А. С., Сарсенбаев М. М. ЖӘндіктердің дене қҰрылысын бөлшектеп көрсететін деректі көрнекті қҰрал жасау әдістемесі «Прометей» бағдарламасы шеңберінде Павлодар 2008



бет14/20
Дата18.02.2017
өлшемі4,32 Mb.
#9817
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
25 – сурет. Жәндіктің қанатының сұлба суреті.

1 – қанаттың түбі, 2 – артқы бұрышы, 3 – ұшы, 4 – алдыңғы шеті,

5 – сыртқы шеті, 6 – ішкі шеті.
Қанаттар жұқа қанат пластинкасынан (мембранадан) тұрады. Олар жүйкемен керіліп, беріктігін сақтап тұрады, жүйкелер қанаттың бойымен және қанатқа көлденең бағытпен орналасады. Олар қалың торап немесе көптеген ұяшықтар мен торларды құрайды. Жүйкелендірудің қанаттағы орналасуы жүйкелену деп аталады. Қанаттың түбінен негізгі бойлық жүйкелер шығады да, келесі атауларға ие болады: косталды (С), ол қанаттың алдыңғы шетімен және оның жанымен жүреді. Субкосталды (Sc), санақ бойынша екінші және әдетте қанаттың алдыңғы шетіне жанасады; радикалды (R) – үшінші жүйке, астында тармақтары бар радиальды сектор (RS); ортадағы немесе медиальді (М), шамамен алғанда қанаттың орта бойымен өтетін, қанаттың түбінен шығатын төртінші тармақ, кейде артқы (МА) және алдыңғы (МР) тармақтар болып бөлінеді; 2 жиі жақындасатын жүйке, яғни алдыңғы (СuА) және артқыларының (CuP) ішіндегі; аналды жүйкелер 1-4 жүйке (А14) ішінде болады (26-сурет).


26 – сурет. Жәндіктердің қанатының алғашқы тарамдану сұлбасы.
Бірқатар жаңа тармақтарының қалыптасуы және жекелеген жүйкелердің түсу жолымен айтарлықтай өзгеріске ұшырауы мүмкін. Жәндіктердің әртүрлі отрядтары мен тұқымдастарында қанаттарының жүйкеленуі әртүрлі. Әрбір отрядтың жәндіктерінің қанаттарында өз-өздеріне тән жүйкелену жүйесі бар.



27-сурет. Жәндік қанаттарының әртүрлілігі.

1 – қоңыздың, 2 – қандаланың, 3 – тікқанаттылар отрядының, 4 – инеліктің, 5 – балараның, 6 – шыбынның, 7 – көбелектің, 8 – көбелек қанатындағы қабықшалар.
Қанаттың бойлық жүйкелерінің аралығында көлденең жүйкенің атауы бойынша аталатын алаңдар сериясы орналасқан. Қанаттың көлденең жүйкелер арқылы бөлінген алаң бөлімшелері төмендегідей: басты (аналды тарамысқа дейінгі), аналды (аналды тарамыстар аралығында) және югалды (югалды тарамыстар аралығында). Ең кіші бөлімшелер ұяшықтар деп аталады. Егер ұяшық жан-жағынан жүйкелермен қоршалған болса, онда ол тұйық деп аталады, ал тұйықталмаған болса ашық деп аталады.

Жәндіктер қанатында жүйкелер көп салалы тарамдалған түрде орналасуы мүмкін. Мұнда қалыптасатын ұяшықтар саны 20-дан кем. Жүйкеленудің мұндай типі жаңа қанатты жәндіктерге (көбелектерге, қосқанаттыларға, жарғаққанаттыларға) тән (27, 5,6 суреттер). Ертедегі қанатты жәндіктердің (инелік, біркүндік, т.б. жәндіктер) жүйкелері қалың торап түрінде орналасқан және бір қанатта 20-дан аса ұяшық болады (27, 4-сурет).



Қос қанаттың хитинделіп қатаю деңгейі бойынша қанаттарының екі жұбы да біртекті немесе әртекті бола алады. Екі жұп қанаттың қаттылығы шамамен бірдей болатын жәндіктерге, мысалы, көбелек, инелік, жарғаққанаттыларды (27, 4-сурет) атауға болады. Ал әртекті болған жағдайда алдыңғы қанаттар қатты немесе мүйізді (қоңыздарда) (27, 1-сурет) немесе тері тәрізді (шегірткеде) (27, 3-сурет) ал артқылары жарғақты болып қала береді. Қандала (27, 2-сурет) қанатының құрылысындағы әртектілік қанаттарының бірінші жұбында байқалады: алдыңғы қанатының түп жақ жартысы қатты терілі, ал оның ұшы жарғақты болып келген. Жәндіктердің жарғақты қанаттары мөлдір, жалаң (инелікте, баларада) немесе шаңтәріздес қабықшалармен (көбелекте) немесе түктермен жабылған. Енді қоңыз бен қандаланың қаннаттарының айырмашылығын салыстырып көрсетілген суретті қарастырайық (28 – сурет).

28-сурет. Қоңыз бен қандаланың қанаттарының айырмашылығы

А – қоңыздың үстіңгі қанаты, Б – қандаланың үстіңгі қанаты.

1 – үстіңгі қанат, 2 – артқы қанат, 3 – алдыңғы арқа алды,

4 – қалқан, 5 – 6 – алдыңғы қанаттар (5 – мембранасы, 6 – негізгі шеміршектелген бөлігі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет