5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау



бет11/41
Дата05.11.2016
өлшемі7,12 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41



Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Жалпы білім беру циклі. Міндетті пәндер – 24 кредит (ECTS 36)
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақстан тарихы

Пәннің коды: КТ 1101

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклі, міндетті компонент

Оқу жылы: 1- ші оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Қараманова С. – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Курстың мақсаты: Қазақстанның ежелгі тарихы туралы, қола дәуірі жайында мәлімет беру. Орта ғасырдағы түргештер, қарлұқтар, оғыздардың мәдении өмірінен түсініктеме беру. Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің тарихын талдау. Қазақстанның қазіргі кезеңі мен Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері жайлы мәлімет беру.

Деректемелер/Пререквизиттері: Отан тарихының жалпы курсы

Курстың/пәннің мазмұны: Ерте мемлекеттік құрылымдар. Түрік қағанаты. Қазақстанның экономикалық, мәдени өмірі. XI-XIII ғ. басындағы Қазақстан экономикасы мен мәде-ниетінің дамуы. Көк Орда мен Ақ Орда мемлекеттері. «Қазақ» этнонимі. Қазақ хандығы. Жаңа заман жағдайындағы Қазақстан мен Ресей XIX-XX ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Азамат соғысы жайында Қазақ совет мемле-кетінің құрылуы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Өлкедегі Совет мемлекетінің құры-луы. Индустрияландыру. Хрущев реформалары, Қазақстандағы қайта құру саясаты. Қазақстан Тәуелсіздік жолында қоғамдық-саяси даму. ҚР сыртқы саясаты.

Ұсынылатын әдебиет:

1.ҚР тәуелсiздiгi туралы декларация, 1990

,ж.

2.ҚР Конституциясы А., 1995ж.



3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030 Президенттiң Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан 1997ж, 11 қазан.

4. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы 10 жыл, А., 2002ж.

5. Назарбаев Н.Ә.Инновациялар мен оқу –бiлiмдi жетiлдiру арқылы бiлiм экономикасына. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi студенттерiне арналған лекциясы (26 мамыр, 2006ж.).

6.Қазақстан тарихы, Атамұра баспасы. 2010ж. 4-5 том.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Информатика

Пәннің коды: Inf 1102

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Остаева А., педагогика ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады.

Деректемелер/Пререквизиттері:Алгоритмдеу, Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Курстың/пәннің мазмұны: Информатика пәні, объектісі және құрамдас бөліктері. Санау жүйелерi. Математикалық логика негіздері. Есептеу техникасының даму тарихы. Ақпаратты өңдеудің техникалық құралдары. Компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету. Дербес компьютердің амалдық жүйелері.

Ұсынылатын әдебиет:

Бөрiбаев Б. «Информатика және компьютер“ – Алматы, “Рауан“, 1996 ж.

Камардинов О. “Информатика“ – Шымкент, 2000ж.

Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика- Астана, 2004ж.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық элекнтронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Өмір тіршілігінің қауіпсіздік негіздері

Пәннің коды: OKN 1103

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, таңдау пәні

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Абдрахманов С., техника ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : студенттердің болашақ маман, азамат ретінде төтенше жағдай кезінде өзін-өзі ұстай білуі, өзара көмек көрсете алуы жолын, әдістерін толық үйрету.

Деректемелер/пререквизиттер: Экономика негіздері

Курстың/пәннің мазмұны: Төтенше жағдайлардың жіктелуі. ЖЗҚ түрлері, қауіпті өндірістік нысандардағы аварияларға сипаттама. Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау. Халықты инженерлік тұрғыда қорғау. Паналау ғимараттары. Жеке қорғаныс түрлері. Дәрігерлік қорғаныс түрлері. Көшіру іс-шаралары. Төтенше жағдайдан кейінгі санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізу іс-шаралары Халықты санитарлық өңдеуден өткізу Дегазация, дезактивация,дезинфекция. Радиациялық, химиялық қауіпті нысандардағы авария кезінде жүргізілетін іс-шаралар. Көшіру іс-шаралары. Табиғи және техногендік апаттар кезінде жүргізілетін құтқару және кезек күттіруге болмайтын жұмыстар, оларды жүргізудің амалдары мен тәсілдері. ТЖ кезінде құтқару мен кезек күттіруге болмайтын жұмыстарды ұйымдастыру. ТЖ кезіндегі халықтың психологиялық іс-әрекеттері. Апат аймағындағы моральдық-психологиялық ахуал. Үрей мен қорқынышты болдырмау іс-шаралары.Су тасқыны және оның алдын-алу.

Ұсынылатын әдебиет: Тіршілік қауіпсіздігі . Оқу құралы, 1-2 кітап. – Алматы: республика курстары ТЖ және АҚ, 2003 ж., Суворовцев.А.А., Мельников Е.Н., и др. «Безопасность жизнедеятельности». Учебное пособие. АЧС РК. 2004г.

Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, материалдар кешені – 10 балл, топтық және жеке презентация – 10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Әлеуметтану

Пәннің коды: ALе 1104

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Караманова М. – тарих ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру мемлекеттік білім стандартына сәйкестендірілген, студенттердің қажетті білім алуына, болашақ мамандардың әлеуметтік өмірдің маңыздылығы мен проблемаларын түсініп, дұрыс шешім қабылдап, ғылыми танымдарын қалыптастыруларына бағытталған.

Деректемелер/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, саясаттану, философия, мәдениеттану

Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану ғылымының пәні, құрылымы және қызметі. Әлеуметтанулық ойдың даму бағыттары мен кезеңдері. Қоғам жүйе ретінде. Жеке тұлға қоғамдық құрылымда. Әлеуметтік стратификация теориясы. Әлеуметтік мобильділік әлеуметтануы. Әлеуметтік нормалар. Білім беру әлеуметтануы. Отбасы әлеуметтануы. Еңбек әлеуметтануы. Дін әлеуметтануы. Жастар әлеуметтануы. Мәдениет әлеуметтануы. Этнос әлеуметтануы. Социологиялық зеттеу бағдарламасы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф. “Экономическая социология” А,2002

2. Аженов М.С., Утешов С.К., Жаназарова З.Ж. “Общая социология” Альбом схем А,2001

3. Аитов Н.А., Биекенов К.У. “Социология” А,2002



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері - лекциялық және практикалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана.
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Экология және тұрақты даму

Пәннің коды: Etd 1105

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Нурымова Р. – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Экологияның практикалық және теориялық сұрақтарын болшақ мамандарға бағыт беру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғатты қорғау, тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынастарының заңдылықтарын оқытады.

Деректемелер/Пререквизиттері: Өзін-өзі тану

Курстың/пәннің мазмұны: Экология ұғымы, экологияның ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы.Экология пәні, оның мақсаттары, бөлімдері. Аутэкология– экологилық факторлар Организм және орта. Демэкология-популяциялар.Популяция снының динамикасына әсер ететін факторлар. Синэкология - бірлестіктер экологиясы. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік. Адам қоғамының қалыптасып , дамуында табиғаттың ролі.Тұрақты қоғам моделі, оның іске асу қасиеттері мен принциптері. Тұрақты даму теориясын ғылыми анықтауда халықаралық ұйымдардың қызметі. Экологиялық пирамидалар және биоценоздардың өнімділігі.Экожүйедегі динамикалық процестер. Жеке организмдер экологиясы. Экологиялық фактордың жіктелуі.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология (оқулық), Алматы, 2002. «Экономика».

2. Әділов Ж. «Тұрақты даму және айналадағы орта» Алматы, 1998 ж.

3. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Оқулық, Алматы: «Зият Преес», 2004.



Сабақ беру әдістері: дәріс, практикалық сабақтар, проблемалық оқыту әдісі, контекстік оқыту, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, зерттеу әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, материалдық база: машина-трактор паркі,электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана, зертханалық жабдықтар.
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Қазақ/орыс тілі

Пәннің коды: К(О)t 1106

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1,2

Кредит саны: 6 KZ кредиті = 9 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Имаханова А. – филология ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: студенттердің тілдік және коммуникативтік құзіреттілігін жетілдіру, қазақ тілді мектепті бітірген студенттерге орыс тілінің ғылыми негізін игеруге көмектесу, кәсіби салада кездесетін түрлі коммуникативтік жағдайларда орыс тілінде еркін, жетік түсінісуге дайындау.

Деректемелер/Пререквизиттері: мектепте оқытылатын орыс тілінің грамматикасы

Курстың/пәннің мазмұны: Языковая политика в многонациональном Казахстане. Закон «О языках в Республике Казахстан». Русский язык как один из мировых языков. Выразительные возможности русского языка. Семья, семейные традиции. Закон «О браке и семье». Роль личности в истории общества. Система образования в РК. Вузы Казахстана. КГУ им. Коркыт Ата: история и современность. Реформы в области школьного и вузовского образования. Выбор профессии. Моя специальность. Закон о труде в РК. Трудовое воспитание. Республика Казахстан. Государственные символы РК. Астана – столица государства. Достижения РК в области экономики и образования. Выдающиеся личности в истории Казахстана. Мой родной город. Понятие стиля. Функциональные стили. Официально-деловой стиль и его особенности. Публицистический стиль. Художественный стиль. Разговорно-бытовой стиль. Типы монологической речи. Описание. Виды описания. Повествование. Рассуждение. Виды рефератов, их структура, жанры, функциональное назначение рефератов.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Александрова З.Е. Словарь синонимов русского языка. - М., 1968.,

2. Азизов А.А. и др. Русский язык для национальных групп неязыковых вузов. Практический курс. - М., 1986.

3. Абдыкулова К., Ким Г., Павленко В. Русский язык. Практический курс (учебное пособие) – Алматы: Санат, 1995.



Сабақ беру әдістері: дәріс, практикалық сабақтар, проблемалық оқыту әдісі, контекстік оқыту, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, зерттеу әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, материалдық база: машина-трактор паркі,электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана, зертханалық жабдықтар.
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Шетел тілі

Пәннің коды: ShT 1107

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті пәні

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1,2

Кредиттер саны: 6 KZ кредиті = 9 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Сардарова Э.-педагогика магистрі

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Студентке шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім және дағды қалыптастыру; шетел тілінде коммуникативтік іс - әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру; пәнді оқыту барысында меңгерген білім мен дағдыларды өз бетінше жетілдіру және тереңдетуге дағдыландыру.

Деректемелер/пререквизиттер: тілін оқып-үйреніп жатқан елдің тарихы, мәдениеті, саясаты, экономикасы туралы мәліметтермен таныстыру

Курстың/пәннің мазмұны: Студенттер ағылшын тілінің грамматикасын, фонетикасын меңгертуге және ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету. Сөйлеу әрекетінің ішінде – ауызекі тілде сөйлеуді меңгертуге баса мән беріледі. Практикалық сабақтарда қолдануға мамандық түріне сай материалдар іріктеліп алынды.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Student’s book. Oxford. 2000.

2.Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Work book. Oxford. 2000.

3.Агабекян П, «Английский для экономистов», 2004 Ростов- на- Дону.



Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, материалдар кешені – 10 балл, топиктерге дайындық – 10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл

Оқу тілі: ағылшын

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс

Базалық пәндер - 13 кредит (ECTS 23)

Міндетті пәндер - 4 кредит (ECTS 6 )

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Педагогикалық мамандыққа кіріспе

Пәннің коды: РМК 1201

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 1- ші оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 1 KZ кредиті = 2 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Майгельдиева Ш. – педагогика ғылымының докторы, профессор

Курстың мақсаты: “Педагогикалық мамандыққа кіріспе” пәні педагог мамандығының мәнін, маңызын, заңдылықтары мен қағидаларын көрсете отырып, болашақ мұғалімдердің теориялық білімін жетілдіру және практикалық іс-әрекетін ұйымдастыру, жалпы және кәсіби мәдениетін қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: “Мектепке дейінгі педагогика”, “Мектепке дейінгі педагогика тарихы”, “Педагогикалық шеберлік” пәндерінің байланысында оқытылады. Сонымен қатар, пәнді оқыту барысында университет қабырғасында оқытылып отырған «Математика», «Психология», және т.б. пәндермен тығыз байланысты.

Курстың/пәннің мазмұны: Мұғалім мамандығына жалпы сипаттама. Педагог кәсібі және оның қоғамдағы орны. Педагогикалық кәсіптің дамуы мен қалыптасуы Педагог әрекет субъектісі ретінде. Тәрбиеші қызметінің педагогикалық құрылысы. .Педагогикалық процесс-мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеші әрекеті. Педагогтың кәсіптік белгілері: балаларға деген сүйіспеншілігі, педагогикалық процесті жүйелі сезіну, байқағыштық, педагогикалық құбылысты дұрыс түсіну, ұжымшылдық, шығармашылық, ашықтық және т.б. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік жағдайы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген құқықтар мен міндеттер. Педагогтің шығармашылық қызметіне жалпы сипаттама. Мұғалімнің жеке басының шығармашылық мүмкіншілігі және психикалық денсаулығы.Педагогикалық қарым –қатынас – шығармашылық ретінде.

Педагогикалық маман дайындау жүйесі. Қазіргі қоғамдағы педагогикалық маман кадрларға жалпы және кәсіптік білім беретін талаптар. Өз бетімен білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу педагог кәсібінің басты құралы.



Ұсынылатын әдебиет:

1. Қ.Р. жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы.- 2002ж.

2. Қ.Р-ның «Білім туралы» Заңы. Алматы.- 1992

3. Қ.Р. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

Астана.- 2003 ж

4. Рувинский. Л.И. Мамандыққа кіріспе. Алматы.-1991 ж

5. Пошаев Д.Қ. Мамандыққа кіріспе. Шымкент.-2004 ж

6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Дарын.- 2004 ж.



7. Бегалиев Т. Педагогика. Тараз.- 2001ж

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, интерактивтік тақта

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Психология және адам дамуы

Пәннің коды: PAD 2204

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 1- ші оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Аяғанова А. – психология ғылымының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Фундаменталды және психологиялық түсініктердің негізінде адам тұлғасы мен іс- әрекеттеріне тұтас көзқарастарды қалыптастыру. Психикалық процестердің заңдылықтары мен адамның қасиеттері туралы білімдер негізінде жастардың әрекеттері мен мінез-құлықтарына саналы түрде талдау жасай білу дағдыларын дамыту. Адам дамуын психологиялық негіздеу.

Деректемелері/Пререквизиттері: Бұл курс 1 курста өткізілетін болғандықтан теориялық дайындық талап етілмейді, дегенмен жаратылыстану-ғылыми пәндерінің (биология, адам анатомиясы, физиология, математика, информатика) білімдері негіз бола алады. Сонымен қатар, кәсіби өзіндік анықталуда мотив, қызығушылық, ниет терең қалыптасуы қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: Психология және адам дамуы пәні мен мақсаты, міндеттері. Тұлға психологиясы. Іс-әрекет психологиясы. Таным табалдырығы-танымдық процесстер (түйсік, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сөйлеу, зейін). Эмоциялық (сезім) және еріктік процесстер. Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері (мінез, темперамент, қабілет). Адамның психикалық дамуы. Адамның психикалық дамуы теориялары. Кеңес психологиясындағы адам дамуы мәселелері. Психологияда жас кезеңдеріне топтастыру. Қазақ халқында жас кезеңдерге бөлу тарихы.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Жалпы психологияға кіріспе. Оқу құралы. Жауапты редакторы пс.ғ.к. профессор С.М.Жақыпов. Алматы «Қазақ университетіт», 2007 ж.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию.- М., 1996

  3. Гамезо М.И., Домашенко И.А. Атлас по психологии.- М.,1996

  4. Выготский Л.С. Проблема возраста. Собр. Соч.Т.4, М.1984 ж.

  5. Возрастная и педагогическая психология // Под. Ред. А.В. Петровского. М.1986

  6. Возрастная психология // под. ред. Л.Ф. Обуховой. М.1986

  7. Грэйс Крайг Психология развития. М-С-П-Р-на-Д. 2003

  8. Мухина В.В. Возрастная психология. М.1998

  9. Люблинская А.А. Детская психология. М.1971

  10. Немов Р.С. Психология. Кн.2 М.1995

  11. Райс Ф. Психология подрасткового и юношеского возраста. Сп.б.2000

Сабақ беру әдістері: Жазу арқылы сын тұрғыснан ойлауды дамыту, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, мәселелік оқыту, әлеуметтік-психологиялық тренингтер.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша (баллдық жүйе)

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, кітапхана қоры, электронды оқулықтар, тренингтік оқу дәрісханасы («Өзін-өзі тану» кабинеті).
Базалық. Таңдау пәндері – 9 кредит (ECTS 13,5 )
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Музыка теориясының негіздері

Пәннің коды: МТН 1201

Пәннің типі: Базалық, элективті

Оқу жылы: 1- ші оқу жылы

Оқу семестрі: 1,2

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Икрамова А. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: студенттерге музыканы оқып, жазу және орындау үшін қажетті музыка теориясының негізгі білім заңдылықтарынан толық мәлімет беру; мектеп оқушыларын дайындауда қамтылатын теориялық білім негіздерін игерту.

Деректемелері/Пререквизиттері: студенттің музыкалық қабілеті

Курстың/пәннің мазмұны: Бұл пән музыканың негізгі элементтері туралы мәлімет береді. «Музыка теориясының негіздері» пәнінде ноталық сауаттану, музыканың негізгі элементтері туралы түсініктер, музыканың көркемдік құралдары - ырғағы, метрі, лады мен тональдігі, интервалдар, аккордтар, екпіндер, динамика, мелодиялық қозғалыстың формалары туралы, мелизмдер, басты үшдыбыстылықтар мен септаккордтардың тональдік ішіндегі қарым-қатынасы туралы мағлұмат беріледі.

Ұсынылатын әдебиет:

Вахромеев В. Элементарная теория музыки. М.,1982.

Әбдікәрімов Ә. Музыка теориясы. Алматы., 1998.

Красинская Н., Уткина И. Элементарная теория музыки. М.,1988.

Упражнения по теории музыки. М.,1989.

Быковских М. Гармонияға кіріспе. Алматы., 1979.

Хрестоматия по гармоническому анализу. М.,1968.



Оқу тілі: қазақша, орысша мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай:
Курстың/пәннің/юниттің атауы
Сабақ беру әдістері:
Оқу тілі: қазақ мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай
Бақылау түрі : емтихан
Курстың/пәннің/юниттің атауы:
Пәннің типі:
Курстың мақсаты:
Курстың/пәннің мазмұны:
Деректемелері/пререквизиттері:
Сабақ беру әдістері –
Пәннің типі – базалық, таңдау компоненті курс/пән деңгейі
Курстың мақсаты
Бағалау әдісі/нысаны -
Четверухин н.ф. методы геометрических построений. – м., учпедгиз, 1952.
Деректемелер/пререквизиттері:
Оқу жылы – 4-оқу жылы оқу с
Пререквизиттер:
Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік):
Деректемелер/курстың пререквизиттері:
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап):

Каталог: docs -> wepsait
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
wepsait -> Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
wepsait -> 5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
wepsait -> 5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша
wepsait -> «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет