41
Сығылған дән ұлпасын өлшейді және аздап суланған саусақтармен сапасын
анықтауға мөлшері 4 г шөкім бөлінеді; аздап ылғалданған саусақтармен шөкімнен
кішкентай шар қалыптастырылады.
Өздігінен қызған, өте кеуіп кеткен, өнген, т. б. кемшілігі бар бидай астығының
қамыры үгілмелі болады, жіпшеге ширатылмайды және мұндай астықтың дән ұлпасын
анықтауды екінші ереже бойынша жүргізеді: қамыр дайындау, жуу және дән ұлпасын жуу
торабынан шығарып алудағы барлық операциялар қалыпты бидай астығынан дән ұлпасын
жуу ережесіне сәйкесі жүргізіледі; кемшілігі бар бидай астығынан дән ұлпасын жууды
камерадағы жұмысшы саңылауды 1 мм етіп 8 минут бойы жүргізеді; камераға су
«төменнен-жоғары» бағытында алғашқы минөтте 0,1 л/мин беріледі, ал кейінгі 4 минөтте
судың шығыны 0
,
35-0,40 л/мин дейін көбейтіледі,
Қандала-тасбақ дәнмен жарақаттанған бидай астығынан дән ұлпасын жуу үшінші
ереже бойынша үшін кезеңде іске асырылады: қамырды жууға дайындау, жуу және дән
ұлпасын жуу торабынан шығарып алудағы барлық операциялар қалыпты бидай
астығының дән ұлпасын жуу ережесіне сәйкес жүргізіледі; бірінші кезеңде дән ұлпасын
жуу камера құрылымындағы жұмысшы саңылауды 7,0 мм етіп 6 минөт бойы жүргізеді.
Жууға кететін судын шығыны алғашқы 4 минөтте 0,35-0,40 л/мин, ал соңғы 2 минөтте -
0,60-0,50 л/мин. Барлық үш кезеңдерде жуу камерасына су «төменнен-жоғары» бағытында
беріледі; екінші кезеңде дән ұлпасын жууды камера құрылымындағы саңылауды 1,5мм-ге
қойып 14 минөт бойы жалғастырады; үшінші кезеңде камерадағы жұмысшы саңылауды 7
мм-ге қойып дән ұлпасын 2 минөт бойы 0,35-0,40 л/мин су шығынымен жуады.
Достарыңызбен бөлісу: