5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет2/3
Дата15.12.2016
өлшемі0,52 Mb.
#3890
1   2   3

Бақылау сұрақтары:

  1. Мәдениеттілік этика ұғымдары

  2. Журналистің әңгімелесу барысындағы мәдениеті

  3. Іскерлік сөз мәдениеті дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989

2. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999

3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999

4. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері

5. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998


5-Дәріс. Журналистика: сөз әдебі

Табу да эффемизмде барлық халықтарда кездесетін этнографиялық ұғым. Этнографиялық деген – ұлттық наным сенім, мифтер, әдет-ғұрыптар. Бұлардың барлығының этикалық өлшем, нормалары бар. Мәселен: түркі халықтарының тілдерінде қасқыр, қандала, рак т.б. сөздерін көп ретте тура мағынасында емес өзгертіп алынады. Құлаққа жағымды жеңіл етіп аламыз. Итқұс, қарауыз, терісауыз, ұлыма деген сөздермен алмастырады.

Табудың тура мағынасы тиым салынған айтуға болмайтын сөздер, ұғымдар.

Қазақ әйелдері қайныларының, қайын сіңілілерінің атын атамаған, оларға ат қойған: шырақ, төрем, ақ төре, төрежан, кербез, ақ кербез, мырза бала, тентек, еркем.

Қазақ әйелдері үлкенге ат қойғанда оларды: ата, әже, ене атаған. Сонымен қатар олар ата-енелеріне, ауыл үлкендеріне, олардың дене бітіміне, кәсібіне, жағымды, жағымсыз іс-қылықтарына қарай ат қойған: семіз сары, қабан қайнаға.

Кәсіп мамандыққа қарай: дүкенші аға, мұғалім бала т.б. Табу термині – французша «taboo». Қай тілде қалай айтылып, жазылса да мағынасы бір қатаң тәртіп.

Эффемизм – грек тілінен енген. Дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу деген мағына береді. Ауыспалы мағынада естіген құлаққа ерсі тұрпайы сөздерді, жанға жайлы сөздермен ауыстыру.

Қытай әкімшіліктері 50-ге жуық сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үзілді-кесілді тиым салған. Олар: сіздің шаруаңыз емес, білмеймін, неге желінше жабысып қалдыңыз. («Қазақ елі» 1995ж. 20. 10).

«Күліп тұрған бетті жұдырықпен ұрмайды». (Қытай).

Журналистің кәсіби ерекшелігі оган көптеген әлеуметтік жауапкершілігі жүктейді. Этика – деген адамгершілік келбетті айқындайтын моральді тәртіпті талап ететін ғылым салаларының мінез – құлқы мен олардың сана – сезім ерекшеліктерімен, қоғамдағы ережелері, формалары, заңдары, талаптары орындау өзгешелігімен, сондай – ақ қоғам пікірімен айқындалады.Журналистік этика қазіргі кездегі журналистік мамандды игерген әрбір азаматқа өзіндік кәсіби талап – тілектерді қояды.Журналистік этика ұғымын 2 мағынасы бар:



  1. Ж.Э. тар мағынасында – журналистің адамгершілігі, ізеттігі, инабаттылығы т.б. қасиеттерімен айқындалады.

  2. Ж.Э. Кең мағынада – журналистің шыншылдық және обьективтілік принциптеріне тікелей байланысты, яғни ж.э нормаларын сақтау делінген – шындық фактілерді жазу, ақиқар өмір құбылысын бейнелеу, өтірік, дәлелсіз өсекке, жала жабу шындық фактілерді бұрмалап жазуға жол бермеу болып саналады.

Ж.Э журналистік қызметтің көптеген жағдайда көрініс тауып отырады. Мысалы, журналист пен аудитория арасындағы байланысты журналист информация көздерін пайдалануда, шығарманың кейіпкерімен тілдескенде материалдың авторын, редакторын, ұжым мүшелерін, әріптестерімен қарым-қатынасын түсіндіруде журналистік этика нормалары сақталуы қажет. БАҚ туралы заңда журналистік әтиканың мәселелері сөз және баспасөз бостандығы арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ 32-бапта Біз және БАҚ туралы заңды бұзғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Сөз бостандығы теріс пайдалану шындыққа сай келген жеке азаматтың немесе ұйымдардың ар-ожданы мен қадір-қасиетіне кір келтірген мәліметтер тарату Ақпарат құралы сот-а ықпал етуі ҚР заңына сәйкес қылмыстық немесе өзге жауапкершілікке әкеп соқтырады. 42-бабында: моральдік заңдарда былай делінген: БАҚ азаматтарының ар-ожданы; қадіріне кір келтірген шындыққа сай келмеген немесе мүліктік емес нұқсан келтірген мәліметтер тарату азаматтарға келтірген моральдік зиянды сол шешім бойынша БАҚ және кінәлі лауызымды адамдар өтейді.

Ж.Э бұзбау мақсатында ақиқат дерек жинау үшін:

1. Факт жинаудың ашық түрі.

2. Информациялық байланысқа түсудің жабық түрі.

Журналистика этикасын айтпас бұрын этиканың өзіне тоқталып кетеді. Этика – грек тілінен енген термин сөз. Мағынасы – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жол-жорағы, ырым, үрдіс. Зерттеу объектісі – мораль қазақша баламалары әбептілік, инабаттылық, имандылық, адамгершілік, ізгілік, сыпаылық. Ал осы журналистің кәсіби моральдық, этикалық принциптері деген қалай талданады. Ол үшін а) халықтығы, ә) бұқаралығы, б) шыншылдық, объективтілік. Яғни, журналистің жеке басының этикасы жалпы принципінен туындайды екен. Принцип – латын сөзі – негіз, қағида, ереже немесе бір нәрсенің бастауы.



  1. Журналист өз ұжымына, өз басылымына адал қызмет етуі тиіс.

  2. Журналист өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар халықтың да ой-пікіріне жауапкершілікпен қарау керек.

  3. Журналистің алдында әрдайым аудитория үшін не істеу керек? Бұл шығармам аудиторияға қажет пе? Олардың арман-мүддесін қолдаймын ба? делінген этикалық сұрақтар тұру керек.

  4. Факт мәліметтері көп, ақиқат шындығы әбден жеріне жете зерттеліп, жан-жақты ойластырылған материалды ғана аудиторияға ұсынуды толық моральдік этикалық құқы бар.

  5. егер материалдың фактісіне күдігі, күмәні болса, онда журналист ол материалды кейінге қалдыруы тиіс.

  6. Журналист біреуді қаралап та, өтірік мақтап, мадақтап та жазуға құқы жоқ. Ондай жағдайда журналист аудитория алдында жауапты.

Объектілерді зерттеу, адамдармен әңгімелесу барысында болмашы елеусіз, дөрікіліктен шындық ашылмай қалуы мүмкін, журналист мұндай жағдайда дөрекілік туғызбауға тырысуы қажет.

Этика тұрғысынан объектілерді зерттеудің факт, мәлімет жинаудың екі түрі бар: ашық және жасырын т. зерттеу. Материалдан, деректерден ашық түрде жинау тәсілінде – журналист белгілі органдарға барып, шаруасын ашық айтуы тиіс. Көптеген жағдайда шындық ашылмай жатады. Ондайда журналист олардың тілін тауып алған мәлімет, деректерге басымен жауап беретіндерге сөз арасында әдеппен еске алуы тиіс. Ал объекті зерттеудің жасырын түрі немесе құпия түрін адамдар білмейді. Мұндайда журналист такси айдаушы, сатушы, жол серіктері болуы мүмкін. Бірақ, қандай жағдайда әдеп, этикадан озбауы керек.

Мәлімет алу барысында журналист шындыққа көзі жетпейінше, ішкі қарсылығында мәселеге қосылатын, қосылмайтынын да білдіруі тиіс. Қандай жағдай болмасын, кіммен сөйлеспесін журналист алдында отырған адамның кей жағдайда салт-дәстүрін ескеріп, жеке басының кемшілігін көзге шұқымай, керісінше оны мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, денсаулық жағдайын ескеру керек. Әдепті журналист (мысалы мен сияқты) мәлімет алу барысында адамдарды қалдырмау үшін қай жерде, қандай уақытта әңгімелескеніміз дұрыс болады деп олардың өзімен ақылдасады. Қажет болған жағдайда уақыт белгілейді. Оған дейін ойын жинақтайды, көтерер мәселесәне толықтай дайындалады. Адамдардың ішкі істеріне араласу да журналисттік әдепке жат.

Жасырын тексеру барысында журналист өзін қалай ұстау керек, мұның да өз әдеп, нормасы бар. Журналист алынған мәліметтің барлығы да материалда тексеріледі, қамтылады деп уәде беруін беріп, кейін ойланып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда уәдесін жұтпау үшін, адам, жер, су атауларын өзгертіп, фактілерді толық қамтуға болады.

Журналист біреудің сілтеуімен, біреудің иек қағыуымен жазбай, өз жүрегінің қалауымен өз көзімен көрген нәрсесін жазу керек. Кім туралы жазса да журналист мақалын кейіпкеріне көрсетіп алғаны абзал.

Цитат (дәйекті сөз) – қа өте қатты мұқият болған жөн. Журналист көңілшек бломауы тиіс. Әрбір материал жазу барысында өз т мамандығына құллай беріліп, адал жұмыс істеуі керек. Хабарға ойдан ештеңе қоспау керек. Жинаған материалын көбінесе құпия ұстауы керек.



Бақылау сұрақтары:

1. БАҚ туралы заңнан журналистік этика туралы бабын конспектілеу.

2. Этика тұрғысынан объектілерді зерттеу

3. Журналистік этика ұғымы



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. 1. «Заң газеті» 27-қараша, 1996 жыл.

2.С.Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» кітабынан «Баспасөз туралы» мақаласын конспектілеу

3. М. Дулатов Шығ. Мен «Баспасөз үмесі» мак. Конспект

4. М. Әуезов «Қазақстанның қалам қайраткеріне» мақала конспект

ІІ. А) Берік Бейсенұлы Ш. Мұртазамен сұхбат.»Мен енжарлықтан қорқам» «Жас Алаш» 24.02.01.

Ә) Ф.Оңғарсынова «Ана тілімізде сөйлеуге неге қорланамыз» «Ег.Қаз- н» 23.02.01.

Б) «Қасиетсіздік» «Егемен Қазақстан» 23.02.01.

Ғ.Мүсірепов «Журналистік этика жайлы» «Ег.Қазақсан» 31 қазан 1997

Қ.Р.Мәдниет туралы заңы «Ег. Қаз – н» 28.12.96ж.


6-Дәріс. Шешеннің сөйлеу мәдениеті

Шешеннің өзіндік көзқарасының ой ұшығы, сезімі мен ойлары, оның сөйлеу логикасы мен фактологиясы аудитория үшін дыбысталған сөз күйінде көрініс табады. Шаршы топ алдында шебер сөйлеу білігі сияқты шешеннің басты қасиеті оның ойын ақырына дейін мейлінше дәл білдіруге көмектесетін бірден-бір айқын да жарқын сөздерді екшеп ала білу білігімен бөлінбес бір тұтастықта болып келеді. Бұл білік-дағдының мән-мағынасының өте жоғарылығы – көбіне шешен шеберлігін оның мәдениетімен байланыстыра қарастыруда. Ал оның ішінде алғашқы орынға сөз сөйлеу дұрыстығын қоямыз. Дегенмен аудиторияның назарын аударту үшін, тыңдаушының көзін жеткізу, сендіру үшін, жай ғана сөз дұрысты жеткіліксіз. «Дұрыс сөйлеу» және «дәл сөйлеу» ұғымдары өзара байланысты болғанмен де, мағынасы мен көлемі жағынан сәйкесті емес. Демек, сөзді «дәл қолдану» мен «дұрыс қолдану» дегеніміз мәндес емес. Мәселен, «Тамағы тоқтық, уайымы жоқтық тасытар адам баласын» десек те, дұрыс, бірақ ол «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» дегендей дәл емес. Себебі соңғыдағы белгіленген сөздер мағынасы, әсіресе, өлең үшін аса қажетті дыбыс әуезділігі жақтарынан алдыңғыға қарағанда әлдеқайда сәйкесімді. Бұдан, алдымен, «дұрыс» пен «дәл» мағыналарының бір еместігіне көзіміз жетсе, екіншіден, сөзді дұрыс жұмсай білу дәлдікке қанаттас, оған жету жолындағы алғы шарт сияқты. Сөзді дұрыс қолдана білмеген жерде дәлдік жоқ. Ал дұрыс, дәл сөйлеу үшін сөздің мағынасын, орнын, стильдік иірімдерін жақсы білумен қатар, бай лексика, тілдік тәсілдерге жетіктік, өмірді жан-жақты білу, ой қуаттылығы қажеттілігі сөзсіз.

Сөйлеу мәдениеті мәселесінде ауызша сөйлеу стилі, сөз сөйлеу тілінің негізгі талаптарын сақтау және сөйленер сөздің мәнерлілігін арттырар құралдарды қолдану сияқты үш ерекшілігін бөле-жара атауымыз қажет.

Халықтың тіл мәденеитін, сөйлеу мәдениетін арттыру мәселесі күн тәртібінен түспек емес. Қай саланың қызметкерлері болмасын, тіл мәдениетінің, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы маманның биік талғамына да байланысты. Үгіт-насихат жұмыстарында болсын, халыққа әдебиет, өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру жұмысында болсын, әрбір маман қызметкерлердің айтқандары мен жазғандары тіл жағынан да мүлтіксіз болуы тиіс.

М.Балақаев: «Халықтың тіл қазынасын меңгеру, тілді өткір құрал ретінде ұстарта білу – үлкен өнер. әрбір мәдениетті кісі сол өнерді үйренуге, тіл мәдениетін арттыруға талпынады», – деп жазады.

Тіл – мәдениетінің елеулі формасы. Ғалымдардың пікірінше, тіл мәдениеті деген ұғым тілдің мәдениетке қатысты екенін аңғартпайды, тілдік тәсілдердің кемелдену, ширау, жүйелену дәрежесінің қандай екенін меңзейді. Сол себептен де сөйлеудегі, айқын ойлылық, ізеттік тіл мәдениетіне енеді. Мақсат – сол мәдениеті үшін күрес – тіл тазалығы, ой дәлдігі үшін күрес те.

Баспасөзге жүктелер аса жауапты міндеттің бірі – халықты тіл мәдениетіне үйрету. Қазақ баспасөзінің бұл саладағы рөлін жоғары бағалауымыз керек. Дегенмен баспасөз бетінде де, жеке кісілердің сөзінде, жазуында да тіл мүкістігі, тіл мәдениетінің ақауы байқалмайды емес. Сол себептен де тіл орашолақтығы бара-бара «Тіл ауруына айналмауы үшін», сөйлеуде, жазуда кездесетеін кемшіліктерді дер кезінде қоғам тиесіне салып отыру артық емес.

Бақылау сұрақтары:


  1. Тіл мәдениеті дегеніміз не?

  2. Тіл мәдениетін арттырудың жолдары

  3. Сөйлеу логикасы мен фактологиясы

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989

2. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999

3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999

4. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері

5. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998


7-Дәріс. Сөз немесе баспасөз бостандығы

БАҚ туралы заңда көрсетілген: Сөз бостандығын теріс пайдалануға жол берілмейді. Қоғамдық құрылымдарды күштеп құлатуға немесе өзгертуге республиканың егемендігімен территориялық тұтастығын бұзуға шақыру. Соғысты, зорлық-зомбылық пен қатыгездікті, нәсілдік ұлттық діни астамшылықты немесе төзімсіздікті насихаттау және рулық артықшылықтарды қатыгездік пен зұлымдыққа жол берілмейді.

Журналистің құқықтары. Журналист лауазымды адамдардың қабылдауында болуға, суретке түсіруге, куәлік көрсетіп, шеру митингтерде табиғат апаттары болған жерлерде болуға, өзінің намысына қайшы келетін материалды өз қолын қойып жазуға, бас тартуға, редакция материалдарын әзірлеу барысында мазмұны бұрмаланған материалдан өзінің қойған қолын алып тастауға, авторлық құпияның сақталуын ескерген тиіс.

Журналистің міндеттері. Журналист редакцияның ішкі тәртібін орындауға немесе жарғысын (устав) басшылыққа алуға азаматтың құқықтарын, заңды мүдделерін, ұлттық қадір-қасиетін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқықтарын заңды мүдделерін құрметтеуге міндетті. Егер журналист бұл міндеттердің үдесінен шықпаса, заңды белінен басса заң алдында жауап береді.



Бақылау сұрақтары:

1. Журналистің міндеттері

2. Журналистің құқықтары

3. Авторлық құпия дегеніміз не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кузнецов Г. Журналист на экране. Москва,1985



  1. Лазутина Г.В. Профессиональная этика журналиста. Москва,1999

3. Любосветов Д. Радиожурналист и процесс общения. М., 1997

4. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – А., 1992

5.Омашев Н. Жол үстінде-журналист. Алматы, 1999

6.Рендаль Д. Универсальный журналист. Алматы, 1996

7.Серғалиев М. Көркем әдебиет стилі. Алматы, 1995

8.Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. Қарағанды,2001


8-Дәріс. Диктор, актер, журналист жүргізушіге байланысты тіл қолданыстары

Диктор – бұл радионың немесе теледидардың өзіне ғана тән, дүниеге оның өзімен бірге келіп, бірге жасасып келе жатқан басты тұлға, өнім дайындаушы редактор мен сол өнімді пайдаланушы тыңдаушының арасындағы дәнекер.

Дикторлар қызметте көбінесе екі бағытта – диктор-информатор және диктор-бастаушы болып пайдаланылады. Диктор-информаторға оқып беру тән болса, диктор-бастаушыға көрерменге, тыңдаушыға әңгімелеп беру немесе ауызекі сөйлегендей айтып беру лайық болады. Осыған орай, диктор-информатор жұмысының біршама жеңіл екендігін айтуға тиіспіз. Оған диктордың дауыс ырғағы, күштілеу дауыс әуені болса, информацияларды жақсы, анық әрі нақышына келтіріп оқып шығуға әдбен болады. Сөз жоқ, информацияларды, ресми документтерді оларға тән көтеріңкі үн ырғақты әрі сенімді дауыспен оқу керек.

Ал диктор-бастаушы ретінде олар материалды зор әзірлікпен әрі бар ынта-жігермен, актерлік шеберлікпен оқуы керек, «есте болсын»: мағынасыз сөз болмайды, әрбір диктор сол мағынаны дөп басып таба білу керек. Бұл жағдайда оқиғаны әңгімелеп беру, кәдімгідей екі кісінің немесе көп кісінің әңгімесі секілді айтып беру әдісі тән» 1 дейді қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев. Диктор қай материалды болсын артистен кем оқымауға тиіс. Материал оқуға не эфирде сұхбат жүргізуге диктор не хабарды жүргізуші болсын күн ілгері әзірленген болуы керек. Эфирге баратын хабарларды бір емес, бірнеше рет ежіктеп оқып шығып, оның қажетті жерлеріне қарындашпен белгі соғып, өте ынта қойып, зор ықылас аударып оқыған диктор-жүргізуші ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Теледидар жүргізуші сөз мәдениетінің, сөйлеу шеберлігінің, шешендік өнерінің үлгісі болуға тиіс. Мол білімді, кәсіби шеберлігі жоғары, қызмет тәжірибесі бай, табиғи дарыны бар жүргізуші ғана осындай биік талап деңгейінен шыға алады.

Диктор – сөз мәдениетінің, сөйлеу шеберлігінің, шешендік өнердің насихатшысы. Демек, диктордың қате сөйлеуге, қателесуге қақысы жоқ. Ол күнделікті жұмысында осы жайды мұқият ескеріп тыңдаушы алдындағы жоғары беделден айрылып қалмау қамын ойластырып отыруға тиіс. Мол білімге, тартымды тәжірибеге, тиісті дарынға ие диктор ғана әрдайым талап дәрежесінде бола алады.

Бақылау сұрақтары:

1.Принцип сөзінің мағынасы

2.Журналистика пинципі неше түрде қалыптасқан?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989

2. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999

3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999

4. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері

5. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998


9-Дәріс. Сөйлеу тілі мен радио тілінің ерекшеліктері

Радио тілі – халықтың бай сөйлеу тіліне негізделеді. Бұл орайда радио хабарларының газет тілінен айырмашылығын ескеру керек. Айталық газет тілінде жазба тіл қолданылған болса, электронды ақпарат құралдарында олай емес, себебі микрофон арқылы және есту арқылы қабылданатын дыбыстық сөзбен негізделетін хабарлар өзіндік ерекшелігімен қолданылады. Кейінгі кездерде ғалымдардың тоқайласқан пікірі осыған саяды. Мысалы: радио тіл стилін зерттеуші ғалымдардың бірі Шнейдер былай дейді, «радиода газет тілі емес, кітап тілі емес сөйлеу тілі қажет етеді», - дейді. Демек, радио тілі ауыз екі тілді қолдана отырып күнделікті тұрмыста қолданылатын кейбір тұрпайы сөзді ақпарат құралы болғандықтан қайталанбауы тиіс. Яғни ауызша тілдің сұрыпталған, іріктелген сипаты пайдаланылуы керек. Сондай-ақ радиохабардың түрлеріне байланысты және жанрларына байланысты тіл стилдері өзіне тән ерекшеліктермен қолданылады. Мәселен, жаңалықтар мен соңғы хабарларда тіл қолданыстарын өте бояумен қабылдатпай қолдану қажет, яғни қысқа ақпарат үшін нақты, дәл, анық, аз сөзбен көп мағына беретін сөз тіркестерін, фразаларды қолдану қажет. Ал әдеби драмалық хабарларда тілдің көркемдік бояуларын барлық сипатында пайдалану керек. Бұл орайда тілдің көркемдік мәселелесіне аса назар аудару қажет. Халықтың немесе тыңдаушының радио мен ТВ берілетін хабарларды қабылдауына радио және ТВ журналистер ең бірінші кезекте мән беруі тиіс. Мәселен: көрінбейтін сөз арқылы берілетін радиохабарларды тыңдаушы қауымның ойша бейнені, образды түсінуі мен көңілінде елестетіп қабылдауына мүмкіндік туғызу керек. Радио журналистер осындай шарттарды толық меңгере отырып өзінің хабарларын қызықты да тартымды шығуына күш салады. Радио хабар көбінесе сөздердің монолог және диалог тілдері көп қолданылады. Монологта – радионовелла радио хат сияқты жанрлық формалар пайдаланылады. Монологтың тағы бір табиғаты жеке адамның немесе репортердің өзінің сөйлеуі арқылы қажетті ақпараттық мәселелерді тыңдаушыға жеткізуі кейде іштей өзіне-өзі айтқан сөз шеберлігін ұқыпты пайдаланып тыңдаушының ұғымына қиындық туғызылмауы тиіс. Ал диалог сөзерде болатын болса 2 немесе одан да көп адамдардың сөйлесуі, әңгімелесуі арқылы сұрақ-жауаптар түрінде хабар ұйымдастырылады. Ол қасиет радиоға да ТВ тән болып келеді. Осындай жағдайларға байланысты радиожурналистің хабар жасаудағы әдіс-тәсілдері туындап электронды ақпарат құралдарды журналистердің алдында өмірге тән жаңа міндеттер туындап отырады.



Бақылау сұрақтары:

1. Ауызекі тіл мен газет тіліндегі айырмашылық

2. Тележурналист бірінші кезекте неге мән беруі тиіс?

3. Радиода неге диалог және монолог сөздер жиі қолданылады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – А., 1992

2.Омашев Н. Жол үстінде-журналист. Алматы, 1999

3. Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. Қарағанды,2001


10-Дәріс. Ақпарат және көркем хабарлардың жанрлық тіл кестесі

Радиохабарларда берілетін түрлеріне байланысты өзіндік тіл кестелері ерекшелікпен қарастырылу абзал. Бұл жағдайда радионың хабарлама жанрлары немесе заметка түріндегі материалдар басқа жанрларға қарағанда әжептәуір айырмашылықтармен қолданылады. Бұл ретте осындай қысқа хабарлардың тіл бояуы аса қалыңдатылмауы керек. Себебі ақпарат хабарларының ерекшеліктеріне сай тек баяндау, хабарлау мәні ғана болатынын ескерген жөн. Айталық жаңалықтар мен соңғы хабарларда тек бірен саран ғана фактілер мен жекелеген оқиғалар өзек болатыны белгілі. Сондықтан мұндағы тіл қолданысы ойды шұбалаңқылыққа ұрындырмайтындай және сөйлем сөздердің шашырандылығына жол берілмейтіндей болу керек. Бұл жерде қысқа тұжырымды оймен, қысқа түйінді сөздерді пайдалану талап етіледі. Сонымен бірге мұндай хабарлардың стильдік айырмашылығын да ескеру қажет. Яғни мұндағы стильдер де күрделілікке соқпай телеграфтық стиль болса артық емес. Десек, жанрдың табиғаты да осыны қажет етеді. Сондай-ақ көркем жанрларға келетін болсақ тіл бояуларының барлық және жан-жақты бояуларын қолдануға тура келеді. Радиопублицистиканың көркем жанрлардың ішінде радиоочеркке, радиофельетонға өзгеше қарау керек. Яғни, бұл 2 жанрдың да көркемдік түрге табиғаты әлгіндей ақпараттық шағын жанрларға қарағанда күрделі әрі толымды болуы тиіс себебі мұнда әдебиет шығармаларындағы секілді тілдің қанық бояулары қолданылып отыратыны айқын.



Бақылау сұрақтары:

1. Көркем-публицистикалық жанрлар

2. Ақпараттық хабарларда тілді қолдану

3. Хабарлардың тіл бояуы деген не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – А., 1992

2.Омашев Н. Жол үстінде-журналист. Алматы, 1999

3.Рендаль Д. Универсальный журналист. Алматы, 1996

4.Серғалиев М. Көркем әдебиет стилі. Алматы, 1995

5.Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. Қарағанды,2001




11 -Дәріс. Шешен этикасы

Шешеннің этикалық мәдениеті психологиялық мәдениетімен, қарым- қатынасты сәтімен жүзеге асыру тактісімен, білік дағдысымен тығыз байланысты. Сөйлеу шеберлігінің осы жағы коммунативтік мәдениет не қарым- қатынас мәдениеті деп аталады.

Этикалық норма шешеннің барлық іс- әерекеті сөз сөйлеуге даярлықтың алғашқы мезетінен бастап, сөйлеген сөзге өз бетімен жасаған сыни талдауға шейін қамтиды. Сөйленер сөздің сәтті болуы сендірудің тиімді нәтиже беруі аудиторияның әлеуметтік психологиялық табиғатының жағымды болуына бірден- бір байланысты. Шешеннің уағыздаушы идеясы қабылдамас бұрын ең әуелі аудитория шешеннің өзінің сенім, құрмет туғызатын адам ретінде қабылдауы тиіс. Мәселен, өз кезеңінде Цицеронның шешенді қалыптастырудағы бірден- бір маңызды пәндерінің қатарына этика мен логиканы қосқанын білеміз. Соның ішінде этиканы білмеген шешеннің тыңдаушылары өзіне назар аударта, ынтызар ете, еліте әрі жемісті нәтижеге жете алмайтыны туралы айту тегіннен тегін болмаса керек.

Шешен этикасы – адамгершілік нормаларының бағдарлау құндылықтарының, оның міндеттеріне, жұмыс мақсатына, тыңдаушыларына қатынасын анықтайтын тәртіп ережелерінің жиынтығы.

Шешен тұлғаның өзі, оның эррудициясы, ұстанымшылдығы, сенімділігі, өзіне- өзі сыни көзқараста болуы этикалық мәдениеттен толық хабардар етсе керек. Шешендік этиканың аса мәнді элементтерінің бірі- аудиторияға құрметпен, жылылықпен қараудан тұрған такт, ашықтық сезімталдық қалып ұсталуы.

Тактіні тәжірибесіз шешен ақыл айту, білгінсіну, үйрету тонына немесе мірдің оғындай өте қатқыл беделді тұжырымдамаларға жүгінудің қажетсіздігі бола тура осы бағытқа оп- оңай түсіп кетуі әбден мүмкін. Бұл, әсіресе, академиялық және іскерлік шешендік сөзде ерекше маңызды.

Сонымен бірге, сөйленер сөздік дыбысталу формасы да этикалық мәнге ие. Мәтін бойнша оқылғаннан сөйлеу әлде қайда қиынырақ. Тек, жанды сөз жұғымды әрі көбірек әсер етпек. Байланыс тетігін сенім ауаның қалыптастыруға септеспек нәтижесінде сөз сөйлеудің тиімділігін қамтамасыз етпек, демек, шаршы топ алдында сөз сөйлеу де сенімділікке жетуге құрамына сәлемдесу, мәлімдеу жиынтығы сөйлеуші мен тыңдаушы аралық кеңістік байланысы, шешеннің ым, ишарат қозғалыстары жүйесін қамтитын сөйлеу этикеті басымырақ рөл атқарады.

Тыңдаушылардың назарын бір арнаға жинақтауға көмектесуда сөз сөйлеудегі алғашқы фраза ерекше маңызды. Сондай- ақ сөз сөйлеудің алғашқы фразасы үлкен этикалық жүктеменің міндетін атқарады. Бір топ зерттеушілер шешеннің тыңдаушыларымен байланысын қиындататын «Өзін- өзі құрбандыққа шалар» реттегі сөз басын бөле жара атайды. «Мен сөзімді неден бастарымды білмей тұрмын», «Мен шынымды айтсам, арнайы әзірленген жоқпын», «Менің айтарым сөздерге ұнайды деп айта алмаймын» сияқты тіркестер «әрине сіздерге әрі беймәлім», «Шамасы, сіздер әлі білмейсіздер, оқыған жоқсыздар, естіген жоқсыздар...» үлгісіндегі фразалар осындай топқа жатады. Жалпы «Мен» есімдігін шектен тыс қолдану да, өз өмірлік тәжірибемізге шексіз сілтеме жасау да қажетсіз әрі орынсыз. В. Писарек бұны « мақтампаздыққа ерік беру» деп атап, «бұлайша, тыңдаушыларды қорлау ауыр күнә» деп есептеген. Ал И.Томан «Сіз» сөзін қаттырақ, ал «мен» сөзін солғынырақ дыбыстауға кеңес береді.

Этикеттің анық танылуы, аңғарылуы шешен мен аудиторияаралық дистанцияның қаншалықты дәл сақталуынан да байқалмақ. Әртүрлі халықтардың ұлттық-мәдени айырмашылықтарымен негізделетін кейбір ерекшеліктері барлығын мойындай отырып, түрмедегідей ортақ қағидаларды да, басшылыққа алу аса қажетті деп есептейміз:


  • сөйлеуші мен тыңдаушының аралық қашықтығы сөздің тегі мен жанры арқылы анықталады. Мәселен, ресми жағдаятта сөз сөйлеудегі ең үлкен дистанция 3-4 м.

  • Қалыпты дистанциядан алшақтау, ауытқуға байланысты жинақылықтың жоқтығын, өзін-өзі жоғары ұстаушылықты аңғартады. Бұл себептердің қай-қайсысы да, сөз сөйлеудің сәтті де жемісті болуына кері әсерін тигізеді;

  • Әңгіме барысында дистанцияның тарылуы байланыс пен сенімнің беки түсуіне дәлел бола алады. Сондай-ақ оны тыңдаушылар көбіне көп оларға өзге жат пікірді тықпалау қадамы, олардың ерік жігерін басып – жаншуға ұмтылыс қалпында да түсінеді. Көпшілік жағдайда тым жақын тұрып байланыс жасау қажетсіз әрі міндетті емес.

Оқу орындарында шешендіктануды игеру арқылы этикалық мәдениетінің қалыптасуында шешендіктанумен байланысы мол ғылым саласы ретінде кинемика ілімі туралы айту орынды. Себебі этикеттің құрамды бөлігінің бірі әрі сөз сөйлеуі тиімділігінің факторы ретінде ым, ишарат, дене қимылы ақпараттарды берудің бірден-бір тиімді құралы. Ол сөздің әсерін үдете тусуге тән. Шешенге тыңдаушыларды сендіруге көмектесуге лайық. Ым, ишарат ұлттық шешендік өнерімізбен тығыз байланысты қолдануылуда әлеуметтік шектеілкке ие.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет