А. С., Сарсенбаев М. М. ЖӘндіктердің дене қҰрылысын бөлшектеп көрсететін деректі көрнекті қҰрал жасау әдістемесі «Прометей» бағдарламасы шеңберінде Павлодар 2008



бет20/20
Дата18.02.2017
өлшемі4,32 Mb.
#9817
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Тарақанның басы. Тарақанның мұртшалары ұзын және ылғи қозғалыста болады. Тарақан көбінесе түнгі өмір салтымен өмір сүріп және иіс сезгіш мүшесі мен сезім мүшелері болып табылатын мұртшасы болмаса жейтін қорегін тауып жей алмас еді. Тарақанда басының екі жағында қос күрделі немесе фасеттік көздері болады, ал олардың алдыңғы жағында мұртшалардың маңайында тағы да екі өте кішкентай қарапайым көзшелер орналасқан (34 - сурет).

Тарақан нан үгінділерімен, асханадан қалған қалдықтармен қоректенеді, жұту қабілеті әлсіз. Тарақанның ауыз қуысы кеміргіш түрде болады (34-сурет), үстіңгі жағында жұпсыз, қыртысталған, хитиннен құралған үстіңгі ерін қалыптасады. Оның үстіңгі қыртыстарының астында тарақан қорегін кеміретін қос жвалалары – қатты кетіктелген, хитинді пластинкасы бар. Одан соң жақтық қармалауыштары бар төменгі жақ сүйектері орналасқан. Ал одан соң қос қармалауышы бар астыңғы ерін орналасқан. Астыңғы еріннің құрылысына қарап, бірінші қос жақсүйектің пішініне ұқсас, тек бірге өсіп еткен екінші қос жақсүйектен туындағанын аңғару қиын емес.

Жвалалар негізгі шайнау құралы болып табылады. Шайнау процесінде астыңғы жақ сүйектері де қатысады. Астыңғы жақ сүйектері мен астыңғы ернінде дәм сезу органдары орналасқан, ал жақтық және еріндік болып келетін екі қос қармалауыштары қорегінің бөліктерін сезіп, оларды шайнау барысында икемдеп, ұстап тұрады.

Осылайша, шайнау аппараты алдыңғы жағы үстіңгі ерінмен көмкеріліп тұратын үш қос ауыз қимыл мүшелерінен құралады. Ал тарақанның және тағы да басқа жәндіктерді басында қос мұртшасымен қоса төрт жұп түр өзгеріске ұшыраған қимыл мүшелері бар.



Кеуде. Кеуде бөлігі ұшында тұтқыр тырнақтары бар, үш бунақтан тұратын аяқтары бар. Тарақанның аяғы ұзын, жүгірмелі аяқ болып келеді. Басқа да жәндіктер сияқты, тарақанның аяғы 5 бөліктен тұрады:

  1. кеуде сегментіне бекітіліп тұратын жамбастары

  2. кішкентай мүше – ұршық;

  3. саны – аяқтын ең жуан бөлігі;

  4. тізе – аяқтың ең ұзын жері;

  5. табандары – ұштарында тырнақтары бар 5 ұсақ мүшелерден тұрады.

Тарақанның ұрғашысында кеудесінің екінші немесе үшінші бунағының аралығында орналасқан тағы екі жұп қанаты болады. Басқа қанатты жәндіктерге қарағанда, тарақан ұша алмайды. Кейде биік жерден құлағанда, туындайтын үйкелісті азайту үшін қанатын парашют ретінде пайдаланады. Әрбір қанат беріктілікті қамтамасыз ететін қанаттын жіп тәрізді талшықтарымен қалыңдап, әрбір қанатта қос қатарлы хитиндік жамылғысын түзеді.

Қара тарақанның ұрғашысының қанаттары дамымаған күйінде болады.



Құрсағы. Тарақанның құрсағы өткір затпен кесілген кесінділер тәрізді айқын мүшелерге бөлінбеген, осыдан, осындай жануарларды жәндіктер деп атауға негіз туған. Құрсақтың соңғы бөліктерінде бірінен соң бірі орналасқан жыныс жүйесі орналасқан, ал денесінің екі жақ жанында тек қана құрсақта емес, кеудесінде де болатын қос демтүтіктері болады.

35 - сурет. Қара тарақанның бунақтарға бөлінген құрсағы мен қосымша мүшелері.

Оң жақтағысы – еркегі, сол жақтағысы – ұрғашысы.

1-9 құрсақ бунақтарының стерниттері, 10 – грифелькалары, 11 – церкасы.
Тарақанның соңғы артқы бөлігінде қос мүшеленген церкасы болады. Оның түрі өзгерген қимыл мүшесі. Көптеген басқа жәндіктерде ондай құрсақтық қосымша мүшесі жоқ.
Басқа топтардың сыртқы құрылысының

негізгі ерекшеліктері.
Жәндіктер әлемінде кездесетін түрлік құрам мен құрылыс ерекшеліктеріне қарамастан, біз зерттеген қара тарақанның негізгі құрылысы барлық жәндіктерге тән деп санауға болады. Бұл дене пропорциясы мен мөлшерін, денесінің түсі, т.б. ерекшеліктерді есепке алмаған жағдайда. Бірақ, әрбір жәндіктің әртүрлі өмір сүруіне байланысты, әртүрлі қозғалу әрекетіне, әртүрлі қоректенуіне байланысты әртүрлі жәндіктерде кейбір дене бөліктері аз-кем мөлшерде өзгеріске ұшырауы мүмкін. Жәндіктердің көбінесе ауыз бөліктер, аяқ және қанаттары ерекше түр өзгеріске ұшыраған.

Ауыз бөліктері. Тарақанның ауыз аппаратында ерекше түрі өзгерген бірнеше үш жұп мүшелерін оңай білуге болады. Осындай түр өзгеріске ұшыраған құрылымды шегіртке, көк шегіртке, инелік, қоңыз, соналарда көруге болады. Олардың ауыз аппараты кеміргіш түрде болады. Бал ара мен аралар сұйық қорек – гүлден алатын шірнемен қоректенуіне байланысты ауыз аппаратының кейбір бөліктері түрлік өзгеріске де ұшыраған. Үстіңгі ерні мен жвалалары шайнап жейтін жәндіктердің ауыз аппараты түрінде қалып қойған. Бал аралар мен аралар өздерінің балауыз тор көздерін құрастырғанда жвалаларымен жұмыс істейді. Бірақ астыңғы жақ сүйектері алға сүйірленіп келгендіктен, ал астыңғы ерні одан бетер сүйірленіп келгендіктен, екеуі бірігіп, ұзын түтік түрінде келеді де, ара мен бал ара осы түтік арқылы гүл шірнесін сорады. Осыған сай осы жәндіктерде ауыз аппараттары сорғыш-шайнағыш түрінде болады.

Масаларда ауыз аппараттары керісінше түр өзгеріске түскен. Тарақанда бар барлық мүшелер масаларда да бар. Бірақ оның ауыз аппараты ұзындығына созылып, өте сүйірленіп келіп, қадалғаш-сорғыш тұмсықты түрде болады. Осыдан тұмсығының жалғасы астыңғы ерніне жалғасып, астыңғы ерні науа тәріздес болып келген. Маса өзінің тұмсығын жануарға немесе өсімдікке қадағанда, астыңғы ерні қадалған жерге кірмей, тұмсығының қалған бөлігін демей отырып, тұмсығының бойлап қадалуына бағыттайды.

Көбелектің де ауыз бөліктері түр өзгерістерге ұшырап, сорғыш ауыз аппаратын түзген. Көбелектерде үстіңгі ерні мен жвалалары дамымаған, есесіне астыңғы жақ сүйектері алға қарай қатты сүйірленіп шығып, ұзын науа түріне енген. Осы науа тұмсыққа айнала отырып, көбелекке гүлдің шірнесін соруға көмектеседі. Басқа уақыттарда көбелектің тұмсығы спираль тәрізді оралып келеді де, жан-жағынан ерін қармалауыштарымен жабылып тұрады.
Шыбынның ауыз аппараты ерекше түр өзгеріске ұшыраған. Оның ауыз аппаратының жекелеген бөліктері тарақанның және кейбір жәндіктердің ауыз бөліктеріне сәйкес келеді де, жалағыш ауыз аппаратын қалыптастырады.

Аяқ. Жәндіктердің аяғы өрмелеу үшін жаратылғандықтан, олардың аяғының құрылысы тарақанның аяғының құрылысымен сәйкес келеді. Тек басқа жәндіктердің аяқтарының тарақанның аяқтарынан айырмашылығы – аяғының азды-көпті ұзын болуы мүмкін.

Көк шегіртке, шегірткенің аяқтары тек қана өрмелеуге ғана емес, олар өзінің ұзын артқы аяқтарының көмегімен секіруге де бейімделген.

Дымқыл топырақта жүріп, ондағы өсімдіктің тамырымен қоректенетін бұғықоңыздың алдыңғы аяқтары тарақанның аяқтары сияқты жүгірмелі болғанмен, ерекше пішінде болады: оның аяқтары өте күшті және жалпақ, соған сай олар жер қазатын құралға айналған.

Оңтүстік облыста тіршілік ететін, суда өмір сүретін су шаянында алдыңғы аяқтары жоғарыда айтылып кеткен жәндіктердің аяқтарымен салыстырғанда, басқаша түр өзгеріске ұшыраған. Осы жыртқыш жәндіктерде бірінші жұп аяқтары жармасып, шап беріп ұстау мүшесіне айналған. Осы аяқтарымен олар өз қоректерін ұстап, сосын аузына салады. Суда өмір сүретін жүзгіш-қоңызда және қандала-бүргесінде күшті артқы аяқтары ескекке айналған. Осыған байланысты олар жер бетінде қыбырлап жүруге бейімделмеген.

Қанаттары. Көптеген жәндіктерде ересек кезеңінде қос жұп қанаттары болады. Кейде алдыңғы қанаттары артқы қанаттарына қарағанда тығызырақ келеді де, қорғаныш қақпақшасы ретінде болады. Осындай қанаттар тарақанда, шегірткеде, көк шегірткеде, қандалада болады.

Қоңыздарда астыңғы қанаттары түр өзгеріске ұшырап, берік үстіңгі қанатқа айналған, оның астында ұшуға арналған жарғақ қанаттар жасырын орналасады. Қоңыз ұшуға дайындалғанда, үстіңгі қанаттарын көтеріп, екінші қос қанатын жайып, ауа кеңістігінде қалықтап жүре береді.

Шыбын мен масаларда ұшу үшін керісінше, тек алдыңғы жұп қанаттары қызмет етеді, ал артқы қанаттары дамымаған мүше болып қала береді, сондықтан оларды барылдақ деп атайды.

Кейбір жәндіктердің ересек сатысында да қанаттары жоқ болады. Оларға басқа жануарларда тіршілік ететін паразит жәндіктер жатады, мысалы, бит, бүрге, төсек қандаласы.



МАЗМҰНЫ
Кіріспе..........................................................................................................3

Жәндіктерді жинау, сақтау және олардың түрлік

құрамын анықтау тәсілдері.........................................................................4

Буынаяқтылар типінің негізгі кластары, оларды

ажыратып тану белгілері.........................................................................14

Буынаяқтылардың негізгі кластарының ересек

сатысында анықтауға арналған кесте......................................................17

Жәндіктер класы........................................................................................18

Жәндіктер туралы жалпы мағлұмат........................................................18

Ересек жәндіктердің қатарын (отрядын) ажыратып

тануға арналған кесте...............................................................................24

Жәндіктердің денесінің сыртқы құрылысы............................................30

Денесінің бунақтануы, оның бөлімдерге бөлінуі...................................30

Жәндіктердің басының құрылысы...........................................................33

Мұртшалардың құрылысы және әртүрлілігі..........................................32

Ауыз аппаратының құрылысы және оның әртүрлілігі..........................37

Жәндіктердің аяқтарының құрылысы және әртүрлілігі........................45

Жәндіктердің қанаттарының құрылысы және әртүрлілігі....................47

Құрсақ және оның қосымшалары............................................................53

Жәндіктердің даму сатысымен танысу...................................................55

Дернәсіл мен қуыршақтың түрлері.........................................................57

Қара тарақанның құрылысы және тұрмыс қалпы..................................61

Басқа топтардың сыртқы құрылысының

негізгі ерекшеліктері.................................................................................65



Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................69

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Бей-Биенко Г.Я. Общая энтомология. М., 1980.

  2. Воронцов А.И, Мозолевская Е.Г. Практикум по лесной энтомологии. М., 1973.

  3. Горностаев Г.Н. Насекомые СССР. М., 1970.

  4. Зеликман А.А. Практикум по зоологии беспозвночных. М. – Л., 1964.

  5. Иванов А.В., Мончадскии А.С. Большой практикум по зоологии беспозвоночных М., 1983.

  6. Мамаев Б.М., Медведьев Л.Н., Правдин Ф.Н. Определитель насекомых Европейской части СССР. М., 1976

  7. Тыщенко В.П. Руководство по энтомологической практике Л., 1983.

  8. Яхонтов А.А. Зоология для учителя М., 1982.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет