Бақылау сұрақтары:
Жиынтық және жылдық табыстың есебі дегеніміз не?
Резервтік капитал есебі дегеніміз не?
Бөлінбеген кіріс есебі дегеніміз не?
Таратылмаған табысқа мысал келтір
Бөлінбеген табыс дегеніміз не ?
9-Тарау Сыртқы экономикалық қызмет есебі
Сабақ тақырыбы: 44. Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі бағыттары
СЭҚ-тің негізгі түрлері:
СЭҚ-тің негізгі бағыттары:
Тауарлар мен қызметтерді халықаралық сату;
Өндірістің халықаралық кооперациясы;
Ғылым және техника саласында айырбас;
Капитал қозғалысы және шетелдік инвестициялар;
Жұмыс күшінің миграциясы (шетелге бару-келу).
Сыртқы экономикалық мәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық сауда палатасының әзірлеген халықаралық сауда терминін «Инкотермс» пайдалануды ұсынады. Ол 4 базалық категорияға топтастырылған:
Е – сатып алушы сатушының қоймасынан жөнелтуге дайын тұрған тауарды алады;
Ғ – сатып алушы көрсеткен транспорттық құралына дейін тауарларды сатушының өзі жеткізіп беруге міндеттелген;
С – сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады, бірақ жүкті жөнелткеннен кейін пайда болатын шығындарға және тауарлардың бұзылуына (жоғалуына) жауап бермейді;
D – сатушы барлық тәуекелді және жүкті белгіленген жеріне дейін жеткізіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады.
Лицензиялау Заңы 2 түрде болады:
басты
бір мезгілді
СЭҚ-ті лицензиялау ҚР Президентінің «Лицензиялау туралы» 17.04.1995 жыл № 2200 жарғысы негізінде жүзеге асырылады.
Экспорттық әрекеттерді лицензиялау мына жағдайларда жүргізіледі:
экспортқа шығарылатын тауарлар ішкі нарықта лицензияланады;
тауарларды өндіру мен сату мемлекеттің монополиясы б.т.;
шетер\лге шығарылатын тауарлардың шектелуі.
ҚР-ның аумағына әкелінетін және оның шекарасына шығарылатын барлық тауарлардың кедендік бақылаудан өтеді. Бұл кезде Заңда қаралған төлемдер экспорттарға және импорттарға салынады. Оның құрамына:
кедендік баж салығы;
кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар;
шығарып салғаны үшін кедендік алымдар;
ҚР-ң кедендік органына лицензия бергені үшін алынатын алымдар;
Кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған мамандық аттестатын бергені үшін алымдар;
Алдын-ала қабылданған шешімдер үшін төлем.
Франчайзинг - бұл кіші дербес к/о мен ірі шетелдік немесе отандық к/о арасында жасалатын келісім-шарттық қатынас.
Іс жүзінде франчайзингті 3 түрге бөлуге болады:
тауарлық – бұл кезде келісім-шарттық қатынаста қаралғандай бас к/о-ң тауарын сатумен шұғыоданады;
өндірістік – келісім-шартта қаралғандай шағын к/о бас к/о-ң шығаратын өнімін шығарумен шұғылданады;
іскерлік – нарықтағы жекелеген өнім түрлерінің, жұмысының, қызметінің бағасы, тауар нарығы туралы ақпараттарымен ой бөліседі.
Франчайзингке қатысушылардың 2 жағы болады:
франчайзер – нарықта үлкен сұранысқа ие өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді жасаушы ірі компаниялар;
франчайзм – франчайзермен жасалған келісім-шарттың жағдайында франшиза құқықығын алатын шағын к/о-р.
Франшиза – франчайзингке құқық беруші.
Франшиздердің өтелуі мен алынуы мына шоттарда көрініс табады: 1620 және 2730 дебеттеледі, ал 1030 кредиттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |