АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау


ағылшын  мануфактуралары12



Pdf көрінісі
бет42/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)

11

ағылшын  мануфактуралары12  түсе  бастады  деген  хабар.  Ол  хабарға  орыс

өкіметі мазасызданып Хрущевқа осы сыбысты анықтап қайтуды тапсырған.

Телеграфы,  телефоны  жоқ  Семейге  кеткен  Хрущевтан  көпке  дейін  хабар

болмай,  көктемнің  ылайсаң  кезінде,  Гасфортқа  «тез  арада,  маған  Қиыр

Шығысқа  жұмсайтын  бір  барлаушы  жіберіңіз»  деген  хат  келген.  Гасфорт

ондай  жұмысқа  Шоқаннан  лайық  таба  алмай,  «бар,  біл,  қажет  болса,

жұмсаған жеріне барып қайт» деп Шоқанды жіберген,

Семейге  барған  Шоқан  бірнеше  күн  Хрущевқа  жолыға  алмай  əуре

болды.  Сондағы  естігені  əйел  құмар  жəне  араққор  генерал  Семейге  бара

қызғылықты  төскебасар  тапқан  да,  жергілікті  біреу  қолдан  ашытатын

татымы  күшті  ақ  араққа  душар  болып,  күні-түні  соны  ішуден,  «ғашығын»

құшудан босанбаған. Қалада оған «қой» деуге батылы жететін ешкім жоқ...

Күндерін  сондай  «рахат»  пен  өткізіп  жатқан  Хрущевтың  есіне,

мемлекеттік  тапсырма  көктемде  ғана  түсіп,  «жолы  ауыр»  деген  Қиыр

шығысқа өзі сапар шегуді қиынсынған да, Гасфорттан кісі сұраған.

Жергілікті  жұрттың,  əсіресе  офицерлердің  айтуынша,  Хрущев  бір  ішсе

құныға  ішіп,  талай  күндер  есін  жия  алмайды  екен.  Сол  кездегі

сандырақтары,  сықаққойлардың  аузынан  шекті  қатыратын  нелер  қызық

анекдот болып тараған.

Сол қызықтарды ести, күле жүре, Хрущевтың қайда жұмсарынан хабары

бар Шоқан, Қиыр шығыстың сол кездегі хал-жайын біліп те алды. Оған бұл

мəліметті  беруші,  аты-жөні  бізге  өткен  тараудан  таныс  Александр

Иванович Исаев.

Қоғамдық өмірдің əр жүйесінде əрекет жасайтын адамдардың ақылдысы

да, ақымағы да болуы сияқты, маскүнемдердің ішінде де сондайлары бары


мəлім.  Біздің  Исаев  ақылды  маскүнемдердің  қатарына  жататын  еді.  Оны

араққа  үйреткендер  –  шекара  саудагерлері.  Тіршілігі  алдау-арбауға

құрылған  олардың  Таможныйға  түспейтін  күні  жоқ,  бұл  мекеменің

чиновниктеріне  əрдайым  жалынышты.  Ендеше,  сый-сыяпатпен  олардың

аузын тығындап қою керек сондағы бір құнықтыратыны – арақ.

Араққа  осылай  үйренген  Исаев,  оны  аузына  алса,  өзіне  ие  бола

алмайтын  халға  түскенмен,  есті  күндері  түгіл,  есірік  күндерінде  ешкімге

ұпайын  ұттырмайды,  қандай  қылжақтап  отырған  халінде  де  есесін

жібермейді.  Ал  есі  бүтін  кезінде  одан  ақылды  кісі  жоқ.  Өзге  ақылымен

қатар,  ол  Россия  намысын  ешкімнен  кем  қорғамайтын  отаншыл.

Сондықтан  бұл  мемлекетке  келер  пайда  мен  зиянға,  сау  түгіл,  мас  кезінде

де құлағы түрік.

Қиыр  шығыстағы  шекарада  орыстың  ар  жақтағы  мемлекеттермен

сауданы  көбірек  жүргізетін  жері  –  Кяхта  қаласы.  Жəрмеңкесі  жыл  сайын

қыс – бір, жаз – бір болып тұратын Кяхтаға Исаев кем дегенде жылына бір,

немесе,  екі  бармай  қоймайды.  Сонда  шекарадан  арғы  елдердің  не  істеп,

немесе не істеуге ниет етіп жүргенін тыңдап қайтады.

Россияның  ол  тұстағы  көршісі  Қытайды,  ол  кезде  Цин  патшалығы

аталатын манжурлер билеп тұрған кезі. Феодалдық тіршілік жасайтын бұл

патшалыққа  он  тоғызыншы  ғасырда  Англияның,  Американың  жəне

Японияның  капиталы  кіре  бастап,  Қытай  компрадорлары  арқылы  шекара

саудасына  өндіріс  бұйымдарын  басып  кетуі  мүмкін;  екінші  саудасына

өндіріс  бұйымдарын  төгуге  айналғаны  рас.  Бұдан  Россияға  төнетін  екі

қауіп  бар:  бірі–өндірісі  күшті  бұл  мемлекеттердің  арзан  жəне  көп

бұйымдары,  Россияның  қымбат  жəне  аз  бұйымдарын  басып  кетуі  мүмкін;

екінші  –  бері  жылжуына  кедергі  қоймаса,  жəйін  жатқан  кең  Сібірге  терең

сұғынып, өз қарамақтарына алуға тырысуы мүмкін.

Исаевтың  айтуынша,  бұл  қауіп  соңғы  біраз  кездерде  бəсеңдеді,  оған

себеп  –  Цин  патшалығына  бағынышты  монғол  халқының  «арат»  аталатын

шаруалары  (крестьян),  сол  патшалыққа  қарсы  бостандық  қозғалысын

жасауы.  Он  сегізінші  ғасырда  монғолдың  ел  аузында  ертегі  болып  кеткен

халықтық  батыры  –  Амурсаннан  бастап  берген  бұл  қозғалыстың  аяғы

монғол  халқының  жапа-тармағай  көтерілісіне  айналып,  соңғы  ширек

ғасырда  мейлінше  белең  алған.  Цинда  оны  басарлық  күш  жоқ.

Капиталистік елдер бұл жағынан жəрдем бере алмайды.

–  Ендеше,  –  дейді  Исаев,  –  теңіздер  мен  мұхиттардың  ар  жағындағы

алыстықта  жатқан  капиталистер  Қытайдың  компрадорлық  саудагерлеріне

көмектесе  алмайды,  Цин  патшалығының  араттарға  шамасы  келмейді,

ендеше, компрадорларды əлсірету үшін, іргелес отырған Россияның монғол

араттарына сүйемел болуына жағдай толық.

«Мақұл сөз екен» деген қорытындыға келеді Шоқан.


Ол кезде Тобыл губерниясының бір үйезіне саналатын Семейдің үйездік

начальнигі  Неволин  еді.  Негізі  жуас  жəне  үстінен  түскен  арыздары  көп

оны,  шадыр  мінезді  Хрущев  иектеп  ап,  бірдемені  сұрағанда  болмаса,

өздігінен аузын аштырмай қойған. Шоқан Хрущевқа сол арқылы жолықпақ

болып жүрді де, үміті үзіле бастаған шақта, Омбыға оралуға ниет етті. Сол

кезде  Хрущевтың,  есі  дұрыстала  ғап,  өзінің  шақыртуымен  Омбыдан  əдейі

келді деген офицерді іздетті. Неволин арқылы ол тез табылды да.

Хрущев төмен чиндегілерге қатал, оларға бұйырудан басқаны айтпайтын

кісі. Оның үстіне орыстан басқаға қырындай қарайтын – шовинист.

«Офицер»  дегені  монғол  түсті  біреу  болып  шыққанда  ол  айран-асыр

қалды.  Бұл  түсті  адамдардан  офицер  шыққанын  ол  естіген  де,  көрген  де

жоқ еді. Сондықтан, есіктен кіре тұра ғап:

–  Батыс  Сібірдің  генерал-губернаторы,  сібірлік  ерекше  корпустың  бас

командирі  генерал-лейтенант  Густав  Християнович  Гасфорттың  жеке

басының  адъютанты  корнет  Чокан  Чингисович  Валиханов!  –  деп  честь

бергенде, ақырған кескінмен таңдана қарай қалды да, іле жыны ұстай ғап:

– Сен қайдан? – деді түйіле қарап.

– Омбыдан.

– Қай тағдырдың айдауымен?

– Сіздің шақыртуыңызбен.

– Мен... сені... шақырттым?! Ха-ха-ха!..

– Неге күлесіз?

– Мен сені... азиатты шақыртам?!

– Арнаулы – мені емес, генерал-губернаторлықтың офицерін.

– Сол сенбісің?!

– Кешіріңіз, генерал-майор! – деді қитықтанған Шоқан, – офицерлердің

намысын  қорғау  туралы  Ұлы  Петрдің  бұйрығы  есіңізде  болар?  Менің

үстімде де офицерлік мундир!

Өз  көзімен  оқымаған  Хрущев,  ауыздан-ауызға  тарап  жүретін  бұл

бұйрықты  естіген  еді.  Петрден  бұрын  офицерлер  солдаттарды,  генералдар

офицерлерді  сабай  берген.  Орыс  пен  швед  соғысында  офицерлерінің

ерлігіне  көңілі  толған  Петр,  өз  оң  қолы  –  Меныниковтың  атақты  бір

офицерді  ұрып  жатқан  үстінен  шығып  бұндай  халды  тыю  ниетімен,

офицерлерге  генералдардың  қол  қатпауы,  қылмысы  болса  заңмен  жазалау

туралы  бұйрық  берген.  Ол  бұйрықты  өзі  де  оқымаған  Шоқан,  кадет


кезіндегі сабақтан естіген.

Мына азиаттың ол бұйрықты білуіне іштей таңдана қалған, заң, шегінен

аттауға  батылы  жетпейтін  Хрущев  қайымдасқан  офицердің  қасаруынан

таулары шағылғандай болды да, енді «сеннен» «сізге» көшіп:

– Отырыңыз! – деп орын нұсқады.

Аз  уақыт  тіл  қатысқанда  Шоқан  Хрущевтың  түр-тұлғасына  көздерін

жүгіртіп үлгерді. Ол жуантық тапал денелі, қан-сөлсіз ақ сарғылт кескінді,

мықыр мойынды адам екен.

Ол ашуланғанда бойы дірілдей қалатын сол дірілі тез тарқай қоймайтын

адам  еді.  Шоқанмен  қайымдасқан  шақта  да  сөйткен.  Икемге  келе  онысы

бəсеңдеген  сияқтанғанмен,  əлі  де  астынан  толқитын  судай,  сырт  бейнесі

жыбырлап  тұр.  Сондықтан,  ол  «отырыңыз!»  деп  сыпайысығанмен,  əрі

асығыс, əрі «тағы да толқытып алармын» деген қауіппен Шоқая:

– Рахмет, Ваше превосходительство! – деді ақырын дауыспен.

–  Отырыңыз!  –  деп  қайталады  Хрущев  бұйрықты  өтінішін  қайталап,

жазба  столының  бергі  бетінде  екі  креслоның  біріне  өзі  отырып,  бірін

Шоқанға нұсқап.

– Рахмет. Асығыспын.

– «Асығыс» қалай? Қайда? – деді Хрущев.

– Омбыға!

– «Омбыға?!» Неге?

–  Генерал  Гасфорттың  тапсырмасымен  келген  едім.  Ол  тапсырманы

орындадым.

– Қандай тапсырмалар?

– Ол мəліметті генералыма ғана жеткізем.

– Маған ше?

– Сіз бен менің байланысым жоқ.

–  Не  дейсің?!  –  деп,  ашуы  қозып  кеткен  Хрущев,  төменгі  ернін  тістеп,

он,  жақ  жұдырығын  түйе  орнынан  атып  тұрып,  қимылсыз  Шоқанға

кердеңдеген  адыммен  жақындай  бергенде,  көңіліне  «қойып  жіберер  ме,

кəпір?!»  деген  қауіп  туа  қалған  Шоқан,  жасқанарлық  жер  жоғын  байқады

да жəне өйтуді намыс көрді де, айбат шеккен кескінмен:



– Сізге əлі де Ұлы Петрдың бұйрығын ескертем! – деді.

Ашуы қоза түскен Хрущев, Шоқанның көз алдына саусағын безеп:

– Мен саған көрсетем! – деді.

– Не көрсетесіз?

– Чиніңді сыпырттырам!..

– Ол сіздің, хұзырыңыздағы жұмыс емес, Ваше превосходительство!

Ашуы  тіпті  қайнап  кеткен  Хрущев  ықылық  атты  да,  есікті  нұсқап

«шық!» деп ақыруға ғана шамасы жетті. Əскерлік бұрылыспен жалт беріп,

теріс  айналды  да,  Шоқан  шығып  кетті.  Сол  бетінде  Ертісте  дайын  тұрған

желкеніне мініп Омбыға бет қойды.

Насонов  айтқандай,  ыққа  қарай  əрі  су,  жел  айдаған  желкен,  зымырай

жүзді де, айналасы бес-алты күннің ішінде Омбы портына жетіп барды.

Ол, əрине, кеңсеге келе, генерал Гасфортқа Семейде көрген-білгендерін

қысқаша,  бірақ  толық  дəттеп  берді.  Хрущевтің  алдында  ерсінгенмен,  одан

ажырай,

қазақтың

«мықтыменен

күреспе.

Мықтыменен

күрессең


Жығылсаң да, жықсаң да жара түсер денеңе» деген мəтелі түсіп, «қызметі

де,  өкілдігі  де  зор  неме,  ретін  тауып  сүріндірмесе  не  қылсын!»  деген

қауіпте  қайтқан  еді.  Онысын  начальнигінен  жасырған  жоқ.  Хрущевпен

əнеукүні  ұрысып  айрылған  Гасфорттың  көңіліндегі  кірбің  əлі  тарап

болмаған, сондықтан шағым айтқан Шоқанға:

– Əй, оны қоя тұр! – деп қолын бір-ақ сілтеді. Сондағы сүйенгені – сарай

министрі  князь  Голицын.  Патшаға  ықпалы  күшті  дейтін  ол  тұрғанда,

Гасфорт сөзі тыңдаусыз қалады деп қыңбайды.

Шоқан  Семейден  əкелген  хабарлардың  көбіне  көңілі  көншіген  Гасфорт,

бір ғана хабарды көңіліне кідік алды, ол, шекараның арғы бетіндегі монғол

араттарының қозғалысы, «қозғалыс» емес-ау көтерілісі.

Гасфорт көтеріліс атаулыға, əсіресе шаруалар көтерілісіне жаны түршіге

қарайтын  кісі.  Европалық  шаруалар  көтерілісінен  де  хабары  бар  ол,

орыстың крепостной шаруаларының көтерілісі не екенін жақсы біледі. Кіші

орыстар  (малорусь)  жерінде  шыққан  бірер  зор  көтерілісті  өзінің  де  қан-

жоса ғып басқаны бар. Ал, егіні аз, малы көп деп санайтын Азияда, əсіресе

көшпелі  монғолдарда,  ең  алдымен  «шаруалар»  аталатын  қоғам  жүйесі  бар

деп, бола қалған күнде оларды көтеріле қояды деп ойламайтын.

Сол ойды Шоқанның хабары түсірді. Гасфортқа қажеті шекарадан арғы

монғолдар  емес,  одан  бергі  «бурят»  аталатындар.  Естуінше,  «ұлы  орыс»,

«кіші  орыс»,  «ақ  орыс»  аталатындар  өзара  қандай  жақын  болса,

тағдырлары  қандай  тұтас  болса,  монғолдар  мен  буряттар  да  сондай.  Əр



жүйелі орыстардың көп ғасырларға созылған шаруалар көтерілісі бір-біріне

ете ұқсас, бірі мен бірі айрылмастай сабақтасып жатады.

Сол  сияқты  монғол  араттарының  көтеріліс  «сырқаты»  Россия  шегіндегі

тұқымдастарына, яғни буряттарға жұқса қайтпек?

Буряттар  бұның  емес,  Шығыс  Сібірдің  генерал-губернаторына

бағынышты  ел,  сондықтан  олардан  келетін  пəле,  ең  алдымен  бұған  емес,

Муравьев-Амурскийге  тиеді.  Бір  жағынан  Россия  мемлекетінің  де

тиыштығын  көксейтін  Гасфорт,  Шоқан  хабарын  естігеннен  кейін,  беделді

саналып  келе  жатқан  бақастасы  –  Муравьевқа  кір  келтіру  мақсатымен,

«осылай да осылай» деп күтілетін қаупі туралы ойын сол кездің ішкі істер

министрі  –  князь  Долгоруковке  хабарлап,  оны  астыртын  тексертуге  өзінің

бейімділігін мəлімдеді.

Жауабы  «əне,  міне  келер»  деп  Гасфорт  асыққанмен,  Долгоруков

асықпай,  «астыртын  кісі  жіберуіңізге  қарсылық  жоқ»  деген  «немқұрайды»

хаты жаз ортасы ауа ғана жетті.

«Кімді  жіберу  керек?»  деген  сұраудың  жауабын  Гасфорт  тез  тапты:

«Əрине,  Шоқанды!».  Бұл  ұсынысты  Шоқан  бірден  қабылдады.  Семейден

арғы Сібірді, оның халықтарын, əсіресе, Байқал көлінің төңірегіндегілердің

олардың  ішінде  саналы  адамдарды,  əсіресе,  Доржи  Банзаровты  көру

Шоқаның зор арманының бірі еді.

Ол  тез  жүріп  кетті.  Бүкіл  Сібір  бір  ғана  əкімшілікке  бағынатын  кезде

1727  жылы  орыс  пен  қытай  мемлекеттерінің  «кяхталық»  аталатын  сауда

шарты  жасалған;  сол  шарт  бойынша  Россияның  мойнына  мінген,  əлі

төленбеген  бір  борышты  Қытай  өкіметі,  кейін  екі  əкімшілікке  бөленген

Сібірдің  бірде  шығысынан,  бірде  батысынан  даулап,  Россияның  жоғарғы

өкіметі  арқылы  екеуін  де  оқтан-тектен  мазалай  беретін,  сол  мазалау,  биыл

да болып, Шоқан Шығыс Сібірге осы мəселені анықтап қайтуға жіберілді.

Темір  жолы  жоқ  Сібірдің  ол  кездегі  жылдам  көлігі  –  ылау.  Кейін  темір

жол  түскен  жүйенің  ен  бойында,  сол  кезде  жалғаса  тұтасқан  жəмшік.

Солардың  бірінен  біріне  ауысқан  Шоқан,  аттар  күйлі,  жер  құрғақ,  жол

даңғыл шақта, Омбыдан бірнеше мың шақырым тұратын Үркітке (Иркутск)

жарты айда жетіп барды.

Өзі  бірінші  рет  келіп  тұрғанмен,  Шоқанның  Үркіт  туралы  оқығаны  да,

естігені  де  көп  еді.  Омбыдан  аттанар  алдында  соларын  екшеп,  қалта

книжкесіне  қысқаша  анықтама  жазып  алған.  Осы  анықтамада  айтылған

сөздер!  орыс  жауынгерлері  Үркіттің  алғашқы  іргесін  1661  жылы  Үркіт

өзенінің Аңғараға құятын сағасына «Үркіт қыстауы» деген атпен орнатады.

Сол қалашық жылдан жыл үлкейе береді де, ақыры зорайып, 1803 жылдан

бастап  бүкіл  Сібірді  билейтін  генерал-губернаторлық  сонда  орнайды;  ол

Россияның  монғолдар  жəне  қытайлармен  саясаттық,  саудалық  қарым-

қатынас жүргізетін орталығы болады.


Сібірге  жыл  сайын  терең  сұғынып,  арғы  шеті  Камчатка  мен  Сахалинге

барып тоқтаған Россия өкіметі, игере бастаған жылдарынан-ақ, кең Сібірді

айдау,  қамау  өлкесіне  айналдырады.  Оған  ең  алдымен  орыс-швед

соғысынан  кейін  қолға  түскен  шведтер  жөнелтіледі.  Содан  кейін,  «поляк

литва  көтерілісшілері»,  «декабристер»,  «петрошевшілдер»  тағы  сондай

«қарғалғандар»  лек-легімен  жөнелтіледі  де  отырады.  Басы  Қазан

қаласындағы  лагерьден  шығатын  бұл  ұзақ  «кеш»,  жолшыбайғы  қалаларда

азды-көпті  кідіріп,  соңғы  көлік  ағытатын  қаласы  –  Үркіт  болады.  Оның

ащы  дəмінен  Сібірге  айдалатын  қылмыстылардың  татпай  кеткендері  жоқ.

Сондықтан  жалпы  Сібірді  Россияның  «кең  абақтысы»  деп  атайтындар,

Шығыс  Сібірді  сол  абақтының  тұйық  өңіріне,  Үркітті  темір  қақпасына

санайды.


Осының  бəрін  жазба  жəне  ауызша  материалдардан  жақсы  білетін

Шоқан, сол абақтыны көруге құмар еді. Міне, соның сəті енді ғана түсті.

Сырт көрінісінде Үркіттің Омбыға ұқсастығы да, өзгешелігі де бар екен.

Ұқсастығы:  Омбы  осы  есімді  өзеннің  Ертіске  құяр  тұсындағы  тау  тəрізді

биік  дөңнің  қыратына  орнап,  етегін  күнгей  жақтағы  кең  ойпатқа  жайып

жіберген, Үркіт те сондай, оның да теріскей жағы Саян тауының аласарып

жеткен  жотасына  асыла,  етек  жағы  Үркіт  өзенінің  Аңғараға  құятын

сағасына  жайыла  орнаған  екен.  Айырмасы:  Омбыны  сол  есімді  өзен  ғана

қақ  жарып,  Ертіс  күнгей-батысын  орап  қана  өтеді.  Үркітті  Аңғара  қақ

жарып  ағады  екен.  Бұның  да  жалпақтығы  мен  екпінділігі  Ертіске

таласарлық. Қала көлемі Омбыдан кең сияқты.

Шоқанның ойы атының басын қолында адресі бар Банзаровтың пəтеріне

тіреп,  қаланы  содан  кейін  аралау,  жабдықтарын  содан  кейін  бітіру  еді.  Үй

адресін ол тез тапты. Сібірлік қалаларға тəуелді, асты күйдірген кірпіштен,

үсті  қарағай  бөренелерінен  құралған,  аумағы  да,  қорасы  да  кең,  ұсқыны

салтанатты  екі  қабат  үй  екен.  Бірақ  іздегені  үйінде  болмай  шықты.  Ол

əлдеқайда жолаушылап кеткен.

Енді  қайда  түсуді  білмей  аңырған  Шоқанға,  əлдекім,  осы  қалада

мейманхана міндетін атқаратын атам заманнан «ақ үй» аталып келе жатқан

жұртқа  түсуді  етінді.  Үркіттегі  аз  ғана  ескі  үйдің  бірінен  саналатын  бұл

үйді

мазақтаушылар,



Солтүстік

Америка


құрама

штатының


Вашингтондағы  «ақ  үй»  аталатын  өкімет  астанасына  балап,  Үркіттің  «ақ

үйін»  «Россия  тұтқындарының  астанасы»  деген  лақап  таратып  жіберген.

Соны  білетін  Шоқан,  «ақ  үйге»  барса,  кірпіштері  жеміріліп,  қарайған

бөренелері  көрінеу  көзге  шіріп,  құлағысы  келгендей  бір  жағына  қарай

қисая  қыңырайып  тұрған,  арық  түйедей  арбиған  бірдеме.  Оған  түсуге

көңілі  соқпаған  Шоқан,  «тағы  қайда  орын  бар?»  деп  сұрастырса,  «бүкір

үйде»  (горбатый  дом)  болуы  мүмкін  дегенді  айтты  біреулер.  Оған  барса,

өзен жағасына бүкшие орнаған, тəп-тəуір қарағай үй екен. Үркітте бұндай

үй барын да Шоқанның құлағы шалған. Естуінше, «ақ үй» де, «бүкір үй» де

генерал-губернаторлықтың

қарамағында,

оларға


құрметті

қонақтар


орналасады.

Шоқан  кіріп  көрсе,  «бүкір  үйдің»  ішкі  бөлмелері  де  жинақы  екен.

Документтерін  көрген  комендант,  Шоқанның  түсуіне  ұлықсат  беріп,  тəуір

бөлмелерінің біріне орналастырды.

Ол  күні  тыныққан  Шоқан,  ертеңіне  генерал-губернатордың  кеңсесіне

барды. Оның бағына қарай, Шығыс Сібірдің бас əкімі Муравьев-Амурский

граф  қызметінде  екен.  Гасфорттан  келген  қонақты  кім  болса  да  тез

қабылдамай,  көпке  дейін  тұрқын  созып  əуре  қылатын  еді.  Амурский

өйтпеді,  адъютанты  арқылы  аты-жөнің  қызмет  бабын  естіген  Шоқанды

ілезде қабылдады.

«Түлкінің  жүгірісін  қыран  байқар»дегендей,  ол  екеуі  бір-бірінің  əу-

жайын  алғашқы  кездескеннен-ақ  байқап  қалды.  Графтың  байқауынша,

осынау  жігіт  жас  та  болса  ақыл-ойдың  түйіні  сияқты  адам.  Бағалауынша,

«бұл – Банзаров номер 2». Араларындағы айырма, – Банзаров көп сөйлеуді

жақсы  көретін  шапшаңбай,  ал,  мынау,  өзі  аз  сөйлеп,  көп  тыңдайтын

сабырлы;  Банзаровтың  қылық-мінездерінде  торығу,  шаршау,  жасқану

тəрізді  сақтық  белгілері  бар  сияқты;  ал,  мынау,  əлі  бауы  ашылмаған  бала

бүркіттей,  неге  сілтесең  де  түскелі  тұрғандай».  Шоқанның  байқауынша:

қоңыр  енді,  ашаң  сидам  бойлы,  мұрындылау,  көзділеу,  қабақтылау,  сұлу

кескінді,  түктері  қара  майдай  жылтыр  қара,  кішіпейіл  Амурскийдің  сөз

əлпетінде отаншылдық, мемлекеттік ой-сана бар сияқты. Бірін-бірі осылай

ұғынған  олардың  ашық  кеңестерінде  əрқайсысының  өз  көздеген  мақсаты

бар.  Амурскийдің  мақсаты,  «мынау  ойлы,  саналы,  білімді  жасты  өзіне

жəрдемшілікке аударып алуға болмас па екен?» Шоқанның мақсаты – бұған

дейін  патша  əкімдерінен  ойлы,  парасатты  адамды  кездестірмеген  ол,

Амурскийді  көргеннен-ақ  кен  өзегіне  кездескендей  боп,  не  асылы  барын

түптей қазып байқамақ.

Амурский  кеңес  үстінде  Сібірдің  географиясын  да,  ұлттарын  да  тəп-

тəуір  білетінін  аңғартты.  Жүйелі  əңгімелерін  де  ол  содан  бастап,

кабинетінің  арқа  жақ  қабырғасында  құрулы  тұрған,  етегі  келте,  ақ  жібек

шымылдықты таяқпен сырғыта тұрып, тасаға ілінген географиялық картаға

Шоқанды шақырды. Шоқан таянып барып көз тіксе, Сібірдің географиялық

картасы екен.

– «Сібір» деген осы, – деді Амурский, карта төңірегін таяғымен шолып,

–  географтардың  есебінше,  бұның  жер  көлемі  бүкіл  Батыс  Европадан  үш

есе артық!

– Білем, – деді Шоқан.

– Бүкіл Азияның орталық кіндігі Сібірде екенін білесіз бе?

– Білмеймін.


–  Білмесең,  –  деді  Амурский,  таяғының  үшін  Саян  тауларының  етегіне

жүгіртіп,  –  мынау  ирек  «Ұлуғ»,  мынасы  «Кішік»  хемдар  аталатын  екі

өзеннің мына жерде түйісіп, ар жағы Енисей аталып ағатын тұсында13. Бұл

өлке манжурлық қытайдың, монғолдар княздігіне қарайды. Тұрғын халқын

уранхай дейді.

– Оны білем. Арғы түбі бізге туыс, түркі тұқымдас халық.

–  Мен  де  солай  естідім.  Ал,  –  деді  Амурский,  таяқ  үшімен  Сібір

картасын  тағы  айнала  шолып,  осынша  кең  жерде  қанша  халық  тұрады

десеңізші! (Жауап күткендей Шоқанға қарап еді, ол үндемеді). Не бары екі

жарым  миллионға  толмайды.  Ал,  бұдан  жер  көлемі  үш  есе  тар  Батыс

Европада ширек миллиардтан астам халық бар.

– Одан хабардармын.

– Орал тауынан 16-ғасырда өткен орыс қаруы, айналасы бірер ғасырдың

ішінде  мұз  теңізін  жиектеп  отырып,  Камчатка  мен  Сахалинды  Россия

қарамағына қосумен тынды.

– Білем.


– Бұл теңіздің «Беринг» аталатын себебі не? – деді Амурский, таяғының

үшін сол есімді судың суретіне тіреп.

– Алғаш ашушы –Беринг болғандықтан шығар.

– Ол кім?

–  Солтүстік  полюстің  жер-суын  зерттеуші  ғалым,  –  деді  Шоқан,

Амурскийдің бұл сұрауды неге беруіне түсінбей.

– Ұлты?

– Менімше – неміс.



– Білдің. Сол ма осы теңізді алғаш ашушы?

– Енді кім, Жоғары мəртебелім.

–  Біздің  казак-орыс  атаман  Дежнев.  Əңгіме  ғып  тұрған  теңізіміздің

жағасына  Дежнев,  Берингтен  алдақашан  бұрын  барып,  орыс  тұрағының

қазығын қаққан.

– Meн мұны естімеген ем.

–  Біздің  естігеніміз  əлі  көп,  господин  поручик  өзіміздің  жетістігімізді

басқаға жапсыра салу кемшілігі Россиядағы жаман əдеттің бірі.



– Рас, Жоғары мəртебелім.

–  Сібірдің  жер  байлығы  ше?  –  деді  Амурский,  картадан  креслосына

оралып.  Алтынның  дүние  жүзінде  ең  көп  жері,  осы  Сібір.  Бұның  алтыны

құмымен  сапырылыса  араласып  жатыр.  Тұрғын  халықтар  оны  көне

заманнан бері елеп алатын болған. Россияның қолы жете, молырақ еленіп,

соңғы  бір  ғасырда  мың  бұттан  астам  алтын  екшелді  деген  мəлімет  бар.

Алтынның  молдығымен  қатар  құнсыздығы  да  сондай:  топырағы  торқа

болғыр  Ұлы  Петр,  Тобыл  қаласында  салынған  шіркеудің  төбесін  жабуға

отыз алты бұт алтынға ұлықсат еткен! Ағылшындар мен американдар қолға

түскен  алтынын  банк  қоры  ғып  сақтайды.  Россия  ондай  халге  əлі  жеткен

жоқ.

– Рас, Ваше превосходительство.



– Алмазы ше? Біздің бір ғана Якутияның өзіндегі алмаздың запасы жер

шарының батыстық жарымындағы запасқа тең деседі. Американың Аляска

арқылы  Сібірге  қол  созуы  да  сондықтан,  əсіресе,  қазіргі  Қырым  науқаны

қызып  жатқан  кезде;  бірақ,  –  деді  Амурский  қызына  сөйлеп,  –

одақтастардың тұмсығын Севастополь қорғанысында қиратып жатқан орыс

жұдырығы, Аляска жақ шекараны да солай қорғай алады!

– Сенеміз, Ваше превосходительство, – деді Шоқан селсоқтау дауыспен.

Өйткені  «Қырым  науқаны»  деген  атпен  орыс  жəне  одақтастар  (Англия,

Франция, Италия, Түркия тағы басқалар) арасында 1853 жылдан басталып

қызу  жүріп  жатқан  соғыста,  экономикасы  мен  мəдениеті  Европаның

артында  қалған  Россия  жауларынан  қатты  таяқ  жеп  жатқан.  Соған  орыс

армиясының өзге жауынгерлеріндей Шоқан да іштей қатты намыстанатын.

Бұл  мəселеде  Амурскийдің  əу-жайын  біліп  алмай  өз  сырын  ашқысы

келмеді.


Амурский  таяғымен  шолып  тұрғандай  географиялық  карта  Гасфорт

кабинетінің  нақ  осындай  қабырғасында,  дəл  осылай  ілулі  тұратын.  Ол

біріне-бірі тасаланған бірнешеу болатын. Бұнда да солай екен; бергі бетінде

–  физикалық  карта,  екінші  қабатында  –  географиялық.  Үшінші  қабатта  –

тарихи-этнографиялық. Бірақ Амурский геологиялық этнографиялық жəне

басқа  карталарды  көрсетуге  асықпай,  əуелі  географиялық  картаның  саяси

жағын  тамамдап  алғысы  келді.  Ондағы  ойы,  өзінің  мемлекеттік  істерін

ойдағыдай  орындап  жүрмін  деп  сенетін  ол,  батыс  көршісін,  яғни

Гасфортты орындай алмай отыр деп ойлайтын сондықтан адъютанты айта

барсын деген пікірмен:

–  Сібірдің  солтүстік  жағына  біз  берік  орнап  алдық,  –  деді  ол  таяғының

үшімен  Алтай,  Тарбағатай  Тянь-Шань  тауларының  картада  тарғылданған

жоталарының қырқаларын шолып, – бұл тұстарда Россия шабан қимылдап

жатыр.  Ал,  ұмтылғыш  Англия  Индия  арқылы,  Орта  Азияғa  жыл  сайын

ілгері сұғынуда...


– Сөзіңізді бөлгенге кешіріңіз, – деді, өзін Батыс Сібірдің отаншылымын

деп  санайтын  Шоқан,  Амурскийдің  сөзін  бөліп,–  бұлайша  қарасақ,  Хива

хандығы Россияның табалдырығына тіпті таяу тұр ғой...

–  Дəл  солай!  Осы  ойықты,  –  деді  Амурский  таяқ  үшін  Россияның  сол

кезде  Күнгей  шығыс  шегіне  жүгіртіп  апарып,  Каспий  теңізінің  шығысына

тіреп,  тез  тегістеп,  Памир,  Алтай,  Тянь-Шань  тауларын  отанымыздың

табиғи қорғанына айналдыру керек.

–  Əрине,  –  деді  Шоқан,  –  бірақ  бұл  Батыс  Сібірдегі  генерал-

губернаторлықтың əлі келетін жорық емес.

–  Мен  олай  деген  жоқпын,  поручик  –  деді  Амурский  Шоқанның

намыстана  қалғанын  түсініп,  –  Россияның  шығыстағы  кезекті  саясатын

айтып тұрмын.

– Ол дұрыс.

–  Ол  үшін  ең  алдымен  қырғыз-қазақтың  Россиядан  тысқары  жатқан

өлкелерін  мемлекетімізге  қосу  керек!  –  деп  таяғымен  Түркістанның  жəне

Жетісудың өлкелерін шолып өтті.

– Бұл пікірге қосылам.

–  Бұл  жұмыста  сіздің  еңбегіңіз  ерекше  болу  керек  –  деді  Шоқанды

ақылды офицерге санап үлгерген Амурский.

–  Орыс  офицерінің  мундирін  бекерге  киіп  жүрген  жоқпын,  Ваше

превосходительство,  –  деді  Шоқан  честь  беріп,  маған  тапсырылатын  іс

болса, абыроймен орындауға тырысам.

– Сенем! – деді Амурский, əскери дəрежесінің үлкендігін пайдалана, əрі

өзімсіне Шоқанның арқасынан қағып.

Карта  қасында  одан  əрі  қақырайып  тұра  беруге  жалыққандай,  немесе,

қатпардағы  өзге  карталарды  көрсеткісі  келмегендей,  Амурский  столына

беттеді де, Шоқанды да отыруға шақырған белгі көрсетті. Өзге карталарды

да көргісі келген Шоқан «мүмкін болса!» деп, өзі қарауға ұлықсат сұрады.

Сібірдің ол кездегі геологиялық картасы өте кедей еді, сондықтан Шоқан

оған  көзін  көп  тоқыратпай,  тез  аударып  жіберді  де  үшіншіге  біраз  уақыт

үңіліп алды.

Бұл  карта  Гасфорттың  кеңсесінде  де  бар.  Соған  жəне  архивтік

материалдарға  қарағанда,  Батыс  Сібірде  əр  түрлі  ұсақ  ұлттар  жиілеу,

Шығыс Сібірде сиректеу болатын. Ал, барлық Сібірді тұтас алғанда, Батыс

Европадан  үш  есе  үлкен  оның  бойында  не  бары  екі  миллионға  жетпейтін

халық;  ал,  Европада  –  ширек  миллиард!..  Халық  əсіресе,  Шығыс  Сібірде

сирек. Ондағы тұрғындардан жүздеген шаршы шақырымға бірен-сараннан


ғана  адам  келеді.  Бұл  жерлерді  қалай  толтыру  жайлы,  Шоқанның  Омбы

əкімдерімен пікірлесіп, тиянақты жауап ала алмағаны бар. Ондай жауапты

Амурскийдің  де  бере  алмасын  болжаған  Шоқан,  саналы  əкім  деп  түсінген

оның,  тым  болмаса  қиялын  байқағысы  кеп,  Шығыс  Сібірдегі  халықтарды

біле тұра білмегенсіп:

– Ойпыро-о-ой! – деді даусын соза, таңданған кескінмен,– бұл жақтағы

Сібірде де толып жатқан халық тұрады екен-ау!

Одан  əрі  халықтар  атын  санай  бастады:  юкагирлер,  тунгустар,  якуттар,

монғолдар, буряттар, даурлар, камчадандар...

– Олар көп! – деді, əрі қарай санауын тыңдағысы келмеген Амурский, –

отырыңыз, мұнда!

Ол ұсынысын тыңдамауды əдепсіздікке санаған Шоқан, нұсқаған орынға

отырды. Одан əрі не десулерін білмегендей, екеуі де аз уақыт тына қалды.

Сол тұйықтан шығуды Амурский бастап, қалжыңды кескінмен:

– Қалай Густав Христианович, сувенирлер, коллекциялар жинауда құмар

еді ғой, ол? Əлі де сөйте ме? – деді. 

–  Иə,  ондайы  бар,  –  деді  Шоқан,  бұл  қалжыңның  арты  неге  соғарын

шамалай алмай.

– Германштадтан алған қызыл қарындашының тұқылын əлі сақтай ма?

Шоқан  күліп  жіберді:  Өйткені:  «Венгрия  науқаны»  аталатын  соғыста,

Россия Австрияны жеңіп, бітісу шартына қол қоюды бірінші Николай, сол

соғысқа қатынасқан Гасфортқа тапсырыпты-мыс, «сол шартқа Германштад

қалада  осымен  қол  қойған  едім»  деп,  бір  жуан,  қызыл  қарындаштың

шынжырлы  тұқылын  Гасфорттың  төс  қалтасынан  тастамайтынын  білетін.

Сол қылығын омбылықтар оңашада ажуалап жүретін. «Сол ажуа Үркітке де

жеткен  екен-ау!»  деп  күлді  Шоқан.  Бірақ,  генералын  қылжаққа  қиғысы

келмеген ол, күлкісін тез тыйып:

– Густав Христиановичтің жақсы жауынгер екені рас та ғой! – деді.

– Ендеше неге күлдіңіз?

Күлерлік қылық-мінездері де бары рас.

Генералын  қорғаштауына  іштей  риза  болған  Амурский,  ойында  жалпы

Сібірді, оның ішінде, – Шығыс Сібірді қайткенде халыққа толтыру мүддесі

бола  тұра,  кіші  офицермен,  оған  қоса  отар  халықтан  шыққан  офицермен

бұл қытықты мəселені кеңескісі келмеді.

Қалай кеңеседі?


Сол  бір  тұстағы  Сібірдің  қоғамдық  тұрмысы,  əлеуметтік  теңсіздік

жағынан,  іші-сырты  түгелімен  сыздаған  сырқат,  олардың  біреуін  қозғасаң

бəрі  де  қақсай  жөнеледі.  Соны  білетін  Амурский,  бұл  мəселеге  жолағысы

келмеді,  сондықтан,  өз  əміріндегі  қай  халық  қалай  тұруы  жайында

сөйлеспеді.


КЕШІРІЛМЕЙТІН КЕК

«Кяхта  шарты»  дегенді  Гасфорт  көпірте  сөйлегенмен,  жəй-жапсарын

Шоқан  Үркітке  келе  білсе,  шынтуайтына  келгенде,  үрейлене  қоярлық

ештеңе  емес  екен,  тіпті,  айта  берсең,  түкке  де  тұрмайтын  бірдеме  сияқты:

баяғыда  манжурлік  Қытай  мен  Россия  арасында,  граф  Савва  Рагузинский

қол  қойған  шекараны  белгілеу  шарты  болғаны  рас,  соның  бір  тармағы  –

сауда-саттықты  қалай  жүргізу;  одан  бері  сан  жылдар  етіп,  сан  саудалар

жасалып,  алғашқы  шарттың  мазмұны  түгіл  қағазы  да  тозған,  жазулары

оқуға келмейтін халге жеткен. Бірақ Манжурдің айлакер өкіметі, Россияны

əурешілікке  сала  беру  үшін,  тозған  шарттың  түймедейін  түйедейге

айналдырып,  əлсін-əлсін  мазалай  беретін.  Россияның  сыртқы  істер

министрлігіне  түскен  бұл  хатты,  оның  Азиялық  департаментіндегі

кеңсешіл  чиновниктер  «тексеріңдер»  деген  немқұрайды  сөзін,  Сібірдің

кейде батыстық, кейде шығыстық əкімдеріне жолдай салатын.

Шоқан  Шығыс  Сібірге  сол  істі  анықтауға  барғаннан  кейін,  Амурский

тиісті


мекемелеріне

тапсырып,

олар

алдақашаннан



сақталатын

анықтамаларды  көрсетумен  ғана  қанағаттанды.  Одан  əрі  қазғылайтын

ештеңе жоғына көзі жеткен Шоқан көргеніне мəз болды.

Содан  кейін  қайтып  кетуге  де  мүмкіндігі  бар  Шоқанның  атағы  жер

жаратын  Кяхтаны  көргісі  келді.  Өйтуіне  тағы  бір  себеп,  ынтасы  құрып

іздеп  келген  Доржи  Банзаров,  Амурскийдің  əлде  не  тапсырмасымен,

Шоқан  Үркітке  келер  алдында  соған  кеткен  екен  де,  əлі  де  біраз  отырып

қаларлық жайы бар екен.

–  Патша  əкімдерінің  бұратана  ұлттардан  шыққан  білімділерді  оншалық

ұнатпауын  аңғартатын  Шоқан  Банзаров  жайында  Амурскиймен  сақтана

сөйлесті.  Банзаровпен  таныстығын  жасырған  Шоқан,  оның  есімін,  қандай

адам  екенін  Амурскийдің  аузынан  естігенде,  буряттан  да  бұндай  ойшыл

оқымысты  шығуына  таңданған  боп,  беретін  бағасына  тереңдей  түскісі

келді.


Амурскийдің  сипаттауынша,  Банзаров  Сібірдегі  ғалымдардың  ең  биігі.

Ол барып тұрған феномен.

– Жалғыз ғана «əттегенесі», – дейді Амурский, демін соза алып, – сонша

білімді, сонша талантты, сонша іскер адам, соңғы кезде ішімдікке салынып,

бұлініңкіреп жүр!..

Банзаровты көруге бұрынғыдан бетер ынтыққан Шоқан Кяхтаға баруын,

Амурскийге  тек  жер,  ел  танумен  ғана  байланыстырып  еді,  граф  ол  тілегін

бірден қабылдап:

–  Банзаров  Сібір  өлкесін  ең  жақсы  білетін  адамдардың  бірі,  егер  бұл

жақтың  өзге  тұстарын  да  көргіңіз  келсе,  егер  өзі  тілесе  қалаған  бетті



Банзаровпен бірге аралауыңызға да болады.

– Өте жақсы болар еді, – деді Шоқан.

Амурский  Банзаровқа  записка  жазды  жəне  Шоқанның  қолына

жолшыбайғы

жəмшіктердің

«курьер»

аталатын

тығыз


жүрісін

пайдаланатын жолдама ұстатты.

Үркіттен  Кяхтаға  беттейтін  жол,  Байкал  көлінің  күнгей  жағын  орап

кетеді  екен  де,  Селенга  өзенінің  құйылысына  жете,  сол  өзенді  сағалай

оңтүстікке ойысады екен. 

Байқал  жағасындағы  табиғат  көркемдігі  тамаша:  оң  қанатта  орманға

бөленген  таудың  жоталары  мен  сайлары,  сол  қанатта  ұшы-қиыры  жоқ

сияқты тулай толқындап жатқан жасыл жайқын көл.

Байқалдың  қандай  көл  екендігіне  Шоқан  география  білімінен  көптен

таныс та, көруге құмар да. Бірақ, бұл жолы оның көңілін көл қызығы емес,

ой  қызығы  көбірек  тартты.  Оның  қазіргі  ынтасы  –  тезірек  Кяхтаға  жетіп,

атағы  күшті  Банзаровты  тез  көру.  Ол  туралы  естігені  көп  болғанымен  ана

жылы Омбыда бір-ақ рет жолғасты. Ол кезде жеткіншек (подросток) жаста

болғандықтан, еркін сөйлесуге əрі қымсынды, əрі уақыт аз болды. Бірақ сөз

əлпетінен  ой-санасы  үлкендігін,  Россияның,  əсіресе  Сібірдің  бұратана

(инородцы) аталатын елдеріне қамқоршы болу ойын абайлап қалды,

Банзаров  жазған  еңбектерден  оның  қолына  əзірге  түскені  –  «Қазан

университетінің  ғылымдық  хаты»  аталатын  жинағының  1846  жылы

басылған  үшінші  томында  «қара-сенім  немесе  монғолдардағы  шамандық»

деген  есіммен  жарияланған  еңбегі.  Шоқанды  бұл  еңбекпен  Кадет

корпусының  оқытушысы  Николай  Федорович  Костылецкий  таныстырған

да,  Банзаровтың  бұл  еңбегін  неміс  философы  –  Людвиг  Фсербахтың

«Христьян  дінінің  мəні  (сущность)»  аталатын  атақты  еңбегіне  теңеп,  «бұл

метериалистік тұрғыдан жазылған ғылыми маңызы өте терең, шаманизмді

түсінуде бұл бірінші жаңалық» деген. «Қара дінді» шұқшия оқыған Шоқан,

оның  философиялық  жағынан  гөрі,  əдеттік  жағына  көңілін  көбірек  бөліп,

қазақ тұрмысынан да шаманизмнің іздерін тапқан. Осы тақырыпта онымен

пікірлесуге  құмар  да.  Оның  үстіне,  Банзаровтан  естіген  саяси  идеалдар

туралы пікірлесіп, бұл мəселеге тереңдемек те. Шоқанның Банзаровпен тез

жолығуға асығатын себебі осылар.

Көңіл асыққанмен, ат жүрісі асықпады. Селенганы сағалаған жол, Саян

тауының  «Алмалық»  аталатын  бір  сілемін  аралап  отырады  екен  де,  əрірек

белесті  тайга  біразға  дейін  қоршап  барып,  «Қаз  көлі»  аталатын  тұстан  əрі

орманы  сирей,  белесті  кең  далаға  шығады  екен.  Бұл  тұста  да  табиғаттың

қызғылықты  суреттері  көп  болғанмен,  Шоқанды  билеген  ой  –  Кяхтаға  тез

бару. Жолшыбай ылаулаған ол, нысаналы жеріне жұмаға жақын жүрді.

«Дауылпаз  деген  құс  бар,  даусы  жер  жарады,  қасына  келсең


жұдырықтай» дегендей, атағы жер жаратын Кяхтаны көргенде, «Е, осы ма

еді!» деп, Шоқанның көңілі толмай қалды. Теріскейдегі дөңестен құлдырай

құлайтын жолдан шаланың бар бейнесі алақанның аясындай көрінеді екен:

көлемі  Батыс  Сібірдегі  қазақ-орыс  станицаларының  кішігіріміндей-ақ;

азғантай көшелерінің орталықтағы біреуі ғана түзулеу, өзгелерінің бəрі сай-

саланы  қуалаған  қиқы-шойқы;  қаланы  қақ  жаратын  тереңдеу  сайда  су

сияқты  бірдеме  жылтырайды,  ылаушының  айтуынша,  «Кяхта»  деген  сол.

Ол өзен емес жəй бір жылай жылжып жататын жылға сияқты. Екі этажды

үлкендеу үй бұл қалада бір-ақ жерде ербиеді. Ылаушы оны «Монғол-орыс

школасы» дейді; сол тұстағы алаңда жалғаса салынған, ақпен боялған ұбақ-

шұбақ ұзынша сарайлар, оларды ылаушы, – «жəрмеңке дүкендері, саудасыз

кезде  есіктері  жабық  іштері  бос  тұрады»  дейді.  Қаланың  арғы  шетінде

қызыл кірпіштен қаланған, мұнаралары биік шіркеу шошаяды.

– «Троицко-Савск шіркеуі» деген сол, – дейді ылаушы, – Байқалдың бер

жағында  бұдан  биік  те,  кең  де,  көркем  де  құдай  үйі  жоқ.  Содан  əрірек

көрінген  ұзынша  үйлер,  шекара  күзетіндегі  əскер  тұратын  казармалар.

Онан əрі – Монғолия...

Жəмшік  салтында  жолаушы  атының  басы,  –  «тоқырау  қорасы»

(постоялый  двор)  аталатын  үлкен  қарағай  үйдің  қақпасына  тіреледі.

Шоқандар  да  сөйтті.  Олар  тоқырағанда  үйдің  ашық  терезесінің  біреуінен

дуылдаған  сөз,  саңқылдаған  күлкі  естілді.  «Бұл  не?!»  деп  елеңдегендей

болған Шоқанға:

– Кең бөлмесінде дойбы мен карта ойыны жүріп жатады, – деді ылаушы,

арбадан түсе беріп, – көңілді отыру үшін, ойыншылар арақ та ішіп қояды, –

монғолдың  «арахы»  деген  атпен,  айраннан  я  қымыздан  жасайтыны,  орыс

арағынан  күшті,  басты  қатты  ауыртады.  Жиналатындар,  көбінесе,

шекарашылар;  яғни  буряттың  казак-орыстары,  қатты  ішеді,  олар  мас  та

болады, олар төбелеседі де, əсіресе орыс казак-орыстарымен... Кісі өлімі де

болып қалады...

У-шуға  қарағанда,  қазір  де  бір  жанжал  болып  жатқанға  ұқсайды.  Не

істеу керек? Үйге кірсе ме, кірмесе ме?

Шоқан  сол  сұраудың  үстінде  ұзағырақ  тұрып  қалар  ма  еді,  қайтер  еді,

егер,  аздан  кейін,  урядник  формасындағы  аласалау  бойлы,  аузы-басын

сарғылт түк басқан жалаңбас, шашы дударланған, біреу есіктен тəлтіректей

шыға келмесе!..

(Өлеңдеткен  ол,  ылауға  көз  қиығын  ғана  тастап,  қасынан  иіс  берді  де

кілт бұрыла тоқтай ғап: Чокан! – деді құшақ жая.

– Бұл кім?!» дегендей таңдана қараған Шоқанға:

– Мен ғой!.. Гриша!–деді урядник жақындай түсіп.


Григорий Потанин екенін сонда ғана шырамытқан Шоқан:

– Гриша!.. Алтыным, менің! – деп құшақтаса кетті.

Ол  əскерлік  қызметке  осы  жылдың  көктемінде  кеткен.  Шығысқа  кетуін

білетін  Шоқан,  одан  бері  хабарласпаған  еді.  Потаниннен  бірер  хат  алған.

Салақсып  оларына  жауап  қайтармаған.  Онысын  «ірілендіге»  жорыған

Потаниннің  де  өзімшілдігі  ұстап,  хат  жазуын  доғарған.  Солайша  сырттай

туысқан  сияқтанғанмен,  көңіл  күйлері  баяғы  Кадет  корпусындағы  тату-

тəтті қалпында еді. ІІотанин əскерге аттанғанда екеуі жыласып айырылған.

Бұл құшақтасуда да көздеріне жас алысты олар. Сол қалыптарында біраз

тұрып  қалар  ма  еді,  қайтер  еді,  егер  Потаниннің  ізін  шала  үйден  тағы

біреулер  шыға  келіп,  таңдана  қарай  ғап,  үндерін  қоса,  «мына  қызықты

қара!» деп шулай күлмесе!

Сол  үн  құшақтарын  еріксіз  жаздырған  екі  дос,  көздеріне  сенбегендей,

біріне-бірі  құныға  қарай  берді.  Шоқан  Потаниннің  əскерлік  міндетін

өтеуге,  шығыстық  Сібірге  жөнелтілгенін  білетін  еді  де,  дəл  қай  жерде

жүріп жатқанын білмейтін еді. Ал, Шоқан мұнда келеді деген ой есіне түсу

түгіл,  түсіне  де  кірмеген  Потанин,  оның  көктен  түскенін  немесе  жерден

шыққанын білмей қалғандай болды.

Потанин  қызмет  атқаратын  кавалериялық  эскадрон  шекарадағы

казарманы  мекендейтін.  Бұның  да  тұрағы  сонда,  ара-тұра  Кяхтадағы

махаббатына  келіп-кетіп,  кейде  тоқырау  қорасындағы  үйдің  кабачегіне  де

бас сұғып, көңіл көтеріп шығатын. Шекара өте тиышты болғандықтан, ара-

тұра  əскерлік  ойындарымен  шұғылданулары  болмаса,  басқа  атқарар  істері

жоқ, сондықтан іш пысқан кездерде кабачектан арахы жұтып, дойбы, карта

ойнап, күлкілі əзіл-оспақтар айтып күн кешіреді.

Күлкілі шудан құшақтарын жазған шақта:

– Ал, бізге барамыз, – деді Григорий Николаевич.

– Қайда ол «бізін,»?

– Осы қалада.

Екеуі  де  жəмшік  арбасына  мініп,  Потанин  сілтеген  жөнге  тартты.

Байсалды кеңестерді орнығып сөйлескісі келген

Потанин,  бастаған  жөніне  əкеле  жатып,  қара  басының  бір  сырын  ашып

берді.

– Казак-орыстың əскерлік қызметі жиырма бес жыл екенің оны өтегенше



үйленуге  хақы  жоғын  білесің,  Қанат,  –  деді  Потанин,  «қазақ  сөздерін

ұмытқан  жоқпын»  дегенді  білдіргісі  келгендей,  «қ»  əрпін  əдейі  көмейіне

күрмелдіре,  байырғы  қазақтай  шығарып,  –  оған  көп  бар  ғой,  əлі!  Деген


жастық  жалыны  тұтанса  шыдатпайды  екен.  Мен  осы  қаладан  Баянымды

таптым...

– Қайдағы Баян? – деді Шоқан түсінбей.

– Кəдімгі Қозы-Көрпештің!..

– Сондай ғашық қызың бар ма?

–  Бар!  Жəне  қазақтың  ғажайып  ертегісінен  ешбір  айырмасы  жоқ

ғашықтық!

– Құттықтаймын.

– Бірақ, арамызда Қарабай да, Қодар да жоқ əзірге; болмайтын да шығар

деп ойлаймыз.

– Əрине.

– Үйлену уақытын əскерлік қызметі созғанмен, қашан да болса қосылуға

серттестік.  Қыздың  аты-жөнін  білдіріп  қояйын:  Александра  Викторовна

Лавровская.  Əкесі  Константин  Васильевич,  Қазан  университетін  бітірген,

содан  либералдық  пікірге  үгітші  болғандығы  үшін  жер  ауып  Үркітке

келген.  Қызы  сонда  туады.  Күнəсі  кешірілген  əкесі  мекеніне  оралғанда,

гимназияда оқыған қызы қалып қояды. Гимназиядан ол монғол жəне қытай

тілдерін  біліп  шығады  да,  орыс-моңғолдың  Кяхтадағы  школына  сабақ

береді. Енді бар өмірін, монғол тұрмысын зерттеуге арнамақ. Мені де соған

жетектегісі келеді.

– Жақсы жетек екен! – деді Шоқан.

Олар  барса,  Александра  Викторовна  пəтер  үйінде  екен.  Потанин

таныстырған  Шоқанға  ол  бірден  үйріле  кетіп,  көп  жағдайын  Гришадан

естігенің көруге құмарлығын, көріскенін өзіне бақыт санайтынын айтты.

Ақыл,  мінез  жағынан  бай  Григорий  Николаевич  түр-тұлға  жағынан

оншалық  көз  тартар  емес  те:  бойы  шарға,  жуантық,  дөңгелектеу  бетінің

сүйектері  шодырайған;  пұштиған  мұрнының  танауы  делдиген,  сол

сиқының  үстіне,  иегіне  ұстара  тигізбейтін  қазақ-орыс  салтын  қолданып,

қоңыр  түсті  сақал-мұрты  қалыңдай  өсіп,  бетінің  көзі  мен  мұрнынан  басқа

жерін жаба тапты. Айрылған шақта олай емес еді, енді бұлай бола қалуына

қайран қалған Шоқан, жолшыбай:

– Аз уақытта қалай қаулаған?! – десе,

Сақал-мұртты  тез  өсіргісі  келсе,  казак-орыстардың  бетіне  əуеле  ұстара

жүгіртіп алатынын білмеуші ме едің? Мен де сөйтем деп, аз айдың ішінде

қаулаттым да алдым – деп жауап берген.


– Неге өйтеді?

Казак-орыстардың ұғымында,– сақалы жоқ еркек сиықсыз.

Ə-ə-ə...

Осындай, түр-тұрпаты мақтаулыға жатпайтын еркекке, қымбатты, ғажап

келбетті  қыз  душар  болған.  Орыстың  сұлуы!  Не  деген  бақытты  жігіт  еді,

Григорий  Потанин!..  Сөйлесіп  байқаса,  –  білімі  ше?  Əдебі  ше?  Мақсаты

ше?  бəрі  де  бір-біріне  жарасып  тұр!..  Бұндай  жары  бар  жігіттің  арманы

не?..


Осы арада Шоқанның есіне Айжаны түсіп кетті. Александра орыс сұлуы

болса,  ол  қазақ  сұлуы!  Екі  əдемі  гүлдің  бірінен  бірін  қалай  асыра  мақтай

алады адам? Екі сұлудың араларындағы айырма: Александра – адамзаттың

асқар  таудай  мəдениетінің  шыңында  жүрген  сияқты,  ал,  Айжан  тегінде.

Шоқанға  сонысы  ғана  өкініш.  Бірақ,  аз  уақытқа  ғана  болса  да  ана  жылы

Сырымбет тауының саласында өткізген рахат минуттері есінен кетер емес.

Сол рахат жолының қайда апарарын, қалай ойласа да ақылы жетпейді.

Шегіне  көз  жеткісіз  арманға  жету  ойынан  бұрын  да  тауалы  шағыла

беретін  Шоқан,  бұл  жолы  да  сөйтіп,  «ə-ə-ə,  көре  жатармыз,  не  боларын!»

деп, оң қолын бір сермеді де, бетін тіршілік жабдығына бұрды.

Сөз əлпетіне қарағанда, Потаниннің Шоқанды осы үйге қондырар қалпы

байқалады. Соны анықтағысы кеп:

– Қайда болатын ек? – деп еді,

–  Əрине,  осында!  –  деді  Александра  Викторовна,  –  екеуіңіз  де  менің

құрметті қонағым боласыздар!

– Сөйтеміз бе? – деді Шоқан Потанинге жымия қарап.

– Əрине, – деді əзіл төркінін түсіне қойған Потанин.

–  Онда..  –  деп  Шоқан  Банзаровты  іздеп  келгенің  оны  да  араға  алу

қажеттігін айтты. Потанин да, Лавровская да Банзаровпен таныс, дос екен.

Бірге  болуды  екеуі  де  мақұлдай  кетті.  Əдейі  кісі  жіберіп  хабарласса,

Банзаров жолаушылап кеткен екен. Пəтері: – «Ертең келуге тиісті» депті.

Шоқан  қонуға  бейіл  білдірген  осы  үйде,  сол  күні,  түбі  ауыр  трагедияға

соға  жаздаған  бір  оқиға  бола  қалды.  Өзін  мейлінше  қазақуар  орысқа

санайтын кішкене күнінен қазақ ғұрпын ұнатып өскен, сол дағдысы күшейе

түспесе,  бойынан  əлі  де  арылмаған  Потанин,  етті  қазақша  жеуді  ұнататын

еді  жəне  ұзын  құйрық  сарықтың  етін  емес,  тегене  құйрық  қойдың  етін.

Ондай қойлар Кяхта маңында да көп екен, əсіресе, монғолдарда. Олардың

қойлары,  үстіне  адам  мінсе  аяғы  жерге  тимейтін  ірілері;  көбі  көлемі  де,

салмағы  да  денесіне  беріспейтін  құйрықтылар;  сектерінің,  тұсақтарының,


қошқарларының құйрықтарын екі доңғалақты итарбаға артпаса, өздері сал-

бөкселеніп  көтере  алмайды.  Үнемі  ащылы  отта  жүретін  олардың  майлары

сүт  тəрізді  жүрекке  шық  ете  ғап,  қандай  мешкей  болса  да  аузына

салдырмайды.

Осындай  қойлардың  бір  табынын  Потанин  «эскадрон  асханасына»  деп

арзан  бағамен  (ту  қой  күміс  ақшамен  бір-ақ  сом)  саттырып  алған  да,

қаңғырып  жүрген  бір  қазаққа  бақтырып,  керегінде  сойғызатын  əсіресе

тартылған марқаларын.

Сондай дағдысы бар Потанин, Шоқанға қонағасыны қазақ, ғұрпымен өзі

бермек  боп,  қалыңдығы  мен  екеуінен  ұлықсат  алды  да,  салт  мініп  марқа

əкелуге  кетті.  Тағы  бір  ойы:  бақташысы  болып  жүрген  қазақты  Селенгада

мойнына  дорба  сап  тіленші  боп  жүрген  жерінде  кездестіріп,  аяушылық

келтірген де, менің маңымда бол деп Кяхтаға алып келген. Оқымаған, жасы

қырықты орталаған, еркін өскен түктерінен адамға емес, аюға ұқсас балуан

денелі  біреу,  қазақтан  басқа  елдің,  тілін  білмейді.  «Қайдан  жүрсің?»  десе,

«жер ауып» дейді. Неге ауғанын айтқысы келмей тыжырынады, ар жағында

зілді  оқиға  барын  жорамалдаған  Потанин  «жарасын  тырнармын»  деп

қазғыламайды,  атын  «Қодығұл»  дейді,  руын,  мекенін  айтпайды.  Тіл

алғыш... Мал бағуға ұқыпты...

Қазақты  жақсы  көретіндігін  осы  Қодығұлды  ұстауымен  де  дəлелдегісі

келген Потаниннің ойы, оны Шоқанға ерте келіп, «міне, бір қазағың!» деп

мақтанбақ  еді,  өзіне  айтпайды  деген  сырларын  Шоқанға  айтқызып,  реті

келсе жеріне жетуге жəрдемдесу еді.

Ол  ойы  болмай  шықты:  Шоқанға  мақтанбақ  болған  ол,  Кодығұлға  да

мақтанбақ  боп,  «осындай  қонақ  келіп  қалды,  туысың!»  деп  мəн-жайын

қысқа  баяндап  еді,  жалаңаш  аяғына  от  басып  алғандай  бейшара  қойшы

селк  ете  қалды;  əлде  не  ауыр  сезімнің  тереңіне  батып  тұншығып  бара

жатқандай, кескіні құбылып, бет-аузы жыбырлап кетті...

–  Не  болды  саған?!  –  деді,  Қодығұлдың  мына  түрінен  шошына  қалған

Потанин.


– Жəй əншейін, – деуге ғана шамасы келді, қалшылдаған бойына ие бола

алмаған Қодығұл, жерге бүгесінен отыра кетіп.

– Жүрегіңнің қыспасы бар ма еді? – деді Потанин, құлап кетер» дегендей

иығынан демеп.

–  Қо-ян-шы-ғ-ғ-ғым!  –  дегенді  ышқына  айтты  да,  Қодығұл  бір  қырына

қисая кетті. Ауыр денеге, əлі аз Потанин ие бола алмай, оңтайлы жатуына

ғана  жəрдемдесті.  Содан  кейін  «өліп  бара  жатқан  жоқ  па?»  деп  тамырын

басып көрсе, жүрегі лыпылдай соғып тұр.

«Қояншық»  дегені  орысша  –  припадка  екенің  одан  адам  өлмейтінің


ұстамалы  бұл  сырқат  біраз  уақытсыз  басылмайтының  оған  тиыштық

керектігін  білетін  Потанин,  қасында  ұзақ  тұруға,  өзінде  уақыт

болмағандықтан,  серік  боп  жүретін  бурят  балаға  тапсырды,  өзі  кейін

қайтты.  Бір  марқаны  өңгеріп  ала  кеткісі  кеп  тұрды  да,  оны  жайғастырып

соятын  кісі  жоғын  еске  алып,  тастап  кетті.  Енді,  амал  жоқ,  бүгінгі

Шоқанның  қонағасына,  казармада  сақталатын  сүрленген  еттен  апарып

асады.  Ол  қай  бір  бабындағы  сүр!..  Жуықта  Қодығұлға  сойдырған  ту

қойдың  етін  сүрлетпек  болғанда,  жаздың  шыбыны  көп  ыстық  күндерінде

борсып  əрең  тобарсыған.  Содан  кейін  құрттап  кетер  деп  бір  ыдысқа

бұқтырып  тастаған.  Аздап  сасыған  иісі.де  шыға  бастаған.  Бірақ,  амал

қанша!..  Қазақты  қонағасысыз  жатқызу  да,  тауық  тəрізді  бірдемемен

алдастыру да ұят.

Əскерлік  сөмкеге  сасықтау  сүрді  салып  ап,  қанжығасына  байлаған

Потанин,  «қайтып  жатыр  екен?»  деп  Қодығұлға  соқса,  есін  жиып  қапты,

бірақ  Шоқанға  бармауға  бекінген  Қодығұл,  «жүрегім  əлі  ойнақшып  тұр,

жазыла  беріп  қайта  ұстайтыны  болушы  еді»  деп  кеудесін  алақандарымен

басты  да,  Потанинннің  жалынып  шақыруынан  бас  тартты.  Потанин

амалсыз  жөніне  кете  барды.  Бірақ  ол,  Қодығұлдың  сырқаттануына  сеніп

кетті, айлакерлігі екенін сезбеді.

Неге айла жасады Қодығұл?

Оның  шын  аты  –  Есқара,  есімі  бізге  осы  романның  бұрынғы

тарауларынан  мəлім,–  атақты  ұры  Мақаштың  Қожығының  баласы.  Шоқан

Атбасар  сапарынан  қайтқанда,  Қожықтың  жаулары,  əсіресе  Шыңғыс  «бұл

тұрған  жерде  біз  тұрмаймыз,  тұрсын  десеңіз,  арамыздан  əкетіңіз!»  деп,

генерал-губернатордық атына піргеуір жасап берген.

Қожық ұрлығын қоймай елдің əбден тынышын кетіргенсің Шоқан да ол

піргеуірді  қолдап,  оңайлықпен  қолға  түспейтін  Қожықты  да,  оның

сайдауыттай  сегіз  ұры  баласын  да  арнаулы  жіберген  əскери  отряд  қапыда

бас салып ұстаған. Қожықта ұл бала тоғыз болатын. Солардың ішіндегі иіс

алмас  ең  момыны,  ұрлық-қорлыққа  араласпай  мал  баққышы  осы  –  Есқара

еді.  Отряд  оны  да  ұстағанда,  ел-жұрт  боп,  Есқараны  алып  қалмақ  болған.

Отряд  өтінішке  құлақ  аспай,  өзгелерімен  бірге  əкеткен.  Итжеккенге  жаяу

айдалған Мақаштардан, сақал-шашы буырылданып қартайып қалған, ауыр

денелі Қожық тұтқындық азабына шыдамай жолда өлген. Бейіті сол арада

қалып қойған: оның көмілген көмілмегенін құдайым білсін!

Мақашовтардың  қалған  тоғызы  Итжеккенге  түгел  жетіп,  балық  аулау

ісіне  қосылған.  Сонда,  үнемі  тулап  жататын  Беринг  теңізінде,  қайықтары

аударылып кетіп, жүзуге шорқақ өзгелері қарық боп кете барғанда, сушыл

Есқара пəлен шақырымдай малтып шыққан.

Содан  қашқан.  Қайда  барады,  қашқанда?  Географиядан  хабары  жоқ  ол,

қайдан  қалай  келгенін  білмейді.  Бар  білері,  –  ұзақ  жүрді,  ауыр  азап  көрді.

Итжеккенге  келе,  күннің  де  қайдан  шығып,  қайда  батуынан  да  жаңылып



қалды.  Тек  шығуын,  батуын  ғана  көреді.  Ел-жұртының  қай  жақта

екендігінен түк саңлау жоқ.

Сондай Есқара, басы қай жаққа ауса, сол жаққа қаша берді, қаша берді...

Беттеген  жағында  ел  де  ете  сирек  екен.  Пəлен  күнде  ғана  адам  тұрағы

кездесіп  қалады,  оларды  көре  тұра  жоламайды,  сезбестік  түрде  орап  етіп

кетеді.  Бар  қаруы–лиственница  аталып,  Сібірде  өсетін,  «темірден  қатты»

дейтін  ағаштан  жасалған  шоқпар.  Ауырлығы  зілдей.  Тайганың  ішінде  көп

күндер қаңғырған Есқараға осы шоқпар ғана сенімді серік болды...

Қаңғырған Есқараның жолында, бір мезетте аң сиреп, ашығуға айналды.

Енді  адам  тұрағы  кездессе  бармай,  қайыр  сұрамай  амалы  жоқ.  Сондай

халге  Потанинге  кездесуін,  оның  қамқорлыққа  алуын  жоғарыда  айттық.

Сөйтіп  жүргенде,  Шыңғыстың  баласы  Шоқанға  кезігем  деген  ой  өңі  түгіл

түсіне кірген бе?

Сондай  адамның  жақын  жерге,  созған  қолы  жететін  жерге  келуін

естігенде,  жүрегінде  оған  деп  сақтаған  кек  уы,  бірден  барлық  тамырын

қуалай,  қанына  тарай  жөнелді  де,  өзіне  өзі  ие  бола  алмай,  талықсып  кету

себебі содан еді. Есін жиғанда көрген ой:

–  «Əб-бəлем,  қасқырдың  бөлтірігі,  қанды  басың  бері  тартып  қол  жетер

жерге  келдің  бе?  Қолымды  сенің  қаныңа  бояған  сəтте  өліп  кетсем  де

арманым жоқ!»

Өйту  үшін,  көзіне  көрінбеу  керек  те,  қапысын  тауып,  сенімді  серігі  –

шоқпарын сілтеу керек. Аю мен жолбарысты бір соққаннан қалдырмайтын

қаруы, Шоқанды да шыдата қояр ма екен!

Қозы  əкелуге  кеткен  Григорий  Николаевичтің  іңірде  өзі  ғана  келуі,  ол

сөзді  құлақтары  шалып  қалған  Шоқанға  Александраға  да  жаңалық  болды.

«Неге?» дейтін сұрауға оның əзірлеп əкелген жауабы:

–  Қайда  сіңіп  кеткенін  білмеймін,  қойлар  да,  қойшылар  да  жоқ.  Іздей-

іздей сілем қатты.

Үйдегілер  «оқасы  жоқ»  деген  болды.  Бірақ,  аңғаруларына  қабағына

қатыңқы


бірдеме

байланып

келгендей.

Неге


екенін

сұрамады.

Александраны оңашалаған Григорий. қашқаным мынау!» деп борсыған етті

көрсетіп  еді,  мұрнын  шүйіре  қараған  Александра,–  «жыныққан  екен,

ауыртып  алармыз»  деп  одан  тамақ  жасауды  қоспады,  «аш  болмассыздар»

деп, өз білгенінше тəтті-дəмді бірдемелерді əзірлеуге кірісті.

Оңашаланған  Григорийден  Шоқан  не  кейістігі  барын  сұрап  еді,

Шоқаннан  жасырар  сыры  жоқ  ол,  Қодығұл  жайын  қысқаша  айтып  берді.

Сонда  қараса,  Шоқанның  сұрғылт  өңі  қуқылдана  ғапты.  Ол  да  басына

оралған ойды досынан жасырған жоқ.



– Анық қазақ қой өзі? – деп сұрады алғаш.

– Қазақты басқа ұлттан айыра алам ғой, Қанаш. Нақ қазақ.

– Қашқын екені рас па?

– Солай дейді.

–  Онда  бұл,  –  деді  Шоқан  ойланғандай  аз  кідіріп,  –  жер  ауған

қазақтардың  бірі.  Əр  кезде  жер  аударылған  олар  көп.  Бірақ,  менен  неге

үрейленеді?!  Сонысына  қарағанда,  менен  жапа  шеккен  біреу  ғой  бұл!

Ондайлар бір ғана фамилия, – деп Қожық тарихын баяндап берді.

–  Бұл  қашқын,  –  деді  ол,  бекіген  сеніммен,  –  дəу  де  болса,  Қожықтың

бірге  айдалған  тоғыз  ұлының  бірі.  Бəрі  де  бас  кеспе,  қан  ішерлер.  Егер

олардың бірі болса, бүгінгі түн маған қауіп!

«Сонда  не  істеу  керек?»  деген  сұрауға  Потаниннің  тапқан  жауабы,  үй

төңірегіне  қарулы  солдаттардан  күзет  қою.  Бірақ,  олармен  қауіпсіз  болуға

іштей  күдікті;  эскадронда  əскери  тəртіп  нашар,  солдаттар  салақ,  бейғам,

қалғымпаз.  Дегенмен,  Шоқанның  көңілі  үшін  болса  да  қойғызу  керек.  Өз

ойында, көптен көріспей сағынуды сылтау ғып, қауіпті түнді кеңеспен ояу

өткізбек.

«Үрейленер»

деген

оймен


бұл

сырлардың

бəрін

Александра



Викторовнадан  жасырды.  Ол  əлдеқайдан  үйрек  жұмыртқа,  картоп  тауып,

аса дəмді тағам сыйлады. Қонақтар мейлінше риза.

Күткен  қорқыныштан  жүрегі  қобалжыған  Шоқан,  тағам  аузына  тұши

тұра,  шаршап  кеппін  дегенді  сылтауратып  жөнді  жеген  жоқ,  арахыдан

татқан  да  жоқ.  Табақтасының  тартына  жеуін  көрген  Григорий  де,  қарны

аша  тұра  қомағайланбады.  Қонақтарының  неге  бүйтуін  түсінбеген

Александра Викторовна «жеңіздер!» деп біраз өтінді де, сөзі өте қоймаған

соң  «дəмсіз  болғаны  ғой,  əзірленген  тамақтың!»  деп  кейіген  кескін

көрсетті. Қонақтарына ол назы да өте қоймаған соң енді қолқалауды қажет

көрмеді.


Қарағайдан  қиылған  бұл  үйде  төрт  бөлме  болатың  Александра  соның

сыртқы  есігі  басқа,  кішірек  біреуінде  тұратын.  Егер  қонақ-монақ  келе

қалса,  жандары  аз  қожасы,  көрші  бөлменің  əдетте  жабық  тұратын  есігін

ашып  қоятын.  Онда  үш-төрт  кісі  еркін  сыйып  жататын  қарағайдың

тақтайынан  жасалған  ауыр  ағаш  кровать  бар.  Шоқан  мен  Потанин  сонда

түнейтін болды.

Шоқанның  қорқынышты  сезімін  байқап  отырған  Потанин,  жатар

алдында оған, төңіректе күзет жүретінін айтты. Оның үстіне жүрек бергісі

кеп:


– Ешкім де келе қоймас. Əсіресе, Қодығұл. Ол Қожық баласы боп шыға

қалғанда, бұнда кеп, батыл қимыл жасайтын жігіт сияқты емес. Дене күші

болғанмен, қайрат шықпайтын жасық, ынжық, біреу, – деді.

Шоқанның  естуінше,  Қожықтың  тоғыз  ұлының  сегізі  өжет  те,  біреуі

жуас.  Омбыдан  Сібірге  жөнелтерде  кездескен  Шоқанға  ол  жайлы

Қожықтың өзі де:

–  Хан  тұқымы,  өшігіп  тұрсың  ғой  Мақаш  əулетіне.  Жалынбаймыз,

білгеніңді қыла бер. Күн туар күн болса, есемізді қайтарамыз; тумаса амал

нешік.  Жалғыз  ғана  айтарым:  өрт  жүрген  жерде  де  бір  түп  кеде  аман

қалатын  еді.  Мақаш  тұқымын  түгел  құртам  деме.  Менен  туған  еркек

кіндіктілер түгелімен қамауыңда. Немерелердің барлығы тырбиған қыздар.

Бізден  де  бір  еркек  ұрпақ  қалсын  да.  Өзгеміз  жазықты  болғанмен,

жазықсыз  бір  балам  бар,  аты  –  Есқара.  Ол  «қой  аузынан  шөп  алмаған»

момын. Өзгеміз үшін күйдірме оны, обалдан қорық, алып қал», – деген.

Шоқан бұл сөзге солқылдағанмен, əкесі:

– Арғы атан, Күншығыс, өскен соң кек қайтарады деп, жау жағының жас

ұлдарын  да  қырғызып  тастайды  екен.  Ертең  өсіп-өнсе,  Есқараның  өзі

болмағанмен,  одан  ұл  туа  қалса,  бізден  айдауда  өлген  аталарының  кегін

қайтармай  қоймайды,  –  деп  Есқараны  қалдыртпаған.  Потаниннің  артынан

сипаттауына  қарағанда,  оның  қойшысы  болып  жүрген  қашқын  зəлтті.

Бірақ,  «қасқыр  баласы  қаппай  қоймайды»  дегендей,  қабуға  əзірленбеуіне

кім кепіл бопты? Қылығын естігенде сөйтуі де кəдік!

Бір  кроватқа  төстерін  тақаса,  құшақтаса  жатқан  Шоқан  мен  Григорий,

қорқыныштың  ғана  емес,  бұрынғы  өткен,  қазір  бастан  кешіріп  жатқан,

келешекте  күтеді-ау  деген  жайларды  əңгімелесеміз  деп,  жатар  алдында

көздеріне  тығылған  ұйқыларын  қашырып  алды.  Сондағы  ең  көп

кеңескендері  сібірлік  халықтардың  ауыр  тағдырлары,  соны  қалай

жеңілдетудің амалдары.

Бұл  жайда  Шоқан,  Потанин  күндіз  қойға  кеткенде,  Александра

Викторовнамен  де  біраз  кептесіп  қалған.  Талдырмаш  бойлы,  сыпайы

мінезді  бұл  қыздың  ой-санасы  жас  мөлшерінен  алдеқайда  озық:

гимназияны бұдан бір-ақ жыл бұрын ғана бітірген аржағында бір семьяның

сүйікті  еркесі  болып  өскен  өмірлік  тəжірибесі  аз  жас  қыз  сияқты  емес,

көрген-білгені  көп,  олардың  бəріне  өз  көзқарасы  бар,  қасабалы  əйел

сияқты.

Кеңесіп  отырғанда  Шоқан  оны,  бір  сəтте  іштей,  Катерина  Карловна



Гутковскаямен  салыстырып  байқады:  кітаптық  білім  жағынан  ол  бұдан

биік  сияқты  да,  өмір  шындықтарын  тану  жағынан  бұл  одан  əлдеқайда

жоғары сияқты.

Кяхтаға  келуіне  жылға  жетпегенмен,  жергілікті  бурят  пен  монғолдар



тұрмысынан  біліп  үлгергені  ұлан  байтақ.  Соларынан  ол,  Шоқанның

ұлықсатымен,  айтуға  қажетті-ау  деп  санаған  біразын,  Потанин  оралғанша

əңгімелеп те берді.

–  Ең  алдымен,  –  деді  ол,  ағайындас  арғы  тектерін  бөле  сөйлегенмен,

тілдерінде  аздап  айырма  болғанмен,  əдет-ғұрып,  салт-сана,  өнер-əдебиет

жағынан  бұлар  бір  монетаның  екі  жағы,  бір  кітаптың  тұтасқан  екі  беті.

Одан арғы егжей-тегжейін менен гөрі Григорий Николаевич көбірек біледі.

Қажет көрсеңіз содан сұрарсыз.

–  Діндер  қос-қабат:  шаманизм  мен  ламаизм  сапырылыса  араласып

жатыр. Доржи Банзаровтың «қара дін» аталатын еңбегін оқыған боларсыз.

–  Əрине,–  деді  ойлана  отырып.  Өйткені  ол  діннің  қазаққа  да  қатынасы

кеп.


– Онда менің халімді жеңілдеттіңіз, мен ендеше Банзаровтың «жақсыға»

санайтын  жақтарына  соқпай,  оған  сенетіндердің  қазіргі  өміріне  тигізіп

отырған орасан залалын айтайын.

– Тыңдауға бейілмін, – деп қойды Шоқан, қызыққан белгі көрсетіп.

–  Бүкіл  сырқат  атаулының  басым  көпшілігін  шаман  діншілдері  емдейді

жəне барып тұрған тағылық түрде. Олардың емінен сырқат жазылу орнына

мен  дейді.  Бір  мысал:  бала  туар  алдында  қиналған  əйелдің  əлсіреуі,  кейде

талықсып, кейде өліп те қалуы табиғи нəрсе; шамандар...

– Қазақта оларды «бақсы» дейді, – деді Шоқан.

–  Сол  «бақсы»,  –  деді  жаңа  сөзді  тез  ұстай  алғыш,  ұға  қалғыш

Александра,  –  əйелдің  əлсіреуін,  жын  басады  деп  түсініп,  (жындардың

аттары бірталай)..

– Қазақтар да солай...

–  Жөнді  күшпен  қашырам  деп  бейшара  əйелді  ұрып-соғып  нелер  ауыр

азапқа салады. Көбі сол таяқтан өледі...

– Бізде де...

–  Бір  сəтте,  азаптанып  жатқан  əйелге  араша  түсем  деп,  сəтіне  қарай

əйелдің  жаны  ғап,  содан  мені  буряттар  «жаңа  бақсы»  атап,  əйелі

босанатындар шақыра беретін болды!.. Сонымен, – деді Александра еріксіз

езу  тартып,–  ойда  жоқта,  мені  акушерка  ғып  шығарды.  «Енді  медицина

дəрігері болсам ба» деген мақсатым бар.

– Тамаша мақсат.

– Бірақ, болған  күнде де, жалғыз  мен қалай үлгере  алам, дүниеге келер


бала  біткенді  туғызып?  Одан  басқа  сырқаттардың  жəрдемшісі  кім?  Жоқ,

олар!  Бұларша  –  «аймақ»  бізше  «губерния»  аталатын  бір  өлке  елде

ғылымдық шара қолданатын бір де медик жоқ.

–  Бұл  маңайда  шаманнан  басқа  «дəрігер»  –  «Тибет  емі»  аталатын

əдістерді  қолданушылар;  олар  дəрі-дəрмекті  шөптен  жасайтын  көрінеді,

олары көбінесе пайдалы сияқты, бірақ, бұл əдіске жетік «ламалар»...

– Бізше – молдалар...

–  Өз  білгенін  басқадан  жасырып,  өлгенде  жолын  тұтатын  бірер  адамды

жасырын даярлайды дейді, сондықтан ондай дəрігерлердің саны көбеймей,

ел арасынан некен-саяқ қана ұшырасатын көрінеді.

– Қазақ байғұста ол да жоқ! – деп қойды Шоқан күрсініп бары бақсылар

ғана!..


– Қай діннің үйреткенін білмеймін,– деді Александра ауыр күрсініп ап, –

буряттар арасында сиреңкіреген, монғолдар арасында тұнып тұрған бір аса

жаман  əдет:  өлуге  бет  алған  сырқатты,  шала-жансар  кезінде,  аяғына

арқаннан  тұзақ  сап,  атпен  айдалаға  сүйреп  тастау.  Ондайлар  иттің

сыбағасы: кісі етіне дəніккен иттер талап жейді.

– Көзіңізбен көрдіңіз бе?..

–  Кездестім  де,  қарауға  дəтім  шыдамады.  Тағы  бір  сұмдығын  айтайын

ба?


– Иə?..

–  Алпыс  па  жетпіс  пе,  сол  жастардың  біріне  келген  діншіл  қарт,  «өмір

жолын тауыстым» деп санайды екен де, өзін бір жұмалық азығымен тірідей

айдалаға,  не  таудың  арасына  апартып  тастайды  екен,  оны  да  иттер  мен

аңдар талап жейді екен!..

– Қойыңызшы-ау!..

– Өзім көрмедім, Потанин көріпті...

– Оған сенуге болады...

–  Бұл  салт,  –  деді  Шоқан,  ризалық  кескінмен,  –  құдайға  шүкір,  біздің

қазақта жоқ!..

– Потаниннің айтуынша, бүкіл мұсылман елінде де жоқ.

– Мұсылмандықтың бір тəуірі осы.

Надандық  трагедиясы  Шоқанның  сезімін  ауырлатып  жіберген  болар


деген  оймен,  Александра  жаманға  санайтын  тағы  біраз  əдеттерді  айтқысы

келсе  де  айтпай,  қонағының  ауырлап  қалды-ау  деп  жорыған  сезімін

жеңілдету  ниетімен,  сездерін  «еркектерге  ұнайтын  болу  керек»  деп

санайтын бір жайға ауыстырып жіберді.

– «Ламаизм» деген, будда дінінің сопылары тұтынатын жол сияқты.

– Менімше де солай.

– Ол дін бұл араға бертінде келгенге ұқсайды.

– Он алтыншы, не он жетінші ғасырдан болу керек.

– Будда дінінің храмын – «Дацан» деседі екен. Солар да, өзге діндердегі

сияқты, «лама» аталатын үлкенді-кішілі дін басылар тұтатын түрі бар.

– Білем.

– Олар төңірегіне, біздің монахтар сияқты үйленбейтін діншілдер тобын

құратын  сияқты;  бірнеше  ұлы  бар  адам,  біреуін  ғана  қолына  ұстап,

өзгелерін  монахқа  беретін  сияқты,  олар  еркімен  ынталанып  баратын

сияқты...

– Неге?


–  Ашығын  айтқанға  кешіріңіз!  –  деді  Александра  айтуға  ұялғандай,

күлімсірей  төмен  қарап,–  үйленетін  жігіт  қалыңдығын  дацанға  апарып

некесін қидырады екен де, сонда қалдырып кетеді екен.

– Неге? – деді Шоқан ар жағын жорамалдай тұра, əдейі сұрап.

–  Бірінші  түнді  монахпен  өткізу  үшін  дейді,  –  деді  де,  Шоқан

«қалжыңды  сұрауын  жалғастыра  берер  ме»  деген,  оларына  жауап  бергісі

келмеген  оймен,  сонысын  сездіргісі  келгендей,  орнынан  түрегеп,  бетін

теріс бұрып жүріп кетті Александра.

Сол қалпын аңдаған Шоқан, тағы да бірдемелер сұрамақ болған ойынан

тиыла ғап, бұл қыз жайындағы бағасын іштей қорытты.

«Егерде,  –  деп  бағалады  ол,  –  Айжан  мен  Катеринаның  ішкі-сыртқы

қасиеттерін  сапыра  араластырып  жіберерлік  күш  табылса,  тұтасқан  бір

Александра шығар еді-ау!».

Содан кейін қалжыңды салмақты кеңеске айналдырғысы келген Шоқан:

–  Сондай  монахтар  көп  пе  екен?  –  деп  сұрады,  бетін  бері  бұрған

Александрадан.

–  Потаниннің  айтуынша  монғолдық  еркектердің  тең  жарасынан  артығы


болу керек...

Əңгімені  əрі  созуға  Потанин  кеп  қалды.  Əңгіменің  аяғын,  бір  төсекке

құшақтаса  жатқан  соң  жалғастырып  əкетті.  Ол  да  сөзін  жалпы  сібірлік

олардың ішінде – монғолдық тұқымдардың егер өнер-білімге жұғыстырса,

лап  етіп  жана  кетуге  əзір  тұрған  талантты,  ақылды,  парасатты  елдер

екендігінен  бастады.  Сондағы  үлкен  бір  дəлелі  –  Доржи  Банзаров.

Потаниннің алдын ала айтқаны:

Банзаров шығыс тарихының осы бір кезеңінде туа қалған феномен



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет