Жетісу Алатауы
Жетісу Алатауы – Қазақстанның оңтүстік шығыс жағында Қытаймен шекарада орналасқан тау жүйесі. Жетісу Алатауы солтүстігінде Алакөл қазаншұңқырымен оңтүстігінде Іле өзені аңғары аралығында орналасқан. Жетісу Алатауы Солтүстік және Оңтүстік Жетісу тауларына бөлінеді. Қытай Халық Республикасындағы Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөл қазаншұңқырын қосып жатқан аңғарлық ойыс, табиғи өткел бар, оны Жоңғар қақпасы деп атайды. Жетісу Алатауының солтүстік беткейінің ең биік жері – Бесбақан шыңы (4464 м). Оңтүстігінің биік жері – Тышқантау(4370 м).
Жетісу Алатауы палеозой эрасында пайда болған. Жетісу Алатауынан Көктал, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек өзендері бастау алады.
Тянь – Шань таулы өлкесі – Азиядағы ең ірі таулардың бірі. «Тянь-Шань» сөзі қытай тілінен аударғанда «тәңір шыңы», аспан тау деген мағынаны білдіреді.Тянь-Шань тау жоталары орналасу бағытына қарай төртке бөлінеді
Тянь-Шань таулы өлкесінен Қазақстан жеріне Солтүстік Тянь-Шань түгелімен, Батыс Тянь-Шаньның көп бөлігі, Орталық Тянь-Шаньның бір бөлігі кіреді. Шығыс Тянь-Шань ТМД елдерінен тыс жерде орналасқан. Қазақстан жеріндегі ең биік шыңы – Хан Тәңірі 6995 м. Қазақстан аумағына түгелдей кіретін Қаратау (Бессаз) 2176 м – Тянь-Шаньның қатты өзгеріске ұшыраған бұзылған ең шеткі солтүстік – батыс жотасы.
Шу-Іле таулары
Жетісу
Іле алатауы
Күнгей Алатауы
Кетпен жотасы
Қырғызжотасы Теріскей Алатауы
Көкшалтау
Ферғана жотасы
Талас Алатауы
Өгем, Піскем
Сондалаш Шатқал, Алай
Түркістан
Қаратау
ТМД елдерінен тыс жерде
Рекреациялық аудандар
Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап жерлер көп-ақ. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар,табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.
Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп тайды.
Рекреация – күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған адамның тынығып, ем қабылдап күш қуатын қалпына келтіру деген сөз.
1. Минералды сумен емдейтін – Сарыағаш, Алмаарасан,Барлықарасан, Рахманов бұлағы.
2. Балшықпен емдейтін –Шортанды, Атырау, Жаңақорған, Мойылды.
3. Қымызбен емдейтін – Бурабай.
Қызыл кітап
Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, айрықша қорғау шараларын қолдануды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлері тіркелген арнайы кітапты «Қызыл кітап» деп атайды. Алғаш рет Халықаралық «Қызыл кітап» 1966 жылы басылып шықты. «Қызыл кітапқа» енген түрлер екі топқа бөлінеді.
Қызықстанда «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылды. Қазақстанның екінші «Қызыл кітабы» 1981 жылы шықты. Дала зонасының жойылып кеткен жануары – тарпан. Жер бетінен мүлдем жойылып кеткен жануар – су сиыры.
Достарыңызбен бөлісу: |