20 Тары сапасын анықтау. Тары, құмай және қонақ тары үлгілерімен танысу. Стандарт бойынша тары дәндерін
қолдану. Талдау карточкасын толтыру.
Жұмыс мақсаты: жармалық тары дәндерін талдау әдістерін үйрену.
Әдебиет
МЕСТ-22983-78, МЕСТ 13586.2.
Құрал жабдықтар: бөлгіш, техникалық таразы, талдау тақтасы, d 1.4x20 мм, ГДФ-1
аспабы.
Жұмыс тәртібі Тары жармасы қазақша сөк деп те аталады. Ол тағамдық сапасы жағынан
қарақұмық пен күріштен төменірек болса да, тамақ өнеркәсібінде алатын орны ерекше.
Тарыны қауызының түсіне, сортына қарай 4 типке бөледі: ақшыл, қызыл, сары және
көкшіл түсті. Тары эндоспермінің құрылысына қарай шыны, жартылай шыны және ұн
тәрізді деп бөлінеді. Шын эндоспермді тары дәнінен көп жарма алынады.
Ластануды анықтау үшін алынатын массасы 25 г шөкімді шөпшар және астық
қоспалары фракцияларына бөледі.
Шөпшар қоспасына жатады:
- минералды қоспа;
- органикалық қоспа;
- жабайы және мәдени өсімдіктер тұқымдары;
- зиянды қоспа;
-
1,4 х 20 мм елеуіштен өткен дәннің ¾ бөлігі;
- бүлінген дәндер ( ядросы сарғайған ).
Астық қопасына жатады:
- өсіп кеткен дәндер;
-
1,4 х 20 мм елеуіште қалған ұрынған және желінген дәндер;
-
1,4 х 20 мм елеуіште қалған дәннің ¼ бөлігі.
Барлық фракциялар өлшенеді және олардың нәтижесі алынған шөкімге қатысты %
есептеледі.
Бүлінген және бұзылған астықты анықтауда 1.4 тақырыбын қараңдар.
Қауыздылықты анықтау Шөпшар және астық қоспасынан тазартылған массасы 25 г шөкімнен қосымша
массасы 2,5 г ( қолмен қауыздау үшін ) және 5 г ( ГДФ – 1 құралында қауыздау үшін )
шөкімдер алынады.
60
Содан кейін дәндерді гүлдің қауызынан айырады. Қауыздарды өлшеп, нәтижесін
алынған шөкімге қатысты % есептейді.