Аналитические материалы по обучению предметам «история казахстана»



бет1/14
Дата21.04.2017
өлшемі3,99 Mb.
#14476
түріАналитические материалы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Министерство образования и науки Республики Казахстан

Национальная академия образования им. И.Алтынсарина






«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ЖӘНЕ «ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ» ПӘНДЕРІ БОЙЫНША САРАПТАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
Сараптамалық жинақ
АНАЛИТИЧЕСКИЕ МАТЕРИАЛЫ ПО ОБУЧЕНИЮ ПРЕДМЕТАМ

«ИСТОРИЯ КАЗАХСТАНА» И «ВСЕМИРНАЯ ИСТОРИЯ»
Аналитический сборник

Астана


2015
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2015 жылғы 17 сәуір № 3 хаттама).

Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 3 от 17 апреля 2015г.).


«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша сараптамалық материалдар. Сараптамалық жинақ.– Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 125 б.

Аналитические материалы по обучению предметам «История Казахстана» и«Всемирная история». Аналитический сборник.– Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 125 с.
Ұсынылып отырған талдамалы материалдар Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихын оқыту жайын, дайындық деңгейін зерделеп, аталған пәндер бойынша білім беру жағдайы мен дамуы туралы соңғы үш жылдың динамикалық және салыстырмалы талдауын көрсететін ақпарат көзі болып табылады.

Талдамалы материалдар білім басқармаларының, білім жетілдіру институттарының басшыларына, әдіскерлеріне ұсынылады.


В сборнике отражены материалы мониторингового исследования учебных достижений учащихся школ Казахстана по предметам «История Казахстана» и «Всемирная история», проведенного Национальной академией образования имени И. Алтынсарина. В сборник включены также итоги анализа качества учебных программ, учебников. Аналитическая справка адресована руководителям, учителям-практикам общеобразовательных школ, специалистам организаций образования.
© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2015



©Национальная академия образования

им. И.Алтынсарина, 2015



Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «...Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу қажет» деп айтылған [1].

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі [2].

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Елбасымыз әр кез жыл сайынғы жолдауларында «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр» - деген тапсырмасына берген еді[3]. Заманауи әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.

Орта білім беру жүйесінде тарих пәні басты орын алады.

«Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» – мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартына сәйкес «Адам және қоғам» білім саласына енген пән және мектептің барлық білім беру деңгейлерінде міндетті түрде оқытылатын пән.

Осы стандартта оқу пәндерін меңгертудің жетік (жетік мүмкіндік және жетік бейіналды/жетік бейіндік) деңгейлері білім алушылардың білімінің кеңейтілген және тереңдетілген көлемін, олардың шеберлігі мен дағдыларын қамтиды.

«Тарих» пәндерінің маңыздылығы тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге, жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіругедәйектеледі [4].

Ұлттың тарихи санасын жетілдіру және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытындағы бағдарламаларды іске асыру үшін болашақ ұрпаққа тарихи білім беру мазмұны мен әдістемелерін жетілдіру жұмыстарын атқару керек.

Білім беру жүйесін бәсекеге қабілеттілікке жеткізу міндеттері мен білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беретін мектептердегі «Қазақстан тарихы» мен «Дүние жүзі тарихын» оқытудың жай-күйін, білім беру нәтижесінің сапасын, оқушылардың дайындық деңгейі мен жетістіктерін зерделеу мақсатында ақпараттық-талдамалық жұмыстар жүргізілді.

Жасалған талдау мазмұны Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасындағы»[5], «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы[6] тапсырмалары бойынша ұлттың тарихи санасын жетілдіру және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға негізделгенжалпы білім беретін мектептердегі Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихынан білім беру жайын зерделеу мәліметтерін қамтиды.

Мониторингтік зерттеу төмендегі облыстар: Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларында жүргізілді.

Кешенді зерттеу барысында жалпы білім беру мектептеріндегі тарих пәні бойынша білім беру процесстерінің жағдайы зерделенді.

Ұлттық білім академиясы (ары қарай - Академия) тарапынан тарих пәндері бойынша оқу материалдарына талдаулар жасалып, білім беру нәтижелерінің сапасын анықтауға бағытталған ішінара сараптама жүргізілді.

Сонымен қатар, тарих пәндерінен алған білім мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу мақсатына баса назар аударылғаны анықталды.

Талдамалы материалдарды дайындау барысында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларымен , «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, Ұлттық тестілеу орталығымен тығыз байланыста нәтижелі жұмыстар жүргізілді.

Ұсынылып отырған материал еліміздегі жалпы білім беретін мектептердегі тарих пәндерінен білім берудің жайы динамикалық және салыстырмалы талдауын көрсететін ақпарат көзі болып табылады.



1 Жалпы білім беретін мектептердегі Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихын оқыту бойынша оқу материалдарына талдау
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының білім саласы бойынша Мемлекеттік саясатын негізгі іске асырушы, қазақстандық білімді жетілдіруін жалғастырып қамтамасыз етуші болып табылады.

Орта білім беруді қамтамасыз етуші негізгі ресурстық құралдар «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты – үлгілік оқу жоспары –оқу бағдарламалары – оқулықтар – ОӘК» элементтері болып табылады.

Тарихи білім аспектісінде әрбір құралдарды неғұрлым тереңірек қарастырайық. Бірінші кезекте, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ары қарай - МЖМББС).

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына 24 қазан 2011 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты 2012 жылы барлық білім беру деңгейлерінің, соның ішінде орта білім беруге арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары бекітілді («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы).

Республиканың орта білім беру жүйесінде материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базаның нығайту, сондай-ақ оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту қажеттілігіне байланысты[7], оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, тәжірибеге бағытталған дағдыларын қалыптастыру, еліміздің экономикалық даму қажеттілігіне бағдарланғандықтан, орта білім берудің МЖМБС (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) аралық болып табылады, өйткені ол еліміздің экономикалық даму қажеттіліктеріне, оқушылардың практикаға бағытталған дағдыларын қалыптастыруға, функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Осыған байланысты, білім беру нәтижелері үш аспектіде берілген, олар: тұлғалық, жүйелі-әрекеттік және пәндік. Бұдан басқа, 2012 жылғы МЖМБС білім беру деңгейлері бойынша мазмұнның үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етеді, оның құндылық және іс-әрекеттік компоненттерін кеңейту негізінде білім берудің дамытушылық әлеуетін күшейтеді.


    1. Мектептің «Тарих» курсы бойынша үлгілік оқу жоспарлары

Білім беруді ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етудің келесі элементі үлгілік оқу жоспарлары болып табылады.

Бүгінгі таңда ҚР мектептеріндегі білім беру үдерістері ҚР ҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (ары қарай - ҮОЖ) негізінде жүргізіледі [8].

2010 және 2012 жылғы негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі ҮОЖ салыстырмалы талдауы көрсеткендей тарих пәндерінің жалпы сағат көлемі өзгерген жоқ.

Қазақстан тарихы бойынша 5-сыныпта 1 сағатқа қысқарып, 6-сыныпта 1 сағатқа, 7-9 сыныптарда 0,5 сағатқа ұлғайды. Дүние жүзі тарихы 7-9 сыныптарда 0,5 сағатқа қысқарды.



Қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы 10-11 – сыныптарында бейінді мазмұнын жетілдіру мақсатында 10 сыныптың «Қазақстан тарихы» пәнін мен 10-11 сыныптың «Дүние жүзі тарихы» пәнінің апталық жүктемесін 1 сағатқа ұлғайды. Қазіргі Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы тарихи рөлін оқыту және қоғамдық құбылыстар жайлы білімдерін кеңейту қажеттілігіне байланысты жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәнінің оқу жүктемесін 1 сағатқа ұлғайтты және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11 сыныптарына «Дүние жүзі тарихы» пәні енгізілді (1-3 кестелер).
1-кесте – Негізгі орта білім үлгілік оқу жоспарының салыстырмалы кестесі


Пәндер

ҮОЖ 2010 ж.

Пәндер

ҮОЖ 2012 ж.

Сыныптар бойынша апталық сағат саны

Сыныптар бойынша апталық сағат саны

5

6

7

8

9

5

6

7

8

9

«Адам және қоғам» білім саласы




Қазақстан тарихы

2

1

1,5

1,5

1,5

Қазақстан тарихы

1

2

2

2

2

Дүние жүзі тарихы

-

1

1,5

1,5

1,5

Дүние жүзі тарихы

-

1

1

1

1

2-кесте – Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы жалпы орта білім беру үлгілік оқу жоспарының салыстырмалы кестесі




Пәндер

ҮОЖ 2010 ж.

Пәндер

ҮОЖ 2012 ж.

Сыныптар бойынша апталық сағат саны

Сыныптар бойынша апталық сағат саны

10

11

10

11

«Адам және қоғам» білім саласы

Қазақстан тарихы

1

2

Қазақстан тарихы

2

2

Дүние жүзі тарихы

1

1

Дүние жүзі тарихы

2

2

3-кесте – Жаратылыстану – математикалық бағыттағы жалпы орта білім беру үлгілік оқу жоспарының салыстырмалы кестесі




Пәндер

ҮОЖ 2010 ж.

Пәндер

ҮОЖ 2012 ж.

Сыныптар бойынша апталық сағат саны

Сыныптар бойынша апталық сағат саны

10

11

10

11

«Адам және қоғам» білім саласы

Қазақстан тарихы

1

1

Қазақстан тарихы

2

2

Дүние жүзі тарихы

1

-

Дүние жүзі тарихы

1

1



1.2 Типтік оқу бағдарламалары

Республиканың жалпы білім беру мектептеріндегі оқу үдерістері оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген үлгілік оқу бағдарламаларымен (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 сәуіріндегі №115 бұйрығымен бекітілген) жүргізіледі [9].

Ол бағдарламада пәнаралық байланысты күшейту және білім деңгейі бойынша оқу материалдарын қайта бөлу арқылы пән мазмұны жүйеленген, заман талабына сай келмейтін оқу материалдарының орнына жаңа қазақстандық қоғамның заманауи әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуын көрсететін материалдар қосылған, казақстандық компоненттер кеңейтілген, тәрбиелік әлеуеті күшейтілген, практикалық жұмыс пен тәжірибелік тапсырмалар арттырылды.

Қолданыстағы оқу бағдарламалары «Қазақстан тарихы» мен «Дүние жүзі тарихы» пәндерінен оқытудың мазмұндық, құрылымдық және әдістемелік талаптарына сай ұсынылған.

Бағдарлама құрылымы: түсінік хат, пәннің базалық мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары мен пәндік сипаттамасының және тұлғалық, жүйелі – әрекеттік нәтижесін қамтиды.

Оқу бағдарламаларының білім мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес дайындалған.

Бағдарламадағы тараулар мен тақырыптарға ұсынылған сағат саны оқу жүктемесінің көлеміне сәйкес жасалған.

Жаңа оқу бағдарламасының ерекшеліктері:



  1. Жүйелі-іс-әрекеттік тәсілдерді іске асыру арқылы практикаға бағытталған білімді нығайту.

  2. Пәндік нәтижесінің тиімділігі есебінен, білімді қолданудың шығармашылық дағдылары қалыптасқан оқушылардың функционалдық сауаттылығын нығайту.

  3. Пәнаралық ықпалдастықты нығайту жолымен пәннің мазмұнын жүйелеу және оқу материалдарын білім деңгейлеріне сай қайта бөлу.

  4. Аймақтық сипаттағы материалдар есебінен қазақстандық компоненттерін кеңейту.

  5. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, құқықтық мәдениет, толеранттылық, адамгершілік қағидалар т.б. арқылы тәрбие әлеуетін күшейту.

  6. Бағдарламадан ескірген оқу материалдарын және тақырыптарды шығарып тастап, Отан тарихына қатысты сонын ішінде қазіргі замандағы Қазақстанға қатысты жаңа материалдар енгізу.

  7. Елбасының тапсырмасы негізінде жаңа технологияларды, оқытудың жаңа әдістері мен формаларын қолдана отырып, Қазақстан тарихын оқыту форматын өзгерту.

  8. Оқушылардың дайындық деңгейінің талаптары пәндік (білу, меңгеру), тұлғалық, жүйелі-іс-әрекеттік нәтижелері ұстанымында сипатталған.

Оқу бағдарламасы білім стандартының пәндік тақырыптарын нақтылайды, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқу үрдісіне, пәнаралық және пән ішіндегі байланыстармен оқу пәнінің тараулары және ұсынылған оқытылатын тақырыптардың жүйелілігі мен пән бойынша курстың тарауларына оқу жүктемесінің көлемін береді.

Бағдарламада оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптары айқын белгіленген. Пәндік нәтижелер екі аспектіде көрсетілген: білуі және меңгеруі тиіс [10].

Тұтастай оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тарих бойынша толыққанды, жүйелі білім беру, қызығушылығын ояту, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, салыстырмалы талдау жасай білуге мүмкіндік береді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №554 және 2015 жылғы 26 қаңтардағы №32 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан тарихы» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарды жетілдіру туралы» тапсырмасына сәйкес 5-11 сыныптардың «Қазақстан тарихы» пәнінің қолданыстағы оқу бағдарламаларына сараптамалық талдау жұмыстары жасалынып, біршама өзгерістер енгізілді. «Тәуелсіздік толғауы» атты Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы сөйлеген сөзі негізінде:



  • «Қазақ хандығының 550 жылдығы»;

  • «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы»;

  • «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы»;

  • «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына» орай «Ұлы Отан соғысы қаһармандарының естеліктеріндегі отты жылдар жаңғырығы», «Ата заң – болашақ кепілі», «Ұлт бірлігі және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбындағы материалдар қолданыстағы оқу бағдарламаларына қосылды.

5-9 сыныптардың «Қазақстан тарихы» оқу бағдарламасындағы енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер

  1. тармақ: «Тарихқа саяхат» (14 сағат):

қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы, «қазақ» терминінің мағынасы;

қазақ хандары (Керей, Жәнібек, Қасым, Хақназар, Тәуке);



10 – тармақ: «Қазақстан ХХ ғасырда» (6 cағат):

  • Қазақстандық Ұлы Отан соғысы қаһармандарының естеліктеріндегі отты жылдар жаңғырығы;

11- тармақ: «Тәуелсіз Қазақстан» (3 сағат):

  • Ата заң – болашақ кепілі, Ұлт бірлігі және ұрпақтар сабақтастығы;

33 – тармақ: 3 – бөлім «Кейінгі орта ғасырдағы Қазақстан. Біртұтас мемлекеттің құрылуы» (23 cағат).

34 – тармақ: «Қазақ хандығының құрылуы» (3 сағат):

  • Керей мен Жәнібектің көшуі; хандардың саяси қызметі;

35 – тармақ: «Қазақ хандығының ХVІ - ХVІІ ғасырлардағы дамуы және күшеюі» (9 сағат):

  • Жәңгір хан, қазақ-жоңғар соғысы, Орбұлақ шайқасы – қазақ батырларының қаһармандықтары, қазақ хандығының әлсіреуі, ішкі қайшылықтардың өршуі, орталық биліктің әлсіреуі, сыртқы жағдайдың қазақ хандығының әлсіреуіне тигізген ықпалы;

  • қорытындылау.

36 – тармақ: «ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық дамуы» (4 сағат):

  • қазақ хандығының дәстүрлі басқару жүйесі, қазақ ханы және сұлтандар, халықтың әлеуметтік құрылымы; қалалар мен елді - мекендер;

37 – тармақ: «Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы (ХVІІ ғасыр)» (2 сағат):

  • Тәуке ханның билігі, қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты, қазақ-жоңғар қатынастары, Сібір хандығымен байланысы, қазақ-орыс қатынастары;

  • «Жеті жарғы» заңдары, , ұлы билер

10-11 сыныптардың «Қазақстан тарихы» оқу бағдарламасындағы енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер

15 – тармақ: Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы (7 сағат):

20 – тармақ: Қазақ халқының ХVII–ХVIIІ ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына қарсы күресi (3 сағат):

  • қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы.

38 – тармақ: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан (2 сағат):

  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліктері: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды», Қазақстандық Ұлы Отан соғысы қаһармандарының естеліктеріндегі отты жылдар жаңғырығы;

  • Қазақстан - соғыс арсеналы: қазақстандықтар – тыл қаһармандары;

42 – тармақ: Тәуелсiз Қазақстан Республикасы: әлеуметтік-саяси үдерістер, мәдениет (5 сағат):

  • Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы;

  • 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Ата заңы – болашақ кепілі;

  • ҚР Ұлттық саясаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы: Ұлт бірлігі және ұрпақтар сабақтастығы; «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы. Қазақстан Республикасының мәдениеті, ғылым, білім, өнер, спорт және т.б.

48 – тармақ: Кiрiспе. Курстың міндеті, мазмұны және құрылымы (1 сағат).

58 – тармақ: Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы (7 сағат):

  • (қазақ халқының қалыптасу үдерістері);

  • қазақ хандығының құрылуы, Жәнібек пен Керей, XV-XVII ғ.ғ. қазақ хандығының саяси тарихы;

65 – тармақ: Қазақ халқының ХVII-ХVIIІ ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына қарсы күресi (3 сағат):

  • қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы.

83 – тармақ: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан (2 сағат):

  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліктері: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды», Қазақстандық Ұлы Отан соғысы қаһармандарының естеліктеріндегі отты жылдар жаңғырығы;

  • Қазақстан - соғыс арсеналы: қазақстандықтар – тыл қаһармандары;

87 – тармақ: Тәуелсiз Қазақстан Республикасы: әлеуметтік-саяси үдерістер, мәдениет (5 сағат):

  • Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы, тәуелсiз

  • 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Ата заңы – болашақ кепілі,

  • ҚР Ұлттық саясаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы: Ұлт бірлігі және ұрпақтар сабақтастығы; «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы. Қазақстан Республикасының мәдениеті, ғылым, білім, өнер, спорт және т.б.


1.3 Мектептің «Тарих» курсы бойынша оқулықтары

Орта білімді ресурстық қамтамасыз етудің ең басты қисынды элементі оқулықтар мен ОӘК болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 515 бұйрығымен «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттер» бекітілген [11] 23 «Қазақстан тарихы» мен «Дүние жүзі тарихы» оқулығы, 17 әдістемелік құрал, 13 хрестоматия, 9 дидактикалық материал, 5 жұмыс дәптерін оқу процестерінде пайдалануға рұқсат етілген.



Орта білім беру ұйымдарының оқу үдерістерінде қолданыстағы оқулықтар, оқу – әдістемелік кешендерге сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесіне сәйкес келісілген міндетті тәртіптермен сараптамадан өткізеді. Академия тарапынан «Қазақстан тарихы» мен «Дүние жүзі тарихы» оқулықтарына сараптама жасалды.Оқулықтарға сараптама жасауға «Оқулық» республикалық ғылыми практикалық орталығында сарапшы ретінде деректер базасында тұрған Астана қаласы жалпы білім беретін мектептерінің жоғары санатты, тәжірибелі мұғалімдері қатысты.

Оқулыққа төмендегідей талаптар қойылды: оқулық мазмұнының оқу пәнін оқыту мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі. Оқулық мазмұнының типтік оқу бағдарламасының негізгі мазмұндық желісіне сәйкестігі. Оқу басылымы мазмұнын баяндаудың жүйелілігі, бірізділігі, қисындылығы. Оқу басылымы негізгі мәтінінің әдістемелік құрылымы: бөлімдер, тараулар, параграфтарды ұйымдастыру; тақырыптық аяқталулар, сюжеттік тұтастық. Оқу басылымында меңгеруді ұйымдастыру аппаратының тиімділігі: сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар, есептер, жадынамалар, нұсқаулық материалдар, кестелер мен иллюстрацияларға түсініктемелер. Оқу басылымында нәтижелерге жетуді тексеру аппаратын ұйымдастырудың тиімділігі: бақылау және тест материалдары. Оқу басылымында қосымша материалдың: хрестоматиялық, құжаттық материалдар, ғылыми әдебиеттерден үзінділер, көркем суреттеулер, әңгімелеулер, биографиялық, ғылымтанушылық, статистикалық деректер, т.б. бар болуы. Оқу басылымы мазмұнында пәнішілік және пәнаралық байланыстардың бар болуы. Оқу басылымы мазмұнының оқушылардың алған білімі мен тәжірибесін адами қызметтің әртүрлі саласында, қарым-қатынаста және әлеуметтік қатынастарда (функционалдық сауаттылық) өмірлік міндеттерді шешуде пайдалану қабілеттілігін қалыптастыруға бағыттылығы. Оқу басылымы мазмұнының оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға бағытталуы. Оқу басылымы мазмұнының оқушылардың логикалық ойлауын, интеллектуалдық әлеуетін және шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталуы. Оқу басылымы мазмұнының патриоттық сезім, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастыруға бағыттылығы. Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеттерінің көптүрлілігі мен бірлігінің көрініс табуы. Оқу басылмы мазмұнының оқушыларға экологиялық тәрбие беруге бағытталуы. Оқу басылымы мазмұнының оқушыларға кәсіби бағдар беруге бағытталуы. Оқу басылымы мазмұнында анық емес, дәйексіз ғылыми деректердің, фактологиялық, ұғымдық қателердің, дәлсіздіктердің болмауы. Оқу басылымының оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен құзыретін қалыптастыруға бағытталуы. Оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктерін, жеке мүмкіндіктерін есепке алу. Оқушылардың ақпаратпен өздігінен жұмыс істеу біліктіктерін дамыту мүмкіндігі. Оқушыларда оқу білігін, өз іс-әрекетін ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру мүмкіндігі. Оқушыларда материалдарды сараптау, талдау, таңдау және жүйелей білу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктері. Оқушылармен материалды бекіту және қайталауды қамтамасыз ету мүмкіндігі. Оқушыларды даралап және саралап оқытуды қамтамасыз ету мүмкіндігі. Тілі және стилінің оқушылардың жас ерекшеліктері мен даярлық деңгейлеріне сәйкестігі. Тілі және стилінің қазіргі әдеби тіл нормаларына сәйкестігі. Қысқартылған атаулардың түсіндірмелерінің бар болуы.

Келесі кезекте сараптама жасалған «Қазақстан тарихы» және «Дүние жүзі тарихы» оқулықтарына тоқталсақ.



Академия тарапынан 2015 жылдың сәуір айында «Қазақстан тарихы» мен «Дүние жүзі тарихы» оқулықтарына жүргізілген сараптама барысында келесідей қорытынды жасады:

Талданған оқулықтар қолданыстағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына ҚР МЖМББС 1.4002-2012 және 2013 жылғы оқу бағдарламаларына сәйкес келеді.

Сараптама жүргізілген оқулықтардың мазмұны білім алушының бойында отансүйгіштік пен азаматтықты қалыптастыруға, функционалдық сауаттылығы мен құзыреттілігін арттыруға, білім алушылар мен педагогтардың интеллектуалдық деңгейін арттыруға, мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейін жетілдіруге, еңбек пен кәсіби білім беруге, физикалық және рухани дамуға, толеранттылықты қалыптастыруға, құқықтық тәрбие беру, заңға бағыну мен құрметтеуге, тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Қазақстан тарихы оқулығының материалдары дүниежүзі тарихы оқулығының материалдарымен байланысты берілген.

Оқу басылымының мазмұны оқушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес. Пәнаралық байланыстар ескерілген.

Оқулықтар мазмұнына қарайтын болсақ бөлімдерге, тарауларға және тақырыптарға бөлінген. Алғысөзден басталып, бөлімдер, тараулар және тақырыптарға бөлінген. Тақырыптар бірнеше тақырыпшалардан тұрады.Тақырып мәтінінің баяндалуы жүйелі, бірізділігі сақталған.

Оқулықтардың полиграфиялық рәсімделуі талапқа сай, әріптері анық, сөздері мен сөйлемдері жүйелі.Тақырыпқа байланысты ерекше түсініктер көк сиямен боялған. Кейбір мәліметтер қара бояумен айқындалып, курсивтік қаріппен терілген. Тақырыпқа сай иллюстрациялар берілген. Оқулықтарда шартты белгілер берілген.

Қазақстан тарихының негізгі оқиғаларының желісі тұтастай сақталған, қамтылмай қалған тарихи кезең жоқ. Оқушылардың білімді меңгеру, бекітуі мен қайталап-пысықтауына негізделген сұрақтар, тест тапсырмалары, түсініктемелер, кесте, иллюстрациялар берілген. Бақылау нәтижелеріне жетуді тексеруге арналған тест сұрақтары қамтылған. Оқу басылымында оқушының танымын, қызығушылығын арттыруға бағытталған биографиялық, ғылыми-танушылық деректер келтірілген (Қазақстан тарихының терминдері, басты оқиғалары, қалалар, сәулет өнері ескеркіштері және орта ғасыр саяхатшылары мен зерттеушілері туралы мәліметтер берілген). Оқулықтар мұқабасының иллюстрациялық безендірілуі оқулық мазмұнына сәйкес. Оқу басылымының мазмұны қазіргі ғылыми көзқарастарға қайшы келмейді. Оқу басылымының мазмұнында оқушыларға экологиялық тәрбие және кәсіби бағдар беруге бағытталған материалдар қарастырылған. Оқу басылымында діни экстримизм, лаңкестік, анық емес, дәйексіз ғылыми деректер, фактологиялық, ұғымдық қателер, дәлсіздіктер жоқ.

Оқулықтардағы мәтіндерде оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктері, жеке мүмкіндіктері ескерілген. Оқулықтардағы мәтіндер оқушылардың ақпаратпен өздігінен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту қабілеттерін арттыруға бағытталған. Ата–аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыруға септік ететін сұрақтар мен тапсырмалар да оқулықта қамтылған. Мәселен, оқулықтарда жүзге, руларға, ауыз әдебиетдегі аңыз-әңгімелерге қатысты шығармашылық тапсырмалар арқылы ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстырады.

Алайда, сараптама барысында негізгі орта білім беру ұйымдарының оқулықтарының кемшіліктері де жоқ емес.

Негізгі сипаттамалар ары қарай әр оқулыққа саралана ұсынылған:


  1. 7 сыныпқа арналған «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» оқулығы

Авторы: С.Жолдасбаев

Баспа, шыққан жылы: «Атамұра» 2012 жыл



Қолданыстағы оқулықтың жалпы мазмұны:

Оқулық материалының көлемі МЖМББС типтік оқу жоспарындағы пәннің оқу жүктемесіне сәйкес келмейді, себебі қолданыстағы оқу бағдарламасы 2013 жылы әзірленген еді. Ал, оқулық 51 сағаттық 2010 жылғы оқу бағдарламасына негізделіп жазылған. Оқулық мазмұнындағы материалдар пәннің оқыту мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес. Негізгі мазмұндық желісі сақталған, оқытудың сабақтастығын қамтамасыз етеді.



Дегенмен, оқу басылымының мазмұнына қатысты мынадай ескертпелер мен ұсыныстар бар:

Оқу бағдарламасына сағат санының қосылуына байланысты оқулық мазмұны толықтыруды қажет етеді және тарау бойынша берілген тақырыптардағы материалдар ауқымы нақты материалдармен кеңейтілгені дұрыс. Мәселен: Ерте және дамыған орта ғасырлық мемлекеттердің қоғамдық құрылысы мен басқару жүйесі туралы жеке қарастырылғаны дұрыс. Себебі: «жабғу», «басқақ», «тархан», «даруға», «беклербек», «елтебер» т.б. ұғымдар қолданыстағы оқулық материалында барлық мемлекеттердің қоғамдық құрылысында кездеседі және әртүрлі мағынада беріледі. «Қазақ хандығының ХVІ- ХVІІ ғасырлардағы дамуы» тарауына хандар тарихынан тың деректер берілу керек. Хандардың тұлғалық бейнесі, саяси қызметі, хандық басқару жүйесінің ерекшеліктері туралы оқушылардың қызығушылығын арттыратын және ұлтжандылық , отансүйгіштік қасиеттерін дамытатын тың мәліметтер берілсе. Сонымен қоса хандар мен ұлы тұлғалардың портреттері түсініктемелерімен берілсе дұрыс болар еді. Жалпы, қазақ халқының мәдениеті тараулары бойынша да ұлттық құндылықтарды терең зерделеу үшін, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы материалдардың кең көлемде, тереңдетіліп берілуі қажет, бұл білім алушылардың бекзаттық, зияткерлік қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар көшпелілердің шаруашылық жүргізу әдіс-тәсілдері, оның ерекшеліктері туралы мағлұматтар кең көлемде ашылып берілуі қажет.

Оқулықтағы тақырып соңында берілетін тапсырмалардың мазмұнын жаңғырту қажет, сұрақтардың тым көп болуы шарт емес, бірақ оқушының логикалық ойлауы мен өзіндік қорытынды жасауына бағытталған сұрақтар қарастырылуы тиіс. Оқушының шығармашылық ізденісі мен белсенділігін дамытуға тапсырмалар топтамасы көбірек берілсе. Сұрақтарды деңгейлеп, тест тапсырмаларын түрлендіру, санын көбейту керек. Кей тақырыптардағы термин сөздерге түсініктеме берілуі керек, мысалы: «хан» сөзіне түсініктеме берілмеген. Тақырыптық карталар берілгені дұрыс, карта тақырып бойынша нақтылану қажет. Ал қолданыстағы оқулықтағы карталарға ешқандай түсініктеме берілмеген. Оқушының қабылдауына, түсінуіне сай және тақырыпқа сәйкес тың деректер мен мәліметтер берілсе, сызбалар мен кестелер жетілдірілсе, толықтырылса деген ұсыныс бар. Оқулық мазмұнында кейбір тақырыптарда қателіктер де кездеседі. Мысалы: 174 бетте Тәукенің «Жеті жарғы» заңының мазмұнында «жер дауы» екі рет жазылған, дұрысы «жесір дауы» сөзі жазылмай қалған. Хронологиялық даталардың дәлдігін қатаң сақтау қажет.

2. 9 сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығы

Авторлары: Б.Ғ. Аяған, М.Ж. Шаймерденова

Баспа, шыққан жылы: «Атамұра» 2013 жыл



Қолданыстағы оқулықтың жалпы мазмұны:

Жалпы білім беретін мектептің 9- сыныпқа арналған « Қазақстан тарихы» оқулығының атауы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарындағы оқу пәнінің атауына, оқу жүктемесіне сәйкес келеді.

Оқулық мазмұны оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқу бағдарламасының мазмұндық желісі негізінде жасалған.

Сараптамаға түсіп отырған «Қазақстан тарихы» оқулығының құрылымдық компоненттері толық сақталған. Мазмұны, шартты белгілері, сияқты бағдарлау аппараттары бар. Материалдар негізінен білім алушының функционалдық-сауаттылықты арттыру мен құзыреттілігін жетілдіру, еңбекке және кәсіптік бағдар беру, отансүйгіштік пен азаматтыққа баулу дайындық деңгейіне байланыстырылып алынған.

Әрбір параграфта тақырыпты меңгеруді ұйымдастырудың түсіндірме сөздіктері, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, шығармашылық және тест тапсырмалары, кестелер мен иллюстрациялар, карталар, дәуір құжаттары, тарихи тұлғалар туралы, хронологиялық кезеңдерге тарихи анықтамалар сияқты аппараттары берілген.

Автор оқу бағдарламасын іске асыру үшін білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, құзыреттіліктерін арттыру мақсатында қосымша оқуға арналған тарихи және көркем әдебиеттер және монографиялар, мемуарлық әдебиеттер, мақалалар жинағы, веб-сайттар ұсынылған. Оқушыларды шығаршалығын дамытуға негізделген рефераттық тақырыптар ұсынылған.



Оқу басылымының мазмұндық құрылымы: .

9-сынып Қазақстан тарихы оқулығының оқу бағдарламасы мен мазмұны бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

Берілген теориялық тақырыптар, мәтіндер, түсіндірме сөздіктері, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, шығармашылық және тест тапсырмалары, кестелер мен иллюстрациялар, карталар, дәуір құжаттары, тарихи тұлғалар туралы мәліметтер параграф тақырыптарымен байланысы бар және әр бөлімді қорытындылап пысықтауға арналған сұрақ тапсырмалары берілген. Оқулықтың соңындағы қосымшаларда (370-374 беттер) оқушының өзіндік дамуына қызығушылығын арттыруға, өз білімдерін тиянақтап тексеруге бағытталған қиындатылған тапсырмалар ұсынылған. Оқушылық деңгей, алгоритмдік деңгей, ізденімдік деңгей, шығармашылық деңгей жүзеге асқан. Пәнаралық байланыс бар.

Оқулық өнер және әдебиет, география, дүние жүзі тарихы сияқты пәндермен кіріктіріліп жазылған.

Дегенмен оқулық пен оқу бағдарламасының сәйкессіздігі байқалады. Оқу бағдарламасы бойынша «ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан» бөліміне 6 сағат бөлінсе, ал оқулық бойынша 8 параграф қамтылған, яғни §7-8. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті, Қазақстанның музыка, бейнелеу және қолданбалы өнері бағдарламада қарастырылмаған. Оқулықтағы §7-8 неғұрлым әдебиет сабағында қарастырылатындықтан, Қазақстан тарихы пәніне арнайы сағатпен қарастырылу міндетті емес, тек қосымша танымдық материал ретінде ұсынуға болады. Себебі әдеби шығарманың авторы мен шығармасының атауы ғана беріледі, ол шығарма тарихи тұрғыда қарастырылмайды. Сондықтан мазмұнын ашып тарихи тұрғыда берілуі керек немесе дәуір құжаттары ретінде ұсынылуы керек.

Оқу бағдарламасы бойынша «1917-1941 жылдардағы Қазақстан» бөліміне 22 сағат бөлінсе, ал оқулық 16 параграфқа негізделген. Оқулық пен оқу бағдарламасының тақырыптары сәйкес келгенімен, параграфтың тақырыпшалары сәйкеспейді. Кей жағдайда бағдарламада берілген тақырыпшалар оқулықта мүлде қарастырылмайды немесе өте қысқа мәлімет беріліп мазмұны ашылмаған,мысалы: Оқу бағдарламасында берілген «Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы» тақырыбында төмендегі көрсетілген тақырыпшалар қарастырылады:

1917 ж. Ресейдегі және Қазақстандағы қазан социалистік революциясы; Қазақстанда (Торғай, Орал, Ақмола, Семей, Сырдария облысы, Жетісу және Бөкей ордасында) кеңес билігінің орнауы; қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы, Қазақстандағы РСДЖП-ның социал-демократиялық ұйымдары; Қазақстандағы ұлттық автономиялар, Түркістан (Қоқан) автономиясы; «Алаш» партиясы жетекшілерінің Орынбордағы ІІ Жалпықазақ съезіншақыруы (1917 ж. желтоқсан); «Алаш» қазақ облыстары автономиясының құрылуы; «Алашорда Халық Кеңесі» үкіметінің қызметі;

Ал, осы тақырып оқулықтың §9-10 (65-78 беттер) беріліп, оның тақырыпшалары: Қазақ революциясының жеңісі; Кеңес өкіметінің алғашқы Декреттері; Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы;Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауының ерекшеліктері;Қоқан автономиясы;Алаш автономиясы;

Кеңестік биліктің Алашордаға қарсы қудалау шараларымен аяқталады. Тақырыптың негізгі мазмұны сәйкес болғанымен, ондағы тақырыпшалардың сәйкессіздігі бірін-бірі қамтылмауы мұғалім және оқушы үшін қолайсыздық жағдай туғызады. Яғни оқу бағдарламасында көрсетілген «Үш жүз» партиясы туралы мәлімет тек алты сөйлеммен ғана беріліп, тақырыптың мазмұнын ашпайды. Әр тақырыптарда осындай келеңсіздіктер орын алған.

Осы ескертулерді ескере отырып, оқулықты оқу бағдарламасына сәйкестендіріп өңделуі қажет. Жалпы оқулық пен оқу бағдарламасының арасындағы айтылатын идеялар үндеседі, тек оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, оқулықтағы тақырып пен тақырыпшаларды жүйелеу, қамтылмаған мәліметтерді қосып, толықтыру ұсынылады.



Ғылыми аппарат және оқу басылымы мазмұнының оқушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу мақсаттарына сәйкестігі:

Оқулық мазмұны қазіргі ғылыми көзқарастарға сәйкес келеді. Автор оқулықта пәнішілік және пәнаралық байланыстың болуына көңіл бөлген.

Сонымен қатар оқушының қабылдауына қиындық туғызатын оқулық мазмұнындағы мәтін ішінде цифрлық мәліметтер мен кісі есімдерінің шектеусіз көп беріледі, мысалы, §43. Қазақстандағы мәдени өмір (1946-1985) 250-254 беттерде 37 цифрлық мәліметтер, 88 кісі есімі мен 19 шығарма атаулары берілген.

Қазақстан тарихы оқулығының алғашқы мұқабасында тәуелсіз Қазақстан тарихының мазмұнын ашатын иллюстрация бейнеленген.



Оқу басылымының әдістемелік аппараты:

Оқулық оқушылардың жас ерекшелігіне негізделген. Пәнді оқытуға тірек етіп алған танымдық және практикалық бағыттардың нақтылануы оқушылардың тарихи танымы мен санасын дамытуға, алған білімдерін жетілдіру, дағды мен біліктілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар оқулықтан алған білімдерін талдай, жинақтай және оларды практикада ұштастыра алатындай материалдар жеткілікті. Тапсырмаларға келер болсақ, оларда әдеттегі сұрақ-тапсырмалар мен шығармашылық ізденіске бағытталған жұмыс қазіргі білім беру парадигмасы жағдайына сәйкеседі. Оқулықта деңгейлік тапсырмалары тақырыпты меңгеруге жеңілдік туғызады.



Оқу басылымының тілі және стилі:

Оқулықтың тілі оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келеді.

Тілдік стильдерде біршама қателіктер байқалды. Мысалы: §18, 128 бетте «... мал шаруашылығымен айналысудан жеріткені үшін айыпталды», §25-26, 168 бетте «... халық батыры Амангелдінің батырлық қанының суымағанын танытты», §41-42, 241 бетте «... өнердің басқа түрлерінде сүреңсіз шығармалардың жаппай шығарылуына жағдай жасады».

Оқу басылымының мазмұнына қатысты мынадай ұсыныстар бар:

Оқулықтағы құнды тарихи деректерді, оқушыны ізденіс пен шығармашылыққа баулитын түрлендірілген жұмыс түрлерін жаңа оқу бағдарламасында басшылыққа алуға болады. Оқулық ішіндегі берілетін тақырыптық материалдар Кембридж оқыту жүйесіндегі бағдарламамен сәйкестендірілсе, оқулық жүйеленеді, оқушылардың пәнді терең оқып үйренуге қызығушылығы артар еді.


  1. 8 сыныпқа арналған «Дүние жүзі тарихы» Оқулығы.

Авторлары: Н.Алдабек., Р.Бекіш.К.Қожахметұлы.,К.Мақашева,

Қ.Байбақова.



Баспа, шыққан жылы: «Мектеп» 2012 жыл

Оқулық басылымының мазмұны:

Оқулық атауы оқу пәнінің атауына сәйкес. Оқу жүктемесі бойынша жылына 34 сағат арналған.

«Мектеп» баспасынан жарыққа шыққан жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушыларына арналған дүниежүзі тарихы бойынша оқулығы МЖББС типтік оқу жоспарындағы пәннің мазмұндық желісіне толықтай сәйкес келмейді, себебі 2013 жылы қолданыстағы оқу бағдарламасы әзірленген еді. Ал, оқулық 51 сағаттық 2010 жылғы оқу бағдарламасына негізделіп жазылған.

Тақырыптар көлемі өте күрделі және артық мәліметтер берілген. Бұл 8-сынып оқушыларының мәтінді меңгеру барысында қиындықтар туғызады. Мәселен: §1 параграфта барлығы 10 бет берілген, §2 параграфта барлығы 15 бет берілген, §3 параграфта барлығы 15 бет берілген, §4 параграфта барлығы 10 бет берілген, §18 параграфта барлығы 12 бет берілген, §21 параграфта барлығы 14 бет берілген, §30 параграфта барлығы 10 бет берілген.



Тақырып көлемінің мұндай көп болуы белгілі кедергілер келтіруі мүмкін.

Оқулық мазмұны пәндік оқу бағдарламасының негізгі мазмұндық желісіне толық сәйкес емес.

Ғылыми ақпарат және оқу басылымы мазмұны оқушыларды оқыту және дамыту мақсаттарына сәйкестігі:

-Оқулық мазмұнындағы мәтіндерде жазу стилі өте күрделі.

-Оқушылардың түсініп оқуына қиындықтар тудырады.

-Тақырыптарда тарихи күрделі мәліметтер жиі берілген.

-Хронологиялықдаталар өте жиі берілген.

- Оқушылар тақырыпты түсінікті меңгеру үшін маңызды даталарды ғана қалдыру керек.

-Тақырыптың мазмұнында қосалқы сөздер өте көп пайдаланылған

- Мәтін түсінікті болу үшін нақты, қысқа, тұжырымды етіп берілуі қажет. - Оқушы дүние жүзі елдеріндегі саясаттарының ұқсастығын, түпкі мәні мен мақсат-мүддесін анықтауы қажет, сол себептен нақты және түсінікті берілуі керек .

Әлем елдері тарихына арналған тақырыптарда Қазақстан тарихымен, жалпы өзге пәндермен байланысы жеткіліксіз.

Оқу басылымының құрылымы:

Оқулық мазмұнын баяндауда бірізділік пен жүйелілік сақталмаған. Сөйлемдер қисындылығы сақталмаған. Мәтінмен жұмыс барысында мазмұнын ұғынуда қиындықтар тудыратын тақырыптар бар. Тақырып соңындағы тапсырмалар оқушы құзіреттілеттігін және ойлау қабілеттерін дамытуға арналмаған.

Оқулық бөлім атаулары мен тақырыптардың сәйкес келмеуі, тақырыптар реттілігінің орналасу тәртібі сақталмаған.



Оқу әдістемелік кешен:

Оқулық соңында әр елдердің тарихына қатысты тақырыптық карталарды қосымша беру ұсынылады. Оқулықта карта мүлдем берілмеген.



    1. Оқулықтың көркем безендірілуі талапқа сай. Оқулықтың барлық беттері нөмірленген, сапалы ақ қағаздан жасалып жақсы түптеліп, бекітілген.

  • Сараптамалық қорытынды:Жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушыларына арналған «Дүниежүзі тарихы» оқулығы өңдеуге ұсынылады.

Таңдап алынған осы 3 оқулық туралы айтатын болсақ, соңғы қайта басылып шыққан оқулықтар үстіміздегі жылдың сәуір айында өткізілген Астана қаласы жалпы білім беретін мектептерінің ұстаздарынан құралған сараптамашылар тарапынан ерекше ескерту тудырмайды, дегенмен, сараптама барысында 7 – 8 сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» мен «Дүние жүзі тарихы» оқулықтарының мазмұнында (хронологиялық, терминологиялық, тақырыптық карталар, тарихи тұлғаларға, мазмұнын ұғынудағы қиындықтарға қатысты) кемшіліктері байқалады; ұстаздар тарапынан жасалынған ескертулер, ұсынымдар мен ұсыныстар принципті түрде емес.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет