Аналитические группы анионов ► катионов



бет3/62
Дата15.02.2022
өлшемі447,46 Kb.
#131852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
13. Аниондар анализі

1. ВаСl2 барий хлориді 32- - анионымен BaSО3 ақ тұнбасын түзеді:
Na23 + ВаС12 → BaSО3↓ + 2NaCl
Ва2+ + SO32- → BaSО3
BaSО3сұйытылған НСl және H24 қышқылдарында күкірт диоксидін түзіп ериді:
BaSО3 + 2HCl → SO2 + BaCl2 + H2O
Тәжірибе:
2-3 тамшы натрий сульфитына 2-3 тамшы барий хлоридін қосқанда ВаSO3↓ барий сульфитының ақ тұнбасы түзіледі. HCl ерітіндісін тамшылатып қосып, тұнбаның ерігіштігін бақылау керек.
2. AgNО3 күміс нитраты SO32- - анионымен Ag2SO3↓ күміс сульфидінің ақ тұнбасын түзеді:
2AgNО3 + Na23 → Ag23↓ + 2NaNО3
2Ag+ + SО32- → Ag23
Түзілген тұнба натрий сульфитінің артық мөлшерінде еріп, дисульфито-аргентат(I)-ионын [Ag(SO3)2]3- түзеді (кейде [Ag(S2O3)2]3-):


Ag23 + 3Na2SO3 → 2Na3[Ag(SO3)2]
Ag23 тұнбасы қыздырғанда күміс(І) оксиді түзілетіндіктен ақ тұнба қараяды:

Тәжірибе:
2-3 тамшы натрий сульфиті ерітіндісіне тамшылатып күміс нитратының ерітіндісін ақ тұнба түзілгенше қосады. Түзілген тұнбаға натрий сульфитінің ерітіндісін тұнба еріп кеткенше қосып, тұнбаның ерігіштігін бақылайды. Келесі сынауықта күміс сульфитінің қыздырғанда ыдырайтындығын бақы-лайды.
Тәжірибені жүргізу шарттары:
1) натрий сульфитінің ерітіндісі концентрленген (10-15%) және жаңадан дайындалған болуы шарт.
2) cульфит-ионын анықтауға тотықсыздандырғыштар кері әсерін тигізеді.
3. Минералды қышқылдар барлық сульфидтерді күкірттің қос тотығын бөле отырып ыдыратады:
BaSО3 + 2HCl → BaCl2 + H2О + SO2
Бөлінген күкірттің(IV) тотығын оның өзіне тән иісінен және йодтың сулы ерітіндісін немесе калий перманганатын түссіздендіру қасиеті арқылы анықтайды:
2 + J2 + 2H2О → 4H24 + 2HJ
5SO2 + 2KMnО4 + 2H2О → K24 + 2MnSО4 + 2H24
Сульфиттердің ыдырауы қыздырғанда және ортаның рН мәнін төмен-деткенде тезірек жүреді.
Реакцияны газдарды анықтауға арналған қондырғыда жүргізеді.
Тәжірибе:
а) Сынауыққа бірнеше тамшы Na23 натрий сульфитін және 2-3 тамшы тұз қышқылын тамызады. Крахмалмен көк түске боялған йод ерітіндісінің тамшысын (немесе KMnO4 сұйық ерітіндісін) нихром сымының ұшына тигізіп сынауыққа орналастырып, оның бетін тығындап жабады, тығынның бір шетінде қуыс болуы қажет, содан соң қыздырады. Біраз уақыттан соң тамшы түссізденеді.
ә) сынауықа 5-6 тамшы натрий сульфиті ерітіндісін алып сонша көлемде HC1 немесе H2SO4 ерітіндісін қосып шайқағанда газ түрінде күкірт диоксиді бөлінеді. Оны өзіне тән иісінен білуге болады.
Тәжірибені жүргізу шарттары:
1) 32- ионын анықтауға S2- анионы кері әсерін тигізеді, себебі суль-фидтерге қышқылмен әсер еткенде H2S бөлінеді, өйткені ол да йод еpiтіндісін және калий перманганатын КМnО4 түссіздендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет