36
12 Бидайдың бақашық қандаламен зақымдануын анықтау
Жұмыстың мақсаты:
астықтың зақымдануын сырттай қарау, анықтау техникасын
үйрену.
Құрал жабдықтар:
техникалық таразы, талдау тақтасы, аспа.
Жұмыс тәртібі
Астықтың бақашық қандаласы ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Бақашық
қандалалар барлық масақты астықты зақымдайды, әсіресе, жаздық және күздік бидайларға
өте күрделі зиян келтіреді.
Көктемде, яғни өсімдіктің өсу кезінде қандала астық
тұқымдарының жапырақтары мен жас сабақтарын зақымдайды. Масақтанудың бірінші
кезеңінде
зақым сабақты шаншып кептіруі, бидайдың толық немесе бөлшектенген бос
масақтығына және дәннің де ашылмай қалуына әсер етеді. Бидайдың пісуі кезеңінде үлкен
қандалалар, әсіресе, дернәсілдер масаққа көшіп, дәннің құрамымен қоректенеді.
Астық жинаудан кейін қандалар егістік жерден орманға,
бұтаға немесе қалың
шөпті жерге ұшып кетеді де, сол жерде жапырақтар астына шымға және өсімдіктер
арасына еніп, қыстайды. Көктемде қандалалар
өз қыстауларынан шығып, астық
дақылдары себілген егістік жерге қайта оралады.
Қандалалар мен олардың дернәсілдері астықты оның пісуінің әр түрлі стадиясында
зақымдайды. Астықтың сыртқы түрінің өзгеруі пісіп-жетілудің қай фазасында зақым
келтіргеніне байланысты болады. Астықтың балауызданып
пісуге дейінгі зақымы ұсақ,
әжімді және сұршыл түске ие болады. Сонымен қатар, астықтың бақашық қандаламен
зақымдануы 1000 дәннің салмағына
кесір әрекет тигізетіні, тұқым өнгіштігіне және
астықтың нан пісіру қасиеттеріне теріс әсері тигізетіні дәлелденген.
Бидайдың сырт пішіне қарап оның қандаламен бұзылуының үш белгісін анықтауға
болады:
-бірінші белгісі- бидай қабығында қара нүктесі болатын доңгелек немесе дұрыс емес
пішінді ақшыл сары дағы бар;
-екінші белгісі –бидай
қабығында дәл осындай дақ, бірақ осы дақ шеңберінде
тесіктің ізі жоқ, ойық немесе қатпарлар пайда болады.
-үшінші белгісі- бидай ұрыгының қабығында тесіктің ізі жоқ,
ойықсыз және
қатпарсыз ақшыл-сары дақ пайда болады.
Барлық жағдайларда зақымданған жерлерде эндосперм консистенциясы ұнтақталған.
Эндосперм борпылдақ болады, кейбір клеткалар ақуыздық құрамынан айрылады,
крахмалдық бидайлар бұзылады. Зақымдалған дән санын анықтау үшін
қолмен немесе
бөлгіш көмегімен алынған орташа үлгіден 50 гр дәндер массасы алынып, қоспалардан
тазартқан соң, 10 г-нан бидайдың екі шөкімі өлшеп алынады.
Сосын қандалаламен зақымданған бидайларды 0,01 г
дәлдікпен техникалық
таразыда өлшеп, натижесін процентпен шығарамыз.
Екі паралель арасындағы айырмашылық зақымданған бидай мөлшері 5 %-ға дейін
болса, 0,5 % шегінде және 5 %- тен 25 % зақымданған бидай мөлшері болса 1 % шегінде
мүмкін болады.
Достарыңызбен бөлісу: