«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет16/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:
1. Негізгі құралдарды түгендеу тәртібі
2.Негізгі құралдардың қайта бағалануы
3. Түгендеу қандай жағдайларда жүргізіледі?
4. 5420 шотының атауын атаңыз?
5. Түгендеу неше түрге бөлінеді?


Сабақ тақырыбы : Материалдық емес активтердің есебі

Материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан, кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз.


Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. МЕА-дің түрлерінің бірі «ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР». Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір заңды тұлғаға беруі болып табылады.
МЕА-дің «Программамен жабдықтау» деп аталатын түрі кәсіпорынның алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттармен мәліметтерді айтады.
«Патент» деп аталатын МЕА жеке адамның не топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға жаңалығын өз пайдасына қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады.
«Ұйымдастыру шығынына» - к\о-ды жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығын, ұйымды тіркеуден өткізгені үшін төлемдер, банктерден есеп айырысу не валюталық және т.б. шот ашу үшін жұмсалған шығындар жатады.
МЕА-дің «Гудвилл» не «фирма бағасы» МЕА шотында есептелініп, ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, түгелдей сатып алған к езде не екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады.
Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі 2700 – бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі.
Материалдық емес активтердің келіп түсуі мен шығуы бір данада жасалған №1 нысанындағы «Материалдық емес активтерді қабылдау-өткізу актісінде» көрсетіледі.
Актіде мыналар көрсетіледі:

  1. Материалдық емес активтердің дәл атауы

  2. Кәсіпорынға өткізілген күні

  3. Объектінің сипаттамасы

  4. Бастапқы құны

  5. Амортизация нормасы

Материалдық емес активтер басқа кәсіпорынға табыс етілгенде акт өткізуші және қабылдаушы кәсіпорынға екі данада жасалады. 10-бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда мыналар келтіріледі:



    1. Материалдық емес активтердің атауы;

    2. Ай басындағы және соңындағы қалдықтар;

    3. Ай ішіндегі қозғалысы

Есеп компьютерленген жағдайда осындай принциппен машинограмма жасалады.
Материалдық емес активтердің келіп түсуі
Материалдық емес активтерді жасауға байланысты шығындарды оның түрі мен оны жасаумен айналысатын бөлімшеге байланысты 8310, 8410 – шы бөлімшелердің шоттарында ескеруге болады.
Шаруашылық серіктестіктері туралы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес – шаруашылық субьектілері жарғылық капиталға салым ретінде салынған құқықты енгізуге құқылы. Олар кірістік әдіспен немесе капиталданған жалдық көлемнің бағасы бойынша қысқартылған түрде бағаланады. Үйлерді, ғимараттар мен жабдықтарды уақытша пайдалану құқы құнының сомасы есепке алынады, бұл сомаға Д-т 2700 К-т 5020. Уақытша пайдалануға алынған үйлердің, ғимараттардың және жабдықтардың өзі баланстан тыс 001-шотта ескеріледі.
Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі
Өндірістік-шаруашылық қызмет процесінде материалдық емес активтер моральдік жағынан тозуға ұшырайды.
Есептелген тозудың мақсаты – пайдаланудың белгіленген мерзімі ішінде тозуды өндіріс пен айналымның шығындарына қосу есебінен олардың құнын өтеу үшін көздерді қалыптастыру. Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алу үшін «Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің 2740 шоттары көзделген. Бұл шот пассивтік, әрі реттеуші сипатта. 2740-шотының кредиті бойынша материалдық емес активтер амортизациясының ай басындағы қалдығын, ай ішінде есептелгенін және есепті айдың соңындағы қалдығын көрсетеді, ал 2740 шотының дебеті бойынша МЕА амортизациясының есептен шығарылуы көрсетіледі.
Амортизация нормасының мерзімін анықтау мүмкін емес. МЕА бойынша мерзім 10 жылға, бірақ субьектінің жарғыда белгіленген қызметінен аспайтындай болып есептелінеді.
Амортизациялық аударым мөлшері МЕА-дің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. МЕА-дың пайдалану мерзімі кәсіпорынның қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер МЕА-дің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аураым он жылға есептелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет