41. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұнын көрсетіңіз


Жетісу және Сырдария облыстарын (1867 ж.) және Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы туралы жазыңыз



бет2/11
Дата22.05.2024
өлшемі145,25 Kb.
#202777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
41-46 ТАРИХ (1)
03.05, Тест ждп, 4-курс-Фельд, чеклист каз -23-АКГУН
42.Жетісу және Сырдария облыстарын (1867 ж.) және Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы туралы жазыңыз

Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды бөлігінің бірі. Себебі, ол әкімшілік құрылыс, жер қатынастары, сот құрылысы, халыққа білім беру, дін мәселесі сияқты қазақ қоғамының шешуші салаларының бәрін қамтыған күрделі реформа болған еді.


Қазақстанға әкімшілік басқару жүйесін енгізуді көздеген Патша үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы отаршылдық саясатын күшейту болған еді. Осыған орай, 1867 жылы 11 шілдеде патша жарлығымен империя құрамында Түркістан генерал-губернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең басты және негізгі міндеті – "қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен бірте-бірте қосып жіберу" еді. Сөйтіп, жергілікті бай-мапатарды биліктен ысырып тастап, ру басшыларын әлсіретіп, ойға алған іс-шараларды оңтайлы жолмен оңай әрі тез жүзеге асырып отыру еді. Жалпы алғанда, реформалар Патшалық үкіметтің қазақ даласының жергілікті тұрғындарын және аймақтық табиғат байлықтарын еркін пайдалану үшін жасалған еді.


1867-1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысып бақты. Сондықтан да Қазақстан аумағы облыстарға бөлініп, ал облыстар әкімшілік орталықтарына, қазақ даласымен байланыссыз жататын әр түрлі генерал-губернаторлықтарға бөлшектенеді.


Мысалы, Торғай мен Орал облыстары – Орынбор; Ақмола және Семей облыстары – Батыс Сібір; Жетісу мен Сырдария – Түркістан генерал-губернаторлықтарының құрамына кірді. Бұрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық басқармасына бағынышты болып қалғанымен, ол ұзаққа созылмай, 1872 жылдан бастап Астрахань губерниясының құрамына кірді. Ал Маңғыстау аумағы 1870 ж. қазақтардың көтерілісіне байланысты Кавказ әскери округының билігіне өтті.


Бұл тұстағы генерал-губернаторлардың билік шараларын іске асыратын басқару жүйесі облыстық басқармалар, уездік басқармалар және жергілікті басқармалар болып үш бөлікке бөлінді. Облыстық әкімшіліктің басқарма басшылығында әскери және азаматтық билік ететін әскери-губернатор тұрды. 1868 ж. Ереженің 22-23-бабында дала облыстарының әскери-губернаторлары облыстардағы әскери қолбасшыларға теңестірілетіні көрсетілген және де олар өз облыстарының аумағындағы орналасқан казак әскерлерінің тағайындалған атамандары болып есептелді.


Облыстар өз кезегінде уездерге бөлінді. Уездік басқарманың басшылығына орыс чиновниктерінің ішінен облыстық әскери-губернатордың ұсынысы бойынша генерал-губернатор бекітетін уезд бастығы тағайындалды. Жаңа әкімшілік жүйе бойынша уездегі барлық билік жүйесі толығымен уезд бастығының қолына шоғырландырылды. Ереженің 42-65 баптары бойынша, уезд бастықтарына жергілікті басқару орындарына жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау, уезде тыныштық пен тәртіпті сақтау, алым-салықтың жиналуын бақылау және халықтың денсаулығын сақтау міндеттері жүктелді. Уезде орналасқан әскери бөлімшелер, мекемелер мен бекіністер уезд бастықтарына бағынышты болды.


1867-1868 жж. реформа ел мен жерді басқарудағы патшалық үкіметтің алғашқы буыны болып табылатын жергілікті басқармаға көңіл бөлді. Әрбір уезд болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді. Е.Г.Федоров "Қазақстан – патша үкіметінің отары" атты еңбегінде: "Патшалық қазақ тұрғындарының орталықтарын әдейі бөлшектеді, барлық басқару жүйесін бөлшектеу арқылы қазақ халқының мәдени дамуын тежеп, халықты қараңғылықта ұстауды көздеді",- деп жазылған.


Уездер территориялық белгі бойынша бір болысқа 1000-2000 киіз үй және бір ауылға 100-ден 200-ге киіз үй кіретіндей болып есептелген болыстар мен ауылдарға бөлінді. Болыстар шаруашылық жағынан біріккен ауылдардан тұрды. Осыған байланысты жаңа жағдайда қазақтардың рулық қатынастар бойынша тарихи бөлінуі заңды түрде жойылды. Ру басында ақсақал тұрғанда, оның сөзі мен ісі билік күшке ие жағдайында патша үкіметінің дала тыныштығы үшін қорқуы заңды нәрсе болатын.


1867 ж. Ереженің 85-бабына сәйкес болыстардың басында қазақтардан сайланған болыс басқарушылары, ал ауылдардың басында сол сияқты сайланатын старшиналар болды. Ережеде "болыстық және ауылдық старшиналарды халық сайлайды" деп нақты көрсетілген. Бір қарағанда сайлау демократиялық негізде жолға қойылған болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде патша үкіметі сайлауды өз мақсатына орай жүргізіп отырды. Сайланған болыс басқарушыларын – облыстық әскери губернаторы, ал ауылдық старшиналарды уезд бастығы бекітетін еді. Отаршылар әкімшілігі ұсынылған кандидаттар көңілінен шықпаса бекітпей тастап, жаңа сайлау белгілеуі де мүмкін болатын. Болыс басқарушыларын сайлауға – уезд бастықтары, ал ауылдық старшиналарды сайлауға болыс басқарушылары міндетті түрде қатысатын. Болыс басқарушылары тікелей уезд бастығына бағынышты болды және оның барлық бұйрықтарын орындауға міндетті еді, ал ауыл старшиналары болыс басқарушысына тікелей бағынышты бола отырып, болыс басқарушысына жүктелетіндей міндеттерді орындады.


Реформаларды жүзеге асыруда патша үкіметі саяси-экономикалық іс-шараларымен қатар өлкені мәдени және рухани жағынан да отарлауға басты назар аударған болатын. Халық ағарту ісі патшалықтың сыртқы саясатының үлкен де маңызды саласы болып табылатын. Бұл сала патша үкіметі отарлау саясатының өзекті құралы десе де болады. Бұл саясат Ресейдің қарамағындағы ұлттарды біртіндеп христиан дініне кіргізу арқылы орыстандырып, сөйтіп империяның тұтастығын арттыруға арналған еді. Осыған сай, 1867-68 жж. реформада халық ағарту ісінде жүргізілетін шаралар жан-жақты қарастырылды. Сол құжаттар бойынша уездік қалаларда бастауыш мектептер ашу көзделген: "Дала тұрғындарына бастапқы білім беру үшін алғашқы кезде уездік басқарма орналасқан жердің бәрінде ұлт айырмашылығына қарамастан ортақ мектеп ашу керек". Осыны негізге ала отырып талай мектептер, гимназиялар ашылды.


Елде орын алып жатқан территориялық-әкімшілік үрдістер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай өзгерістер әкеліп, отарлық саясаттың жаңа салық жүйесін енгізді. Қазақстанда отырықшылық пен жер шаруашылығының көлемінің ұлғайғандығына қарамастан салық төлеушілердің басым бөлігін көшпенділер құрады. Мәселен, 1880 жылы 90,5 % құраса, 1897 жылы 82,0 %-ға жетті. Дала комиссиясының қызметі. Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 ж.). Дала облыстарын басқару туралы ереже (1891 ж.).


1865 жылы үкімет Қазақ даласын басқару туралы «Ереженің» жобасын даярлау үшін Далалық комиссия құрылды. Оның құрамына Ішкі істер министрлігінің, әскери министрліктің және жергілікті генерал губернаторлықтардың өкілдері кірді. Өзінің шекарасы күннен күнге ұлғайып келе жатқан Ресей империясы үшін сыртқы жағдай әкімшілік жүйесін реформалауды жүргізуге қолайлы болды. Шаруалардың басыбайлы тәртібі жойылғаннан соң Ресей үкіметі земствоның, соттың, қалалықтардың және т.б. әлеуметтік саяси өмірін түбегейлі өзгерткен бірқатар реформалар жүргізді. Осы жағдайда Ресей Қазақстанды басқарудың бұрынғы жүйесін түбірімен қайта құру міндетін алға қойды.Реформаны даярлау кезінде қалың бұқараның көңіл күйі назарға алынбады. Реформа қазақтың материалдық игілігін сақтап, тұрмыс ахуалын көтеруге ықпал ететін радикалдық жоба болсын деген ниетпен Ш.Уәлихановта ол жайлы үн қатты. Ш.Уәлиханов Қазақстанда халықтың өзін өзі басқаруына негізделген әкімшілік билік жүйесін енгізуді ұсынды. «Сот реформасы жөніндегі жазбаларында» ол қазақ халқы үшін әлеуметтік экономикалық жаңашылдықтарды аса маңызды деп есептеді.
1867 жылы наурызда Қазақ жерін , Орта Азия өлкесін әкімшілік басқару реформасының жобасын түпкілікті құрастыру үшін әскери министр Д.А.Милютин бастаған ерекше комитет құрылды. Нәтижесінде ІІ Александр патша 1867 жылы 11 шілдеде «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені», 1868 жылғы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлықтарының Дала облыстарын басқару туралы Ережені» бекітті.
1867-1868 жылдары реформаның (Уақытша Ережені) негізгі мақсаты «Қазақ даласының ХІХ ғ. Ресейдің басқа да бөліктерімен толық қосылуына қол жеткізу, Ресейдің қол астындағы халықтарды бір басқарманың астына біріктіру, жергілікті ақсүйектерді биліктен шеттету, рулық бастамаларды әлсірету» болды.
Реформаның негізінде Қазақстан аумағы үш генерал губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір болып бөлінді. Іс жүзінде Қазақ жері үш жүзге бөлінген күйінде қалды. Әрбір генерал губернаторлық облыстарға бөлінді. Қазақстанның бүкіл аумағында 6 облыс құрылды, олардың екеуі – Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан, Ақмола мен Семей облыстары Батыс Сібір, ал Орынбор мен Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторлықтарының құрамына кірді. Басқару орталықтары қазақ халқынан жырақта Ташкент, Орынбор, Омбыда орналасты. Ал бұрынғы Бөкей хандығының жерлері 1872 жылы Астрахань губерниясының құрамына енгізілді. Маңғыстау түбегіне ерекше мән берілді. Өйткені оның әскери стратегиялық маңызы бар еді. Ол Каспий теңізі арқылы Ресеймен, оңтүстігінде Хиуа хандығымен, батысында Кавказбен шектесіп жатты. Орынбор генарал губернаторлығының Орал облысы құрамындағы Маңғыстау приставы құрылды. Мұндағы тағы бір ерекшелік – болыстар мен ауыл ағамандарын отарлық әкімшілік тағайындаса, ал басқа жерлерде ол сайлау жолымен өтеті. Ал Түркістан генерал губернаторларына қосымша Қытай және Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізу құқығы берілді.
Әрбір облыс белгілі бір шамадағы уездерден құрылды. Мысалы, Семей және Ақмола облыстары 5 уезден, ал Сырдария облыстары 8 уезден және т.б. Уездер болыстарға бөлінді. Болыстар 100-200 шаңырақтан тұратын әкімшілік ауылдарға бөлінді. Облыстың басына әскери губернаторлар қойылды, ал уездерді генерал губернатор сайлаған орыс офицерлері басқарды. Болыс басына сайланбалы болыс басқармалары, әкімшілік ауылдарда ауыл старшиналары тағайындалды. Болыстар сияқты ауылдар да рулық принцип бойынша емес, аумақтық принцип бойынша құрылды.
Әкімшілік басқарма ашықтан ашық әскери сипатта болды. Облыстардың басында барлық әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарында шоғырландырған әскери губернаторлар тұрды (олар әрі әскери округтердің қолбасшылары болды). Әскери және әкімшілік биліктің бір қолда, яғни орыс әскерлерінің қолында болуы жаңа реформаның қазақ даласында жасалған әкімшілік құрылымының мәні болды.
Қазақ жеріндегі әкімшілік реформаның аясында сот реформасы да жүргізілді. Шариғат пен қазақ халқының дәстүрлі құқық тәртібі негізінде іс жүргізетін билер мен қазылар соты сақталынды. Бірақ, олар ауыл деңгейінде ғана қызмет атқарды. Әскери, уездік соттар Ресей империясы заңдары негізінде жұмыс істеді. Мәселен, Отанға опасыздық жасау, өкіметке бағынбау, мемлекет мүлкін бүлдіру, лауазым адамдарды өлтіру сияқты қылмыс түрлерімен әскери, уездік соттар айналысты.
Реформа бойынша қазақтардан жыл сайын әрбір шаңырақтан ақшалай салық алу жүйесі енгізілді. Салық мөлшері Түркістан генерал губернаторлығында 2 сом 70 тиын; Орынбор мен Батыс Сібір негерал губернаторлығында 3 сом белгіленді. Ал отырықшы егіншілікпен айналысатын халық өнімінің оннан бір бөлігін астық түрінде немесе ақшалай талап етілді.
1868 жылғы «Далалық облыстарды басқару» бойынша және 1867 жылғы Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару жөніндегі «Уақытша Ереже» бойынша болыстық басқармасының қолына полициялық және нұсқау таратушылық биліктер берілді. Ол «тыныштық пен тәртіпті» сақтауды, салық төлеуді және халықтың барлық міндеткерліктерін өтеуін бақылады. Оның міндетіне билер сотын орындату кірді. Ауыл старшындары өзінің құзырында болыстық басқармалардың міндеттерін орындады. Қазақ шаруалары шамадан тыс ауыр земстволық міндеткерліктерді өтеді: ауыл –болыс әкімшілігі қажетті малмен қамтамасыз етті, көпірлерді, пошта желілерін реттеуге қаржы бөлді, әскери бөлімдерді көлікпен қамтамасыз етті.
Реформаның қазақ халқы үшін ең ауыр бабы, «Уақытша Ереженің» 210 тармағына сәйкес Қазақ жері Ресей империясының меншігі болып жариялануы болды. Жерді мемлекеттік меншік деп жариялау оны қазақ халқының пайдалануынан жатсындырып, қоныс аударушы қара шекпен учаскелеріне таратуға заңды құқық берді. Сұлтандардың барлық әлеуметтік- саяси және мұрагерлік құқықтары жойылды, ел билігі орыс шенуніктерінің қолына шоғырландырылды.
Жаңа болыстар мен ауылдардың әкімшілік жобаларын даярлаған Далалық комиссия алғашқы кезекте, дәстүрлі билік жүйелерінің саяси қауіптілігінен қорықты. «Қырғыздарда кез келген күшті сайлау билігін жою өте пайдалы және салиқалы болар еді, яғни оларды ақсүйектік және рулық дәстүрдің езгісінен азат ету керек... сонда олар үкімет күштерін тежей алмайды», - деп жазды ХІХ ғасырдың ортасындағы зерттеуші А.К.Гейнс.
1867-1868 жылдардағы ережелер «уақытша» енгізілген болатын. Патша үкіметі он екі жыл ішінде толық жүзеге асрамыз деп жоспарлаған еді. Бірақ жаңа отарлық тәртіптер жергілікті халықтың тарапынан күшті қарсылыққа тап болды. Себебі бұл реформаны іске асыру оларды толығымен Ресей империясының бұғауына түсіретінін жақсы түсінген болатын. Сол себепті бұл ережелерді қазақ халқына енгізу 20 жылға созылып кетті.
Бұл реформа туралы М.Тынышпаев «История казахского народа» деген еңбегінде: «Олар қазақ халқының талаптарына жауап бермеді, тек зиян әкелді» деп, қазақ халқына әкелген зардаптарын атап көрсетеді.
Түркістан өлкесін және Далалық облыстарды басқару туралы ереже:
​Түркістан туралы В.Бартольд мынадай пікір айтқан болатын: Түркістан – Еуразия құрлығының орталық Батыс бөлігінде үлкен территорияның алатын, бұрын Тұран немесе Түркістан аталған өлке, ал бұл «Түркілер елі» деген сөз. Бұл өлке Батыстан арал өзені Хазар (Каспий) теңізінің, Шығыстан Алтай тауы мен Қытай шекарасымен, Оңтүстіктен Тобыл, Томск облыстарының аралығында және Еуропаның үштен бір бөлігін құрады», - деген еді. Ресей Батыс Түркістанды басып алу ісіне 1716 жылдан бастап кірісті, 1865 жылғы дейін Оралдан, Арал, Балқаш, Ыстықкөл өңіріне дейінгі аралықтағы және Ташкент облысына жақын жерлерді басып алды. Батыс Түркістанның жаулап алған жерлері 1865 жылға дейін Ресейдің Орынбор генерал –губернаторлығы арқылы басқарылды. Орыс мемлекеті 1865 жылғы 2 –ші ақпанда жаулап алынған Ыстық көлдің Батыс жағалауынан Орал өзеніне дейінгі жерлердің бәрі «Түркістан облысы » атымен Орынбор генерал –губернаторлығы тарапынан басқарылатындығы туралы шешім қабылданды. 1867 жылы Ресейдің соғыс министрі Милитюн басқарған комитет Түркістанның болашақтағы басқару мәселесін талқылады. Түркістан облысының Түркістан генерал–губернаторлығы ретінде Ресей соғыс министіріне бағынышты сипатта басқарылатындығы жайында шешім қабылданды. Патша 1867 жылғы 11–шілдеде осы генерал–губернаторлықты құру жайындағы заңға қол қойған болатын.
​Түркістан генерал–губернаторының оралығы болып Ташкент қаласы бөлгіленеді. Бұхара, Қоқанд хандығын, Хиуа мемлекеттерін бақылау құқығы да Түркістан генерал –губернаторына берілді.
​1868 жылы 21–қазанда қабылданған жарлыққа сәйкес, Түркістанның Ақмола және Жетісу облыстары Батыс Сібір генерал–губернаторлығы билігіне берілді. 1867 жылы орыс мемлекеті Қохан хандығына қараған жерлерді Түркістан генерал–губернаторлығына біріктірді. Оған Сырдария Жетісу облыстары, кейінірек Самарханд, Ферғана, Каспийдің бергі бетіндегі аймақ қосылды. Облыстар, уездерге олар болыстарға , ауылдарға бөлінеді. 1886 жылы 12–маусымдағы Түркістан генерал–губернаторлығының жарлығы бойынша, облыстар ру атымен емесқыстаулардағы жерлердің атымен аталатын болды. Ал отырықшы халықтарды орыстың селолық қауымы сияқты ақсақалдыққа бөлу орын алды. Олардың басында ауыл ақсақалдары тұрады. Болыстарды Түркістан генерал –губернаторлығы бекітсе, старшиналар мен ақсақалдарды уезд бастықтары тағайындады. Осы бекітілген белсенділердің көмегімен орыс шенеуніктері ел арасында отаршылдық саясаты онан сайын күшейтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет