2-бөлім алдыңғы бөлімде меңгерілген білім мен тілдік дағдыларды дамытады. Оқушылар сондай-ақ өздерінің ана тілінде әңгімелер, өлеңдер және мектеп лексикасын білулері керек.
Мәнмәтін
Бұл бөлімде оқушылар сынып мен мектепте өткізген уақыты туралы айтуға қажетті тілдік дағдыларды және 10-ға дейін санауды меңгереді. Бұл бөлім алдыңғы бөлімде меңгерілген сәлемдесу, киім, түстер, сезімдер мен сәбилік кезі туралы жеке ақпараттарға негізделеді. Бұл бөлім барысында дыбыстық жаттығулар үнемі жүргізіліп тұруы қажет. Бөлім «Өнер» саласы және «Дүниетану», «Жаратылыстану» пәндерімен пәнаралық байланыста өтеді. Бұл бөлімде оқыту жағдайлары оқушыларды қызықты рөлдік ойындарды ойнауға, оқу және жазу жаттығуларын орындауға көмектеседі.
Қысқаша шолу
Оқу бағдарлама-сына сілтеме
Оқу мақсаттары
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері
Мұғалімге арналған ескертпелер
Оқу ресурстары
Артикуляциялық жаттығулар – 1-бөлімдегі дыбысты оқыту туралы нұсқаулықты қараңыз.
Бұл бөлімде ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ дыбыстарын дұрыс дыбыстауға арналған жаттығулар ұйымдастырыңыз.
1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану
1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)
Сыныптағы мені қоршаған заттар
(МК) Мұғалім сынып бөлмесіндегі заттарға қатысты сөздерді карточкалар арқылы көрсете отырып таныстырады. Сонымен қатар сынып бөлмесінде бар заттарды нұсқау арқылы қайталатады. Мысалы, Мынау - парта. Мынау – орындық. Мынау – қалам. т.б.
(Ұ) Мұғалім сынып бөлмесіндегі заттарды оқушылардың өздеріне дауыстатып қайталатады.
(Ө) Оқушылар Мынау не ?Анау не ? деп деген сұрақтарға жауап жазады.
(Ж, Қ) «Бинго» ойыны. Мұғалімнің қолында сынып бөлмесіне қатысты кезекпен айтылатын сөздер жазылған карточкалар болады. Оқушылардың қолында осы заттар бейнеленген алты карточка бар. Егер айтылған сөз олардың суретіне сәйкес келсе, суреттің үстіне тиісті сөзді қояды. Карточкасын бірінші болып толтырған ойыншы «Бинго!» - деп дауыстап айтып, жеңеді.
Мүғалім оқушылардың төмендегі дағдыларына баға береді:
сынып бөлмесіне қатысты сөздерді айту/қолдануын;
тыңдауы мен түсінуін.
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сынып бөлмесіндегі заттар туралы жай сөйлем құрайды.
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сынып бөлмесіне қатысты заттарды атайды.
Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар: сынып бөлмесіне қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.
Бұл бөлімнің тақырыптарын меңгерту үшін рөлдік ойындарды ойнауға, оқу мен жазу жаттығуларын орындауға жағдайлар жасаңыз.
Оқушыларға төмендегі әрекеттер оң нәтиже береді:
мектеп жиһазы мен оқу құралдардың, суреттері мен үлгілерін көрсету.
сынып бөлмесіне қатысты рөлдік ойындар ойнау үшін, киімдер, қажетті материалдарды дайындау;
әңгімелер айтып, қойылымдар қоюға қуыршақтар мен шағын ойындар дайындау (Lego, Playmobile, қуыршақтар және т.б.)
алғашқы кездегі жазуға арналған әртүрлі қаламдар, қарындаштар, қағаздармен жабдықтау.
http://www.balakai.kz
1.2
Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
1.3.2.1 мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру
2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру
1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(термин сөздерді қолданбау)
1.5.1.1
мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану
(Ұ) Мұғалім оқушылардан сыныптағы дыбыстардың қалай дыбысталатынын сұрайды. Мәселен, есікті ашып, жауып, оның қалай сықырлайтынын, сағаттың қалай тықылдайтынын, т.б. түсіндіреді. Осымен байланысты оқушыларды мынадай тіркестердің пайда болуына назар аудартады. Мысалы, есік сықырлайды, сағат тықылдайды, т.б.
(МК) Мұғалім естілген дыбыстар бойынша құралған ұйқастарды (өлеңді) көрсетіп, мәнерлеп оқиды.
Сынып дыбыстары
Балалар күледі.
Есік тарсылдайды.
Сағат тықылдайды.
Қарындыш шықылдайды.
Қағаз сытырлайды.
(Ж) Оқушылар тақтада жазылған сөздерді қатыстырып өз өлеңін құрайды және жұбымен бөліседі.
(Ұ,Қ) Оқушылар өз өлеңдерін сыныптағы оқушыларға кезектесе мәнерлеп оқиды. Оқушылар тыңдап, өз сезімдерін ым-ишарамен көрсетеді.
Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:
сөздерді дұрыс және анық айтып, қарапайым өлеңді мәнерлеп айтуын;
сынып бөлмесіне қатысты дыбыстарды сипаттауға арналған сөздерді қолдануын;
басқаларды тыңдауын.
Дифференциация:
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өзіне таныс бір немесе екі сөзді қосады.
Қабылдау деңгейі орташа оқушылар берілген үлгі бойынша бір немесе екі сөз тіркесін айтады.
Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар: сынып бөлмесіне қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.
Бұл бөлімнің тақырыптарын меңгерту үшін рөлдік ойындарды ойнауға, оқу мен жазу жаттығуларын орындауға жағдайлар жасаңыз.
Оқушыларға төмендегі әрекеттер оң нәтиже береді:
мектеп жиһазы мен оқу құралдардың, суреттері мен үлгілерін көрсету.
сынып бөлмесіне қатысты рөлдік ойындар ойнау үшін, киімдер, қажетті материалдарды дайындау;
әңгімелер айтып, қойылымдар қоюға қуыршақтар мен шағын ойындар дайындау (Lego, Playmobile, қуыршақтар және т.б.)
алғашқы кездегі жазуға арналған әртүрлі қаламдар, қарындаштар, қағаздармен жабдықтау.
Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.
Сабақ басында сөздерді/сөз тіркестерін (зат есім және етістік) тақтаға жазып қойыңыз. Оқушылар есітіген дыбыстары бойынша өз өлең ұйқастарын жазуға мүмкіндік беріңіз.
Олар құрастырған өлеңдері арқылы бірін-бірі бағалайды, бірін-бірін тыңдайды және өз сезімдерін білдіреді.
Мұғалім оқушылардың шығарған өлеңдерін диктофонға жазады. Оқушылар оны бос уақыттарында тыңдайды
1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану
1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)
Сынып бөлмесінің үлгісі мен сызбасы
(МК) Мұғалім қораптан немесе әртүрлі материалдардан жасалған сынып бөлмесінің үлгісін көрсетеді және соған сәйкес сөздерді үйрену барысында қолданады. Оқушылардан тағы да нені қосуға болатынын сұрайды. Мысалы, парталар, орындықтар, кітаптар. Сөздерді дауыстап айта отырып, үлгіге заттардың аттары жазылған қағаздарды қадайды.
(Т) Шағын топтарда оқушылар мұғалімнің жасаған үлгісіне қарап, сынып бөлмесінің үлгісін жасайды.
(ТҚ) Мұғалім топпен және ұжыммен жұмыс жасай отырып, оқушылардың дағдыларын бағалайды:
сынып бөлмесі туралы сөздерді қолдануын;
өздері жасаған сынып үлгісі туралы жай сөйлемдерді айтуын.
Дифференциация:
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сынып бөлмесі туралы жай сөйлемдер айтады.
Қабылдау деңгейі орташа оқушылар сынып бөлмесіне қатысты заттарды атайды.
Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз. Өнермен байланыстырыңыз.
Оқушыларға сынып үлгісін жасауға қажетті материалдар әкелуді тапсырыңыз. Мысалы, қораптар, мата, қағаз. Қораптар, желім, әртүрлі қағаздар, фломастерлер, т.б. материалдарды дайындаңыз.
Үлгі жасауға сынып бөлмесіне қатысты сөздердің атауларын дайындаңыз.
Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар, сынып бөлмесіне қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.
Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.
Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу және тіл нормасын сақтау
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру
3.2 Мәтін мазмұнын түсіну
1.3.2.1 мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну
2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін білдіру
1.2.6.1 Тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) білдіру
(МК) Мұғалім оқушыларға сынып бөлмесінің қарапайым атаулары жазылған сызбаны қалай сызу керектігін көрсетеді.
(Ұ) Оқушылар өздерінің жеке сызбасын сызады.
(Т,Қ) Мұғалім «Сөздер тізбегі» оқыта үйрену ойынын ойнатады. Бір оқушы өздерінің жеке сызбасындағы сөзді атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір сынып бөлмесіне қатысты сөзді айтады. Осылайша барлық оқушыларды қатыстырады.
(Т, Қ) Мұғалім топпен жұмыс істей отырып, оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:
сынып бөлмесіне қатысты сөздерді қолдануын;
сызбаны сипаттау үшін жай сөйлемдерді қолдануын.
(Ұ,Қ) Мұғалім өз жұмыстарын көрсететін оқушыларды таңдайды, ал басқа оқушылар ым-ишара арқылы бағалайды.
Дифференциация:
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өз сызбаларын сынып алдында таныстыруда жай сөйлемдерді қолданады.
Қабылдау деңгейі орташа оқушылар сынып бөлмесінің заттарын атайды.
Сынып бөлмесіне қатысты заттардың атаулары жазылған қағаздар дайындаңыз. Оқушылар өздерінің сызбаларында атауларды қолдану үшін, атаулар жазылған қағаздарды сыныптағы көрінетін жерлерге іліңіз.
Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.
Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар, сынып бөлмесіне қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(термин сөздерді қолданбау)
1.5.1.2 мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
Сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік (МК) Мұғалім сынып бөлмесінде қауіпсіз сезінуге арналған суреттерді көрсетеді.
(Т) Оқушылар суреттерден қауіпсіз сезінуге арналған сөздер мен тіркестерін «Арт кластер» әдісі бойынша мұғалімнің көмегімен сәйкестендіреді. Мысалы, қолыңды жу, айналып өт, орындықтарды орындарына қой, сөмкеңді көтер, қайшыны қорабына сал.
Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дәптерлеріне жазады.
(Ж) Оқушылар өз жұптарымен сынып бөлмесінде қауіпсіздікті сақтау жолдарына қатысты тіркестерді қайталайды.
(Ө) Оқушылар сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік тақырыбына сурет салады.
(Т,Қ) Мұғалім шағын топты бөліп алып, оқушылардың төмендегідей дағдыларына баға береді:
жеке сөздерді қолдануын;
сөз тіркестерін айтуын;
тыңдау және түсінуін;
жаңа сөздерді қолданып, жай сөйлемдер құруын.
(Ұ,Қ) Мұғалім өз жұмыстарын сыныпта сипаттайтын оқушыларды таңдайды, ал басқа оқушылар тыңдайды және пікірлерін айтады.
Дифференциация:
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар қауіпсіздікке қатысты суреттерін жай сөйлемдермен сипаттайды.
Қабылдау деңгейі орташа оқушылар суреттерді сипаттау үшін тірек сөздерді қолданады.
Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.
Жеке және тұлғалық-әлеуметтік біліммен байланыстырыңыз.
Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.
1.3 Хабарлама мазмұнын түсіну
1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру
2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру
1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту
4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу
1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(термин сөздерді қолданбау)
1.5.1.4 мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану
Тыңдалым тәсілдерін қолдану
1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)
«Мектеп күні» қойылым
(МК) Мұғалім суреттердің көмегімен мектеп күнінің үлгісін жасайды және әрқайсысын сипаттауға қарапайым тілді қолданады.
(Ұ) Мұғалім басы және соңы жазылған алты сөйлемі бар кеспе қағаздарды көрсетеді және оларды мағынасына қарай біріктірулерін сұрайды. Мысалы сөйлемнің басқы бөлігі:
Мен мектепте ...
Таңертең …
Түсте ...
Сабақтан соң …
Сөйлемнің соңғы бөлігі, мысалы:
... барамын.
... партама отырамын.
…үй жұмысын жасаймын.
…ойын ойнаймын.
…сурет саламын.
Мұғалім оқушылардың сынып алдында құраған сөйлемдерді таңдайды. Қалған оқушылар мағынасының келетінін / келмейтінін айтады.
(Т) Оқушылар тақтадағы үлгіге қарап, өздерінің мектептегі күндері туралы айтады.
(Ө,Ж) Оқушылар мектептегі бір күнін алты суреттен тұратындай етіп салады және жұбына дауыстап айтып береді.
(Т, Қ) Мұғалім топпен мектептегі күн реті туралы жұмыс жасай отырып, оқушылардың төмендегідей дағдыларын бағалайды:
мектептегі күнге қатысты сөздерді қолдануын;
қысқа презентацияны тыңдауын;
қарапайым реттілікпен әңгімелеуін.
(Ұ, Қ) Сынып оқушылары бір-бірімен мектептегі күн реттілігі жөнінде сөйлеседі. Мұғалім мектептегі күн ретін көрсететін бірнеше оқушыны таңдайды. Басқа оқушылар бір-бірін ым-ишара мен қимыл арқылы бағалайды немесе пікірлерін айтады.
Дифференциация:
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өздерінің мектептегі күні туралы жай сөйлемдерді өздігінен құрайды, содан кейін сынып оқушыларына айтады.
Қабылдау деңгейі орташа оқушылар үлгі бойынша мектептегі бір күн туралы сөйлемдерді қайталайды.
Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.
Мектеп күніне қатысты сөздерді және сөз тіркестерін үлкен кеспе қағаздарға жазыңыз (сөйлемнің басқы және соңғы бөлек жазылған).
Жаңа сөздерді меңгеру үшін қайталау маңызды. Сондықтан оқушыларға дағдылануға көп мүмкіндік берілуі керек.
Сабақтың соңында дейін осы тапсырманы тақтада қалдырыңыз. Сонымен қатар оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.
Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар, мектеп күніне қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларды осы жұмыс түрлеріне қатыстырып, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.
1.2
Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру
2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру
1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(термин сөздерді қолданбау)
1.5.1.5 мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру
(МК) Мұғалім сынып оқушыларына шеңбер құрып отыруды сұрайды. Мұғалім ым-ишара арқылы мектептегі күннің бір сәтін көрсетеді. Мысалы, оқушыларды түгендеу, кітап оқу, кітаптарды маркалау және т.б. Мәселен, Мүғалім «Мен не істеп жатырмын?» - деп сұрайды. Оқушылар табулары тиіс.
(Т) «Кім жылдам ойыны» арқылы оқушылардың бір тобы кезекпен сурет салу, кітапты оқу, жазу, тыңдау, ән салу, демалу, т.б. вербалды әркеттерді орындайды, ал екінші топ сол әрекеттердің атауын айтады.
(МК) Мұғалім «Стоп-кадрдың» не екендігін және оны топпен қалай жасау керектігін түсіндіреді. Мұғалім «Сендер мына жерге тұрыңдар, ал сендер қолдарыңа доп ұстаңдар, ...т.б.», деп балаларға орындарын көрсетеді.
(Т) Топтар мектеп күнінен стоп-кадр қойылымын дайындайды.
(Т,Қ) Мұғалімбір топпен жұмыс істеп, оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:
сөйлеу және басқаларды тыңдауын;
мектептегі күнге қатысты сөздерді қолдануын;
оқушыларға не істеу керектігін айту арқылы «стоп-кадр» ойынын жоспарлауын.
(Ұ) Оқушылар кезектесіп өз «стоп-кадрларын» басқа топтарға көрсетеді. Оқушылар көрген «стоп-кадрларының» тақырыбын тауып, ым-ишарамен бағалайды.
Дифференциация:
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өздерінің «стоп-кадрларын» сипаттап басқаларға айтады.
Қабылдау деңгейі орташа оқушылар мектептегі күн туралы жеке сөздер/сөз тіркестерін айтады.
Оқушыларды әр вербалды әрекетке, қимылдарға сәйкес сөздер мен сөз тіркестерді тапқызып, шатаспай айтуға дағдыландырыңыз.
«Драма» әдісі, тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту туралы: :
http://www.teachfind.com/national-strategies/speaking-listening-learning-working-children-key-stages-1-and-2-%E2%80%93-leaflets-and-p
«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып
3-бөлім: «Менің отбасым және достарым»
Осыған дейін меңгерілген білім
3-бөлім алдыңғы бөлімдерде меңгерілген білім мен тілдік дағдыларға негізделген. Оқушылар сондай-ақ орыс тілінде үлкен көлемдегіәңгімелер, ұйқастар мен өлеңдерді және қазақ тілінде отбасы мен достар тақырыбына қатысты сөздерді білулері керек.
Мәнмәтін
Бұл бөлімде отбасы мен достары туралы айтуға қажетті тілдік дағдылар меңгеріледі. Бөлім барысында дыбыстық жаттығулар үнемі, жүйелі түрде оқытылуы қажет.Бөлімнің өнермен пәнаралық байланысы бар, әлеуметтік білімінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Оқыту мақсаты рөлдік ойындар арқылы жүзеге асады. Бұл бөлім аясында өрт сөндіру станциясына, полиция бөлімшесіне, ауруханаға саяхат немесе осы мекемелердің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыруға болады.
Қысқаша шолу
Оқушылар «Менің отбасым» тақырыбынан «Маған көмектесетін адамдар» тақырыбына көшу арқылы тілдік дағдыларын «Менің отбасым және достарым» тақырыбы аясында дамытады. Олар осы бөлімде әңгіме, өлең және аудио\бейне мәтіндерімен танысады. Қажетіне қарай жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды атқарады. Мұғалімнің интерактивті әдістері оқушылардың сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады. Ол үнемі қалыптастырушы бағалау жұмысына негізделеді.
Оқу бағдарлама-сына сілтеме
Оқу мақсаттары
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері
Мұғалімге арналған ескертпелер
Оқу ресурстары
Артикуляциялық жаттығулар –
1-бөлімдегі нұсқаулықты қараңыз.
Қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс қоюға арналған жаттығуларды жалғастырыңыз.
1.3.Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау
Менің отбасым
(МК) Отбасы мүшелерінің суреттерін көрсетіңіз және оларды атаңыз. Мысалы, ана, аға, ата
(Ұ) Мұғалім ана, аға, ата, іні, апа сөздеріне қатысты «Қызықты тор көз» ойынын ойнатады. Бұл ойынға тор көзді карточкалар жасалады. Карточкалардағы әріптерді (ілгері-кейін, жоғарыдан төмен немесе төменнен жоғары) қалай қарай оқыса да, бір сөз шығуы қажет. Содан кейін олар карточкадағы сияқты осындай сөздерді тез, дұрыс, әріп көп тапса, сол оқушы жеңімпаз болады.
(МК) Мұғалім үлгі ретінде бір отбасының мүшелері туралы айтады. Мысалы,Менің апам/әпкем бар. Оның аты… . (Ж) Оқушылар жұппен отбасы мүшесі туралы мұғалімнің айтқанын қайталап айтады.
(Ө) Оқушылар таңдап алған отбасы мүшесінің суретін салады және үлгіден бір жай сөйлем айтады. Мысалы: Менің әжем бар. Оның есімі... . (Т, Қ) Мұғалім «отбасы» сөзіне байланысты сөздік қорын дамыту үшін топпен жұмыс жасайды, бағалайды.
Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:
«Отбасы» тақырыбына байланысты сөздерді қолдануын;
басқа оқушыларды түсініп тыңдауын;
жай сөйлемді қайталауын.
(Ұ,Қ) Мұғалім құраған сөйлемдерді сыныппен бөлісу үшін бір немесе екі жұпты таңдайды. Басқа оқушылар қимыл, ым-ишара немесе қарапайым пікір арқылы бағалайды.
Дифференциация:
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар суретке сәйкес жай сөйлемдерді құрайды.
Қабылдау деңгейі орташа оқушылар оқушылар өз отбасы мүшелері туралы сөз тіркестерін айтады.
Оқушының алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.
Бұл жұмыс буындарды, жеке сөздерді ғана жазып үйретумен басталады.
Отбасы мүшелерінің үлкен суреттері мен олардың атауын білдіретін тірек сөздер дайындаңыз. Мысалы, ана, әке, аға, әпке, тәте, жезде, ата, әже, бөле, жиен іні, т.б.
Тірек сөздерді үлкен анық әріптермен жазыңыз және оларға жиі сілтеме жасаңыз. Осыған байланысты ойындар жүргізуге болады. Мәселен, «Қызықты тор көз» ойының тәртібі: ойынға арналған карточкалар бір-бірлеп тақтаға ілінеді. Оқушылар ондағы әріптерден сөз құрап, көлденеңінен, тігінен, төменнен жоғары қарай немесе көлденеңінен кейін қарай оқып шығады.
Содан кейін олар карточкадағы сияқты осындай сөздерді тез, дұрыс, әріп көп тапса, сол оқушы жеңіп шығады.
Мысалы: а) карточкасына сәйкес: ана, ата, апа, аға, сөздер тапса
Қайталаудың сөздік қорын жаңа сөздермен молайтуға маңызы бар. Сондықтан қайталап айтуға көп мүмкіндік берілуі тиіс.
Оқушылар жетістігін анықтау үшін жақсы дайын жұмыстарды көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.
Оқушылардың тілін дамыту үшін қосымша жаттығулар:
«Отбасы» тақырыбына байланысты әңгімелер, өлеңдер және ұйқастар айтқызыңыз. Оқушыларға әңгімелерді, ұйқастарды, өлеңдерді қайталауға мүмкіндік беріңіз.
Бұл бөлімді меңгеруге көмектесетін ыңғайлы жағдай жасаңыз:
Рөлдік ойындарға арналған киімдері мен қажетті құралдары бар орын дайындау. Мысалы: өрт сөндіру станциясы, полиция бөлімшесі, т.б. Сонымен қатар түрлі қалам/қарындаш/қағаз болуы керек.
Отбасы, аурухана, өрт сөндіру станциясы, полиция бөлімшесі, т.б. тақырыптар бойынша кітаптар, тыңдау және визуалды мәтіндері қойылған бұрыш дайындау.
Әңгімелер айтып, қойылымдар қоюға арналған қуыршақтары мен қысқа ойындары бар орын дайындау (Lego, Playmobile, қуыршақтар).
1.2
Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату
2.1 Сөздік қорды толықтыру
1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану
2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру
1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту
(МК) Мұғалім отбасы мүшесінің біреуін сипаттап айтады. Отбасы тақырыбына байланысты сөздерді, сын есімдерді пайдалана отырып, «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойынын ойнатады. Мысалы, мұғалім ана деген сөзді айтады, оқушылар анам мейірімді, менің анам мейірімді. Мұғалім іні деген сөзді айтады, оқушылар кішкентай, інім кішкентай, менің інім кішкентай; менің ағам ақылды т.с.с сөз тіркестерін айтады.
(Ж) Оқушылар отбасы мүшесін сипаттау үшін үлгіні ауызша қайталайды.
(Ө) Оқушылар отбасы мүшесінің моделін жасайды немесе суретін салады және жай сипаттауға дағдыланады.
(Т,Қ) Мұғалім отбасын сипаттау жұмыстарын дамыту үшін топпен жұмыс жасайды, оқушылардың төмендегідей дағдыларын бағалайды:
отбасына байланысты сөздік қорын пайдалануын;
басқа оқушыларды тыңдауын;
жай сөйлемнің сызбасын сызуын.
(Ұ, Қ) Мұғалім өз жұмысы туралы әңгімелеп беретін оқушыларды таңдайды. Өзгелері қимыл\ым-ишара арқылы бір-бірін бағалайды.
Дифференциация:
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар салған суретіне/моделіне қарап, сөйлем сызбасын жасайды және сөйлемді айтады.
Қабылдау деңгейі орташа оқушылар салған суретіне/моделіне қарап, сөйлем сызбасын жасайды.
Оқушының алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.
Отбасы туралы сөздерді суреттермен байланыстырыңыз.
Отбасы мүшелерін сипаттауға арналған дара сын есімдерді пайдаланыңыз. Мысалы: кішкентай, арық, үлкен, биік, сүйкімді, мейірімді, ақылды, еріншек, ақылды, көңілді. «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойыны пайдалануға болады. Бұл ойын арқылы оқушалрдың сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастырылады.
Тірек сөздерді үлкен баспа әріптермен жазыңыз және оларға жиі сілтеме жасаңыз. Сөздік қорды жаңа сөздермен молайтуда қайталаудың маңызы бар, сондықтан қайталап айтуға көп мүмкіндік берілуі тиіс
Оқушылар жетістігін анықтау үшін жақсы дайын жұмыстарды көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.
Оқушылармен тіл дамытуға арналған қосымша жаттығулар орындаңыз. Мысалы,
отбасына байланысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айту. Оқушыларға әңгімелерді, ұйқастарды, өлеңдерді қайталай отырып, қатысуға мүмкіндік беріңіз.
Ақ мамам.wmv
Bakytgul Salykhova2 г. назад 38 521 просмотр
"Ақ мамам" әні. Сөзі Ф.Оңғарсынованікі Әні Айжігіт Асановтікі.
4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу
1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (термин сөздерді қолданбау
1.5.1.2 мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану
1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру
Менің туыстарым
(МК,Ұ) Мұғалім ата, әже,әке, ана, аға, іні, әпке, қарындас, сіңлі деген отбасы мүшелерінің атауын білдіретін сөздерді қайталатады. Ол үшін «Он сұрақ» әдісін ойнатады. Мұғалім бір оқушыны таңдап алып, оның сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады. Оған жауап не ИӘ не ЖОҚ деп беріледі. Мәселен,
- Сенің ағаң немесе қарындасың бар ма?
- Иә !
- Сенің інің бар ма ?
- Жоқ.
(Ө) Әрбір оқушы отбасындағы адам санына қарай алма алады (яғни алма пішініндегі қағаз бөлігін), оған өз отбасы мүшесінің суретін салады. Оларды отбасы бәйтерекке ретімен орналастырады. Отбасы мүшелері жазылған дайын сөздерді суреттің астына желімдейді.
(Ұ) Бірнеше оқушы өз отбасының бәйтерегі туралы әңгімелейді.
(Ұ,Қ) Мұғалім оқушылар отбасы мүшелері туралы сұрақтар мен жауаптарды талқылайды. Оқушылардың төмендегі қабілеттерін бағалайды:
қарапайым нұсқауларды орындауын;
қарапайым сұрақтар қою/жауап беруін;
отбасы туралы сөздерді қолдануын.
Дифференциация:
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар оқытушы үлгісіне сүйене отырып, бір-бірінің отбасы мүшелері туралысұрақ қояды және жауап береді.
Қабылдау деңгейі орташа оқушылармұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Оқушының алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.
Отбасы туралы сөздерді суреттермен байланыстырыңыз.
«Он сұрақ» әдісі арқылы оқушының сұрақтарды түсіну қабілетін тексеріңіз.
Әр оқушыға бәйтеректің суреті салынған жұмыс парағын дайындаңыз.
Отбасы бәйтерегін көрсету үшін үлкен қағаз дайындаңыз. Отбасы мүшелерін көрсету үшін алма пішініндегі карточкалар қажет. Әр оқушыға бірнеше алма керек.
Сұрақтар мен жауаптардың жазбаша үлгісін дайындаңыз.
Дайын отбасы бәйтерегін көрсетіңіз және алдағы оқу кезеңінде отбасына байланысты сөздік қорын қайталауда көмекші құрал ретінде пайдаланыңыз.
Оқушылардың тілін дамыту үшін қосымша отбасы ағашына қатысты әңгімелер, өлеңдер және ұйқастар айту арқылы дамытыңыз.
Оқушыларға әңгімелерді, ұйқастарды, өлеңдерді қайталай отырып, қатысуға мүмкіндік беріңіз.
1.4. Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну
1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну
2.1 Сөздік қорды толықтыру
1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану
2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
1.2.2.1 сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру
1.3 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау
Менің достарым. Мульфильмді сипаттау.
(Ұ) Мұғалім оқушыларға «Менің достарым» тақырыбында «Сөзден сөз тіркесіне, сөз тіркесінен сөйлемге» әдісі бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгертеді. Мысалы,
дос, менің досым, менің досымнығ аты... Менің досым жақсы. Менің досым ақылды.Менің досым 1-сыныпта оқиды. Менің досым жақсы оқиды. (МК) Мұғалім суреттер топтамасына сүйене отырып, мазмұнын қайталап (немесе фильм кадрларын қолданыңыз) және сәйкес жай сөйлемдерді қолданып айтады.
(Ө) Оқушылар «Досың қандай?» тақырыбында ассоциограмма құрайды.
(Ж) Жұппен жұмыс жасау барысында оқушы өз сөйлемдерін қасындағы досына айтып береді.
(Ұ,Қ) Мұғалім сыныпта кезекпен жұптарды сөйлетеді, ал басқа оқушылар оларды тыңдайды (олар ым-ишара немесе пікір арқылы баға бере алады). Оқушылардың достарын сипаттау кезіндегі дағдыларына төмендегідей баға береді:
сөздік қорды орынды пайдалануын;
басқа оқушылардың сипаттауын түсініп тыңдауын;
достарын сипаттауда қолдынылатын қарапайым сөздерді айтуын.
Дифференциация:
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар досы туралы пікірлерін айтады.
Қабылдауы деңгейі орташа оқушылар сызба бойынша ауызша сөйлемдер құрайды.
Оқушының алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.
Мұғалім ұсынатын әңгіменің үлгісі:
«Үйректің аналығы ерекше жұмыртқа табады. Жұмыртқадан ұсқынсыз балапан шығады. Үйректің бақытсыз балапаны.
Құстар оны қаламайды. Ол аққу сияқты көрінеді. Ол қазір бақытты.
Ол өз отбасында». Әңгіме құрастыру үшін қағаз алты бөлікке бөлінеді. Әңгіме құрастыруға балама ретінде фильм үзінділері беріледі. Бұл әдіс блалардың талқылауға белсене араласуы үшін жақсы ынталандыру болады. Жаттығуды орындау алдында мұғалім дайын үлгіні ұсынуы тиіс.
Тапсырманы күрделендіру мақсатында мұғалім «маған ұнайды» және «маған ұнамайды» деген сөз тіркестерін оқушылардың есіне түсіруі керек. Әңгіме барысында оқушылар пайдалану үшін тірек сөздері жазылған кеспе қағаздарын дайындаңыз.
Орыс және ағылшыны тілдерінде ұсынылатын мультфильмдер үйректің ұсқынсыз балапанының өз отбасын тауып бақытқа кенелуі туралы. Бірақ осы мазмұндас басқа ресурстарды да қолдануға болады.
1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
1.3.2.1 мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну
2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
1.2.5.1 қысқа фильмдер мен тыңдалым материалдарының сюжетін өз сөзімен суреттеу
2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру
1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту
(Ұ) Мұғалім оқушыларға фильм үзінділерінен мысалдар көрсете отырып, ондағы басты кейіпкерлердің кім екендігін сұрайды. Мысалы, полиция, өрт сөндіруші, медбике, оқытушы т.б.
(МК) Мұғалім оқушыға рөлдік ойын арқылы бұл адамның қалай көмектесетінін көрсетеді. Негізгі затттар - стетаскоп, өрт сөндіруші каскасын пайдаланады.
(Ж) Оқушылар бізге көмектесетін адамды рөлдік ойынмен көрсетеді.
(Ө) Оқушылар таңдап алған, бізге көмектесетін адамның суретін салады және оларды қарапайым ауызша сөйлемдер арқылы сипаттауды үйренеді.
(Т,Қ) Мұғалім тілдік дағдыларды дамыту үшін топпен жұмыс ұйымдастырады және оқушылардың төмендегідей дағдыларын бағалайды:
бізге көмектесетін адамдарға байланысты қарапайым сөзді қолдануын;
басқа оқушыларды түсініп тыңдауын;
жай сөйлемді сызбамен көрсетуін.
(Ұ,Қ) Мұғалім бізге көмектесетін адамдар суреттерін көрсететін және оларды сипаттайтын оқушыларды таңдайды. Басқа оқушылар бір-бірін бағалайды.
Дифференциация:
Қабылдауы деңгейі жоғары оқушылар берілген суреттер бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.
Қабылдауы деңгейі орташа оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
«Бізге көмектесетін адамдар» мамандықтарының атаулары жазылған суреттерді, кітаптар және интернет клиптерін дайындаңыз. Мысалы, полиция, өрт сөндіруші, медбике, оқытушы. Көмектесетін адамдарға қатысты нысандар, киімдер жинаңыз. Мысалы, стетоскоп, қалпақ, дәрігер сөмкесі, т.б.
Оқушының алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.
Сабақты жеке және әлеуметтік тәрбиемен байланыстырыңыз.
Үлгі ретіндегі сөздер жазылған кеспе қағаздар дайындаңыз. Мысалы:
- Бұл кім?
- Ол бізге қалай көмектеседі?
Адамдар тізімі және таңдауға берілетін жауаптар да керек болады. Мысалы:
Ол қылмыскерлерді ұстайды.
Ол өртті сөндіреді .
Ол бізді емдейді.
Ол бізді жазу мен оқуға үйретеді.
Тірек сөздерді үлкен баспа әріптермен жазыңыз және оларға жиі сілтеме жасаңыз. Қайталаудың сөздік қорды жаңа сөздермен молайтуға маңызы бар. Сондықтан қайталап айтуға көп мүмкіндік берілуі тиіс.
Оқушылардың тілін дамыту үшін, қосымша жаттығулар ұйымдастыру үшін сынып бөлмесінен рөлдік ойынға арналған орын дайындаңыз: дәрігер киімдері, қуыршақтар, заттар, қағаз және жазу қарындашы. Бізге көмектесетін адамдарға байланысты әңгімелер, өлеңдер және ұйқастар айту. Оқушыларға әңгімелерді, ұйқастарды, өлеңдерді қайталай отырып, қосылып айтуға мүмкіндік беріңіз.
1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу
4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
1.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптерді санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес бір-бірімен дұрыс байланыстырып, анық, айқын жазу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (термин сөздерді қолданбау)
1.5.1.5 мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру
2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру
1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту
Саяхат
(МК,Ұ) Мұғалім сыныпты саяхатқа дайындайды:
оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамытатын сөздер мен пайдалы сөз тіркестерін айтықызады;
саяхатқа қатысты қауіпсіздік шаралары туралы айтады;
саяхатқа байланысты мәтіндері бар кітап, журналдармен таныстырады;
оқушыларға саяхат барысында неге көңіл бөлу керек екендігі жайлы айтады.
(Ұ) Сынып топпен ұйымдасқан түрде саяхатқа шығады, әр топтың белгіленген көшбасшысы саяхатта неге көңіл бөлу керектігін, сұрақтар дайындау туралы естеріне салады.
(Ұ) Мұғалім саяхаттан соң, сынып бөлмесіне келгенде жабық және ашық сұрақтар қою арқылы талқылау ұйымдастырады. Мысалы,
- Сендер не көрдіңдер?
- Сендерді не таңғалдырды?
- Сендерге саяхат ұнады ма?
(Ө) Оқушылар саяхатты суреттермен, диаграммалармен және қарапайым атаулармен, сөйлемдер құрастырумен аяқтайды.
(Т,Қ) Мұғалім оқушылар сурет салып жатқанда, олардың төмендегі дағдыларын бағалайды:
ойларын суреттер және қарапайым сөз арқылы көрсетуін;
сөздік қорын нақты қолдануын;
басқа оқушыларды түсініп тыңдауын.
(Ұ) Барлық суреттер, диаграммалар және жазбалар үлкен сынып кітабында жасалады және оны басқа сыныптармен бөлісу үшін арнайы оқу орынында сақтау керек.
Дифференциация:
Қабылдаудеңгейі жоғары оқушылар оқушылар ересек адамның көмегімен саяхат туралы өздерінің ойын аудио құралға жазады және сыныппен бөліседі.
Қабылдау деңгейі орташа оқушылар өз ойын салған суреттері арқылы көрсетеді.
Оқу мақсаттарына қол жеткізуге байланысты қосымша саяхатқа шығуға қолдау көрсетуіңізге болады.
Оқушының алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз .
Сыныппен қызықты орындарға мектеп саяхатын ұйымдастырыңыз. Мысалы, бізге көмектесетін адамдарға байланысты өрт сөндіру стансасы, полиция бөлімшесі, аурухана, кітапхана.
Саяхатқа қатысты суреттер, кітаптар және интернет клиптерін дайындаңыз.
Тірек сөздерді үлкен әріптермен жазыңыз және оларға жиі сілтеме жасаңыз. Қайталау барысында оқушының сөздік қорының жаңа сөздермен молаюына беретін тиімділігі үлкен. Сондықтан қайталауға көп мүмкіндік берілуі тиіс.
Саяхаттан кейін туындайтын оқушы ойын дамыту мақсатында сол әсерлерімен байланыстырып қойылатын сұрақтар жоспарлап, дайындаңыз.Мұғалім және басқа ересек адамдар саяхат кезінде суретке түсіреді, суретті саяхаттан кейін сөйлеу және жазба тілдік дағдыларын дамытуға пайдаланады.
Саяхаттың барлық жазбалары, суреттері мен диаграммаларын жазып қою үшін үлкен сынып кітабын дайындаңыз.
Оқушылардың тілін дамыту үшін қосымша жаттығулар:
бізге көмектесетін адамдарға байланысты әңгімелер, өлеңдержәне ұйқастар шығарып айту. Оқушыларға әңгімелерді, ұйқастарды, өлеңдерді қайталай отырып, қатысуға мүмкіндік беріңіз.
Егер мектеп саяхатын ұйымдастыруға мүмкіндік болмаса, бізге көмектесетін адамды сыныпқа оқушылармен кездесуге, олардың сұрақтарына жауап беруі үшін шақырыңыз.
Жаттығуды күрделендіру мақсатында егер жазу құралы бар болса, оқушылардан саяхат туралы айтуларын сұрап жазыңыз. Бұл жазбаны оқушылар сабақтан бос уақыттарында, тыныш ортада басқа сыныптармен бірлесе отырып тыңдай алады.
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
1.3.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (термин сөздерді қолданбау)
1.5.1.5 мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру
«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп.1-сынып
4-бөлім: «Бізді қоршаған әлем»
Осыған дейін меңгерілген білім
4-бөлім – алдыңғы бөлімдерде меңгерілген білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар оқыту тілдерінде қоршаған орта туралы әңгімелер, өлеңдер, санамақтармен таныс болулары керек.
Мәнмәтін
Бұл бөлімде қоршаған орта туралы айтуға қажетті білім мен дағдылар үйретіледі. Жүйелі, арнайы қазақ тілі фонетикасы үнемі оқытылуы тиіс. Бұл бөлім тарих, дүниетану, жаратылыстану жәнеөнер білім саласы пәндерімен пәнаралық байланыста өтеді. Оқушылардың білімді меңгеруіне көмек көрсету үшін қызықты рөлдік ойындар, оқылым және жазылым тапсырмалары керек. Бұл бөлімде экскурсияға шығуға (қаланы аралау, жергілікті дүкенге бару, монумент, ескерткіштерге бару, фермаға немесе ойын-сауық орталығына бару) болады.
Қысқаша шолу
Бөлімде оқушылар тілдік дағдыларын ‘Құстар мен жануарлар’ деген тақырыптан бастап ‘Менің қалам/менің елім’ деген тақырыптар аясында дамытады. Оқушылар әңгімелермен, өлеңдермен және көру мәтіндерімен таныс болады. Өз бетімен, топ болып немесе бүкіл сынып болып жұмыс істейді. Оқу үдерісі интерактивті болғаны дұрыс, оның ішінде сөйлеу мен тыңдалым дағдыларына назар аударып, қажетті жерде мұғалім өзі үлгі көрсетіп, сонымен қатар, үнемі қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырып отыруы керек.