57.Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз. 1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады.Ал жалпы ұлт-азаттық көтерілістерге келер болсақ 16-19 ғ-ларда ұлттық сананың өсуі шетелдік құлданушылар мен езгіге ұшыраған халықтардың арасындағы қарама-қайшылықтардың шұғыл шиеленісуіне себеп болып, жат жерлік үстемдікке қарсы күреске шаруалар мен қала халқының қалың топтары тартылды. Оған капит. қатынастардың дамуы нәтижесінде жалпы ұлттық рыноктың құрылуы себеп болды.
58.Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарларын көрсетіңіз. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы болды. Социалистік қоғамды нығайту барысында Сталиннің тап күресін күшейту туралы тұжырымы репрессиялық, яғни қуғын-сүргін бағдарламасының негізіне айналып, «халық жауларын» әшкерелеумен айқындалды. «Партия мен халыққа жат элементтер» ең алдымен партияның өз арасынан және өзгеше ойы бар зиялылар қатарынан іздестірілді. 1937-1938 жылдары Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Құтжанов, О.Исаев, О.Жандосов, А.Досов, А.Асылбеков, Ж.Садуақасов, С.Сапарбеков, Т.Жүргенов және т.б. Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. Репрессия — мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары. Репрессия жылдарында ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров, Ж.Шанин, К.Кемеңгеров және тағы басқалар ату жазасына, куғын-сүргінге ұшырады. Оларға тағылған айып негізсіз болды, көбіне оларды ауыл шаруашылық дағдарысына, 20-30 жылдардағы көтерілістерге айыпты деп кінәлап, Қазақстанды бөліп алуға әрекет жасады, «жапон шпионы» деген айып тақты. Көбіне елімізде болып өткен репрессиялар жөнінде айтпауға тырысты, айтқан күннің өзінде ол жөнінде жұқалап кана сөз бөлды. Ал Қайта құру заманында елімізде демократия мен жариялылыктың, плюрализмнің дамуына кең жол ашылғанда, партия халықты кайта кұруға, бетбұрыс жасауға, жаңаша ойлауға, құқықтық мемлекетті нығайтуға шақырды. Оның үстіне КОКП ОК-нің 1989 ж. «30-40-шы және 50-ші жылдардың бас кезінде орын алған жазалау шараларының құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына сай жазықсыз жазаланғандардын бәрінің толық ақталуына олардың бейнесінің мәңгі есте қалдырылуына тиісті жағдай жасалды. Қазіргі уақытта Қазақстан тарихындағы қаралы беттердің бірі – жаппай сталиндік саяси репрессиялар. Аталған тақырып бойынша елімізде тарихшы-ғалымдардың атқарып отырған еңбектері кең ауқымды, келешекте сол бір зұлмат заманның көптеген жасырылып келген құпиялары әлі де ашылады деген ойдамын. Ал Қазақ халқының жазықсыз ату жазасына ұшырап, репрессияланған қайраткерлерінің халық алдыңда атқарған еңбегі өзінің тиісті бағасын алуда. Ұлттың пассионар тұлғалалары жаппай оққа ұшса, қазақ халқы аштықтан қойша қырылды. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның дамуына да үшінші кезең репрессиясы зардаптары әлі де сезілуде. Елімізге келген әрбір қасірет өткеннің қара дағы,болашаққа деген ынта мен ерік-жігер.