А. Мырзахметов атында


Сеңкібаев С.Т. - п.ғ.к., доцент



бет9/22
Дата05.11.2016
өлшемі4,66 Mb.
#555
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

Сеңкібаев С.Т. - п.ғ.к., доцент,

Карипова Б.А. - С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ магистранты



Аңдатпа

Бұл мақалада Мағжан Жұмабаев еңбектерінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі тәлімдік мұраларының маңыздылығы.
Аннотация

В данной статье рассматриваются эффективность идей Магжана Жумабаева в процессе воспитания подрастающего поколения.

Annotatiоn

This article focuses on the effect of Magjan Zhumabayev’s opinion in the process of up – bringing.
XX ғасырдың ірі тұлғаларының бірі Мағжан Бекенұлы Жұмабаев ақын ғана емес, сонымен бірге өз заманындағы ұлы педагогтардың бірі.Білімін де, ақындық талантын да ол туған елі мен халқының бақыты жолына арнады. Жалпы Мағжанды ақын ретінде ғана тану қате ұғым. Оның ақындығы туа біткен табиғи дарындылығы болса, өмірдегі негізгі мамандығы мен кәсібі ұстаз болған. 1917 жылы Омбының мұғалімдік семинариясын бітірген соң ол осы қалада қазақ жастары үшін ашылған мұғалімдер курсында тарих, әдебиет пәндерінен дәріс оқиды. 1920 жылы Петропавлда мұғалімдер курсын басқарып, педагогика, қазақ тілі, әдебиет пәндерінен тыңдаушыларға сабақ береді. Мағжанның педагогика саласына арнап жазған 1922 жылы шыққан "Педагогика" оқу құралынан басқа "Ана тілі","Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы", "Сауатты бол", 1931 жылы шыққан "Ересек шаласауаттылар программасы", "Жазылашақ оқу құралдары hәм мектебіміз", "Бала тәрбиелеу жолдары" т.б. еңбектері бар. Бұл еңбектеріндегі ең басты қағида - бала тәрбиесі. "Педагогика" оқулығында Мағжан тәрбиені 4 түрге: 1. Дене тәрбиесі, 2. Ақыл тәрбиесі, 3. Сұлулық тәрбиесі, 4. Құлық тәрбиесі деп бөледі. "Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны" - дей акеліп, " Балам адам болсын дейтін ата-ана осы 4 - тәрбиені дұрыс орындасын", - деп үлгі айтады [1, 154]. М. Жұмабаев бала тәрбиесінде ұлттық психологияны қалыптастыру, халық педагогикасының негізінде оқу - тәрбие жұмысын жүргізу қажеттілігін басты назарда ұстау керек екендігін айтады. "Әр тәрбиешінің қолданатын жолы ұлт тәрбиесі" - деп тұжырым жасайды. Жасыратыны жоқ, бүгінгі біздің мектептерімізде тәрбие мәселесі үлкен проблема. Педагогикада оқу мен тәрбие егіз дейміз. Олай болған күнде мектеп табалдырығын шыққан жас бірсыдырғы сауатты шығады. Ал, солардың көбі тәрбиеден жүдеу, олқы шығатыны неліктен? - деген сұрақ туады. Кейбір мәліметтерге қарағанда еліміздегі бұзақылықтың 40-50% - ін 14 - 16 жастағы мектеп оқушылары жасайтын көрінеді. Қазір "гүлденіп келе жатқан нашақорлық, дөрекілік, бейберекетсіздік пен арсыздықтар, т.б. келеңсіздіктерді немен түсіндіруге болады? Оны, меніңше мектептегі тәрбие мәселесінің түбегейлі, жүйелі түрде шешілмей отырғандығынан, ең бастысы тәрбиенің халықтық сипатынан айырылғандығынан деп түсіну қажет сияқты."

Осы тұрғыдан келгенде кінәні жастардан, не қоғамнан іздеуге болмайды. Кінәні жастардан, не қоғамнан іздеуге болмайды. Кінәні дұрыс жолға қойылмай келе жатқан педагогикадан, оқытуды дұрыс уйымдастыра алмай отырған ұстаздардан көру керек. “Тәрбие тал бесіктен ” демекші, Мағжан өзінің “Педагогика ” еңбегінде яғни “Ішкі сезім яки көңіл көріністері ” бөлімінде бала психологиясын қалыптастыруда ата-ана тәрбиесінің үлгілі болуын аңғартады. “Ата-ана қатал болса, бала да қатал, ата –ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ”. “Баланың маңындағы адамдар да дұрыс мінезді болу керек”– деп тұжырымдайды [3, 448]. Ұлт тәрбиесінің балаға берері көп екенін айтпаса да болады. Ол ең алдымен – адамгершілік, ар-ұят, кішіпейілдік. Орыс мектебін бітірген бала мен қазақ мектебін бітірген баланың түсінігі де, ой-өрісі де өзгеше болады [5, 150]. “Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандыктан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті...”дейді Мағжан Жұмабаев. Мағжанның педагогика саласындағи әрбір еңбегіндегі қазақ халқының ежелден келе жатқан тәрбиесі, даланың табиғи мінезі ерекше көрініп тұрады. Ол өзінің педагогикасында оқушыларды ұлтқа деген сүиіспеншілікке тәрбиелеу керектегін ерекше айтады. “...Тәрбиедегі басты мақсат баланы ұстаздың дәл өзіндей етіп қорқытып, тәрбиелеуінде емес, қазіргі жане болашақ өмірге сайма-сай тәрбиелеуінде”. Мағжанның бұл сөздері XX ғвсырда 1920 жылдары айтылса да, бугінгі күн үшін өзекті маңызын жойган жоқ. Бүгінгі және болашақтың ұрпағын қалай тәрбиелеп, оқытып шығару керек? Егеменді еліміздің ұрпақтарын ұлылыққа баулу бүгінгі мектептің парызы. Президент Н. Назарбаев өзінің ”Қазақстан 2030” жолдауында [2]. Оқушылардың қазастандық патриозим мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет..., бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек”, деген болатын. Президентіміздің бұл сөзі мұғалімдер үшін негізгі бағыт, бағдарлама сияқты болуға тиісті. М. Жұмабаев кезінде осы бағытты меңзеді, егеменді елдің егемен мектебі болуын қалаған. Өйткені оқушыны ұлттық рухта тарбиелеп шығару тек ұлт мектебінің қолынан ғана келеді. Кешегі өткен ұлы бабаларымыздың істері бүгінгі ұрпақ үшін үлгі болуға тиіс. Ұлан-байтақ жерімізді қасықтай қаны қалғанша қызғыштай қорғап, бүгінгі ұрпаққа аман-есен тапсырды. Ал, сол жеріміз бен егемендігімізді бүгінгі еліміздің жастары солай қорғай ала ма? Міне, мәселе осында.



Патриотизм мен ұлылықты қалыптастыру құрғақ сөзбен жасалынбайды,оған жүйелі жұмыс, кешенді оқу-тәрбие қажет. Ең алдымен ұлттық мектепке оның тұжырымдамасы, заңдастырылған дүние-болмысы қажет. Әр пебойынша оқулықтар болуымен қатар, қазақ халқының бүкіл жан-дүниесі мен қазақ ұлтының ұли болмысы мен қағидаларының тоғысында қалыптасуы негізінде болуы керек. Этномәдени (поли мадени) білім беру ол Қазақстандағы негізгі ұлт төңірігінде жүзеге асырылуы міндеттті. Ұлттың педагогика сайасатын бізге өзге ұлт, мемлекет емес, өзіміз жасап, қалыптастыруымыз қажет. Біздің халықта әлі патриотизм, ұлылықы деген сезімдер төмен. Израиль, Жапониа, т.б мемлекеттер өз халқын сәби күннен ұлылыққа тәрбиелеуі көп нарсені аңғартса керек. Бұларда жас балаға деген құрмет ерекше. Ұрсу, жекіру, балағаттау деген жоқ. Біздің қазақта да ертеде осындай тәрбиенің болғаны белгілі. Қазақ өзінің баласын ұлылыққа, жақсы іске тәрбиелеген. Мағжан өз “Педагогикасында”, “Баланы ешбір уакыт қорқытпау керек баланы қорқыту қып-қызыл зиян... Жасында қорқытылып ісі адамшылыққа ұнамайтин іс” дейді. Ендігі жерде мектептерімізге ізгілік, демократияландыру принциптері етене енуі тиіс. Ұлттық қағидаларды оқу- тәрбиесі ісіне терең кіргізе отырып, оны алемдік алдыңғи қатарлы өркениетті идеяларымен қабыстыру қажет. Ол үшін тілдерді тереңдете оқу, әсіресе, қазақ, шетел тілін үш - төрт жастан оқуды қолға алу. Тәрбиенің басты ұстанымдары жалпы адамзаттық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дастүрін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне құрметпен қарайтын адам қалыптастыру. Жалпы, Мағжанның бала тәрбиесіндегі идеясы ол “Балаға тәрбиені өзінің шамасына, жаратылысына қарай беру керек...Тұрмыста түиінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы,адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару, баланы мұндай адам алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек”. Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ. Өйткені, олар ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен егемендікті көрді. Ғасырлар тоғысында өмір сүруде. Жаңа ғасыр мектебін қалыптастыру үлкен ойлылықпен, іскерлікпен шешілетін мәселе. Ғасыр басында Мағжан Жұмабаев өзінің “Жазилашақ оқу құралдари hәм мектебіміз” деген еңбегінде “...біздің дағдырып тұрған мектебімізді бастап алып кететін даңғыл жол жоқ....Сондықтан оқу құралын жазып жатқан азаматтар бұл оқу құралы қандай мінезді мектепке арналады сол туралы ой жүгіртсе игі болар еді...Кең қазақ мектебіне негіз іздегенде, таза пәк кезінен, ягни мектеп құрылысының қазақ жанына қабысуы жағынан келуі дұрыс болар еді”- деп жазады [6, 300]. Мағжан Жұмабаевтың бұл ойы қазіргі күнде бағасын жоғалтқан жоқ. Себебі оқулық – мектеп үшін де, оқушы үшін де, қоғам үшін де ең басты құрал. Өкінішке орай, бүгінгі оқулықтар көп көңілінен шығып тұрған жоқ. Мектептегі жөндейміз деп соқыр еліктеуден аулақ болу керектегін де Мағжан көрегендіктен ескертіп кеткен-ді, ол: “...Мектебімізге негіз саламыз дегенде ескертетін іс – соңғы кезде соқыр еліктеу ауруы біздің жанымызға сіңіп барады. Міне, осыдан сақтау керек” деген [4, 350 бет].

Бізге, бүгін ғылыми тұргыдан дәлелденіп, сыннан өткен, халықтың ойынан шығатын, мемлекеттің концепциясынан туындайтын мектеп қажет. Ягни, жоғарыда айтканымыздай егеменді елімізге егемен мектеп қажет. Ол, неше тұрғыдан болады, үш сатылы ма, төрт сатылы ма оны ойластырып, бүкіл халықтың ой елегінен өткізіп барып қабылдаған жөн. Ал он екі жылдық оқу оқыту әлі ерте. Оған ел дайын емес. Бүгінгі материалдық әлеуметтік жағдайлар, мектептегі тәрбие мәселелері оған жауап бермейді. Сондықтан да он бір жылдықтың оқу бағдарламасын жүйелендіріп, ғылымилық сапа жағын дұрыстау қажет сияқти. Адамзаттың Мағжаны атанған ұлы ғұлама педагогтың тәрбие жөніндегі ойлары бүгінгі егемендіктің негізінде ғана бостандық алып, еліне қызмет атқаруда.


ӘДЕБИЕТ

    1. М. Жұмабаев. Педагогика; Алматы «Ана тілі»; 1992. - 154 б.

    2. Н. Назарбаев. ҚР-ы мұғалімдерінің 2-шіқұрылтайындағы сөзі.

    3. Жұмабаев М. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1989. - 448 б.

  1. Бекмаханов Е. Қазақстан тарихы. - Алматы: ҚМБ, 1960. - 350 б.

  2. Сембаев Ә.І. Қазақ совет мектебінің тарихы. - Алматы: Мектеп, 1967. - 150 б.

  3. М. Жұмабаев. Педагогика; Алматы: 1992. - 300 б.


ӘӨЖ 37.035.6
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ТӘЛІМДІК МҰРАЛАРЫ АРҚЫЛЫ АДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТӘРБИЕЛЕУ
ВОСПИТАТЕЛЬНЫЕ НАСЛЕДИЯ М. ЖУМАБАЕВА В ПРОЦЕССЕ

ОБУЧЕНИЯ УЧАЩИХСЯ К ПАТРИОТИЗМУ, К ЦЕННОСТЯМ

ПРИСУЩИМ ЧЕЛОВЕЧЕСТВУ
M. ZHUMABAEV’S EDUCATIONAL HERITAGES AT SCHOOLS

IN THE COURSE OF TRAINING TO PUPIL TO PATRIOTISM, TO VALUES

INHERENT IN THE MANKIND


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет