9. 1B комбинаторика және жиындар теориясының элементтері: Жиын ұғымы


VI –тақырып. Ықтималдықтың негізгі теоремалары



бет14/29
Дата05.04.2023
өлшемі1,18 Mb.
#173801
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
комби
математика, Комбинаторика, Текст Диплома 2019
VI –тақырып. Ықтималдықтың негізгі теоремалары.

20. Үйлесімді және үйлесімсіз оқиғалардың ықтималдықтарын қосу теоремалары

Оқиғалардың ықтималдығын табуға арналған есептерді шыға-руда берілген оқиғаны бірнеше қарапайым оқиғалардың комби-нациясынан тұратын оқиға ретінде қарастыруға тура келеді.


Бұл жағдайда осындай есептерді шешу үшін қосу және көбейту теоремалары арқылы өрнектелетін формулалар қолданылады.
Анықтама. А және В үйлесімсіз оқиғалардың қосындысы деп А немесе В оқиғалардың біреуінің пайда болуынан тұратын А+В оқиғаны айтады.
Теорема - 1. (үйлесімсіз оқиғалардың қосындысы). Үйлесімсіз екі оқиғаның ықтималдығының қосындысы осы оқиғалардың ықтималдықтарының қосындыларына тең.
P(A+B)=P(A)+P(B) (11)
1-салдар. Бұл ереже кез-келген қос-қостан үйлесімсіз саны ақырлы
A1, A2,…, An, оқиғалары үшін де орындалады.
P(A1+A2+…+An) = P(A1)+P(A2)+…+P(An) (12)
2-салдар. Егер А1, А2, …, Аn оқиғалары толық топты құрастырса, онда
Р (А1)+ Р (А2)+…+ Р (Аn)=1 (13)
3-салдар. Екі қарама-қарсы оқиғаның ықтималдықтарының қосындысы 1-ге тең.
Р(А)+Р( )=1 (14)
Ескерту. Қандай да бір тәжірибені бір рет жүргізгенде А оқиғасының пайда болу ықтималдығы р арқылы белгіленеді, яғни Р (А)=р, ал А оқиғасына қарама-қарсы оқиғаның ықтималдығы q деп белгіленеді, яғни
Р ( )=q.
1-мысал. 50 бұйымның ішінде 5 іске жарамсыз бұйым бар, Есептің шарты бойынша 25 бұйымның кемінде біреуі іске жарамсыз болады деп тәжірибе жүргізгендегі ықтималдықты анықта.
Шешуі. 25 алынған бұйымның барлығы іске жарамды болсын, оны А оқиғасы деп белгілейік. В арқылы 25 бұйымның ішінде беруі жарамсыз болғанын белгілейік. Әрине, бұлар үйлесімсіз оқиғалар. Онда А+B – партияда бірден артық жарамсыз бұйым жоқ деген оқиғаны анықтайды. Демек, (11) формула бойынша



Анықтама. А және В үйлесімді оқиғалардың А+В қосындысы деп А не В, немесе А және В оқиғаларының пайда болуынан тұратын оқиғаны атайды.
Теорема - 2. (үйлесімді оқиғалар қосындысы). Үйлесімді екі оқиғаның қосындысының ықтималдығы осы оқиғалардың ықтимал-дықтарының қосындысынан олардың көбейтіндісінің ықтимал-дығын шегергенге тең
(15)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет