Аналитические материалы по обучению предметам «история казахстана»



бет4/14
Дата21.04.2017
өлшемі3,99 Mb.
#14476
түріАналитические материалы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


6 - сурет –Қазақстан тарихы пәнінен ғылыми жарыстарының салыстырмалы динамикасы


2.3 Дүние жүзі тарихы пәнінен олимпиадалар мен ғылыми жарыстар

Дүние жүзі тарихы пәнінен республикалық пән олимпиадасы мен ғылыми жарыстар өткізілу тәртібін айтып кететін болсақ, 2011-2012 оқу жылында пән олимпиадасына 59 оқушы қатысқан болса, оның 23-і жүлделі орындарға ие болған. Ал, ғылыми жарыстар өткізілмеген. 2012-2013 оқу жылында пән олимпиадасында 66 оқушы қатысқан болса, оның 32-і жүлделі орындарға ие болып, ғылыми жарыстар бойынша 15 оқушы қатысып, 8-і жүлделі орындарға ие болған еді. 2013-2014 оқу жылында пән олимпиадасына 70 оқушы қатысқан болса, оның 47-і жүлделі орындарға ие болып, ғылыми жарыстарға 45 оқушы қатысып, 11-і жүлделі орындарға ие болыпты. Жалпы сараптама көрсеткендей Дүние жүзі тарихы пәнінен пән олимпиадасы мен ғылыми жарыстарға қатысу белсенділігі өте бәсең екенін көрсетіп отыр.



2011-2012 оқу жылында республикалық пән олимпиадасына Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Алматы облыстарының (4 қатысушының 3-еуі орын алды) қатысушылары 75%, Маңғыстау облысынан (3 қатысушының 2-еуі орын алды) қатысушылардың 66,6%, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан (4 қатысушының 2-еуі орын алды) қатысушылардың 50%, Қарағанды облысынан (7 қатысушының 3 орын алды) қатысушылардың 42,8% жүлделі орындарды иеленген. Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Назарбаева Зияткерлік мектептері оқушылары ешқандай орын иеленбесе, Ақмола, О.Жәутіков ат. РМФММИ, мен Б. Момышұлы атындағы республикалық әскери-мектеп интернатынан пән олимпиадасына қатысушылар жоқ (7 - сурет).




7 - сурет – 2011-2012 оқу жылында дүние жүзі тарихынан республикалық пән

олимпиадасына қатысқандар туралы ақпарат
2012-2013 оқу жылында Республикалық пән олимпиадасында қатысқан оқушылардың 48,4%, республикалық ғылыми жарыстардың 53,3% жүлделі орындар иеленді.

Республикалық ғылыми жарыстардан Атырау облысы мен Алматы қаласы мектептері (2 оқушыдан) 100% көш бастап тұрса, Шығыс Қазақстан мен Алматы облысы мектептері (2 оқушыдан) 50%, Астана қаласы мектептері (4 оқушыдан) 25% межеге жеткен (8 – сурет). Қызылорда облысынан қатысқан 1 оқушы ешқандай орынға ие болмады. Республикалық ғылыми жоба сайыстарына қалған өңірлер қатыспаған немес республикалық деңгейге өте алмады (8 – сурет). 2012 – 2013 оқу жылында аталған аймақтар республикалық ғылыми жарыстардан ең жоғарғы көрсеткіштерге жеткен.


8 - сурет – 2012 – 2013 оқу жылында аталған аймақтар республикалық ғылыми

жарыстардан ең жоғарғы көрсеткіштер туралы
2013-2014 оқу жылында республикалық пән олимпиадасына қатысқан оқушылардың 67,1% (70 оқушы қатысып, 47-сі жеңімпаз атанған), республикалық ғылыми жарыстар 24,4% (45 оқушы қатысып, 11-і жеңімпаз атанған) жүлделі орындарға ие болған.

2013-2014 оқу жылында Республикалық пән олимпиадасына қатысқан мектеп оқушылары Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары 100%, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары 80%, Атырау, Қостанай, Алматы облыстары 75%, Қостанай облысы мен Алматы қаласы 66,6% көрсеткішті көрсетсе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласы 50% межеге жеткен [13].



Соңғы 3 жылдық динамикалық көрсеткіші республикалық пән олимпиадаларында 52%, республикалық ғылыми жарыстарда 2011-2012 оқу жылында ғылыми жарыстар өткізілмеген, ал 2012-2013 оқу жылында 53% көрсетсе, 2013-2014 оқу жылында 24% көрсетті (9 – сурет).

9 - сурет – 2012-2014 оқу жылында республикалық пән олимпиадаларының



салыстырмалы динамикасы
Соңғы үш жылдық салыстырмалы талдау көрсеткендей ең жоғарғы жақсы нәтижеге Дүние жүзі тарих пәні бойынша 2011-2012 оқу жылында Алматы, Қарағанды, Павлодар облысы, 2012-2013 оқу жылында Астана қаласы мен Жамбыл облысы, 2013-2014 оқу жылында тек Оңтүстік Қазақстан облысы ғана қол жеткізген (10-сурет).

10 - сурет – Дүние жүзі тарихы пәнінен республикалық олимпиаданың



салыстырмалы динамикасы
Ал, ғылыми жарыстар бойынша Дүние жүзі тарихы пәнінен соңғы үш жылдық салыстырмалы талдау өкінішке орай жағымсыз динамикалық көрсеткішті көрсетіп отыр (11-сурет).

11 - сурет – Дүние жүзі тарихы пәнінен республикалық ғылыми жарыстарының

салыстырмалы динамикасы
Мониторинг зерттеулерінің нәтижелері көрсеткендей, тарих пәнінің мұағлімдері пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға көптеген оқушылардың қатысуына, білім алушылардың өмір бойы білім алу қажеттілігін қалыптастыруды, жаңа технологияларды меңгеру және оны қолдануда, өз бетімен шешім қабылдау және топта жұмыс жасауда бар мүмкіндікті қолданбайды. Орындалған ғылыми жоба тек нақты және өзекті болуымен қатар, практикалық маңызы мен қазіргі жағдайларға сәйкестігі және тарих ғылымдарының дамуына қосар үлесін ескеруі керек.
2.4 «Қазақстан тарихы» мен «Дүние жүзі тарихы» пәндерінен ҰБТ нәтижелері

ҰБТ- ол жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің қорытынды мемлекеттік аттестатталуы, білім ұйымдарынан тәуелсіз жалпы орта білім сапасын бағалайтын, жаңа технологияларға негізделген мемлекеттік жүйе.

Негізгі міндеті – мемлекеттік қадағалау арқылы білім сапасын әділ бағалау. ҰБТ - оқушылар мен ұстаздардың бірлескен еңбегін бағалайтын, білім сапасына қол жеткізетін өте дәл көрсеткіш болып табылады

Қазақстан тарихы 2008 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) міндетті пәні болып табылады. 2011 жылдан бастап оқушының аталған пәннен жинаған балы ҰБТ-ның сертификатына жазылып, орта білімі туралы аттестатына қойылатын бағаны айқындауда ескеріледі.

Жас қазақстандықтарға патриоттық тәрбие беру, санасында ұлттық бірлікті, жеке тұлғаның қалыптастыру, тәуелсіздікті нығайтуға қызмет ету, заманауи тарихи са­наны жаңғырту бүгінгі таңда өзекті болып табылады. ҰБТ-да Қазақстан тарихы пәні міндетті пән болуы да сондықтан.

Қазақстан тарихы» пәні оқыту қазақ тілді мектептерінде

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ҰБТ-ның соңғы 3 жыл ішінде ең жоғары орташа балды Алматы қаласы мектептерінің түлектері алды (18,95 балл), сонымен қатар орташа жоғары балл деңгейі Астана қаласында (17,72 балл) тіркелген. Ал республикалық көрсеткіш 15,67 балды құрады.



Салыстырмалы сараптама нәтижесі көрсеткендей, 2012 және 2014 жылдары Қостанай облысында көрсеткіштердің тұрақты болғанын айта кету керек. 2013 және 2014 жылдардың ҰБТ қорытындысы бойынша Алматы қаласынан кейінгі орташа жоғары деңгейі соңғы екі жыл қатарынан жақсы нәтижелерді Алматы мен Астана қаласының тестілеу қатысушылары көрсетіп отыр (12 – сурет).

12 - сурет – 2013, 2014 жылдардағы

ҰБТ орташа балдарының динамикасы

2014 жылы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тестілеуде 87564 адам, сонын ішінде қазақ тілді 61654 адам, орыс тілді 25910 адам қатысты (ҰБТ-ға қатысушылардың жалпы санының 70,0%)[14].



2013 және 2014 жылдары Қазақстан тарихы пәнінен орташа балы Республиканың жеті аймағында республиканың көрсеткішінен жоғары болған (13 – сурет).



13 - сурет2013 және 2014 жылдары Қазақстан тарихы пәнінен орташа балл динамикасы
Салыстырмалы талдау нәтижесінде Қазақстан тарихы бойынша ең жоғары көрсеткіш пен ең төменгі көрсеткіштің айырмашылығы 2012 жылы 4,44 балл (Алматы қаласы 17,08 балл, Маңғыстау облысы 12,64 балл), 2013 жылы 5 балл (Алматы қаласы 19,36 балл, Қостанай облысы 14,36 балл), 2014 жылы 7,64 балл (Алматы қаласы 20,43 балл, Атырау облысы 12,79 балл). ҰБТ-ның соңғы 3 жыл ішінде көрсеткіш айырмашылығы 5,69 балды көрсетеді.

Білім беру ұйымдары бөлісіндегі түрінде пәндік сараптамада «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ҚТЛ жоғары білім деңгейін (93,97%) көрсетіп отыр.


11 - кесте – Республикалық мектептердің (қазақ сыныптарында) орташа балл динамикасы

Мектеп атауы

2012

2013

2014




О.Жәутіков ат. РМФММИ

21,73

23,47

22,39

Абай ат.РММИ

17,35

21,46

17,46

Б.Момышұлы ат. АРМИ

13,99

18,44

15,89

Барлығы

17,69

21,12

18,58

Дереккөзі: Ұлттық тестілеу орталығының мәліметтері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет