ҚҰРСАҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫМШАЛАРЫ
Материал: Алдын ала пластинкада құрастырылған жәндіктер жиынтығы: сона, ара, шабар, көк шегірткенің ұрғашысы, еркек қиғы, айырқұйрық, қара тарақан.
Құрал-жабдықтар: 10 есе үлкейткіш лупа.
Тапсырманы орындау барысы:
Сона, ара және шабардың құрсақ түрлерін анықтап, суретін салу.
Бірнеше түрлі жәндіктердің құрсақтарының әртүрлілігіне зер сала қарап, түрлерін қарастырып, суретін салып алу.
Тапсырмаға түсініктеме:
Құрсақтың төмендегідей түрлері болады:
Отырмалы, салбыраңқы және сабақ тәрізді т.б (29-сурет).
29 – сурет. Жәндіктердің құрсақтарының әртүрлілігі.
Отырмалы: 1 – қиғы; салбыраңқы: 2 – сона, сабақты: 3 – араның; сабақ тәріздес: 4 – сона, 5 – жылтырауық қоңыздың,
6 – шабандоздың, 7 – түймедақ жарғаққанат
Құрсақтың қосымша мүшелерінің түрлері алуан түрлі және көбінесе төменгі бөліктерінде орналасады. Құрсақтың жыныстық қосымша мүшелеріне еркегінің жұптасу мүшелері, шаншар, түрі өзгерген жұмыртқа салғы, ұрғашысының жұмыртқа салғысы жатады.
Олар көбінесе құрсағының сегізінші-тоғызыншы бунақтарында орналасқан.
Жұмыртқасалғысы бүктелетін аяқ тәріздес үш компоненттен тұрады (30, 3 сурет).
30 – сурет. Құрсақтың қосымшалары.
1 – тарақанның грифелькасы (гр) және церкасы( ц);
2 – айырқұйрықтың тістеуік тәріздес өсіндісі;
3 – шегірткенің жұмыртқасалғысы.
Тыныштық күйінде артқа айналады, бірақ жұмыртқа салу кезінде аяқ жағы төменгі жағына қарай айналады. Қоңыздарда және қосқанаттыларда жұмыртқа салу үшін құрсақтың соңындағы қозғалмалы және өте тарылған бунақтары қызмет етеді, олар телескопиялық жұмыртқасалғы болып табылады.
Еркек жәндіктердің қосымша жыныс мүшелерінің құрылымы әртүрлі жәндіктерде ерекшеленеді. Оларды бір топтың жәндігін екінші топтан айырып білу үшін систематикалық белгі ретінде пайдаланады. Құрсақтың артқы жағындағы түр өзгерістеріне церканың қос құйрықтық қосымшалары жатады. Олар жеке-жеке мүшеленген 10 бунаққа бекітіліп тұрады (30-сурет). Төменгі сатыдағы жәндіктердің аяққұйрықтарын ерекшелейтін секіргіш айыры болады. Ал еркек тарақанда грифелькасын көруге болады (30, 1- сурет).
Айырқұйрықтың құрсағының соңғы жағы мықты және қысқаш тәрізді болып келеді (30, 2 – сурет).
Сона, шабардың құрсақ бөліктерін қарастырып, суреттерін салып алыңдар. 30-суреттегі жәндіктердің құрсақ бөлігін қарастырыңдар.
Көк шегірткені, церканың жұмыртқа салғысын және тарақанның грифелькаларының суретін салып алыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |