Астық өнімінің сапасын анықтау практикумы



Pdf көрінісі
бет24/74
Дата29.09.2023
өлшемі0,91 Mb.
#183023
түріПрактикум
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   74
Байланысты:
Астық өнімінің сапасын анықтау практикум

Қорытынды жазбасы: 
I шөкімдегі (Қ1) қауыздар массасы___________________________ г. 
II шөкімдегі (Қ2) қауыздар массасы___________________________ г. 
Қауыздылық (Қ)______________________________________________ % 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Астықтың қауыздылық мағынасы. 
2.
Қарақұмықтың қауыздылығын анықтау әдісі. 
3.
Неге арпаның қауыздылығын анықтамайды. 
4.
Қандай аспаптың көмегімен қауыздылық анықталады. 
5.
Берілген мысалдар бойынша қауыздылықты есептей білу. 


30 
10 Бидайдың типтік құрамын анықтау әдістері 
 
Жұмыс мақсаты:
бидайдың типтік құрамын анықтау және астық түрінің типін 
анықтау. 
Әдебиет 
СТРК 1046-2001; (МЕСТ 9353-90) МЕСТ 10940,
Құрал-жабдықтар:
техникалық таразы, талдау тақтасы, абақ, астық типінің 
этолондары, химиялық стақан, 5%-ті сілті ерітіндісі. 
Типтер мен тип тармақтары 
Астыққа арналған көптеген стандарттарда тауарды топтау (жүйелеу) бөлімі бар
мұнда технологиялық, азық – түлік және кей азықтың құндылығына қарай бірдей 
астықтың сапа топтары қарастырылған. Осы топтарды типтер деп атайды. Астықтың 
типтік құрамы дайын өнімнің шығымы мен сапасына, астықты өндіруге даярлау 
режиміне, астық өңдегендегі меншікті энергия шығынына, нанның көлемі мен 
қуыстылығына т.б әсер етеді. Сондықтан астық топтарын типтері мен тип тармақтарына 
қарай қалыптастырады. 
Тиiстi типтердiң талаптарына сәйкес келмейтiн бидайды «Типтер қосындысы» 
ретiнде анықтайды. Қосындының (қоспаның) құрамын процентпен көрсетедi сипаттамасы 
10-кестеде келтiрiлген. 
Жұмыс тәртібі 

Бидайдың типтерге бөліну негізіне келесі белгілер алынған: түсі ( қызыл 


дәнді не ақ дәнді ), ботаникалық түрі ( қатты не жұмсақ ) және биологиялық формалары ( 
күздік не жаздық ). 
Жүмсақ, қатты қызылдәндi бидайдың типтiк құрамын 20 г астық шөкiмiн 
талдаудың нәтижесiнде анықтайды. Әуелi типтер, соңынан тип тармақтары анықталады. 
Қатты және жүмсақ бидай дәнiндегi айырмашылықтар: жүмсақ бидайдың төбесi
ұрыққа қарама-қарсы жағы, ұсақ түктермен көмкерiлген және айдар түзедi; қатты 
бидайдың айдары, мүлде жоқ, немесе нашар дамыған; пiшiн бойынша жүмсақ бидайдың 
дәнi қатты бидайға қарағанда қысқа және домалақтау; қатты бидайдың дәнi ұзынша 
келген, көлденең қимасында үшбұрышты қырлы болады.
Жүмсақ қызыл дәндi бидайды жүмсақ ақ дәндi бидайдан дәннiң түсiмен 
ажыратады. Түсi айқын ажыратылмаса дәндi арнаулы өңдеуден өткiзедi. Өндеудiң негiзгi 
тәсiлi – 5 проценттi күйдiргiш натрий 5 грамын 100 мл судағы ерiтiндiсiнде өңдеу. Түсi 
айқындалмаған дәндердi санайды және өлшейдi, стақанға салып, устiне сiлтi ертiндiсiн 
барлық дәндердi жабатындай етiп құяды. 15 минөттен кейiн ақдәндi бидай ашық-сарғыш 
түске, ал қызылдәндi бидай қызыл-қоныр түске енедi. Дәндердiң түсiн 20 мин. Бойын суда 
қайнатып айқындай түсуге болады. Осындай өндеуден кейiн ақдәндi бидай дәндерi ақшыл 
түсте болады да, қызылдәндi бидай дәндерi қоңырланады. 
Түстерi айқын емес дәндерi күйдiргiш натрий ертiндiсiнде өндегеннен кейiн, 
немесе суда қайнатқаннан кейiн қызылдәндi, немесе ақдәндi бидайдың процент мөлшерiн 
төменгi мысалда көрсетiлген анықтайды. 
Мысалы. Массасы 20 г астық шөкiмiнен массасы 0,58 г болатын 17 ақдәндi бидай 
дәнi және массасы 0,31 г түсi айқындалмаған 10 дән бөлiнiп алынады. Арнаулы өңдеуден 
кейiн 10 дәннiң 7-уi ашық-сарғыш түске, ал 3-уi қызыл-қоңыр түске енедi. Ақдәндi 7 
бидай дәнiнiң массасы Х=0,31*7/10=0,22 г. 
Ақ дәндi бидайдың жалпы массасы 0,58 г + 0,22 г = 0,80 г. бұл дегенiнңiз Х=0,80 г х 
100/20 г= 4%. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет