АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет43/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

14. Ол

шын мағынасындағы данышпан. Қазір дүние жүзіндегі ойшылдардан бұдан

асары  жоқ.  Оның  негізгі  мақсаты:  тұрмыс  қалыптары  ойлы-қырлы  болып

келе  жатқан  адам  қоғамын,  олардың  ішінде  –  отарлық  шығысты,  оның

ішінде  –  сібірліктерді,  оның  ішінде  өз  туған  елі  –  буряттарды  тіршіліктің

бар жүйесімен теңестіру. ( омы қалай істеудің жолын жанталаса іздеуде...

– Таба алмайды ғой оны! – деді Шоқан демін соза ауыр алып.

–  Рас!  –  деді  Потанин  де  сондай  сезіммен,  –  адам  қоғамы  саналанған

кезден  бастап,  талай  ойшылдардың  миын  шаршатқан,  бірақ  жете  алмаған

талабы ғой бұл.

–  Дегенмен  ізденуден  тынудың  керегі  жоқ.  Тіршілік  дегеннің  өзі  –  үміт

емес пе?

– Ол да рас.

Потанин одан əрі Доржи Банзаров жайындағы əңгімелерін жалғастырып

əкетті.  Оның  өмірбаяны  Потаниннің  алақанында  екен.  Əуелі  осы  жағын

таныстырып алғысы келіп:

–  Сібірде  келген  орыс  отаршылдарынан,  алғашқы  ақылды  адам,

патшаның  сол  кездегі  сенімді  өкілі  –  граф  Савва  Рагузинский  болғанға

ұқсайды,  деп  бастады  ол  сөзін.  –  1727  жылы  Россия  мен  Қытайдың  шегін

белгілеген «буралық» аталатын шартқа қол қойған сол кісі.

– Сол «бура» не? – деп сұрады Шоқан.

–  Өзен  аты.  Тегі  гундар  тұсынан  сақталған  түркілік  атау  болу  керек.

Ондай атаулар бұл маңайда көп. Мысалы, «Аргун» деген өзен бар. Бұл, тегі

«Арғыннан»  шыққан.  Гундар  заманында,  сол  өзенді  қазақтың  «Арғын»

аталатын руы мекендеуі мүмкін.

– Қызық екен.

–  Граф  Рагузинскйй  туралы  сөзімізді  аяқтайық.  Оның  ақылдылығы,  –

сол  шарттан  кейін  тұрғын  халық:  эвенклер  мен  буряттардан  казак

хошундарын құрып...



– «Хошун», – деп алды Шоқан.

– Монғолдардың əскерлік жиын деген сөзі...

– Қазақтардың «қосын» деген сөзі сияқты екен.

– Екеуі бір мағыналы сөз болуы мүмкін. Сонымен, граф ұйымдастырған

қосындар,  құрылғанынан  бүгінге  дейін  шекараның  сенімді  сақшылары

болып келеді.

Сібір ұлттарынан казак отрядтары құрылуын естігенмен, егжей-тегжейін

білмейтін Шоқанның ол жайды біліп алғысы кеп:

– Казактік чиндері орыс казактары сияқты ма? – деп сұрады.

–  Əрине,  түгелімен:  онбасы,  елубасы,  жүзбасы...  дегендерінің  бəрі  де

бар.  Ең  жоғарғысы  –  наказной  атаманына  дейін.  Бұл  өлкенің  қазіргі

наказнойы буряттан шыққан атақты тайши – Дымбыл Галсановтың баласы.

Менің  əкеммен  Омбыдағы  казактің  училищені  бірге  бітірген,  орыс  тіліне

жетік атаман. Ол жайда кейінірек...

–  Доржи  Банзаров,  –  деп  жалғастырды,  Потанин  сөзін,  –  онбасы  –

Банзар  Боргоновтан  Селенга  өзенінің  жағасында  1822  жылы  туған.  Ар

жағын  қысқарта  баяндайын:  бес  ұлы  болған  Банзар,  кішкене  күнінен

зиректігіне  көңіл  бөліп,  əуелі  дацан  ламасына  монғолша  тілін  сындырған

да, одан кейін, он бір жасқа шыққанда, осы Кяхтада жуырда ғана ашылып,

оқуы  жүріп  жатқан  орыс-монғолдың  əскерлік  школасына  берген.  Зирек

бала  төрт  жылда  оны  «ерекше»  деген  мақтаумен  бітірген.  Сол  кезде

Қазандағы  гимназияға  буряттан  төрт  бала  жібермек  боп,  біреуіне  Доржи

іліккен.  1836  жылы  төртеуі  де  қабылданған.  Келер  жылы  жер  жағдайын

көтере алмай, екеуі өлген, біреуі қашып кеткен.

– Қап! – деп қалды, төртеуінің гимназия бітіруіне іштей тілектес болып

отырған Шоқан.

– Иə! – деді де, солай өкінетін Потанин, – сонымен, гимназияны Доржи

алты жылда ерекше бағамен тамамдайды. Содан гимназия басшыларының

ізденуімен, Қазан университетіне түседі.

– Бəрекелді!..

–  Бұл  университетте  дүние  жүзіне  əйгілі  ұлы  математиктердің  бірі,

орыстың  сол  кездегі  алдыңғы  қатардағы  прогресшіл  ойшылының  бірі  –

Николай Иванович Лобачевскийдің ректор кезі.

– «Ғалымдығының үстіне, кісілігі де зор еді» деседі, білетіндер.

– Мен де солай естідім.


– Сонымен, Банзаров жайы?..

–  Университетті  де  төрт  жылда,  озық  студенттер  қатарында  тауысады.

Одан  гимназияда  үйрене  бастаған.  француз,  неміс  жəне  латын  тілдерін

жақсы  біліп  шығады.  Оларға  қосымша:  санскрит,  фарсы  жəне  татар  тілін

біледі.

– Тамаша екен!



– Енді не істеу керек?

– «Бəсе» деймін-ау? – деді Шоқан.

–  Сол  бір  тұста,  Қазан  университетінде  орыстың  шығысты  зерттейтін

атақты


ғалымдары

жəне


ағартушылары:

Аристов,

Ковалевский,

Котельников  сабақ  береді  екен.  Олар  Банзаровқа  университетке  кіре  көңіл

бөліп,  үлкен  үмітпен  қатарларына  ала  бастаған.  Мысалы,  қытай,  манжур

тілдері  жүретін  университетте  оқытушы  нашар  болып  шынтуайтында

оқытушы  ол  емес,  оған  жəрдемші,  бұл  тілдерді  жəне  иероглифын  жақсы

білетін Банзаров болған.

– Сонымен? – деді, Банзаров тағдырының əрі қарай қалай өрбуін естуге

асыққан Шоқан.

– Сонымен, қазандық қамқоршылары Банзаровты Петербургтағы Ғылым

Академиясына  қызметке  жібертеді.  Оған  патша  сарайы  қасындағы

сенаттың ұлықсаты керек. Оны алу қиынға түседі.

– Неге?


– Банзаровты қазақ-орыс дедік қой. Əскерлік міндетін жиырма бес жыл

өтемеген  қазақ-орысқа  өзге  қызметке  шығуға  ұлықсат  жоқ.  Осы  қиын

мəселені  сенаттың  шешуіне  жылдан  артық  уақыт  өтеді.  Бұл  мерзімде

Банзаров,  ішіне  «Қара  дінді»  қоса,  көптеген  ғылыми  еңбектерді

жариялайды.  Маманы  табылмай,  академия  архиві  мен  кітапханасында

ошарылып  жатқан  қытай,  манжур,  монғол,  үндістан,  фарсы  елдерінің

материалдарын,  кітаптарын  ретке  келтіреді.  Синолог15  аталып  жүретін

Бичуриннің,  Шмидттіқ  жаңсақ  пікірлерін  əшкерелейді,  оқымыстылар  оны

«ориенталистердің арыстаны»16 деп атайды.

– Сонымен, ақыры? – деді Шоқан асығып.

–  Ақыры,–  деді  Потанин  күрсініп  ап,  –  сенат  Банзаровты  Петербургта

қалдырмауға ұйғарады. Патша ол пікірмен ризаласады.

– Ох, оңбағандар-ай! – деген сөз шығып кетті, ыза кернеген Шоқанның

аузынан;  бұл  даттаудың  ішінде  патша  да  бары  есіне  түскен  ол,  «хатасын»

түзегісі келіп, – қайда жіберетін болған, сонымен? – деді.


– Байқал төңірегіне.

– Кім ғып?

– Ерекше тапсырмалардың чиновнигі ғып.

– Aha! – деді де, Шоқан ойланып қалды.

– Өйтпегенде ше?

–  Бұл  чин  қарамағындағы  халықтың  ішінде  патшашылдыққа  қарсы

немесе  прогресті  жақтайтын  пікірге  тыңшылық  жүргізіп,  үкіметтің  тиісті

орындарына  хабарлап  тұру.  Байқал  төңірегі  тунгустар  мен  буряттар.  Екеуі

де отар елдер. Екеуі де бостандық көтерілісін əлсін-əлсін жасап тұрады деп

есітеді.  Ендеше,  сол  елдерден  шыққан  Банзаров,  туған  жеріне  тыңшы

болып барады екен ғой. Саналы адам санатында жүрген Банзаровқа бұдан

артық  азап  бола  ма?  Сенат  пен  патша,  осы  азапқа  Банзаровты  қасақана

жіберетін болған ғой!..

– Сонан? – деді Шоқан.

– Сенат əуелі Қазанға жібереді.

– Онысы несі?!

– Менімше, ондағы ойы: төрт жүз жылдар, отаршылдық тепкісін көріп,

елдігін  сақтауға  жанталасып  келе  жатқан  татарлардың  сырын  білуге,

тыңдап көрсін дегені болар.

– Ондағы мақсаты не?

– Байқалда қалай тыңшы болуды, алдын ала үйрету де.

– Рас-ау! – деді Шоқан.

Сөздерін  одан  əрі  жалғастыруға,  көңілдерін  үрген  иттің  даусы  бөліп

кетті.


«Ит» дегеніміз: денесінің үлкендігі жаңа туған көжектей ғана, бірақ одан

əлдеқайда  жіңішке,  жүні  шымқай  қара,  бауыр  жағы  сарғылт,  тықыр  түкті,

танауы  таңқы,  көздері  едірейген,  құлақтары  шашақты,  құйрығы  түбіне

шолақ  қанден.  Александра  оны  бауырын  көтерген  күшік  кезінде  біреуден

қалап  алған  еді.  Одан  бері  ақылы  өскенмен,  бойы  сол  қалпында  қалып

қойды.  Ал,  ақыл  дегені  адамнан  бетер  сияқты,  ұқпайтын  нəрсесі  жоқ.

Сақтығы  сұмдық:  жердің  асты-үстіндегі  қыбырлағанның  бəрін,  олардың

жақсысы  мен  жаманын  түгел  сезеді.  Арам  ниеттіге  жаны  өш.  Даусы

шаңқылдаған  ащы,  жек  көргеніне  қабаған.  Тісі  тиген  мақлұқ  маңына

жоламайды. Кісі қолынан тамақ жемейді, иесі лұқсат етпей тағам татпайды.

Жұмсауына  елпілдек.  Үйде  қалса  сенімді  күзетші,  түзге  шықса  айтқанын


орындайтын  тіл  алғыш...  Еркек  ит  бола  тұра  ұрғашы  санағысы  кеп,  атын

«Дуська» қойған. Оның ырылдап я үріп дыбыс беруі, – маңайда ыңғайсыз

бірдеменің бары. Тиыштық болса тым-тырыс.

Александраның,  қасынан  қалмайтын  Дуська,  Шоқанды  алғаш  көргенде

жатырқап  мазасызданайын  деп  еді,  иесі  «өзіміздің  кісі»  дегеннен  кейін

«ауыл  үй»  қонып,  еркелеп  алды.  Жатарда  қалжыңдап  Шоқан  Александра

бөлмесіне  жатпақ  болғансыған  еді,  Дуська  ызалана  ырылдап,  қуып

шыққандай болды. Потанинға да сөйтеді екен. Сондықтан, Александраға:

– Некелене қалсақ қайтеміз? – десе,

– Оны ұғындыруға болады, – дейді Александра.

Хозяйкасының  бөлмесіндегі  жұмсақ  креслода  жататын  Дуська  көп

уақытқа дейін дыбысын шығармады. «Тегі, екеуі де ұйықтаған болу керек»

деп жорамалдады əңгімелері қыза түскен достар.

Сөйтіп  тым-тырыс  тұрған  Дуськаның  əуелі  ырылдаған,  одан  кейін

шаңқылдай шəуілдеген үні шыға қалмасы бар ма?..

«Бұ  несі?!»  дегендей  жатқан  орнынан  басын  көтере  берген  Потанин,

еркінен  тысқары  кровать  қасына  сүйеп  қойған  қылышын  ұстай  алып,

қынабынан  суыра  бастады,  қолы  сөйткенмен  көзі  терезеде;  басын

жастықтан  Григорийге  қосарлана  көтерген  Шоқан  да,  жатарда  жастық

астына  тыққан  кольтін17  суырды.  Оның  көзі  де  терезеде.  Бұл  дүбірді

естігендей,  қатардағы  бөлмеден  үстіне  жазғы  пальтосын  желең  жамылған

Александра мен сыртқа қарап шəуілдеуін үдете түскен Дуська да кіре берді.

Жақында ғана туған ай мана батып кетіп, «бестік» аталатын кəресін шамы

достар  жатқанда  сөндірілгендіктен,  бөлме  іші  тастай  қараңғы.  Дала  да

сондай!

– Неге үрді? – деген дыбыс берді Потанин.



– Жəй үрмейді. Біреу болу керек – деді Александра.

Есқара жайын естімеген ол:

– Əлдекім шығар, маңайдан өтіп бара жатқан. Дуськаның ондайға құлақ

түре қалатын əдеті. Осы маңда қарулы күзетші де бар емес пе. Сіздер неге

дүбілдіңіздер?! – деді қонақтарына.

– Сол болу керек! – деген даусы естілді Потаниннің.

– Кім ол? – деді, басына «қауіпті жат біреу болғаны ма?!» деген ой орала

қалған Александра.

– Кейін айтармын, Сашка, – деді Потанин əрі салқын бөлмеде тоңазыған,

əрі үрейлі сезімі бойынан кетпеген дірілді дауыспен.



– Осылай отыра береміз бе, үрейленіп, – деді Шоқан, – тысқа шығайық

та байқайық.

–  Кімді?!  –  деді  Александра  тоңазығандай,  я  қорыққандай  дірілдеуге

айналып.


Итті ерткен бəрі, қаруланған түрде топтаса тысқа шықты. Терезе сырты,

ішіне  қалың  бұта  ескен  терең  сай  еді.  Шəуілдеген  ит  төмен  құлай,  бұтаға

сіңді де кетті. Даусына қарағанда, ол əлденені қуып жеткен. Анау қорғанып

маңайлатпаған

сияқтанды.

Əлдекім,

əлде

не


барын

шамалаған

қарулылардың  да  итке  қарай  баруға  ниеттері  шапты.  Бірақ,  қалай  барады?

Терең  сайдың  түнгі  елесін  тұтас  алғанда,  мыңдаған  кісілерді  жұтқалы

аранын ашып тұрған, адам айтқысыз кең терең көрге ұқсайды!

Күзетшіні  іздесе,  бір  қуыста  мылтығына  сүйенген  қара  басқыр,

шөкесінен отыра қорылдаған қатты ұйқыда. Оны оятудың қажеті не?

Ит  абалаған  жақта  біреу  барын  бəрі  де  жорамалдады.  Оның  кім  екені

Александраға танық болғанмен Шоқан мен Потанинға анық сияқты. Солай

шамалай  тұра,  қорқытқысы  келмегендей,  олар  Александраға  əлі  де

естіртпеді.

Бəрі де үйге кірді. Иті оралған Александра, оның қуғанын, қалаға түнде

ұрланып  келіп  жүретін  жабайы  шошқаларға  жорыды.  Сондықтан,

қалшылдай тоңазыған итін бауырына баса, төсегіне жатты да, денесі ілезде

ысыған  иттің  жылы  буына  бөленгендей  маужырап,  тез  қалың  ұйқыға

кетті...


Шоқан мен Потанин да орындарына жатты. Бірақ олар енді шүйіркелесе

кеңеспейді. Шоқанның айтқаны:

– Расымен сол болғаны ма?!

– Менімше, нақ сол.

Потаниннің  ойы  қаталасқан  жоқ.  Шынында  да  бұлар  жатқан  бөлменің

терезесіне  таянып  келген  Есқара  еді.  Ол,  мана  екі  достың  қайда  жатарын

сырттан бақылап, кəресін шамның əлсіз жарығынан көріп кеткен. Əлде не

күйлеген  қаншықпен  əуейленген  Дуська,  бір  топ  төбетке  араласып,

алысырақ жаққа кетіп қалған.

Алғаш жылы үйдегі кровать үстінде бастарын көтеріп отырып кеңескен

екі  досты  терезеге  еппен  басып  кеп  сығалай  қараған  Есқара  айқын  көрді.

Қаруларын  ала  келмеуіне  ол  қатты  өкінді.  Қаруы  екеу  еді:  бірі  –  өткір

қайраған  балта,  екіншісі  –  монғол  садағы.  Балтаны  оның  сілтегіштігі

сондай:  өзге  ағаш  былай  тұрсын,  «темір  батпайды»  дейтін  фихта  мен

лиственница  бөренелеріне  шапқанда  ұңғысынан  кіргізеді.  Ал,  садақ

тартуды  осы  Кяхтаға  келе,  монғол  солдаттарынан  үйренді.  Садақ  тарту,



олардың  əскерлік  ойындарының  бір  түрі.  Нысанаға  олар  жуан  ағаштың

безінен  жасаған  дөңбекті  тігеді.  Соған  ең  кемі  жүз  адымнан,  əйтпесе,

қарының  қаруына  қарай  одан  да  əрі  жерден  атқанда,  жебесі  мүлтіксіз

қадалады.  Соны  қызық  көрген  Есқара  да  ілезде  жаттығып  ап,  оқты  ең

алыстан,  ең  дəл  тигізетіндердің,  жебені  сағалата  кіргізетіндердің  бірі

болған.  Шоқанға  ол  осы  екі  қарудың  қай  реті  келгенін  қолданбақ  болған:

жақын көз кеп қалса балтаны, алысырақ болса садақ оғын жұмсамақ

Соңғы күндерде Есқараға «көкшетаулықпын» деген бір қаңғырған татар

кездескен  еді.  «Айлас  қатын  мұңдас»  дегендей,  екеуі  бірін-бірі  тез  танып,

тез  мұңдасып,  тез  сырласа  қалды.  Сырлары  –  екеуі  де  күштіден  зорлық

көргендер, екеуі де қиырдағы Сібірге айдалғандар, бұл жолда екеуі де ауыр

азапқа ұшырағандар, екеуі де бұл азаптан қашқандар. Айырмалары – татар

орыстың  тілін  де  білетін,  барар  жөнін  де  білетін  кісі  болып  шықты.  Ол

Есқараны  ертіп,  жуық  арада  ел  жақтарына  жөн  тартпақ.  Татардың  уəдесі:

елін  қалай,  қайдан  табарын  білмей,  басы  айналып  қалған  Есқараны,  туған

жеріне жеткізіп салмақ болды. Аржағын алласына тапсырады да.

Есқарада  «ел»  дейтін  ел  де  жоқ.  Мақаш  тұқымы  түгел  қамалғанда

мейірім көрмеген елді оның көргісі де келмейді. Көруге ынтығатын жалғыз

адамы  –  туған  қарындасы  Нарғыз.  Əкесі  мен  аға,  інілері  ұсталғанда,  ол

үйінде  қыз  қалпында  қалған  еді.  Атастырғаны  –  Шағалақ  Керейдегі

Медебайдың  Құлғарасы.  Ол  да  бау  кеспе  ұрының  бірі.  Қожыққа  теңдес

кезінде  құда  түскен  Медебей,  Мақаштың  барлық  кіндіктісі  айдауға

кеткеннен  кейін,  қалған  жетім-жесір,  бала-шағаны  менсінді  ме,  жоқ  па?

Менсінбесе қайтті?

Көктегі  күнге  қолын  созғандай,  Атбасар  жəрмеңкесі  кезінде  сорлы

Нарғыздың  Шоқанға  қызықанын  құлағы  шалғаны  бар  Есқараның.  Ол

немен  тынды  екен?  Ақсүйек  хан  тұқымы  қарасүйектің  жəне  жəй  ғана

«қарасүйек»  емес,  патшаның  кəріне  ұшыраған  қылмысты,  тұтқын

қарасүйектің  қызын  алады  деймісің  Алмағанда  да  «ұрғашы»  атаулыға

жеңсікқой төре тұқымының мазақтап кетпеуіне кім кепіл?..

Басын осы ойлар қатырып жүргенде, жөн білетін татарға кездесіп, еліне

жету,  сүйікті  қарындасының  халін  көріп,  қолынан  келгенше  қамқорлық

жасау  үміті  туа  қалды  Есқараға.  Сол  үміті  орындала  қалса,  аржағында  өзі

не болса да шорт тебей!..

Татар  екеуі  «əне  қашамыз,  міне  қашамыз»  деп,  сəтін  түсіре  алмай

жүргенде,  құдай  айдап  Шоқан  келе  қалды.  Есқараның  көктен  тілегені

жерден  беріліп,  енді  реті  келсе,  «қаныпезер  қасы»  санайтын  дұшпанның

қанын төксе, қарындасына жете алмаса да арманы жоқ сияқты.

Шоқанның  жатқан  жерін  көрген,  бойында  қаруы  болмауына  өкінген

Есқара,  сырттағы  сайдың  белгісіз  бір  қуысына  жасырып  жүрген

қаруларына  жүгіріп  барса,  сол  қуыста  тығылып  жататын  татар  жоқ.  Оны

іздеуге я тосуға уақыты жоқ Есқара қаруларын қолына ұстай кейін жүгіріп,



аңдыған  терезенің  түбіне  таяна  бергенде  сыбысын  сезіп  қалған  Дуська

шəуілдей  жөнелді.  Тез  қайтып  келіп,  терезе  түбіне  таянуын  Дуськаға

сездіріп алды.

Бұл  үйде  ит  барын  білмеген  еді  ол.  Сонысы  ойда  жоқта  табыла  кетіп,

дауысы  ащы  қанден  шаңқылдай  қалғанда:  «Қап,  үйдегілерді  оятпаса  не

қылсын!» деп өкінді ол. Сонда да ойын орындамақ боп, терезе түбіне көзін

қадап еді, оның қасқырдан қырағы қарашығы, ит даусына елеңдеп, жатқан

кроваттарынан бастарын көтерген достарды шала кетті. Қараңғы бөлмеден

денелердің  елесі  ғана  қараңдағанмен,  бергісі  Шоқан  екенін  мана  шам

жарығымен көрген.

«Сəті түсіп тұрғанда қапы қалмайын!» дегендей, ол шегіншектей беріп,

балтаның  сабын  кендір  белдігіне  сырт  жағынан  қыстыра  салды  да,

садағының  түйе  тарамысынан  тартқан  бауына  оғының  айыр  түбін  тірей,

жебесін Шоқан қараңдаған тұсқа сүйрете көздей бастады. Сықырлай иілген

емен  садақтың  тысырлай  тартылған  қайысын  босатып  қалғанда,  терезе

шынысын  сыбдырсыз  тесіп  өтетін  оқ,  сыртқа  арқасын  қаратып  отырған

Шоқанның  денесіне  кірш  етіп  қадала  қалар  еді.  Сол  оқты  тереңдете

қадағысы келген Есқара, садақты күші жеткенше иіп, екі басын түйістірер

халге əкелді.

«Енді жетті!» деген шағында, арт жағынан əлдекім құшақтай бас салып,

Есқараны  сол  қалпымен  шалқасынан,  түсіргенде,  қолдан  босанған  оқ,

терезеге емес, аспанға қарай зымырап кетті...

Бас салған өзінің серік татары еді. Есқара үңгірге барып қаруларын ала

жөнелгенде, жақын жерде жүрген ол, «бұ несі?! Қайда барады қарумен?!»

деп кідіртпек болды. Бірақ, дыбыстауға болмайды, əйтсе, жасырын жатқан

жерінен сезіліп, қолға түсіп қалу қаупі бар.

Татар  түзелгенше,  Есқара  сайдан  көтеріліп  кетті  де,  еңкеңдей  жүгіре

басқан адыммен нысаналы үйіне бет қойды. Татарға енді дыбыстауға тіпті

де болмайды – қала іші!

Есқараны  садақ  тартуға  ыңғайланған  шақта  қуып  жеткен  татар,  неге

бүйтуін  білмесе  де,  (бұл  жайын  Есқара  оған  айтқан  жоқ-ты)  жəй  қылық

емесіне,  бір  пəлеге  байланысты  екенін  жобалады;  артынан  қаусыра

құшақтап  құлады.  Сол  шақта  үйден  шəуілдеп  шыққан  қанденге  ерген

əлдекімдердің дабыры естіле қалды.

–  Қаштық!  –  деді  татар,  Есқараны  құшағынан  босатып,  жағасынан

қапсыра ұстап, сайға қарай сүйрей жөнелді.

Серігінің  ырқына  көнбеуге  Есқараның  амалы  болмай,  сайға  бірге

домалай жөнелді... Көкірегін кернеген кек бұрынғыдан да керней түсті...

Түнде  дүрліктірушінің  кім  екенін  білмегенмен,  Потанин  «жəй  біреу


шығар»  деп  жорамалдағанмен,  Шоқанның  ойынан  «Есқара»  деген  күдік

кетпей-ақ  қойды.  Олай  ойлауына  тағы  бір  себеп,  туған  еліндегі  сенісер

досының  бірі,  –  Жолтабардың  Мұқаны,  Қожықтың  жəне  оның

балаларының жайы туралы Шоқанмен əңгімелесіп отырып, Қожықты:

–  «Ұры»  дегенмен  есті  ұры.  Оның  ұры  болуына  хан  тұқымы  сен

кінəлісің. Сенің Есенейге өшіккен Кенесарың, Қожыққа «соны жақтайсың»

деп,  əкесі  –  Мақыштан  қалған  мың  жылқысын  бір  түнде  айдады  да  кетті.

Сөйтіп,  кешегі  мыңқырған  байдың  баласы  –  Қожық  бір  түнде  «жұтап»,

тақыр кедей боп, жүген ұстады да қалды. Қайтадан жинауға, далада жатқан

мал бар ма? Сондықтан ұрлық жолына түсті де кетті.

– Онысын мен де естігем.

Қожықтың  балаларын  жекелеп  сипаттағанда,  Мұқан  Есқараға  көбірек

тоқтады.

–  «Əке  балаға  сыншы»  дегендей,  –  деді  ол,  Қожықтың  өзге  балаларын

жұрт  əкесіне  тартқан  «бау  кеспе»  деп  көтермелегенмен,  əкенің  өз  көңілі

ұйыған  баласы  –  Есқара.  Оны  Қожық  «мінезі  тұйық  демесең,  қылтың-

сылтыңы болмағанмен, менен туған балалардың ең естісі осы – Есқара. Бұл

қайратын  сыртына  емес,  ішіне  жинайды.  Көрерсіңдер,  түбінде  Мақаш

шаңырағының  тұтқасы  осы  болады,  намысын  да  осы  жоқтайды,  кегін  де

осы  қайтарады»  дегенін  естідім.  Жуас  демеңдер  бұны.  «Жуастан  жуан

шығады» дегенді есте тұтыңдар! – деген.

Қожық  та,  балалары  да  ұсталып,  айдауға  кетер  алдында  Қожықтың

«Есқараны  қалдыр»  деген  зарына  құлақ  асқысы  келген  Шоқанды,  ондай

емексуден айнуға Мұқанның жаңағы сөзі себеп болған.

Содан  бері  кездескісі  келмей,  оны  айдаудан  оралмайды  деп  жүргенде,

ойда  жоқта  Кяхтадан  жолыға  кетті.  Жүз  көріспегенмен,  Потанинның

сипаттауында  –  сол!  Түнде  келіп  жүрген  де  сол!  Ол  күдігі  ертеңінде

анықталды. Баққан қойларын кеше кешке қорасына қамаған Қодығұл бүгін

жоқ  болып  шықты.  Қасына  еретін  бала  қайда  кеткенін  білмейді.  Бұл

бірінші кездескен оқиға. Қайда кетеді ол? Əрине, көкке сусап.

Бұл  қылығына  қарағанда,  əкесінің  оған  берген  бағасының  дұрысқа

шыққаны!..

Үрей  күдігі  көңілге  кірмесін  деңіз.  Егер  кіре  қалса,  одан  арылу  қиын.

Соның  бір  мысалы,  Шоқанның  басында  бұған  дейін  де  болатын:  төрт-бес

жасында қабаған бір итке өзі ұрынам деп, анау қатты қауып алып, жарасы

көпке  дейін  бітпеген.  Содан  кейін  оған  ит  атаулының  бəрі  қауып  алатын

сияқтанып,  маңына  дарытпауға  тырысатын  ол  үшін,  қайда  барса  да,  күні

бүгінге  дейін  қолына  қамшы,  таяқ  сияқты  қару  ұстамай  жүрмейтін.  Ит

атаулыға  өштігі  сондай:  бетімен  жүрген  бейкүнə  иттерге  де  алыстан

ақырып, қолына түскен нəрсені лақтыратын да, маңайлатпай қашыратын.



Күдігіне  кірген  Есқара  оған  жатса-тұрса  оның  есінен  кетпей,  қапысын

тауып  қабуға  аңдыған  ит  сияқты  елестеді  де  тұрды.  Одан  қалай  құтылу

керек?

Осы күдік кернеп алған Шоқан, ұйқыдан талған Потанин тан, қараңғысы



кезінде,  қорылдай  қалғып  кеткенде  де  көз  шырымын  ала  алмай,  тас

қараңғы бөлмеде, қояндай бақырайды да жатты. Оған əрбір сыбдыр, күткен

жауы  келе  жатқандай  əсер  беріп,  созыла  жата  беруге  төзбей,  басын

əлденеше көтеріп, жан-жағына алақтай қарады. Сөйтіп жатқанда, атпастай

сияқтанған тан, сібірлей бастады-ау!..

Қатты  қалғығанда  ұйқының  тез  қанатыны  бар.  Потанин  да  сөйтіп,

Шоқан бір қозғалғанда оянып кетті де, терезеге төне қарап:

– Таң атып қалған екен ғой! – деді. – Ұйқым да қанып қапты ғой. Тұру

керек. Сен қалғыдың, ба?

–  Аздап  мызғыдым,–  деді  ол,  ояу  жатуын  айтса,  досы  себебін  сұрар

деген оймен:

Себепті айтуға болмайды. «Шоқан» басымен сонша үрейлендім деуі ұят!

Досының

ол


қалпын

аңғара


алмаған

Потанин,

қабағының

қатыңқылығын,  түнде  шала  ұйқы  болуына  жорып,  өзінің  ұйықтағысы

келмегенмен, Шоқан, қалғи түссін дегендей.

–  Əлі  ерте.  Біраз  жата  тұрайық,  –  деп  бетін  теріс  бұрып,  көзін  жұмып

пысылдаған болды.

Шоқан өйте алар емес. Ішкі ереуілі оны дөңбекшіте бергенін абайлаған

Потанин, өтірік ұйықтап жата беруге шыдамай:

Əлде, тұрамыз ба? – деді Шоқанға қарай аунап.

Сөйтсек те болады.

Екеуі  үстеріне  жеңіл  киімдерін  ғана  жамылып  тысқа  шықты.  Шоқан

кольтін шалбарының қалтасына сала шықты. Александра Дуськаны таң ата

тысқа шығарып жіберетін еді. Бүгін де, сөйткен екен. Шоқанды жатырқаған

қанден ол тысқа шыға шəуілдей үргенде, Шоқанның денесі селк ете қалды

да,  Потанин  «Жетеді!  Жат!»  деп  жекірген  соң  Дуська  өршеленбей  өз

жайына кетті.

Сəскелік  ас  алдында  кісі  жіберіп  білдірсе,  Банзаров  келмепті.  Пəтер

иесінің  айтуынша,  қалада  бүгін  түске  дейін  бітіретін  жұмысы  бар.  Тез

оралуға тиісті.

Александра  Викторовнаның,  қонақтарын  сəскеде  тойғызар  тамағы

жоғын  білетін  Потанин  кеше  бере  алмаған  сыбағасын  бүгін  жегізбек



болып,  түнгі  күзетте  ұйықтап  қалған,  ерте  оянған  күтушісін  (денщик)

казармаға  жұмсады  да,  ерттеулі  екі  ат  алдырып,  бағынышты  жүздігінің

(сотня) жұмысымен таныстыруға алып кетті.

Потаниннің  жүзі  басы  ясауыл  қарамағындағы  əскердің  күн  сайынғы

дағдылы  денешынықтыру  ойындарын,  көбінесе  оның  өзі  емес,  елубасы,

онбасы  сияқты  жəрдемшілері  басқарады.  Бүгін  де  сөйтіп,  достар  барған

шақта,  жүздіктің  ертемен  атқаратын  ат  ойыны  бітіп,  жаяулаған  казактар

чехарда  ойнау  үстінде  екен;  онысы  солдаттар  арасы  он  саржаннан

тізбектеле,  қолдарын  тізелеріне  тірей  еңкейіп  тұрады  да,  артқысы  жүгіріп

көп  алдыңғысының  басынан  қарғиды.  Сөйтіп,  бірінің  үстінен  бірі  қарғып,

ен, көп қарғығышына шылымдық темекі, үстеме тамақ, бірер жұтым арахы

сияқты сыйлық береді.

Тосын  көзге  қызық  сияқтанатын  бұл  ойын,  көңіл  қобалжуы  əлі  де

басыла  қоймаған  жəне  осындай  ойынды  бала  шағында  ауылда  да  талай

көрген  Шоқанға  айта  қалғандай  қызғылықты  бола  қойған  жоқ.  Оның

басынан кетпейтін ой «қараңғы ұры, əлі де маңайын торып, қапысын аңдып

жүр!..»

Казармаға  келе  ол  қауіп  күшейе  түсті:  қойларын  қорасына  қамаған



Қодығұл жоқ болып шықты. «Ол – Есқара!».

– Қайда жүр ол?!

Қорқыныш  кеулеп  алған  Шоқанның  өз  ойына  салса,  Үркітке  қазір-ақ

қайтып  кетер  еді.  Бірақ,  қалай,  қалай?  «Əдейі  іздеп  келдім»  деген

Банзаровты көрмей ме?..

Потанин  Шоқанның  бұл  үрейін  сезбеді,  оның  қабағы  қатып,  түсі

сұрлануын,  түнде  ұйықтамауына  жорыды.  Өз  ойын  да  Дуськаның  түнде

дүрліктіруі  бөледі,  бірақ  терезеге  келушіні  Шоқанды  аңдушы  деген  күдік

басына  келмейді,  оны  бетімен  жүрген  біреуге  жориды;  Қодығұлдың  да

жоғалуына  мəн  бермей,  «қаңғырынды  шіркін,  басы  ауған  жағына  кете

барған болар» деп жорамалдайды.

Түндегі  қонағасыны  түкке  тұрмайды  деп  есептеген  Потанин,  «лайықты

сыбағаңды  берем»  деп,  Шоқанның  еркінен  тысқары,  бір  күрең  қасқа

марқаны  сойғызды  да,  сəскелік  ас  кезінде  алдына  тартты.  Ойы  үрейлі

Шоқан одан да жөнді жей алмай отырғанда, Банзаровтың Кяхтаға оралуын

хабарлаған шапқын келіп қалды. Көңілдегі қорқынышын сол қуаныш қуып

шыққандай боп серги қалған Шоқан, Потанинді ертті де салт атпен ілезде

қалаға тартты...



ТАҒДЫРЛАСТАР

Банзаров  бекерге  қыдырып  кеткен  жоқ-ты.  Шоқанның  Үркітке  келгенін

жəне бұны сұрастырғаның іздегісі келуін ол алдақашан естіген. Ана жылы,

бала  жігіт  шағында,  Омбыда  кездескен  Шоқанның  болғалы  тұрғанын

байқап  қалған  Банзаров,  оны  еш  уақыт  есінен  тастамай,  тағдыры  қалай

өрбуіне  құлағын  тігіп  жүретін.  Оның  ойынша,  Шоқан  Кадет  корпусын

тəмамдаумен  тынбай,  оқуды  əрі  қарай  жалғастыруы  керек.  Сол  ойын

Шоқанның  өзіне  де  айтқан.  бірақ,  іс  жүзінде  олай  болмай,  корпусты

бітірген  Шоқанның  Батыс  Сібірдегі  генерал-губернаторға  адьютант  болып

орналасқанда,  Банзаров  «əттегене-ай!»  деп  өкінген.  Сөйте  тұра,

«университеттік  білімім  бар  мен  не  бітіріп  жүрмін.  Чиновниктік  қызмет

қана  ма?»  деп  ойлап  қоятын.  Қайткенмен  «ерекше  туған»  деп  санайтын

Шоқанмен  бір  кездесіп,  сырласуға,  пікірлесуге  құмар  еді.  Шоқан  Үркітке

келді  деп  естіген  соң  сол  арманынан  шықпақ,  онымен  жолықпақ  болған.

Бірақ, қалай? Үркітке іздеп барса ма?

Өйтуге де ойы соққанда, Кяхтаға келу хабары да жетіп қалған. «Ендеше,

осында тосу керек».

Бірақ, жəй тосқысы келмеді Банзаровтың. Əрі алыстан келген қонақ, əрі

хан тұқымы, əрі ойшыл адам деп білгендіктен, Шоқанды өзінің ғана емес,

бүкіл  елінің  қонағына  санап,  оны  елдік  құрметпен  қарсы  алғысы  келді.

Сондағы  ойы,  көшпелі  бурят  халқының  ауылдары  қалың  отыратын  бір

тұсына апарып, таңдаулы жайлауын, əдет-ғұрпын көрсететін ұлан-асыр той

жасау.

Ондай  жайлаулар  Бурятияның  əр  жерінде  болғанмен,  Банзаровтың



таңданғаны  Кяхта  мен  Верхноудинск



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет