Абстракт Зерттеу тақырыбының өзектілігі


Диссетация жұмысының құрылымы



бет13/29
Дата22.04.2020
өлшемі0,68 Mb.
#63818
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
Еркінжан2

Диссетация жұмысының құрылымы: Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТЫЛУЫНЫҢ ТАРИХНАМАЛЫҚ, МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ, ДЕРЕКТІК НЕГІЗДЕРІ


    1. Тарихты оқыту әдістемесінің ғылым ретінде зерттелу деңгейі

Қазақстан тарихы мектепте оқытыла бастаған алғашқы 1958/59 оқу жылынан бастап-ақ, тарихшы мүғалімдерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында мерзімді педагогикалық басылымдарда бірқатар мақалалар жарық көрді. 1958—1960-жылдары "Қазақстан мұғалімі" мен "Учитель Казахстана" газеттерінде және 1960—1965-жылдар аралығында "Қазақстан мектебі" журналында Е. Бекмахановтың бірнеше мақаласы жарық көрді. Ал, 1961-1965-жылдары мектепте Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі мәселелерін баяндайтын әдістемелік құралдар баспадан шыға бастады.

Зерттеуші И. Қадырбековтың 60-жылдары жүргізген зерттеу жұмысының Қазақстан тарихын мектепте оқытудың өзекті мәселесінің бірі – көрнекі құралды пайдалануға арнаған. Енді ғана оқытыла бастаған бұл курс сабақтарында көрнекі құралдар өте сирек қолданылатын. Оның басты себебі - дайын құралдардың жоқтығы. И. Қадырбековтің еңбектерінде [7] осы курстан көрнекі құралдарды іріктеп, дайындау, оларды жүйеге келтіру және сабақта пайдалану мәселелері қатар қамтылып, шешімін тапқан. Онда Қазақстан тарихын оқытуда пайдаланылатын көрнекі құралдар төмендегіше жүйеленген:


  • Тарихи карталар.

  • Схемалық көрнекі құралдар.

  • Бояулы суреттер.

  • Портреттер.

  • Саяси плакат және карикатура.

  • Құжаттардың фотосуреттері.

  • Техникалық құралдар.

  • Сабақта пайдалануға ұсынылатын жергілікті көрнекі материалдар.

Автор өз еңбектерінде [8] әрбір көрнекі құралды пайдаланудың әдістемелік жолдарына жеке-жеке тоқталады.

Тарихшы К. А. Аманжолованың зерттеулері Қазақстан тарихын оқыту барысында тарихи-көркем әдебиеттерді пайдалану әдістемесіне арналған. Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғаларға қатысты тарихи-көркем әдебиеттің көп екені белгілі. Бірақ та білімділік, танымдық және тәрбиелік жағынан пайдалы сол мол қосымша құрал тарих сабақтарында жөнді қолданылмады. Өйткені қатардағы мұғалімге сонша әдебиетті оқып шығып, саралап, қажетті үзінділерді таңдап алу және оларды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтауы қиын еді. Автордың осы саладағы зерттеу нәтижесі кандидаттық диссертация қорғаумен және баспа арқылы әдістемелік құрал шығарумен аяқталды [9, 10]. Автор өзінің еңбектерінде Қазақстан тарихы сабақтарында тарихи-көркем әдебиетті пайдалануды методологиялық, ғылыми-әдістемелік жағынан негіздеген, сабақтарда әдебиеттерді пайдалануға қойылатын бұрыннан белгілі талаптарды осы курстың ерекшелігіне байланысты одан әрі жетілдірген, әрбір сабаққа қатысты үзінділерді іріктеп, оларды пайдаланудың әдіс, тәсілдерін анықтаған. Әдеби үзінділер пайдаланылатын сабақ жоспарларының үлгілерін жасаған және оларды мектептерде эксперимент жолымен тексеріп байқаған.

Мектепте тарих пәнін оқытуда қиындық келтіретін, соған қарамастан аз зерттелген әдістемелік проблеманың бірі мәдениет тарихын оқыту. Қазақстан тарихының өзіндік ерекшелігіне байланысты бұл әдістемелік мәселе оның тарихын оқытуда одан әрі күрделене түседі. К. М. Каменирдің жүргізген зерттеулері мен жарияланған еңбектері осы көкейтесті проблемаға арналған [11, 12]. Автордың еңбектерінде курстың мәдениет тарихына қатысты материалдары іріктеліп алынып, олардың бағдарлама талаптарын қаншалықты ашып көрсететіндігі анықталған және қажеттігіне қарай қосымша фактілермен толықтырылған. Мәдениет мәселелерінің ғылыми негізі болып табылатын ұғымдар сұрыпталып, жүйеге келтіріліп, оларды толық ашып көрсететін тарихы материалдар топтастырылып, ұғымдарды қалыптастырудың әдістемелік жолдары баяндалған. Қазақстан тарихының мәдениет тақырыбына қатысты материалдарын оқытқанда оларды КСРО тарихының, сондай-ақ, курстың өзінің өзге материалдарымен тиімді байланыстыру жолдары қарастырылған. Тарихи, мәдени материалдарды оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері анықталып, оларды тәжірибиеде жүзеге асырудың жолдары көрсетілген.

Е. В. Жеваконың еңбектерінде [13, 14] Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің күрделі проблемалардың бірі — оқушыларда тарихи ұғымдарды қалыптастыру жолдары қарастырылған. Автор курстың мазмұнында кездесетін ұғымдарды іріктеп, жүйеге келтірген, оқу бағдарламасы мен оқулықтардағы ұғымдардың орналасуын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар берген және ұғымдарды қалыптастырудың әдістемелік жолдарын анықтап, олардың тиімділігін эксперимент арқылы зерттеген. Бұл ұсыныстарды тек Қазақстан тарихында ғана емес, тарихтың басқа курстарын оқытқанда да пайдалануға болатынын тәжірибие көрсетті.

М. А. Зарифова бұрынғы Кеңес еліндегі одақтас республикалар тарихының мектеп оқулықтарын жасау проблемасын зерттеген. Оның еңбектерінің негізгі бөлігі Қазақ ССР тарихының орыс тілінде баспадан шыққан оқулықтарының методикалық негіздеріне арналған [15, 16]. Оларда тарихи білімдерді іріктеуге қойылатын ұстанымдар талаптар, оқулықтың құрылымы, оған тарихи материалдарды орналастыру жүйесі, тапсырмалар мен сұрақтарды жетілдіру жолдары қарастырылған. Сонымен қатар оқу-әдістемелік кешсннің оқулықтан да құрамдас бөліктерін дайындау мәселесін де зерттеп Қазақстан тарихынан мектепке арналған хрестоматия, оқу кітаптары, сабақтың әдістемелік жоспары және оны жасаудың тиімді жолдары іздестірілген.

1961-1962 оқу жылынан бастап белгілі ғалым-әдіскер Т. Тұрлығұловтың 4 сыныпқа арналған ″Қазақ ССР тарыхынан эпизодтық әңгімелер″ атты оқу құралы жарық көрді. Ол көптеген ғылыми еңбектер мен мақалалардың, тұжырымдамалар мен стандарт, бағдарламалар мен оқулықтардың авторы. Қазақстан тарихын мектепте оқыту проблемалары бойынша алғашқы ғылыми-зерттеу жұмысын бастаған Т. Т. Тұрлығұлов, күні бүгінге дейін тарихшылар арасында осы көшті бастап келеді. Б. Қ. Әбдіғұлованың ғылыми-әдістемелік еңбектері Қазақстанның 4-5-сыныптардағы әңгімелер курсын оқыту мәселелеріне арналған [17, 18, 19]. Осы кластардағы Қазақстан тарихын оқытудың автор тереңірек зерттеген проблемасы оқушыларда халықтар достығы туралы білімдерді қалыптастырудың әдістемелік жолдары. Ол сонымен қатар өз еңбектерінде Қазақстан тарихы сабақтарында оқушылардың өздігінше атқаратын жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс, тәсілдеріне, оқушылардың алған білімі мен біліктерін тексеру жолдарына да көңіл бөлген.

Аталған авторлардың еңбектері кезінде мектепте Қазақстан тарихын оқытудың бірқатар ғылыми-әдістемелік проблемаларын зерттеп, шешуге үлес қосты. Ал, жарияланған еңбектер Қазақстан тарихын оқытуды жақсартуға, курсты оқыту әдістемесінің қалыптасып, одан әрі жетіле түсуіне ықпал жасады. Зерттеу проблемасы бойынша авторлар жасаған кейбір ғылыми тұжырымдар мен әдістемелік ұсыныстар тарихтың басқа курстарын, әсіресе 70—80-жылдары Кеңес Одағындағы басқа ұлттық-одақтық республикалардың тарихын мектептерде оқыту проблемаларын зерттеп-шешуге игілікті әсер етті.

Мектептерде одақтас республикалар тарихын оқытуды жетілдіре түсуге, оларды зерттеудің ғылыми-әдістемелік бағыттарын дұрыс анықтауға сол республикаларда жүргізілген зерттеу жұмыстары бойынша жарияланған еңбектер де пайдасын тигізді. Әсіресе, тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі ортақ түркі тілдес халықтар атымен аталып келген бұрынғы Кеңестік одақтас республикаларда көрген ғылыми-әдістемелік еңбектердің көмегі болды.

М. Алтаевтың қырғыз тарихын оқытуда оқушыларды халықтар рухында тәрбиелеу [20], Г. М. Аслановтың Әзербайжан бойынша кластан тыс жұмыстар жүргізу [21], Т. Мұратгельдыевтің Түрікменстан тарихын оқыту әдістемесінің негізгі мәселелері [22], Н. Ремеевтің Өзбекстан тарихының 7-8-сыныптардағы мектеп курсының білім мазмұнын анықтау [23], Н. Исмаилованың Түрікменстан мектептерінде Түрікмен халқының ұлттық мәдениетін оқытып үйрету [24] мәселелері бойынша жарияланған еңбектері біз зерттеуге алған тақырыпқа тереңірек үңілуге, оған Кеңес еліндегі барлық одақтас республикалар тарихына ортақ ұстанымдар тұрғысынан қарауымызға әсер етті. Сондықтан тарих курстарының оқыту әдістемесіне ортақ проблемаларды анықтауға және зерттеу барысында олардың жаңадан туындайтындарына назар аударып отыруға тура келді. Бұлармен қатар басқа республикаларда жарияланған еңбектер, ондағы мектептерде өз республикасы тарихының оқытылу жайымен, олардың бағдарламаларымен, әдістемесінің қандай мәселелері зерттеліп, олар бойынша қандай еңбектердің жарияланғандығымен, бұл бағытта келешекте тағы нендей мәселелердің зерттелетіндігімен танысуға мүмкіндік берді. Одақтас республикалар тарихын оқыту проблемасын зерттеуге үлес қосқан осындай авторлар қатарына латыштың белгілі әдіскер-ғалымы 3. Ю. Пилкаускас [25] пен белоруссиялық әдіскер-ғалым М. С. Рывкинді [26] қосуға болады.

Дидактикада, әсіресе жеке пәндерді оқыту әдістемесінде одақтас республикалар тарихын оқытудың жаңа, тың проблема, оны оқытуда шешуін таппаған қайшылықтар мен маңызды мәселелер барлығына қарамастан, Кеңес елінде бұл проблема бойынша қорғалған докторлық диссертация жоқ. Тарих пәнін мектепте оқыту, тәрбиелеу мәселесіне қатысты Кеңес елінде небары, онда да соңғы жиырма жылда төрт докторлық диссертация қорғалды. Солардың ішінде А. Г. Колосковтың диссертациясы [27] мен Н. Г. Дайридің диссертация есебінде қорғалған монографиясы [28] біз зерттеуге алған кейбір проблемаларды дәлірек анықтауға және оларды тиімді жүргізуге ықпал жасады.

А. Г. Колосковтың КСРО мектептеріндегі тарихи білімнің мазмұны, құрылымы және негізгі ерекшеліктері, тарих бағдарламаларын жүзеге асыру жолдары, тарихи білім-оқушыларды тәрбиелеудің маңызды факторы, КСРО-дағы мектептік тарих білімі (1931-1940 ж.ж.) және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектептік тарих білімі [29] деген еңбектері біздің зерттеу тақырыбымыздың жеке мәселелерімен байланысты.

Кеңес еліндегі көрнекті тарихшы, әдіскер-ғалым Н. Г. Дайридің еңбектерін, әсіресе оның соңғы көлемді монографиясындағы әдістеменің қалыптасу тарихын зерттеуін, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауын, әсіресе тарихты оқыту барысында оқушылардың таным белсенділігін арттырудың әдіс, тәсілдері туралы жасаған тұжырымдарын біз өз жұмысымызда пайдаландық [28]. Оқулықтардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы олардың белсенділігін арттыруға бағытталған: проблемалы баяндау және талдатып пікір айтқызу; логикалық сұрақтар қоя отырып баяндау; конспект, тезис жасату; дәуір тарихын беллетристиканы, тарихи көркем әдебиеттерді пайдалана отырып оқыту; өткен тарихты қазіргі кезеңмен салыстыртып, әр дәуірдегі оқиғалар туралы оқушылар пікірін тыңдау сияқты әдіс, тәсілдерді шығармашылықпен, жоспарлы әрі жүйелі пайдаланып отырса, оқушылардың өздік белсендігі едәуір артатынын өзіміз талдаған ғалымдар жұмысында байқадық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет