41. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұнын көрсетіңіз


Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз



бет6/11
Дата22.05.2024
өлшемі145,25 Kb.
#202777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
41-46 ТАРИХ (1)
03.05, Тест ждп, 4-курс-Фельд, чеклист каз -23-АКГУН
46.Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз
Германия 1941 жылы маусым айының 22-де Кеңес Одағына қарсы соғыс ашып аз уақыттың iшiнде елдiң батыс бөлiгiн жаулап алады, Ленинградты қоршады, Москваның маңына 20 км. жақын келдi. Қызыл Армия соғыстың бастапқы кезiнде жеңiлiске ұшырады, мұны сәтсiздiк деп атайды.
​Кеңес үкiметi кезiнде Қызыл Армияның сәтсiздiгiн Кеңес Одағының соғысқа дайындала алмағанымен, Батыс шекараға әскер топтастырып үлгiрмегендiгiмен, соғыстың болатын уақытын бiлмегендiгiмен т.б. түсiндiрдi. Мұндай себептердiң болғанын жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен сәтсiздiктiң бас себебi Сталин бастаған басшылықтың ұстанған қате бағытына байланысты болды.
Кеңес Одағының әскери доктринасында елеулi қателiктер болды. Әскери мамандардың /мәселен Тухачевский/ бұл соғыс мотор соғысы болатыны, сондықтан армияның техникалық бөлiмдерiн нығайту туралы ойлары ескерiлмедi, Армия басшылары атты әскерге сенiм артты. Соғыс алдында ғана немiстерден кем түспейтiн, кейбiр жағынан олардан артық Т-34 танкi мен ИЛ-2 штурмовигi сияқты кеңес инженерлерi жасаған техникалар топтап өндiрiлмедi.
​1937-38 жылғы қуғын-сүргiн Қызыл Армияға үлкен апат әкелдi. Талантты әскер басылары қудаланды, 40 мың офицер өмiрiмен қоштасты немесе бас бостандығынан айырылды. Армия басшылығына жаңа ғана училище бiтiрген жастар келдi.
​Отан қорғау iсiн басқарып отырғандар немiстердiң шабуылын жасайтын уақытын өздерiнiң Германиядағы, Жапониядағы тыңшылары арқылы дәлме-дәл бiлiп отырды. Сталин мұндай мәлiметтердi арандатушылық деп есептеп соғысқа дайындықты жеделдету шарасын қолданбады. Сәтсiздiктiң мұнан басқа да себептерi бар. Аталмыш қателiктерге қарамастан Кеңес Одағының халқы күш бiрiктiрiп көп ұзамай немiстердiң шабуылына төтеп бере бiлдi.
Қазақстандықтар бүкiл кеңес халқы сияқты отан қорғауға аттанды. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ жаңа құрамаларар мен бөлімшелерді жасақтау және жаттықтыру жөніндегі қызу жұмыс күндіз түні бір толастаған емес, қалалардан шет аймақтарда жауынгерлерді мылтық атуға үйрету үшін полигондар мен оқ ату тирлері шапшаң салынып жатты. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның құрамында Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының сонымен қатар Қырғызстанның еңбекшілеріде болды. Дивизия командирі болып, азамат соғысына қатысқан, генерал майор М.П. Панфилов тағайындалды. Қазақстанның әскери бөлімшелері негізінен жұмысшылардан колхозшылардан және интелегенциядан жасақталды. Олардың шамамен әрбір алтыншы жауынгері мен командирі коммунист бүкіл құрамының 15-20 проценті комсомол мүшелері еді. Жасақталған әскери құрамалар әр ұлт өкілдерінен болды. Мәселен 316-атқыштар дивизиясының 40 проценті қазақтардан, 30 проценті орыстардан, қалғаны украин, өзбек, қырғыз, татарлардан құралды. 16-50 жастағы адамдарды әскери iске үйрету басталды.
​Қазақстандықтар Москваның маңында ерлiкпен соғысты. 28 панфиловшылар жаудың 30 танкiсiн құртып немiстердiң шабуылын тоқтатты. 1941 жылғы Москва түбiндегi, 1943 жылғы Сталинград үшiн шайқас, Курск жанындағы шайқастарда қазақстандықтар ерлiкпен соғысты. Днепр маңындағы шайқаста 123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.
​Қазақстандықтар партизан қозғалысына белсене қатысты. Украйна мен Белоруссиядағы партизан отрядтарында 3000 қазақстандық болды. 1945 жылы Берлин үшiн болған қырғын соғысқа қазақстандықтар белсене қатысты. Рейхстахқа жеңiс туын тiгуге лейтенант Қошқарбаевтың взводы, басқадай қазақстандықтар қатысты. Европаны азат ету және Берлин үшiн шайқасқа қатысқан 150 қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды.
​Соғысып жатқан армия қатарына 1,2 млн. қазақстандықтар шақырылды. Қазақстанда жасақталған әскери құрамалардың iшiнен неғұрлым жақсы соғысқан 5 құрама гвардияшыл деген құрметтi атақ алды. Соғыста көрсеткен ерлiгi үшiн 500-дей қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олардың iшiнде қазақ халқының даңқты қыздары М.Мәншүк, М.Әлия және екi реткi батыр болған 4 қазақстандық /Т. Бигильдинов, Луганский, Беда, Павлов/ және атақты командир Б.Момышұлы болды. 97 мың қазақстандық ордендермен, медалдармен марапатталды.
Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандықгенерал-майор И.В. Панфилов пен комиссар А.С. Егоров басқарған 31 атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И.В. Панфилов ерлікпен қазатапты. Бұл дивизияның политругі В.Г. Клочковтың: «Россия - кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда - Москва», - деген сезі бүкіл майданғатарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Панфиловшы, ротаның саяси жетекшісі, қазақстандық КСРО батыры П.Б. Вихрев те ерлікпен қаза тапты.
Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктіңтамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.
М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
Бородино селосының түбінде Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды.
Фашистердің Москва түбінде жеңілуі, яғни «Блицкриг» жоспарының күйреуі жеңістің бастамасы, ¥лы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.
Ленинград қаласын қорғауға Қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 314-дивизия алғашқы кезеңнен қатыстыЛенинград үшін шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов кеудесін оққа төсеп, Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Ол Кеңестер Одагының батыры атанды.
Балтық флотында көптеген қазақстандықтар жауға қарсы ерлікпен шайқасты. Мысалы, «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық болған. Қазақстаннан барған әскерлердің 30%-дан астамы Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысты. Рота командирі Қойбағаров өз бөлімшесімен неміс окоптарына басып кіріп, өшпес ерлік жасаған. Одан басқа Ленинград түбінде Дүйсенбай Шыныбеков, С. Жылқышев, Г.П. Зубков т.б. қазақстандықтар ерекше ерлік көрсетті.
1941​жылы қыркүйекте қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді.
Қазақстан - Сталинград майданының ең жақын тылы. 1942 жылы Сталинград түбінде қиян-кескі шайқас басталды. Қазақстанның батысы Сталинград облысымен500 шақырым шектесіп жатқандықтан, соғыстың оты Батыс Қазақстан өңірін қамтыды.1942 жылы күзде Каспий аумағында соғыс жағдайы енгізілді.
1942 жылы 1 қыркүйекте Гурьевте қорғаныс комитеті құрылды. Гурьев жерінде жау ұшағы пайда болғаннан кейін, 1942 жылы 10 қыркүйекте Гурьев облысының барлықжерінде қатайтылған арнайы қорғаныс жүйелері ұйымдастырылды. 1942 жылы 15 қыркүйекте Гурьев облысында соғыс жағдайы мен қатерлі жағдай енгізілді.
Кешікпей қазан айында Орал әуе шабуылынан қорғанатын майдан өңіріне айналды. 1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.
Батыс Қазақстан жерінде 6 қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайпақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс құрылыстары салынды.
Сталинград майданының көптеген әскери белімдері, материалдық, техникалықбазалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты. Батыс Қазақстан жерінде 20-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн сом шығын келтірді.
Сталинград майданын барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден етті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшаққұрастырылды. Каспий бассейнінде орналасқан
Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясыт.б. Сталинградтықорғауғақатысты. Сталинград түбінде көптеген қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.
Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г. Сафиуллин, М.А. Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери белімдері жауды талқан-дау барысында көп үлес қосты. Кеңестер Одағының батыры, қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров өз ұшағын жаудың әскери базасына кұлатып, Гастеллоның ерлігін қайталады.
Сталинград түбінде қазақстандықтар Қ. Сыпатаев пен А.А. Бельгин ездерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды. Қазақстандық Т.С. Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасыңдағы ірі операцияларда шешуші рөл аткарды. Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. Гитлерлік басқыншылардың Сталинград түбіндегі жеңілуі олардың соғыстағы тағдырының шешілу уақытын жақындата түсті.
Еліміздің батысындағы Украина, Белоруссия, Молдавия, Балтық жағалауындағы елдерді азат етудің маңызы зор болды. Бұған қазақстандықтар да өз үлестерін қосты. Украина жерінде ерлікпен қаза тапқан Әбу Досмұхаметовке Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. Украинада Днепр маңындағы соғыста Г. Айтықов пен Қ. Аухадиев те Кеңестер Одағының батыры атагына ие болды. Ал сол Днепрдегі соғыста Жәнібек Елеусізов өз ерлігімен көзге түсті. 18 жастағы қазақстандық Кеңестер Одағының батыры болды.
Қызыл Армия құрамындағы қазақстандықтар Польша мен Венгрияны, Волгария мен Чехословакияны, Австрияны фашистерден азат етуде өз үлестерін қосты. А.С. Егоров, З.У. Құсайынов Еуропадағы қарсыласу қозғалысына қатысып, Кеңестер Одағының батырлары атанды.
ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ:
Отандық тарих ғылымында Ұлы Отан соғысының тарихы мен республиканың жеңіске қосқан үлесіне қатысты мəселелер басым бағыттарының бірі болып табылады. Кеңес заманында Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихын зерттеуге арналған еңбектер идеологиялық тұрғыдан жазылып, оқиғаларды сипаттауда жеке басына табынушылық белең орын алып отырды. Сол себептердің салдарынан соғыс тарихы біржақты қарастырылды. Қазақстандықтардың ірі соғыс қимылдарына қатысуы, майдандағы ерліктері көп жағдайда әділетті бағаланбай келді. Сонымен қатар, қазақстандық әскери құрамалардың тарихы кәсіби тұрғыдан, яғни әскери тарих тұрғысынан зерттеуді қажет етеді. Мұндай ақтаңдақ тұстары әлі де толық зерттеуді қажет ететіні тарих ғылымының еншісінде. Түркістан қаласының соғыс кезіндегі тарихын зерттеуде көптеген қиыншылықтар осы мәселелерге кездеседі. Қала тұрғындарының алапат соғысына қатысуы туралы да кешенді деректердің жоқтың қасы.
1941 жылдың 22 маусымында КСРО Ұлы Отан соғысы басталды. Алып елдің басқа да халықтарымен бірге оңтүстікқазақстандықтар да соғыс ауыртпалығын бастарынан кешірді.
Соғыстың бірінші аптасында-ақ Түркістан қаласына 62 адам әскери комиссариатқа қатысуға өтінішін түсірді. Олардың 16-сы әйел. Бұлардың ішінде Хасан көлі ұрысына қатысқан Ефремов, колхозшы Оразбаев, офицер Файзуллаев, Таукен техникумының ІІІ курс студенті Маслов және Ильиндер бар.
Ұлы Отан соғысына Түркiстан әскери комиссариатынан 18547 адам майданға аттанып, 15960 туған жерге оралған. 1941-1945 жылдары Түркістан әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылған азаматтардың, майданда қаза болған жауынгерлердің аты-жөндері Түркістан қаласы ардагерлер Кеңесінің басшылығымен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Түркістан» газеті редакциясы негізінде «Ерлік даңқы өшпейді» атты кітапта жарияланған (2010 ж.).
Отанымызға адал қызмет етіп, қазіргі таңда жас ұрпаққа дамыған елде өмір сүруге және бүгінгідей мемлекет құруға соғыс ардагерлердің әрқайсысының қосқан үлестері мол. Сондай-ақ, бүгінгі күні де жас ұрпақ бойында Отанға деген патриоттық сезім мен туған жерді адал қорғаудың үлгісі болып келеді. Соның ішінде Құрбанбай Рысбеков, Абдулла Үсенов, Расул Есетов, Файзулла Юлдашев түркістандық төрт азамат Кеңес одағының Батыры жоғары атағына лайық деп танылды.
1943 жылы күзде біздің әскер Днепр үшін ұрыста ерліктері үшін Кеңес Одағының батыры атаққа облыстан 13 адам ие болса, екеуі түркістандық: Рысбеков Құрбантай, Юлдашев Файзулла.
Партизан қозғалысы да кең өріс алды. Қазақстандық партизандар: Қ. Қайсенов (жазушы), Ж. Ағаділова, П. Семенова, Ә. Шәріпов, У. Оразбаев, Т. Жұмабаев, В. Шаруди, Ж. Саин (жазушы), Н.В. Зебницкий т.б. Жалпы, 3500-ден аса қазақстандық партизан жау тылында соғысты. Қазақстандық партизан Ж. Сұраншиев Белорусь жерінде «Ұшқын» партизан отрядының құрамында болды.
1945 жылы Қызыл Армия фашистердің «Висла», «Оңтүстік», «Орталық», «Солтүстік» әскери округтерін жеңді. Германияның көптеген жерін 1945 жылы сәуір айьша дейін КСРО қарулы күштері басып алды. 1945 жылы 16 сәуірде Қызыл Армия шешуші «Берлин» операциясын бастады. Бұл операцияға 3 млн 500000 жауынгер, 10800 әскери үшақ, 52000-нан астам зеңбірек, 7750 танк қатыстырылды.
1945 жылы 2 мамырда Қызыл Армия Берлинді толық басып алды. 1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды.
Тылдағылардың майданға көмегі, майдангерлердің жағдайын жақсартып қоймай, сонымен қатар олардың әскери жігерін көтерді. Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майданның бір арсеналы болды. Мұнда қарағанды көміршілері жігерлі жұмыс атқарды. Республика өзімен бірге басқарушы ролын сақтап қалды. өндірісте мыс 38 процент, қорғасын 85 процент 1941-45 жж. Барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. Ауыл шаруашылығында жұмысшылардың еңбек жағдайлары тез өзгерді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға өз еркінше көмек беру кең көлемде жүргізілді. Майдан қорына 1943 жылы қазан айында 185,5 млн. сом және 193,6 млн сом шамасындағы облигацияға жетті. Ақтөбе облысы Нурманов совхозында Ш.Берсиев 1 га 202 ц астық алса, қызылорда облысы Шиелі ауданы Авангард совхозында Ы.Жақаев 1 га 172 ц. күріш алды. Қаскелең ауданы 3 интернационал совхозында Мұхамедиева 1 га 600 ц. қант қызылшасын алды. Мал шаруашылығындағы шопандар да еңбегін аяған жоқ. Ж.Мұхашев Жезқазған облысы Амангельді совхозының шопаны 100 қойға 180 қозы асырады. Гурьев облысы Жаңаталап колхозында Шугампова 1 мың жылқыны шығынсыз алып шықты. Қазақтаннан қару жарақ үшін 480 мың сом келді. Соғыстың алғашқы қысында көмектің негізгісі жылы киімдер болды. Республикадағы ұлттардын 2,5 млн. жылы заттар, сонымен бірге 11,5 мың жылы тон және 312 мың пар шұлық келді.
Ұлы Отан соғысы жайлы жазылған еңбектер түсірілген фильмдер де жеткілікті бірақ әлі де болса жазылатыны да көп. Екінші дүние жүзілік соғыстағы Кеңес халқының жеңісі бүкіл әлемдік тарихта маңызы бар. ​
Еліміздің аса ірі ғылыми күштері соғыс жылдары біздің республикамызда топтастырылды. Бурабай шатқалындағы курортты орындарда академиктер В.М. Алексеев, А.Н. Бах, Л.С. Берг, С.Н. Бернштейн, В.И. Вернадский, Н.Ф. Гамалея, Н.Д. Зелинский, Л.И. Мендельштам, А.С. Орлов, т.б. көптеген ғалымдар ғылыми жұмыстармен айналысты. Республика астанасында 20-дан астам ғылыми-зерттеу институттары: КСРО ҒА-ның философия,география, физиология институттары, УКСР ҒА-ның физика-математика институты, КСРО-ның Архитектура академиясы орналастырылды. Ғалымдардың үлкен тобы көшіріп әкелінген жоғары оқу орындарында еңбек етті. КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімінде астрономиялық обсерватория, тіл, әдебиет және тарих, химия-металлургия, топырақтану және ботаника, зоология және өлкелік патология институттары ұйымдастырылды.
Мәскеулік ғалымдар А.М. Панкратова мен М.П. Вяткиннің және басқалардың қатысуымен 1949 жылы «История Казахской ССР» атты өзекті еңбектің 1-томы жарияланды. Кітапты жазуға қазақ ғалымдары – И. Омаров, М. Әбдіхалықов, Е. Бекмахановтар қатысты.
Білікті кадрларды дайындау ісінде көшіріліп әкелінген жоғары және оқу орындары айтарлықтай жұмыстар атқарды. Олардың арасында Мәскеу авиация институты, Мәскеу түсті металдар мен алтын институты, біріккен Украин мемлекеттік университеті (Киев және Харьков университеттері), сондай-ақ соғыс жылдары ұйымдастырылған Алматы мемлекеттік педагогикалық шет тілдер институты, Шымкент технологиялар институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, Физкультура институты бар.
Әдебиет пен өнер майданға шыққан халықтың идеялық қуатты қаруына айналды. Қазақстанның 90-ға тарта ақын-жазушысы қан майданда шайқасты.Республика жазушылар Одағы көшіп келген жазушылармен толықты (А. Толстой, С.В. Михалков, Ф. Панферов, О. Форш, С. Маршак, К. Паустовкий, М. Зощенко). Халық ақындарының айтысы қайта жаңғырды. «РОСТА-ның терезесі» Үгіт плакаттарын шығаруға С.Я. Маршак, Михалков белсене араласты. Қазақ әдебиеті С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин сияқты майдангер-жазушылармен толықты. Майдангер офицер Б. Бұлқышевтің публицистикалық жалынды мақалалары (қазақ, орыс тілдерінде) жау шебіне жасындай атылды.
Калинин, Солтүстік-Батыс, Сталинград, Оңтүстік-Батыс, Беларусь майдандарының, айрықша Қиыр Шығыс әскери округі мен Тынық мұхит флотының әскери бөлімдерін Қазақстан өнер қызметкерлерінен ұйымдастырылған ІІ концерттік бригада қамқорлыққа алды. 1942-1944 жылдары аралығында республикаға 22 майдан делегациясы келді. Осының барлығы майдан мен тылдың ынтымағын нығайтып, кеңес адамдарының жеңіске деген сенімін арттыра түсті. Әр түрлі ұлттың жауынгерлері Жамбылға майданнан хат жазып, өздерінің қуаныш-қайғысын, үміт-үрейлерін бөлісті. Оның өлеңдері күтпеген жерден дұшпан ордасына ойрандап кірген ержүрек шолғыншы сияқты оқырман жүрегін баурап қана қойған жоқ, сонымен қатар бүкіл жер шары ақын шығармалары арқылы қазақ деген халықпен танысты. Өлең сөзді бәрінен де жоғары қоятын ғажайып елі бар екенін білді.
Адамзат Фашистік милитаристік диктатураның дүние жүзіне үстемдік жүргізу қаупінен сақталып қалды. Ұлы Отан соғысы 1418 күн мен түнге созылды. Әр тәулікте бұл соғыс орта есеппен 14 мың 104 кеңес адамының өмірін қиып отырды. Әр сағатта 588, әр минутта10, әрбір секунд сайын 1 адам жер жастанып отырды.
Сталин Ұлы Отан соғысының шығынын 7 млн шамасында деп көрсеткен болатын, Хрущев 20 млн-н астам деп түзеді. Ал М.С. Горбачев 27 млн деп көрсетті. Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар ал 350 мыңдайы қазақтар болатын.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары. II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Соғыс зардаптары: 1710 қала, 70000 ауыл қирады, 32000 өнеркәсіп, 100000 ауыл шаруашылық кәсіпорны бұлінді және 2 млн адам қираған үйде түруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минскт.б. қалалардың көп болігі талқандалды.
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Себебі КСРО соғыста 30 млн жуық адамнан айырылды. Осыған байланысты Қызыл Армия қатарында демобилизация (әскерден босату) басталды. 1945-1948 жылдары Қызыл Армия қатарынан 8 млн 500 мың адам босатылды.
Соғыс жағдайына бейімделген ел экономикасының қайта құрылуы басталды. Сұрапыл жылдары соғыстың қажетін өтеп тұрған кәсіпорындар бейбіт тұрмыс өнімдерін шығара бастады.
Қазақстан экономикасын бейбіт жағдайға бейімдеу көп қиыншылықтар тудырды. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар азат етілген аудандарға қайта көшірілді. Сонымен бірге білікті мамандар да қайтты. Соғыста жарты миллионнан астам адам қазатапты, көбі мүгедек болып оралды т.с.с. Мұның бәрі шаруашылықты қалпына келтіруді кешеуілдетті. Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге барынша көмек корсетті. Сталинград, Ленинград, Киев қалаларын, коптеген қираған кәсіпорындарды қалпына келтіру барысында қазақстандықтар көп үлес қосты.
Сонымен қатар, Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге материалдық көмек көрсетті. Мысалы, 1945 жылы Украинаға 500-ге жуық трактор, ауыл шаруашылық техникасын; Ресей мен Белоруське, Украинаға 350000 қой, 22000 жылқы, 17500 сиырды тегін жіберді. 1946 жылы қабылданған 1946-1950 жылдарды қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру бесжылдығына сәйкес шаруашылықты дамытуға бюджеттен көптеген қаржы бөлінді.
Үкіметтің қолдауымен және жұмысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында кәсіпорындар біртіндеп аяғынан тұра бастады. Теміртау металлургия зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты сияқты алыптардың қуаты артты. Екібастүз көмір кендері мен Маңғыстау мұнай кәсіпшілік-терінде жаңа кұрылыстар салынды.
Ауыр өнеркәсіппен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің куаты артты.
1950 жыльі 483 шақырымға созылған Мойынты-Шу теміржолы салынды. Байланыс, коммуникация жүйелері де дамыды. 1949 жылы Алматы қаласы автоматтық станция арқылы республиканың 56 қаласымен байланыс-тырылды.
Соғыстан әлсіреп шыкқан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Мысалы, ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы т.б.
Партияның 1946 жылғы қаулысына сәйкес совхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда (76%) МТС-тер (машина-трактор станциялары) жұмыс істеді. Үкімет өзін қамтамасыз ете алмайтын ұсақ колхоздарды біріктіре бастады. 1952 жылы республикада 2047 колхоз жұмыс істеді.
Республика ауыл шаруашылығы біршама жақсы дамыды. Дегенмен барлық халықты бірдей азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай, өнеркәсіптің шикізатқа деген сұранысын қанағаттандыра алмады. Ауыл шаруашылығы жоспарлы түрде жоғарыдан басқарылды.
Соғыстан кейін 1946-1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды.
Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе орнымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алуға жетпеді. Сол кездегі орташа жалақының көлемі 64 сом болды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет ете арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы, әрине, ешқаңдай мәліметтерде айтылмады.
Елдiң астық қажеттiгiн егiншiлiк аудандары өтей алмады, мал басы өспедi, өнiмi ел қажеттiгiн өтей алмады. Мұның көптеген себебi бар. Олардың негiзгiсi соғыс ауыл шаруашылығына ауыр зыян тигiздi. Екiншi үлкен себеп ауыл шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарының ескiруi болды. Колхоздарда егiс алаңы, мал колхозшыларының қауымдық меншiгi деп аталғанымен олар ол меншiктiң йесi емес едi. Жер мемлекет меншiгiнде болды да, мал да мемлекеттiң меншiгiнiң бiр түрiне айналды. Мемлекеттiк меншiкке ие болмады. Иесiз меншiк өспедi, оны талан таражға салу оңай болды. үшiншiден, ауыл шаруашылық өнiмдерiн мемлекетке мiндеттi түрде алуға байланысты қалыптасқан жүйе өзiн ақтамады. Ауыл шаруашылығында өнiм өндiру, оны мемлекетке дайындау жүйесi өнiм өндiрушiлердiң ынтықтығын тудырмады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн дайындау және сатып алу бағасы өнiмнiң өз құнынан төмен болды. Колхоздарда колхоз демократиясы бұзылды, колхозды басқару, өнiмдi жұмсау әкiмшiлiк орындарының қолына өттi.
​Партия мен үкiметтiң орталық және жергiлiктi орындары бұл ауыр халден шығу үшiн бiрнеше шара қолданды. Мәселен осы жылдары колхоздарды iрiлендiру шарасы жүрiлдi, пайдасыз ұсақ колхоздарды арасынан қосып iрiлендiрдi. Колхоздарды совхоздарға айналдыру шарасын жүзеге асырды. Дегенмен бұлар күткен нәтижеге жеткiзбедi. Ауыл шаруашылығындағы ауыр жағдайдан шығудың жолы өндiрiстiк қатнасты жетiлдiру, яғни ауыл шаруашылығындағы өндiрiс құрал жабдығын /жер, мал, техника т.б./ йесiнiң меншiгiне беру едi. Бұл жолға ешкiм тәуекел ете алмады.
​Ұлы Отан соғысының Кеңес Одағы халықтарының жеңiсiмен аяқталуы халық бұқараның рухани зор өрлеуiн туғызып энтузиязымын арттырды. Соғыста Кеңес Одағының халық шаруашылығы зор зыян шектi. Халықтың энтузиязымының арқасында соғыста бүлiнген халық шаруашылығын 1953 жылы қалпына келтiрдi, бұдан соңғы жылдары экономика арғарай дамыды.
​Қазақстан майдан шебiнен ұзақ орналасқандықтан соғыстан халық шаруашылығы бүлiнбедi. Қазақстан Кеңес Одағының бүлiнген халық шаруашылығын қалпына келтiруге белсене қатысты. Батыс өлкедегi бүлiнген өнеркәсiп аудандары мен қалаларды қалпына келтiруге Қазақстаннан жұмысшылар жiберiлдi. Колхоз, совхоздарға мал жiбердi.
​Соғыстан кейiнгi жылдары Қазақстан экономикасы, әсiресе, өнеркәсiп саласы дамыды. Қазақстан еңбекшiлерi бес жылдықта /51-55/ өнеркәсiптi дамытуда едәуiр табыстарға қол жеткiздi. Осы жылдары 200-ге жуық жаңа өнеркәсiп орындары iске қосылды. Осы жылдары Қазақстанда энергетика, металлургия, кен рудасы, көмiр, химия, машина жасау салалары дамыды. Түстi металлургия республиканың экономикасының жетекшi саласына айналды. Елдегi ең iрi объектiлердiң бiрi Қарағанды металлургиялық заводының /Қазақстан магниткасы/ құрылысы басталды. Қарағандыда оннан астам шахта iске қосылды. Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Қарағанды қалаларындағы машина жасау заводтары жаңа станок, жабдықтар жасайтын болды. Өнеркәсiп орындарында өндiрiс процессiн автоматтандыруда, механикаландыруда елеулi табыстарға қол жеттi.
Білім мен ғылым, әдебиет пен өнер саласындағы ілгерілеудің көшбасында Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Е. Бекмаханов, М. Айтхожин, Ш. Есенов, Д. Сокольский, Ә. Бектұров, У. Ахметсафин тәрізді тұлғалар тұрды. 1946 жылы шаңырақ көтерген Қазақстан ғылым академиясы шығармашылық-теориялық ізденістердің ордасына айналды. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақ КССР ҒА-ның жүйесінде жұмыс істейтін немесе оның толық мүшесі, мүше-корреспонденті болып сайланған 7 ғалым Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді, 18 ғалымға Лениндік сыйлықтың, 43 ғалымға КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атағы берілді.
1941 жылы КСРО үкіметінің Эвакуация жөніндегі Кеңестің шешімімен Ресей және КСРО Ғылым Академиясының ғалымдары Қазақстан жеріне орналасады. Қ.Сәтбаев талай кеңестік оқымысты ғалымдарды тартып, республиканың бай табиғи қорларын игеруге күш жұмылдырады. 1940 жылы бір ғана Геология институты ашылса, 1944 жылы КСРО Ғылым Академиясының қазақ филиалында 6 институт және 4 сектор жұмыс істеп тұрды. Бұл жерде 576 қызметкер, оның ішінде 2 академик, 4 КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, 27 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаттары қызмет етті. Соғыс жылдары ғылыми кадралар құрамы үш есе өсті. Соғыстан кейін тау-кен, химия, металлургия, топырақтану институттары ашылды. Қ.Сәтбаев республикалық Ғылым Академиясының ұйымдастырылуына қыруар дайындық іс-шаралар жүргізді. Осы мақсатпен ғалым 1944 жылы 3 қантарда республика басшылығына бір орталықтан ұйымдастырылып, үлестіріп отыратын республикалық Ғылым Академиясын ашу мұқтаждығы көрсетіліп, қазақстандық ғылым дамуы туралы хат жолдайды. 1944 жылдың соңында Қ.Сәтбаев үкімет тапсырмасы бойынша ҒА ашуға жұмыстарына кірісе бастайды. ҚазКСР Ғылым Академиясын құру бойынша жұмыстарды басқару мақсатында Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына КСРО ҒА-ның 11 академигі және президенті С.И.Вавилов кіреді.
Ұзақ дайындық жұмыстардан кейін 1946 жылы 1 маусымда ҚазақКСР Ғылым Академиясы құрылады. Ғылым ордасы алғашқыда қазіргі микробиология Институтының екіқабатты ғимаратында орналасты. Ғылым академиясының құрамында 18 ҒЗИ, 8 сектор, 7 тәжірибелі станция, 3 ботаникалық бақ болды. Қызметкерлердің саны 1400 адам, соның ішінде 57 ғылым докторы, 184 ғылым кандидаттары. Қ.Сәтбаев бастамасымен 11 жаңа ғылыми-зерттеу институттары құрылды.
Дегенмен, 1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың басында КСРО еркін ойлауды шектеу, жаппай бақылау, қатал цензура, идеологияның кері әсері мәдениеттің дамуына ықпал етпей қоймады. Осы кезде ұлтшылдық кінәсін арқалағандар қатарында Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхаметханов, Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов және басқалары болды.
Әлкей Марғұланның көзқарастары ғылыми дәйексіз деп жарияланды, Дулат Бабатайұлының және басқалардың еңбектеріне тыйым салынды. 1940 жылдың аяғы, 1950 жылдардың басында космополитизм, буржуазиялық ұлтшылдық кінәсі тағылған көптеген ғалымдар зардап шекті, соның ішінде өлім жазасына бұйырылған, кейін 25 жыл айдауға кеткен ірі тарихшы Ермұхан Бекмаханов та бар. 1950 жылдары олардың көбін ақтады.
Алайда, бұл уақытта мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тек «социалистік релизм» шеңберінде ғана жазу талабы қойылды.
«Жамбыл», «Ботагөз», «Мәншүк туралы ән», «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», т.б. фильмдер қазақ кино өнері мен қайраткерлерінің үздік жетістігі қатарына кірді. 70-80 жылдары 20-дан астам өнер саңлақтары «КСРО-ның халық әртісі», «КСРО-ның халық суретшісі», «Социалистік Еңбек Ері» атақ-дәрежелерімен марапатталды.
Кеңестік кезеңде білім, ғылым, мәдениет саласы қарама-қайшылыққа толы болды. Бұл қарама-қайшылық сипаты жетістіктерге де дамуға да қатысты болды. Соғыстан кейінгі жылдары мамандар тапшылығы мәселесі қиынға түсті. 1947 жылы қараша айында өндіріс пен ауыл шаруашылығын жоғары сапалы білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін оқу орындарын салуға қаражат бөлуді қарастырған «Қазақ КСР жоғары және орта білімді ары қарай дамытудың шаралары» атты қаулы қабылданды. Мектептегі білім беру ісіне қатты көңіл бөлінді, барлық жерде сегізжылдық, ал ірі қалаларда онжылдық білімге көшу жүргізілді.
1950-1980 жылдары Қазақстан ғылымының, әсіресе жаратылыстану саласы бойынша едәуір ілгері басуы байқалды. Ол жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды. Ғылымның едәуір жоғарылауына өндірістің жылдам дамуы мен мақсатты қаржыландыру ықпал етті. Қазақстандық ғалымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандары болды. Алайда, тәуелсіз ойлауға шек қойған советтік идеология ғылымның дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар идеологиялық қысымды қатты сезінді.
1970-1980 жылдары партиялық бақылау күшейді. Аса қатты шектеулерге қарамастан Қазақстан ғалымдары мен жазушылары шынай өмірден маңызды шығармалар жазды. Осы уақытқа Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Болат Аюханов, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Құдыс Қожамияров, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Евгений Сидоркин, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және басқа да көптеген өнер қайраткерлерінің шығармашылығының жоғары деңгейге шарықтаған кезеңі болып табылады. Сөйтіп, партиялық өктемдікке, шектеуге қарамай, мәдениет пен білімде, ғылымда жағымды істер атқарылды.
46.Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз
1939 жылы 1 қыркүйекте герман қарулы күштері Польшаға шабуылын бастады. Польшаны жақтаған Англия мен Франция Германияға қарсы соғыс жариялады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың тұтануына фашистік мемлекеттер Германия, Италия және милитаристік Жапония айтарлықтай күш салды. Ұлыбритания, Франция, АҚШ сияқты ірі буржуазиялық державалар да Еуропа мен Азияда бейбітшілік пен тыныштықтың бұзылуына жол берді. Өкінішке орай соғыс алдында КСРО басшылары да фашистік Германиямен жақындасып, Шығыс Еуропаны бөлісу жөнінде құпия келісім жасады.Екінші дүниежүзілік соғыс 6 жылға созылып, барлық әлемді қамтыды.Екінші дүниежүзілік соғыс қорытындылары сипаттау өте қиын. Соғыс өзі адамдар мен көптеген халықтардың көптеген миллиондаған тағдырын әсер етті. Ол Азия, Еуропа мен Америкада көптеген елдердің тағдырын өзгертті.Әрине, ең маңызды нәтижесі фашизмді талқандау болды және нацистік Германия мен оның одақтастарын жаулап болды. Жалпы соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға үшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Фашизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО қүрамындағы халықтар атқарды . Екінші дүниежүзілік соғыс - адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл соғыс болды.

47. Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуалы туралы түсіндіріңіз


Соғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды. КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қарапайым адамдар басқарудан шеттетілді.Коммунистік партияның билігі шексіз болды. Қоғамда тоталитарлық, авторитарлық жүйе үстем болды. Осының бәрі жеке адамның басына табынғандықтан пайда болған. Жоғары билік басындағылар тез арада коммунизмге көшу туралы жоспарларды құрастыра бастады. Коммунизмнің теориялық негізі жасалды. Мұның бәрі И. В. Сталиннің көрегендігі ретінде бағаланды.
Ауыл шаруашылығы
Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Мысалы, ауыл шаруашылық техниканың жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы т. Б.Партияның 1946 жылғы қаулысына сәйкес совхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылғын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. 1952 жылы республикада 2047 колхоз жұмыс істеді.Республика ауыл шаруашылығы біршама жақсы дамыды. Ауыл шаруашылығы жоспарлы түрде жоғарыдан басқарылды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы
Соғыстан кейін 1946–1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса ірі ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды.Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе онымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алып отырды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет өте арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады.

48. 1920-1930 ж.ж білім, ғылым, мәдениет дамуын талдаңыз


Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін, ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды. Ең алдымен ересектер арасында «Сауатсыздықты жою» көзделінді. Халық арасында сауатсыздықты жою үшін арнайы мемлекет тарапынан қаражат бөлінді. Мектептер оқу құралдары және ұстаздармен қамтамасыз етілді. 1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды. Білім беру ісіне тек Қазақстанда 1921-1927 жылдары бір адамға шаққанда 68,9 тиын жұмсалды.Халық Комиссарлар Кеңесі 1931 жылы 15 пен 50 жас аралығындағыларды міндетті түрде жаппай оқытуды енгізді. Халықты сауаттандыруға білімді жастар көп үлес қосты. Еңбекші халық та білім алуға құлшына кірісті. Күні бойы жұмыс істеп, шаршағанына қарамастан, кешкісін сауат ашу мектептеріне бір кісідей жиналатын.Осының нәтижесінде 1939 жылдың өзінде республика халқының сауаттылығы 65%-ға жетті, республиканың құрылғанына 20 жыл толу қарсаңындажасы 50-ге дейінгі ересек адамдардың сауатсыздығы, негізінен, жойылды.Ұлттық зиялы қауым қайраткерлері ана тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға кірісті. 1920-жылдардың ортасында республикада татар, өзбек, ұйғыр, неміс және эстон бастауыш мектептері жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып, 40 мыңдай адам оқыды.

49. «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясын анықтаңыз


Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.Алаш қозғалысының негізгі идея­сы сөзсіз еркіндік пен да­му­дың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Мұны ерте түсінген Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан мұндай мемлекет дегенде қазақтың ұлт­­­­тық ерекшеліктерін сақтай және сана-сезімін оята отырып, орта­ғасырлық әлеуметтік-эко­номикалық мешеуліктен алып шығатын Батыстық буржуазиялық қатынас жолын таңдағаны белгілі.Қорыта келгенде, Алаш қозғалы­сының, оның саяси партиясының ұлттық мемлекет турасындағы идеясын оқып, білуіміз, оны тәуелсіз еліміздің мемлекеттілік ілімімен ұштастыра алуымыз қазіргі жаңа әлемде құрып жатқан жаңа Қазақстанымызды кемел келешекке жетелейтіні даусыз.

50. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсерін талдаңыз


Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: “…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш” – деп жар салды.Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын.Сондықтан, қазіргі де, болашақ ұрпақтың да санасында оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің ең маңызды бір кезеңі деп бағалануы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет