өнеркәсіп орны, оның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты, Алматыдағы «Жетісу» аяқ киім фабрикасы т. б. көшті. Басқарудың жаңа формаларына өткен көсіпорындар жоспарларын асыра орындай бастады, олардың қайтарымдылығы да артты. Сол кезде шаруашылық жүргізудің мұндай формасына басқа кәсіпорындарды да көшіру жөнінде шешім қабылданды. Қолға алынған шаруашылық реформасы кәсіпорындар, құрылыс пен көлік жұмысын жандандыра түсті. КОКП ОК 1965жылы кыркуйек Пленумы талдап жасаған аграрлық реформа ауыл шаруашылығын интенсивті жолға түсірудің талпынысы болды. Ұлттық табысты аграрлық саланың пайдасына қарай қайта бөлу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылығын өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді.Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Л.И. Брежнев пен оның төңірегінділер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды. 70жылдардың басында реформаны жүргізу тоқтатылды.Шаруашылық реформасы республиканың экономикалық дамуына белгілі дәрежеде қозғау салды. Бірақ реформаны жүзеге асырудың алғашқы қадамынан бастап-ақ жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа принциптерінің артықшылықтары, мүмкіндіктері толық пайдаланылмады. Басқарудың жаңа құрылған экономикалық жүйесі бірте-бірте өз позициясынан айрыла берді жоспарларға түзету енгізу жиіледі, кәсіпорындардың құқы шектелді, орталықтың өктемдігі күшейді, Реформа бір жағынан нақты жұмысшы орнына жетпей , екінші жағынан басқарудың сатылы буындарына соқпай кәсіпорындардың дәрежесінде тоқтап қалды. Реформаны тереңдетуге жасалған талпыныстар экономикалық экспериментке айналды. Саяси қолайлы жағдайлар болмағандықтан басқару жүйесінде түбірлі қайта өзгерістер жасалмады. Ел басшылары саяси жүйені өзгеріссіз қалдырып, үйлеспейтін нәрсені: басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін үйлестіруге тырысты. Мұның өзі бюрократизмнің өрістеуіне және кәсіпорындардың дербестігін шектеуге алып келді, бұл экономикалық өсу қарқынының құлдырауына және техниканың бірсыпыра салаларында дүние жүзілік дәрежеден көп артта қалуға соқтырды. Реформа өндірістік сапа көрсеткіштерінің өсуін көтермелей алмады. Экономиканы өсудің экстенсивті факторларына бағыттай отырып, реформа көп жағдайда шығын көздерінің дамуына көмектесті.
82.Кеңестік кезеңнен кейінгі республикалардың экономикалық және әлеуметтік жағдайының тұралауына КСРО-ның ыдырауы өзіндік әсер етті. Алып империяның құлауына байланысты қоғамның әлеуметтік құрылымы, адамдардың социалистік ұжым құндылықтарымен өмір сүру дағдысы өзгерістерге ұшырады. Бәрін бұрынғыша басқару мен қабылдау, сол қалыпта жүре беру мүмкін емес еді. Қоғам даму мен оның талаптарынан бұл көрініс айқын аңғарылды. Экономика деңгейі 55 пайызға төмендеді. 1991 жылы өнеркәсіп өндірісінің құлдырауы – 8%-ға жетті. 1991жылғы 16 желтоқсанда Республика тәуелсіздік алды. Жоспарлы экономикадан нарықтық жүйеге көшу оңай тимеді. Бұрынғы КСРО-нің одақтас республикалары арасында экономикалық байланыстар үзіліп, бір бірінен алшақтай бастады. Республикалардың әрқайсысы шиеліністерден шығу жолында тек өз күші мен қабілетіне сүйенді. Баға босатылды. Негізгі тұтыну тауарлардың жетіспеушілігі байқалды. Республика азаматтарының тұрмыс жағдайы одан әрі нашарлап, халық қарапайым тіршілік үшін күресті. Жұрттың жалақысы тек азық-түлік алуға зорға жетті. Еуропалық ұлттар өкілдері өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды. Көптеген завод, фабрикалар жұмысы тоқтап қалды. Жұмыссыздық өсті. Халықтың кіріс денгейі күрт төмендеді. Инфляция денгейі 3000% және одан да жоғары болды. Нарықтық экономикаға көшуде 15000-дей өнеркәсіп орындарды жекешеліндіруде біраз қателіктер жіберілді. Мүлік талан-таражға түсіп, берекесіздік тудырып, ақыры экономикалық терең дағдарысқа ұшырауына басты себебіне айналды. Осындай жағдайда шешуші әлеуметтік-экономикалық шаралар қажет болды. 1991 жылдың бюджет тапшылығы 20%-ға артты. 1992 жылдың қаңтар айында Ресей ТМД елдерімен алдын-ала кеңеспей, бағаны ырқына жіберді. Екі ел арасында ежелден сауда қарым-қатынасы қалыптасқандықтан, Ресейдің бұл қадамы Қазақстанға едәуір экономикалық шығын алып келді. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына мемлекеттің әлеуметтік инфрақұрылымда жасаған реформаларының да әсері болды. Тегін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету қысқара бастады. Сонымен қатар бұл салаларда мемлекеттік емес қызмет көрсету түрлері қалыптасып үлгермеді. Егер еңбекақы, зейнетақы және басқа да төлемдер көлемі жыл сайын ұлғайып отырған жағдайда, бұрын тегін қызмет көрсеткен салаларды біртіндеп ақылы түрге көшіруге болар еді. Алайда, елдегі әлеуметтік-экономикалық қиын ахуал, халыққа қызмет көрсету салаларын жекешелендіріп, шағын бизнесті дамытуға мүмкіндік бермеді. 1993 жылдың қараша айынан, яғни ұлттық валюта енгізілген кезден бастап 1996 жылға дейін баға 35 рет өсті.
Достарыңызбен бөлісу: |