5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының



бет33/41
Дата05.11.2016
өлшемі7,12 Mb.
#782
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақстан тарихы Очерктерi, А., 1994.

  2. Қазақстан тарихы І,ІІ,ІІІ,ІУ,У-том А., 1996-2010 ж.ж.

  3. С.С.Кляшторный, Т.И.Султанов. Казахстан: летопись трех тысячи летий. А., 1992

  4. Н.Мыңжан. Қазақтың көне тарихы, А., 1992

  5. Л.Гумилев. Көне түрiктер. А., 1992

  6. Қ.Салғарин. Қазақтың қилы тарихы, А., 1993

  7. А.Көмеков. Қыпшақтардың саяси тарихы, қарым-қатынастары, А., 1994

  8. Қазақстан тарихы очерктерi, А., 1994

  9. Моисеев М.А. Джунгарские ханство и казахи ХҮІІ-ХҮІІІ в.в. А., 1991

  10. Златкин И.Я. История джунгарского ханства 1635-1857 гг. М., 1983

  11. Р.Б.Сулейменов. Из истории Казахстана ХҮІІІ в. А., 1988

  12. Маданов Х. Ұлы дала тарихы. А., 1994ж.

  13. Е.Бекмаханов. Присоединение Казахстана к России. М., 1957.

  14. Басин В.Я. Россия и казахские ханства в ХҮІ-ХҮІІІ века. А., 1971г.

  15. Апполова М.Г. Присоединение Казахстана к России 30 годах ХҮІІІ века. А., 1948

  16. Бекмаханов ХІХ ғ 20-40 жж Қазақстан, А., 1992

  17. Вяткин М.П. Батыр Сырым. М-Л., 1947.

  18. Ж.Қасымбаев Кенесары хан саясаты және қолбасшы. А., 1993

  19. Рязанов А. Ф. Восстание И.Тайманова. Л., 1947.

  20. М.Қозыбаев. Жауға шаптым ту байлап. А:, 1990


Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика.

Пәннің коды: Inf1102

Пәннің типі: жалпы білім беру, міндетті

Курс/пән деңгейі: 1

Оқу жылы : 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредиттер саны: 3

Дәріс берушінің аты-жөні: Тілеубай С. –педагогика ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік): “Информатика” пәнiн оқыту мақсаты студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады.

Деректемелер/Курстың пререквизиттері: Орта мектеп информатика пәнінің курсы

Курстың/пәннің мазмұны: Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Буль алгебрасы. Графтар және ағаштар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу. Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру. Блок-схема алгоритмінің графикалық өңделуі. Ақырғы автоматтар. Пост және Тьюринг машиналары. Бағдарламалаудың негізгі конструкциясы. Заманауи қолданбалы бағдарламалық қамтамаларға шолу. Ақпараттарды өңдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Баспа жүйелері. Деректер қорын басқару жүйелері. Графикалық редакторлар. Мультимедиялық қосымшалар. Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары. Желілер мен телекоммуникациялар. Web-қосымшаларын жасау технологиялары. Ақпараттық қауіпсіздік және оны құрушылар. Антивирустық бағдарламалар. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. «Электронды үкімет» инфрақұрылымы. Бизнес-үрдістерді талдау және құру технологиялары. Техникалық тапсырмаларды жасау принциптері. «E-Learning» электронды оқыту негізі. Электронды оқыту әдістері. «E-Learning» ортасының негізгі компоненттері. Білімді бағалау әдістемесі. «E-Learning» ортасын құрудың заманауи технологиялары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Бөрiбаев Б. «Информатика және компьютер“ – Алматы, “Рауан“, 1996 ж.

  2. О.Камардинов. “Информатика“ – Шымкент, 2000ж.

  3. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика- Астана, 2004ж.

  4. Комягин В.Б., Коцубинский А.О. “Современный самоучитель работы на персональном компьютере“, Москва, 2006 г.

  5. Микляев А. “Настольная книга пользователя“ – Москва, 2004 г.

  6. Фигурнов В.Э. “ІBM PC для пользователя“ – Москва, 2005 г.

  7. Балапанов Е.Қ. Бөрiбаев Б. Дәулетқұлов А. “Информатика 30 сабақ. Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, “ Шартарап“, 2001 ж.

  8. Под редакцией С.В.Симоновича. “Информатика. Базовый курс“. –Санк-Петербург, 2002 г.

  9. Павлова Н.Т. Компьютерный курс лекций. Астана, 2001.

  10. Информатика для юристов и экономистов. Под редакцией С.В.Симоновича. Санкт-Петербург, 2001.

  11. Пфаффенберген Б. Эффективная работа с Microsoft Іnternet Explorer. Санкт-Петербург, 2007г.

  12. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және компьютерлік техника. Алматы, 2002.

  13. Сагман С. Эффективная работа с Power Point. Санкт-Петербург, 2005г.


Сабақ беру әдістері : жаңа инновациялық технологияларды (интерактивті тақта, компьютер класы, зертханалық жұмыстар, т.б.) пайдалану.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): Компьютер класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өміртіршілігі қауіпсіздігі негіздері.

Пәннің коды: OKN1103

Пәннің типі: жалпы білім беру, міндетті

Курс/пән деңгейі: 2

Оқу жылы : 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредиттер саны: 2

Дәріс берушінің аты-жөні: Нұрымова Р.-ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік):

«Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау» пәнінің міндеті студенттерге Азаматтық қорғаныстың төмендегі негізгі іс-шараларын үйрету:



  • Төтенше жағдай кезінде халықты қорғауды, кезек күттіруге болмайтын жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастырудың негіздерін үйрету;

  • Студенттерді жарақаттану зардаптарының белгісін анықтауды, ерекше қауіпті жұқпалы ауруларды білуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету;

  • Өз мамандығына сәйкес саласындағы өндірістердің тұрақты жұмыс істеуін ұйымдастыруды және олардың жұмыстарының тұрақтылығын жақсарту шараларын оқып-үйрету;

  • Қауіпсіз және зиянсыз шарттарын және өндіріс бөлімшелерінде өртке қарсы қауіпсіздік шараларының тәртіптерін меңгеруі керек;

  • Студенттерді өндірістегі жұмысшылардың денсаулығына қауіп төндіретін элементтерін анықтап, өз беттерінше талдау жасауға дағдыландыру.

  • Техника қауіпсіздігінің негізгі норматив актілерін білу қажет; өндіріс ғимараттарын ГОСТ-қа сәйкес жарықтандыру мен желдетуді ұйымдастыра білуге тиісті;

  • Электрқауіпсіздігін сақтауды ұйымдастыру; алғашқы көмек көрсете білуі қажет. Оқыту барысында студенттерді қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге, осы пәннің міндеттерінің маңыздылығын терең игеруге бейімдеу.

Деректемелер/Курстың пререквизиттері: Жалпы білім беретін орта мектептердегі қоғамдық пәндерден алған білім мен білік дағдылары.

Курстың/пәннің мазмұны: «Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау» курсының негізгі мазмұны студенттерді тіршілік қауіпсіздігінің негізгі құрылымдарымен таныстыру, төтенше жағдайлар классификациясымен таныстыру және одан қорғану тәсілдерін оқыту, еңбекті қорғаудағы құрылыс алаңдарында орын алуы мүмкін қайғылы оқиғалар көрсеткіштеріне талдау жасауға үйрету, құрылысшыларды еңбек барысында жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету шарттарымен таныстыру, құрылыс нысандарындағы зиянды және қауіпті факторларды оқытып-үйрету және құрылыс алаңдарындағы техникалардың қауіпсіздік талаптарын сақтауды оқыту болып табылады.

Ұсынылатын әдебиет:

1

Тіршілік қауіпсіздігі.1 кітабы. 2003ж-Алматы.

2

Тіршілік қауіпсіздігі. 2 кітабы. 2003ж-Алматы.

3

Арпабеков С. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі. Алматы 2004.

4

Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятильности. Алматы 2004.

5

Аманбаев Д.А., Смагулов З.И., Обухов Ю.Д. Основы охрана труда на

производстве. Алматы. 2002 г.



6

Золотницкий Н.Д. и др. Лабораторный практикум по Охране труда –

М:Высшая школа 1979г.



7

Кузнецов Ю.М. Охрана труда. Справочник. М: Транспорт. 1990г.

8

Закон Республики Казахстан о безопасности и охране труда. Алматы

2004 г.


9

П. Г. Якубаев Азаматтық қорғаныс. Мектеп баспасы Алматы -19 83


Сабақ беру әдістері: лекция, практикалық, дамыта оқыту технологиясы

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Әлеуметтану.

Пәннің коды: Ale1104

Пәннің типі: жалпы білім беру, міндетті

Курс/пән деңгейі: 2

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредиттер саны: 2

Дәріс берушінің аты-жөні: Үсенбаев Б.-оқытушы

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік): Қазіргі қоғамда егеменді, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында қоғам дамуының теориялық негізін меңгермей, азаматтардың білімін, мәдениетін жетілдірмей, қоғамның әлеуметтік өмірі жөнінде толық мәлімет алмай ешқандай қоғамдық прогресс болмайды. Сондықтан осы мақсатта жоғары оқу орындарында әлеуметтану курсын оқыту толық жүзеге асырылуда.

Деректемелер/Курстың пререквизиттері: Қазақстан тарихы, саясаттану, философия, мәдениеттану.

Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану ғылы-мының пәні, құрылымы және қызметі. Әлеуметтанудың пәні, қызметі. О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы ғалым . Әлеуметтанулық ойдың даму бағыттары мен кезеңдері. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтану. Әлеуметтанудың Ресейдегі дамуы. Қазіргі әлеуметтанудың даму бағыттары. Қоғам жүйе ретінде. Әлеуметтанудағы “қоғам” түсінігі. Әлеуметтік даму және қоғамдық прогресс. Әлеуметтік институт ұғымы. Әлеуметтік статус және роль ұғымы. Әлеуметтік страти-фикация теориясы. Әлеуметтік құрылым ұғымы. Әлеуметтік стратификация ұғымы. Әлуметтік мобильділік ұғымы,түрлері. Әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік норма ұғымы. Әлеуметтік норманың түрлері. Әлеуметтік бақылау институттары мен формалары. Білім беру әлеуметтануы. Білім берудің мазмұны. Білім берудің қызметтері. Үздіксіз білім беру кезеңдері. Отбасы әлеуметтануы. Отбасы ұғымы және қызметі. Отбасының құрылымдық түрлері. Еңбек әлеуметтануы. Еңбектің әлеуметтік мәні. Еңбектің адам өміріндегі алатын орны мен ролі. Еңбек әлеуметтануының зерттейтін мәселелері. Дін әлеуметтануы. Дін әлеуметтік құбылыс ретінде. Діннің қызметтері. Дін әлеуметтануының зерттейтін мәселелері. Социологиялық зеттеу бағдарламасы. Социологиялық зерттеуді құру. Социологиялық зерттеудің әдістерінің ерекшелігі.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф. “Экономическая социология” А,2002.

2.Аженов М.С., Утешов С.К., Жаназарова З.Ж. “Общая социология” Альбом схем А,2001.

3. Аитов Н.А., Биекенов К.У. “Социология” А,2002.

4. Арон Р. “Этапы развития социологической мысли” М,1992.

5. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. “Әлеуметтану негіздері” А, Экономика,2004.

6. Добренько В.И.,Кравченко А.И. “Социология” М,2005.

7.Р.Әбсаттаров., М.Дәкенов “Әлеуметтану” алматы, Ғылым, 2003.

8.М.Әженов., М.Садырова “Қоғамның әлеуметтік құрылымы” Алматы, Қазақ университеті, 2002.

9.“Әлемдік Әлеуметтану антологиясы ” Алматы, Қазақстан, 2006 , 4-том.

10. .“Әлемдік Әлеуметтану антологиясы ” Алматы, Қазақстан, 2006, 3-том.

11. .“Әлемдік Әлеуметтану антологиясы ” Алматы, Қазақстан, 2006, 5-том.

12.Қазақ даласының ойшылдары (ІХ-ХІІғғ. Алматы: Ғылым, 1995.

13.Абай “Қара сөздері” . Алматы, 1993.

14.Тажин .М., Аяған.Б. Социология негіздері. Алматы,1992.

15.Сорокин. П. Человек. Цивилизация.Общество. М.,1992.


Сабақ беру әдістері: дәстүрлі дәрістік, эвристикалық, тренинг және ақпараттық-инновациялық оқу әдістері мен технологиялар.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экология және тұрақты даму

Пәннің коды: Etd1105

Пәннің типі: жалпы білім беру, міндетті

Курс/пән деңгейі: 1

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі:1

Кредиттер саны:2

Дәріс берушінің аты-жөні: Аскарова Г.-техника ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік): Экология және тұрақты даму пәнінің мақсаты-қазіргі экологиялық жағдайды, терең түсіндіре отырып, экологиялық білім жүйесін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, сонымен бірге ұғынумен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету болып табылады.

Деректемелер/Курстың пререквизиттері: Биология

Курстың/пәннің мазмұны: Биологиялық жүйелердің экологиялық негіздері: Ағзалар экологиясы. Экологиялық факторлар. Абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсерінің жалпы заңдылықтары. Популяциялар экологиясы. Популяцияның негізгі қасиеттері. Биотикалық факторлар. Бәсекелестікті ығыстыру ережесі. Бірлестіктер мен экожүйелер экологиясы. Экожүйенің негізгі типтеріне сипаттама. Экожүйелердің энергетикасы. Экожүйелерді ұйымдастыру, өнімділік заңдары және динамикасы. Тірі ағзаның негізгі қызметі мен қасиеттері.
Ұсынылатын әдебиет:

      1. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. «Экология» Алматы,2003ж.

      2. Баешов А., Дәрібаев Ж. «Экология негіздері» Түркістан, 2000ж.

      3. Бродский А.К. «Жалпы экологияның қысқаша курсы» Алматы, 1998ж.

      4. Бейсенов А.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. «Экология» Алматы, 2001ж.

      5. Владимиров А.М., Ляхин Ю.И., Матвеев Л.Т., Орлов В.Г. «Охрана окружаещей среды» - Л., 1991 г.

      6. Гилярев А.М. «Популяционная экология». М.1995г.

      7. Горелов А.А. «Экология. Курс лекции» М., Центр 1997г.

      8. Герасимов В.А. «Охрана природы: принцыпы, проблемы, приоритеты» М., 1992г.

      9. Жатқанбаев Ж.Ж. «Экология негіздері» Алматы, 2003ж.

10. Шилов И.М. «Экология»-М. Высшая школа, 1998г

Сабақ беру әдістері: дәстүрлі дәрістік, эвристикалық, тренинг және ақпараттық-инновациялық оқу әдістері мен технологиялар.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі – қазақ, орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақ (орыс) тілі.

Пәннің коды: К(О)t 1106

Пәннің типі: жалпы білім беру, міндетті

Курс/пән деңгейі - 1

Оқу жылы:1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1-2

Кредиттер саны: 6

Дәріс берушінің аты-жөні: Даулбаева К.-оқытушы

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік): Орыс тілінің жалпы қолданыстағы сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық минимумын кеңейту, грамматикалық формалар мен құрылымдарды қолданыс деңгейі дәрежесінде меңгерту. Мамандық бойынша лексикалық және терминологиялық минимумдарды меңгерту. Сөйлеу қызметінің әртүрлі типтерін (әңгімелеу, мазмұндау, ақпарат беру) құру. Грамматикалық формалар мен құрылымдарды функционалды аспектіде қолдану. Әлеуметтік-тұрмыстық және кәсіби саладағы өңделген қиын емес прагматикалық мәтіндерді, ауызша және жазбаша түрдегі монолог пен диалогтарды, әртүрлі сөйлеу қызметі түрлерін (сөйлеу, тыңдау, оқу, жазу) тақырып бойынша өңдеу. Мамандық бойынша оқу мен тыңдау дағдыларын қалыптастыру, әдебиеттен конспектілей білу. Диалогтар мен монологтар, оқулықтар мен лекциялар мәтіндеріне сәйкес кәсіби-оқу тақырыптары бойынша әртүрлі ғылыми-оқу мәтіндерін құру. Сөйлеудің негізгі құрылымдық-мағыналық түрлерін: монолог-сипаттау, монолог-мазмұндау, монолог-талқылау, диалог-әңгіме, диалог-сұхбат түрлерін қарқынды оқыту. Ғылыми-кәсібидің тілдің белсенді, жалпылама, кең көлемді болуын, яғни жан-жақтылығын дамыту.

Деректемелер/Курстың пререквизиттері: Бұл курсты меңгеру үшін студент мектептің орыс тілі курсын жеткілікті жоғары деңгейде меңгерген болуы тиіс. Сол сияқты студенттің жұмыс істеу дағдысын орыс тілінде оқу, сөйлеу және жазу сауаты болуы керек.

Курстың/пәннің мазмұны: Жалпы қолданыстағы сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық минимумын кеңейту, грамматикалық формалар мен құрылымдарды, сөз қолданыстағы деңгейлік дәрежесіне байланысты меңгерту. Лексикалық және терминологиялық минимумдарды мамандығы бойынша меңгерту. Әңгімелеу, сипаттау, хабарлау сынды түрлі сөйлесім әрекетін құру. Грамматикалық формалар мен құрылымдарды функционалды аспектіде дұрыс қолдана білу. Сөйлеу әрекетінің қағидатына (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) негізделген әлеуметтік-тұрмыстық және кәсіби саладағы өзекті, бейімделген және өңделген аса күрделі емес ауызша және жазбаша түрдегі прагматикалық мәтіндерді, диалог пен монологты белгілі бір тақырып аясында сұрыптау.

Кәсіби-оқу тілін дамыту: а) оқылым мен тыңдалымның дағдылары мен шеберлігін қалыптастыру, ақпараттарды мамандығы бойынша конспектілей алу; б) оқулықтар мен дәріс көлеміндегі ғылыми стильдегі мәтіндердің түрлеріне диалогтар мен монологтар құра білу; в)Айтылымның негізгі құрылымдық-мағыналық түрлерін: монолог-сипаттау, монолог-мазмұндау, монолог-талқылау, диалог-әңгіме, диалог-сұхбат жеделдетіп оқыту.



Кәсіби орыс (қазақ) тілі. Ғылыми-кәсіби тілді дамытудың: белсенді, жалпылама, кең көлемді болу дағдылары мен шеберлігін қалыптастыра білу.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Абдыкулова К.Е., Ким Г.В., Павленко В.К. Русский язык.

Практический курс (учебное пособие) –Алматы, «Санат», 1995 г.

2.Метса А.А., Алликметс К.П., Судавичене Л.В. Русский язык.

Аудиовизуальный курс: М. Высшая школа, 1991г.

3.Городилова Г.Г. Русский язык. Основной курс.М.Высшая школа, 1991 г.

4.Жаналина Л.К., Сарбаева Т.М. Практический курс русского языка, Алматы, 1992г.

Сабақ беру әдістері: дәстүрлі лекциялық-практикалық, эвристикалық, тренинг және ақпараттық-инновациялық оқу әдістері мен технологиялар.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: орыс

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) : компьютер класы, интерактивті тақта, кітапхана қоры
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: Ektn2107

Пәннің типі: жалпы білім беру, міндетті

Курс/пән деңгейі: 2

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредиттер саны: 2

Дәріс берушінің аты-жөні: Құлтанов Б.-менеджмент магистрі

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік): студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту болып табылады. Ол қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет. Қазақстан Республикасындағы экономика жаңа қатынастардың сапалы экономикалық, рыноктік ой қорларының мол болуын қамтиды.

Деректемелер/Курстың пререквизиттері: Қазақстан тарихы, әлеуметтану

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша- несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық- Алматы, Санат 1998,

  2. Экономикалық теория. Оқу құралы- Алматы, 1999,

  3. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе 2002,

  4. Экономикалық теория негіздері. Оқу- көрнекілік құрал. Л.М. Куликов- М, 1993,

  5. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002

  6. Кримова В. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2003

  7. Мауленова С.С. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2003

  8. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2008

  9. Экономикалық теория. Оқу құралы (авт. Сүлейменова Г.К. , Мұхамеджанова Ә. Ғ. , Өмірзақова М.Ә. т.б – ҚМУ Қ-орда 2004

  10. Ғабитов Ж., Доғалов А., Досмағанбетов Н., Микроэкономика. Оқулық.- Алматы 2010


Каталог: docs -> wepsait
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
wepsait -> Не экономика институты
wepsait -> Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
wepsait -> 5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
wepsait -> 5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша
wepsait -> «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет