«Қазақ «Қазақ тілі» пәні бойыншаоқу жоспары



бет2/9
Дата14.04.2017
өлшемі1,84 Mb.
#13876
1   2   3   4   5   6   7   8   9



Оқу бағдарлама-сына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

Оқыту ресурстары







Артикуляциялық жаттығулар





http://el.kz


(МК,Ұ) Мұғалім әрбір дыбысқа, сондай-ақ,сөз ішінде кездесетін қазақ тілінің төл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелерінің қызметін балаларға түсіндіріп, артикуляциялық дыбыстарды анық айтуға жаттығулар жасатады.

Бұл тұста «Кім көп және тез» оқыта үйрену әдісін пайдаланады. Мұғалім қазақ тіліне тән белгілі бір дыбысты айтады, оқушылар сол дыбыс кездесетін сөздерді атауы керек. Әрбір дұрыс айтылған сөз үшін мұғалім оқушыға жұлдызша береді.





Әріптер мен дыбыстарды ажыртатын жаттығу жұмыстарын өткізіңіз. Әр әріпке арналған сурет-кесте болу міндетті.

Дыбыстарды оқушылардың өздеріне іштей, сосын дыбыстап айтқызып, дыбыстау мүшелерінің қызметін нақты мысалдармен түсіндіріңіз. Құрамында қазақ тіліне тән дыбыстарды түрлі ойындар арқылы жаттықтырыңыз. Әрбір жаңа дыбысты/әріпті өткенде, оқытқанда жуан, жіңішке дыбыстар деген грамматикалық ұғымдарға нақты мысалдармен зейінін аудартып отырыңыз. Бұл әдісті жаңа дыбысты /әріпті өтетін алғашқы күнінен бастап үнемі өткізіп отырғаныңыз жөн.






1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану


1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)



Сәлемдесу.

Сәлемдесу түрлері.

(МК) Мұғалім «Шеңбер әдісі» ережесімен сәлемдесудің мынадай үлгілерін ұсынады: «Сәлем»,«Сәлеметсіз бе»,«Сәлем, менің атым – ...», «Сәлеметсіз бе, менің атым – ...», «Сәлеметсіздер ме», Қайырлы таң! Қайырлы күн !
(Ұ) Оқушылар шеңбер құрып, кезектесіп ортаға шығып «Сәлем, менің атым – … » деп өз аттарын айтып, орнына барып, көршісіне қолын созады. Осылайша барлық бала өз атын айтып, танысып шығуы керек.Оқушылар жаттығуды өз аттарын ырғақпен шапалақтай отырып қайталайды. Бұл тұста мына жаттығу орындалады: «Сәлем»,«Сәлеметсіз бе» деп жазылған түрлі эмоциядағы (көңілді, көңілсіз, ашулы, мұңлы) смайликтерді көрсете отырып, сәлемдесуді түрлі эмоциядабірнеше рет түрлендіріп қайталатады.
(Ж,Қ) Мұғалім жұпта оқушылар бір-бірімен сәлемдескенде оқушылардың мынадай дағдыларын бағалайды:

  • досымен қарапайым түрде сәлемдесуін;

  • өздерін бірнеше сөзбен сипаттауын;

  • басқаларды тыңдауын.


Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сәлемдесудің бірнеше түрін айта алады:

Сәлем! Сәлеметсіз бе! Амансыз ба? Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар басқалармен қимылмен, ым-ишарамен немесе қарапайым сөздер мен сөйлемдерді қайталау арқылы сәлемдеседі.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Оқушылар сөздердің айтылуын сіздің бет әлпетіңізден көре алатындай көрсетіңіз. Сонымен қатар бет қимылдарын да келтіріңіз.

Тірек сөздерді ірі әріптермен жазыңыз және оларға сілтемені жиі жасаңыз. Жаңа сөздерді меңгеру үшін қайталау маңызды, сондықтан оқушыларға көбірек дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс.

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар:


«Сәлемдесу» тақырыбына қатысты әңгімелер, өлеңдер және ұйқастар айтуға және оларды бірнеше рет қайталауға мүмкіндік беріңіз.

Бұл бөлімдегі тақырыптарды меңгеруге көмектесетін қолайлы жағдай жасаңыз. Мысалы,



  • рөлдік ойындарды ойнату;

  • алғашқы жазуға арналған қаламдар, түрлі түсті қарындаштар, қағаздар, т.б. көрнекі құралдармен қамтамасыз етілген ыңғайлы орынды дайындау.

Бастауыш сыныпқа арналған сергіту сәттері

http://sc0018.kokshetau.akmoedu.kz/




2.1 Сөздік қорды толықтыру


1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану


2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және Тілдік нормаларды қолдану

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру







2.6 Оқылған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру

1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту


(МК,Ұ) «Сезімді тап» ойыны. Мұғалім ойынның басында оқушылардан адам баласында қандай сезімдер болатынын сұрайды (қуаныш, қорқыныш, үрей, жиіркеніш). Содан соң балаларды бірнеше минут ойландырып, ым-ишара көмегімен белгілі бір сезімді бейнелеуін сұрайды. Қалған балалар ол қандай сезімді білдіріп тұрғанын табу керек.
(МК) Мұғалім «Мен оқушымын», «Мен мектепке келдім», «Мен 1-сыныпқа келдім», «Мен қуаныштымын» деген қысқа фразалар айтқызу арқылы сезімін білдіретін рөлдік ойындар өткізеді.
(Ж) Оқушылар мектепке келген алғашқы күнгі көңіл-күйлерін жұпта пантомимо арқылы көрсетеді.
(Ө) Оқушылар өзінің мектепке келген күні туралы сурет салады. Өз есімін жаза алатын оқушылар суреттің төменгі бөлігіне жазуына болады.

(Т,Қ) Оқушылар бір-біріне суреттер көрсете отырып, қарапайым фразаларды қайталайды.
Мүғалім оқушылардың мына қабілеттерін бағалайды:

  • бірнеше сөздермен өз сезімдерін білдіре алуын;

  • басқалардың айтқанын тыңдай алуын.


Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өз сезімдерін берілген үлгі бойынша сөз, қысқа сөз тіркесі арқылы айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар өз сезімдерін берілген үлгі бойынша сөз, қысқа сөз тіркесі, сөйлем арқылы қайталап айтады.


Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз

Тірек сөздерді ірі әріптермен жазыңыз және оларға сілтемені жиі жасаңыз. Жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын молайту үшін қайталау маңызды, сондықтан оқушыларға көбірек дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс.

Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар:


«Мектепке алғаш келген кездегі сезімдер» тақырыбына қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.


http://www.balakai.kz/
http://erketai.kz/


5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (термин сөздерді қолданбау)

1.5.1.2 мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану




1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану


1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)


Автопортрет

(МК) Мұғалім шаттық шеңбері «Сиқырлы айна» ойынын ойнатады. Оқушылар кезектесіп айнаға қарап тұрып өз-өздерін сипаттайды. Мұғалім сөздер мен сөз тіркестерін анық, түсінікті айтқызады. Мысалы, менің шашым қара, менің көзім қоңыр.
(Ж) Оқушылар айнаға қарап, бір-біріне өздерін қарапайым тіркестермен сипаттап айтып шығады.
(Ө) Әр оқушы өз портретін салады. Өз есімін жаза алатын оқушылардың жазуына болады.
(Т,Қ) Мұғалім топтық жұмыс ұйымдастырып, оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:

  • бірнеше сөзбен өз сезімін білдіре алуын;

  • өзгенің сөзін тыңдауын.


Диффернециация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өзінің кімге көбірек (анасы, әкесі, әжесі, атасы...) ұқсайтынын жұпта айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар жай сөйлемдерді ауызша қайталайды.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз. Оқушыларға негізгі түс атауларын меңгеруіне арналған жұмыс ұйымдастырыңыз. Жаңа сөздерді меңгерту, сөздік қорларын молайту үшін қайталау маңызды, сондықтан оқушыларға көбірек сөздерді қайталап айтып дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс. Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар:
жеке портретке қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Сөздер мен сөйлемдерді қолдану үшін қимыл және ым-ишараны қажетіне қарай пайдаланыңыз.

Әр оқушыға қағаз дөңгелек керек болады. Топтарда сұрақ қою арқылы эмоциялары туралы сөйлесулеріне ықпал етіңіз. Мысалы, Сен қуаныштысың ба?

Жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын молайту үшін қайталау маңызды: Сондықтан оқушыларға көбірек дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс. Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар:


сезімдер мен эмоцияларға қатысты әңгімелер, өлеңдер және ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.





1.3 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау


3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау


1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату


2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру

1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту





4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу

1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу







(МК) Мұғалім көңіл-күй ерекшеліктері туралы әңгімелескенде, сыныпқа алдын ала ермексаздан жасалған бет әлпет үлгісін (мысалы, көз, мұрын, ауыз, жақ, бет, құлақ, тіс, ерін, маңдай) көрсетеді.

Артынан көңіл-күйді білдіретін қуанышты, мұңлы, ренжулі, т.б. сөздермен таныстырады. Оқушылардын ермексаздан көңіл-күйді білдіретін бірнеше мүсін жасатып, оларды «Арт кластер» әдісі бойынша берілген сөздермен сәйкестендіруді сұрайды.


) Оқушылар бір-біріне бет әлпет бөліктерін (мүшелерін) атайды. Мынау – көзі. Мынау – құлағы. Оны дәптерлеріне жазады.
(Ж) Оқушылар ермексаздан түрлі көңіл күйдегі мүсіндер жасайды. Оларға ат қойып, жұбына оның қандай көңіл-күйде екенін ойларын қарапайым сөз, сөз тіркесі арқылы толықтырып айтады. Мысалы, Мынау – қонжық. Мынау көзі. Көзі қара. Мынау мұрны. Ол ренжулі. т.б.

(Т) Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне дөңгелене тұрғызып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтқызады.

Кел,балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Қадірлі боп жүрейік!
(Т,Қ) Мұғалім сол уақытта оқушылардың қажеттіліктеріне сай әрі қарай оқытуға бейімдей топты басқарып, қолдау беріп, төмендегі дағдыларын бағалайды:


  • көңіл-күй ерекшеліктерін білдіретін сөздерді пайдалануын;

  • бет әлпетті сипаттайтын сөйлемдерді құруын:

  • бірін-бірін қызығушылықпен тыңдауын.


(Ұ,Қ) Мұғалім көңіл-күйді көрсететін және өз пікірлерін айтатын бірнеше оқушыларды таңдайды. Басқа оқушылар қимыл/ым-ишара арқылы бірін-бірі бағалайды.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бет әлпетті сипаттайтын сөйлемдерді айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар бет әлпет қатысты сөздерді айтады.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Жаңа сөздер мен бет әлпет үлгісі арасындағы байланысты мұғалімнің көрсетуі маңызды.

Тірек сөздерді баспа әріптермен жазыңыз және оларға сілтемені жиі жасаңыз. Жаңа сөздерді меңгеру,сөздік қорларын молайту үшін қайталап отыру маңызды, сондықтан оқушыларға көбірек дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс.

Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар, бет әлпетке қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына,бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.





1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану

1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)


Менің киімім
(МК) Мұалім түрлі киім үлгілерін суреттер, карточкалар арқылы таныстырады.

(Ұ) Оқушылар киім үлгілерінің атауларын кезекпен атап көрсетеді.
(МК) Мұғалім үлгі ретінде киімдердің түстерін атап көрсетеді. Мысалы, қызылқалпақ, көк шалбар, сары жейде, т.б.Содан кейін «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойынын жүргізеді. Мысалы, мұғалім көйлек деген сөзді айтады, оқушылар қызыл көйлек, екі көйлек, үлкен көйлек, менің көйлегім т.с.с сөз тіркестерін айтады.

(Ө) Оқушылар киімдерінің суреттерін салады және жаңа сөздерді пайдалана отырып, киімнің атын және түсін атайды.
(Т,Қ) Мұғалім оқушылардың төменгідей дағдыларын бағалайды:

  • киім атауларын қолдануын;

  • түстерін білдіретін сөздерді қолдануын;

  • киім және түстерді білдіретін сөздерді қолданып, сөз тіркесі мен жай сөйлем құруын;

  • бірін-бірін қызығушылықпен тыңдауын.


(Ұ,Қ) Мұғалім бірлесіп жұмыс жасайтын оқушыларды таңдайды. Басқа оқушылар қимыл/ым-ишара арқылы бір-бірін бағалайды.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үлгі бойынша жай сөйлем айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар киімдерді жеке сөзбен сипаттайды.



Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Оқушылардан түрлі киім үлгілерімен таныстыныңыз. Заттардың атаулары жазылған үлкендеу карточка жасаңыз.Киімдердің суретімен карточкалар дайындаңыз. Мысалы, көйлек, шалбар, жемпір, қалпақ, күрте, т.б.

Оқушалардың сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастыру үшін «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойынын қолданыңыз.

Киімдер түсі топтары көрнекі болуы тиіс. Оқушылар түс атауларын нақты айту керек. Қажет болса түс атауларын қайталап отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын молайту үшін қайталау маңызды, сондықтан оқушыларға көбірек дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс.

Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде беріңіз.

Оқушылармен тіл дамытуға арналған қосымша жаттығулар,
киімге қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.





1.3 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.3.1 тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау


2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды қолдану

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі жауап беру





2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру

1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту


1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану


1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)


Менің сәбилік кезім

(Ұ) Мұғалім «Менің сәбилік кезім» тақырыбына қатысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін айтқызады, оқушылардың сәби кезіндегі әкелген суреттерімен байланыстырып сөйлетеді.
(МК) Оқушылар тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, мұғалімнің көрсеткен постердегі бейнелерге қатысты жай сөйлемдер құрайды. Мысалы,

Мен кішкентай болдым. Менде ойыншық көп болды. Менің қояным болды. Менің қонжығым болды. Менің мәшинем болды.
(Ж) Мұғалімнің көрсеткен үлгілері мен суреттерді пайдалана отырып, оқушылар өзінің сәби кезі туралы жұбына айтады. Мысалы,Мынау – балабақша.Мынау – менің қуыршағым.Мынау – менің мәшинем.
(Ұ,Қ) Мұғалім өзінің сәбилік кезіндегі суреті бойынша сыныппен бөлісетін оқушыларды таңдайды.
(Ж) Жұпта бір оқушы сәбидің қимылын жасайды, ал екіншісі оны тауып, сәйкес сөздермен сипаттайды. Мысалы, сәбидің еңбектеуі, жылауы, күлуі, т.б.
(Ө) Оқушылар өздерінің сәби кезіндегі және қазіргі кездегі суреттерін салады.
(Т,Қ) Мұғалім оқушылардың бірі сурет салып жатқанда, басқа оқушылармен сөздік қорды дамытатын жұмыс жүргізеді және оқушылардың төмендегідей дағдыларына баға береді:

• сәби кезі туралы сөздерді қолдануын;

• тақырыпқа байланысты жай сөйлемдерді айтуын.
(Ө,Қ) Оқушылар сәби кезіндегі, қазіргі уақыттағы суреттерін салып, үлгідегідей жай сөйлемдер құрайды.
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сурет бойынша үлгідегідей жай сөйлемді құрайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар салынған сурет бойынша сөз/сөз тіркестерін айтады.


Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Оқушылардан сәби кезіндегі суреттерін әкелулерін сұраңыз.

«Менің сәби кезімдегі» тақырыпқа постер құраңыз. Оған қатысты сөздер мен сөз тіркестерін дайындаңыз.

Жаңа сөздерді меңгеру,сөздік қорларын молайту үшін қайталау маңызды, сондықтан оқушыларға көбірек дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс.

Тақырыпқа сәйкес сөздік қорды дамыту үшін, мүмкіндік болса, бала мен анасын осы іс-шараға алдын ала шақыртыңыз.
Оқушылардың жетістіктерін көрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде беріңіз.

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар, сәби кезіне қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңыз және оқушыларға бұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.







2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және Тілдік нормаларды қолдану

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру





2.6 Оқылған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру

1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту


4.1 Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу

1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу





3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет