Астық өнімінің сапасын анықтау практикумы


Талдау қорытындысының жазбасы



Pdf көрінісі
бет27/74
Дата29.09.2023
өлшемі0,91 Mb.
#183023
түріПрактикум
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74
Байланысты:
Астық өнімінің сапасын анықтау практикум

 
Талдау қорытындысының жазбасы 
 
1.
Шөкім мөлшері_____________________________гр. 
2.
Зақымдалған дән массасы_____________________ гр. 
3.
Зақымдалған дән құрамы______________________%. 
 
Қорытындысы:
Дәннің типін пайдалану мүмкіндігін қорытындылау. 


37 
Бақылау сұрақтары: 
 
1. Бидайдың бақашық қандаламен зақымдану түрлері. 
2. Бақашық қандаламен зақымданған шөкім үлкендігі. 
3. Арбитражды және қос екі анықтаманың арасындағы айырмашылық. 
4. Астықтың жақсару жолдары, бақашық қандаласымен зақымдалуы. 
5. Сапасы бойынша құжаттарда зақымдану қалай белгілнеді. 
 
 
 


38 
13 Шикі дән ұлпасының мөлшері мен сапасын анықтау 
 
Жұмыс мақсаты: 
дән ұлпасының мөлшері м ен сапасын анықтау
 
техникасы мен
 
әдістемесін үйрену. Бұл көрсеткішті өз бетінше анықтауды білу және дән ұлпасының 
сапалығын қорытындылау. 
Әдебиет 
ҚРСТ 1054-2002, МЕСТ13586.1 
Құрал жабдықтар: 
техникалық таразы, лабораториялық диірмен, дән ұлпасының 
тығыздылық қасиеттерін анықтайтын ИДК-1, қамыр илегіш (ТЛ-1-75), су мөлшерлегіш 
(ДВЛ-3), дән ұлпасын механикалық жуу (МОК-1), метал илеуіш (№ 067), жібек илеуш 
(№38). 
Жұмыс тәртібі 
Шикі дән ұлпасы деп – суда ісіну кезінде созылмалы бір тұтас массаны құрайтын 
астықтың ақуыз заттарының кешенін айтады. 
Суда еритін заттарды, крахмал, клетчатканы және суда еритін заттарды 
қамырдан сумен шайып аластатқаннан кейін қалған созылмалы тығыз массаны шикі дән 
маңызы (клейковина) дейді.
Пісірілген нанның сапасы наубайхана кәсіпорындарында 
технологиялық процестің ұйымдастырылуына тәуелді. Алайда нан сапасына астықтың 
потенциалды нандық қасиеттері – оның сорттық ерекшеліктері, өсіру, өңдеу және сақтау 
жағдайлары барынша әсер етеді. Дән ұлпасының құралы және оның сапасы - өсіру 
жағдайына тәуелді болса да, мұрагерлік қасиетке жатады. Жақсы наубайханалық сапаны 
игерген бидайдың жаңа сортын дайындау барысында, алдымен, дәнде ұлпамен ақуыз 
құрамын арттыруға тырысады. 
Үлгіні сұрыптау және шөкімді бөлу стандарт талаптарына сәйкес жүргізіледі. 
Орташа үлгіден бөліп алынған 30-50 г шөкімді қоспаларынан (бүлінген бидай, қара 
бидай және арпа дәндерінен басқасы) тазартылады да, лабораториялық диірменде 
ұнтақталады: 067-нөмірлі сым елеуішпен елегенде қалдығы 1%-тен аспағаны жөн, ал 38 
нөмірлі капрон немесе жібек елеуіштен өткен ұнның мөлшері 60%-тен төмен болмауы 
және 70%-тен аспауы керек. Егер 067-нөмірлі елеуіштегі қалдық 1%-тен асып кетсе, 
немесе 038-нөмірлі капрон немесе жібек елеуіштен өткен ұнның мөлшері 60%-тем 
төмен болса, онда осы елеуіштерде қалған қалдық қайтадан лабораториялык диірменде 
ұнтақталады. Ұнтақталу ұзақтығы 1 минөттен кем болмағаны дұрыс. 
Елеу кезінде капрон, немесе жібек елеуіштерді тазалау үшін қалыңдығы 0,3 см. 
диаметрі 1,0 см 4-5 резиналы дөңгелектер қолданылады, оларды елеуішке салады. 
Ылғалдылығы 18%-тен жоғары астықты сынағанда, әуелі астық шөкімін 18%-
ке дейін бөлме температурасында, немесе 50°С-дан аспайтын температурада 
термостатта (кептіргіш шкафта) кептіреді. 
Барлық елеуіштердегі ұнтақталған астықты тыңғылықты түрде араластырады 
да 4 г-нан кем болмайтын дән ұлпасы шығатын етіп 25 г немесе одан көбірек шөкім 
бөлінеді. Ұнтақталған астықты (дәнді) электр жүйесіне қосылған лабораториялық 
қамыр илегіштің (ТЛ-1) стақанына салады және ДВЛ--3 су мөлшерлегіштеп су құяды. 
Шөкім массасына қарай қамыр илеуге қажетті судың мөлшері төмендегідей болуға 
тиіс: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет