ҒТАХР03.20.00 РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ САЯСАТЫ АЯСЫНДАҒЫ МЕТРОПОЛИЯ МЕН КОЛОНИЯНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ А.М. Абдилдабекова¹, Э.Т. Телеуова², К.К. Кабдолдина3.
¹Т.ғ.к., доцент, ²т.ғ.к., доцент, 3Магистр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Аңдатпа. Империя тарихын зерттеу өзінің маңыздылығын сақтап отыр. Зерттеушілер империялық мемлекеттердің құрылуының ортақ белгілерін анықтауға, орталық пен периферияның арақатанысын, ұлттық-этникалық, конфессиялық мәселелелерді, «империялық ойлау» сұрақтарына жауап іздеуде. Оның ішінде «Ресей империясының феномені», құрылуы және колонияны басқару мәселесі жиі көтеріледі. Мақалада Ресей империясының отарлау саясатындағы ерекшелігі экономикалық мүддесінде «классикалық империялармен» салыстырғанда «жұмсақ саясатты» ұстануы туралы зерттеушілердің көзқарастары мен еңбектері талданды. Ресей империясы саясатының Қазақстанға қатысты ерекшеліктерін жан-жақты түсіну үшін, ең алдымен, империяның жалпы мәселелерін, оның дефинициясы мен белгілерін, типологиясын, қалыптасу, даму және ыдырау кезеңдерін зерттеудің қазіргі жағдайын түсіну қажет. Империялар қандай сипатта қалыптасты, қандай ғылыми мектептер мен методологиялар аясында зерттелді, бұл бағытта тарихшылар ғана емес, философтар, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар мен мәдениеттанушылар да қандай үлес қосқанын түсіну маңызды. Әр түрлі ғылыми мектептердің зерттеулерінде осы проблемалар талданып, империялардың қалапытасуы, дамуы, әлсіруі және күйреуінің заңдылықытарының ортақтығы мен ерекшіліктерін ашты. Бірақ империяға қатысты нақты қабылданған анықтамасы қалыптасқан жоқ. Дегенмен, ұзақ пікірталастардың нәтижесінде ғалымдар көрсетуі бойынша империя негізінен әскери жолмен қосылған және күшпен толық немесе ішінара бағыну аясында ұстап тұратын аумақтар мен халықтарды қамтитын үлкен көлемдегі мемлекеттік құрылым болып табылады.
Түйін сөздер: геосаясат, империя, колония, метрополия, саясат, экономика, феномен, орталық, периферия, басқару.
IRSTI: 03.20.00 RELATIONS BETWEEN THE MOTHER COUNTRY AND THE COLONY IN THE CONTEXT OF THE POLICY OF THE RUSSIAN EMPIRE