Қалас жамалов философия


И. Фихтенің «Ғылыми ілімі». И. Фихте



бет42/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
И. Фихтенің «Ғылыми ілімі». И. Фихте (1762-1814 ж.ж.) - субъективтік идеализмнің негізін қалаушы танымал өкілдерінің бірі. Неміс классикалық философиясында пайда болган жаңа ұғым осы Фихте есімімен байланысты. Ол Канттың трансцендентальді апперцепциясына сүйене отырып, сана-сезім маңызын жоғары бағалайды. Оның ойынша, сана-сезім объективті дүниенің заңдарына бағынбай, одан тәуелсіз өмір сүріп, ойлаудың ең жоғарғы сатысы – абсолюттік «Менге» жетеді. Фихте философиясы осы абсолюттік «Меннің» әр түрлі жағдайдағы дамуының диалектикалық жолдарымен байланысты. Бұл абсолюттік сана-сезімге тән өзіндік танымды, өзіндік дамуды, өзіндік ойлауды ашып береді. Демек, даму дегеніміз – сырттан келген әсерден туындайтын күш емес, ішкі күш. Адам мен қоғам – ең алдымен ішкі дамудың, өзіндік дамудың нәтижесі, іске асуы. Фихте философиясының тағы бір принципі – абсолюттік «Мен» «Мен еместі» тудырып, соған тең болады деген пікір арқылы дамиды. Демек, Фихте –субъектінің шығармашылық белсенділігін бағалаған Канттың ойын дамытушы ғана емес, сонымен қатар, объекті мен субъектінің байланысын ашуға да ұмтылушы. Фихте, бұл жерде, философияның дүниені идеалистік негізде танып қана қоймай, оны өзгертетініне, шығармашылықпен қайта жарататынына меңзеп отыр. Абсолюттік «Меннің» одан әрі дамуы теориялық және практикалық болып бөлінген таным үдерістерінің өзара байланысты болатынын айқындайды. Таным теориясы адамның практикалық қызметі деген қорытындысының үлкен мәні бар болғанымен, ол практикалық кызметті тек идеалдық жағынан ғана түсіндіріп, оның материалдық негізін аша алмады.
«Ғылыми ілім» еңбегінде Фихте таным теориясына ерекше көңіл бөліп, оны ғылыммен байланыстырып, қисындық негізін ашуға тырысты. Оның ойынша, таным теориясында философия өзінің қарастыратын объектісі ретінде айнала қоршаған дүниені емес, ғылыми білімдер жүйесін алады, қарастырады. Демек, таным теориясы өзінің ішкі заңдары мен принциптері арқылы объективті шындықты тікелей емес, логикалық ойлау үдерісі арқылы зерттейді. Фихтенің ғылыми білім жөніндегі ілімі танымның ішкі логикалық құрылымын зерттеп, оның заңдылықтарын ашты, ғылыми білімнің диалектикалық жүйесін қалыптастырды. Ғылыми білім адамзаттың білім жүйесі болып қалыптасып, ғылыми танымның негізгі зерттеу объектісі оның өзі екенін көрсетті. Қорыта айтқанда, Фихте өзінің ғылым туралы ілімінде барлық адамзатқа тән білімдердің жүйесін таным теориясы деп қарап, олардың ішкі мазмұнына ерекше назар аударды. Фихтенің таным теориясы тарихи маңызды мәнге ие болды. Гегельдің философиялық құрылымына тікелей әсерін тигізген бұл теория, қазіргі ғылыми-техникалық төңкеріс дәуірінде де ғылымның дамуы, оның ішкі және сыртқы мазмұнын толық зерттеуде үлкен маңызға ие болып отыр. Ғылымның өзін-өзі зерттеуі, өзінің мәнін, болашағын, даму жолдарын анықтауы – басты мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет