43
14 Астықтың күлділігін анықтау.
Астықтың күлділігін негізгі әдіспен немесе жылдамдатумен анықтау
Жұмыстың мақсаты:
күлділікті анықтаудың әдістемесі мен техникасын үйрену.
Зертханалық құжаттарда талдаудың нәтижесін толтыруды және күлділікті
анықтауды
үйрену.
Әдебиет
МЕСТ 10847
Құрал жабдықтар, реактивтер:
Зертханалық диірмен,
аналитикалық таразылар,
муфельді пештер, эксикатор, фарфорлы тигелдер, шыны табақшалар, металды илеуіш 0,8
мм, азотты қышқыл, тығыздылық 1,2 г/см
3
.
Дәннің және оның өңделген азықтарының күлділігін муфель пештерінде ұнтақталған
азықтардың күлденуімен анықтайды.
Күлденудің үш әдісі бар:
1.
Жылдамдатқыштың көмегінсіз;
2.
Жылдамдатқыштың көмегімен;
3.
Жоғары температурада күлдету.
Атап өтілген әдістердің ішінде ең нақты болып тездеткіштің көмегінсіз күлділікті
анықтау жатады, сондықтан арбитражды сұрыптаулар кезінде
бұл әдіс негізгі және
қажетті болып есептеледі.
Бұл көрсеткіш дәннің құрамындағы минералды заттардың мөлшерін көрсетеді. Дәнде
минералды заттар әр түрлі орналасады. Дәннің күлділігі дақыл өскен топырақтың
химиялық құрамына, ауа райына және дәннің сортына байланысты өзгеріп тұрады. Дәнді
тартудағы негізгі міндет – эндоспермасын таза бөліп, күлділігі төмен ұн алу.
Жұмыс тәртібі
Шөкімді дайындау
1. Орта үлгіден 30-50 г
астық алады, шөпшар қоспадан тазартады, (бұзылған
дәндерден басқа) және № 08 металды елеуіштен өтетіндей
етіп тәжірибелік диірменде
уатады. Уатылған астықты араластырады, шыны пластикада
жұқа қабатпен тегістейді
және әр түрлі жерден 2-2,5 г шөкімдерді бөліп алады және салмағы өлшенген екі бос
фарфорлы тигельдерге салады.
2. Осымен қатар ылғалдылықты анықтау үшін басқа екі шөкім алынады.
3. Күлділікті анықтау негізгі әдіс бойынша ( жылдамдатқыштарды қолдану арқылы
немесе жоғары температураларда )жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: