Орта мерзімді жоспарлар 6
1-бөлім: «Өзім туралы» 6
2-бөлім: «Менің мектебім» 18
3-бөлім: «Менің отбасым және достарым» 31
4-бөлім: «Бізді қоршаған әлем» 42
7-бөлім: «Тағам және сусын» 78
8-бөлім: «Дені саудың –жаны сау» 90
Қысқа мерзімді жоспар 102
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
Тыңдалым:
|
Оқушыларда төмендегі тыңдалым дағдылары қалыптасады:
|
қысқа уақыттық сөйлеуді тыңдап, оны оқу мен ойын барысында қолдана отырып меңгереді;
қарапайым әндер мен өлең/ұйқастарды тыңдайды және қайталайды;
таныс мәнмәтіндегі жаңа дыбыстар мен сөздердің айтылуы және мағынасын біледі;
қарапайым жеке нұсқауларды орындайды;
мұғалімнің көмегімен қарапайым құттықтау, пікірлер, сұрақтар немесе нұсқауларға жауап береді.
|
қарапайым әңгімелесу тілін біледі;
қимыл немесе көрнекілік арқылы берілген мұғалімнің түсіндірмелеріне ым-ишарат тілін қолдана отырып жауап береді;
қарапайым әңгімелер (оқиғалар) мен ұйқастарды тыңдайды және қайталайды;
көлемділеу мәнмәтіндегі жаңа дыбыстар мен сөздердің айтылуы мен мағынасын біледі;
қарапайым нұсқаулықтарға сүйенеді;
құттықтау, пікірлер, сұрақтар немесе нұсқауларға сүйеніп жауап береді.
|
сөйлеушіні зейін қоя отырып, тыңдайды;
таныс мәнмәтіндегі басқалардың айтқанына қосылады;
әңгімелер, әндер, ұйқастар мен өлеңдерді ажырата біледі және қайталайды;
көлемді мәнмәтіндегі жаңа дыбыстар мен сөздердің айтылуы мен мағынасын түсінеді;
қарапайым пікірлер мен нұсқауларға өз пікірін білдіре отырып жауап береді.
|
сөйлеушіні зейін қоя отырып, мұқият тыңдайды;
қарапайым пікірлер мен нұсқауларға сәйкес өз көзқарасы бойынша сұрақтарға жауап береді;
әр түрлі әңгімелер, әндер мен өлеңдерді ажырата біледі және қайталайды;
көлемді мәнмәтіндегі дыбыстар мен сөздерді қолданады.
|
Айтылым:
|
Оқушыларда төмендегі айтылым дағдылары қалыптасады:
|
қарапайым сөздер мен тіркестердің мағынасын және сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен дұрыс айтылуын біледі;
жеке сөздер мен сөз тіркестерін қолдану арқылы мағынасын түсіндіре алады;
таныс жағдайда тікелей қызығушылық тудыратын мәселелер туралы айтады.
|
қарапайым сұрақ қойып, жауап береді;
сөз мағынасын түсінуін сөйлеу немесе қимыл арқылы көрсетеді;
күнделікті өмірде болатын жағдайлардан алған әсерлері туралы достарымен еркін сөйлеседі.
|
қарапайым әңгімені мазмұндайды немесе өлеңді жатқа айтады;
мазмұндау немесе түсіндіру кезінде кейбір шылаулар, үстеулер және сын есімдерді қолданады;
жеткілікті мөлшерде тек қарапайым сөйлеуінен мәтінді түсіну деңгейінің артып келе жатқанын көрсетеді;
пәндік сөздіктерді қолданады.
|
тірек сөздерді тақырыпқа сәйкес қолданып, фильм немесе есту құралдары арқылы әңгіме тыңдап, ол туралы қарапайым түрде айта алады;
таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ қояды және жауап береді;
таза сөйлеуі арқылы мәтінді түсіну деңгейін байқатады;
үлкендердің әңгімесін тыңдап, негізгі мәселені анықтай алады.
|
Оқылым:
|
Оқушыларда төмендегі оқылым дағдылары қалыптасады:
|
оқу әрекеттеріне қатысады;
өз есімдерін біледі, таныс сөздерді таниды және кейбір әріптерді анықтайды;
мұғалімнің көмегі арқылы мектеп айналасындағы шартты белгілерді біледі;
әріптерді таңбасы мен дыбысталуы арқылы ажыратады;
мәтінде мағына болатынын, оқу солдан оңға, жоғарыдан төменге қарай жүргізілетінін біледі.
|
дыбыстардың әріптермен таңбаланатынын және мәтіннің не туралы екендігін болжай біледі;
оқу бағдарламасындағы түрлі салалар бойынша қарапайым сөздерді және сөз тіркестерін оқи алады;
мәтінді түсіну үшін суреттерге сүйенеді;
сөздің бірінші дыбысы мен әрпінің сәйкестігіне мән бере отырып түсінеді;
топтық оқуға қызығушылықпен белсенді қатысады.
|
дауыстап оқылған мәтінге ілесе алады;
топтық оқуға қатысады;
таныс сөздерді оқиды және жаңа сөздердегі дыбыс, әріп, буындардың айтылуын анықтай алады;
өлең, әңгімелердегі пікірлерге жауап беру арқылы тілі мен ойын дамытады.
|
таныс сөздердің мағынасын түсінеді;
дыбыс, әріп, буындардың өзара сәйкестігін таниды, мұғалімнің көмегі арқылы жаңа сөздерді оқиды;
оқу барысында сөз мағынасын талдай алады;
үлкендердің көмегімен ақпаратты таңдайды.
|
Жазылым:
|
Оқушыларда төмендегі жазылым дағдылары қалыптасады:
|
таныс сөздерді көшіреді және солдан оңға қарай жаза алады;
ауызша айтылған немесе суреттер арқылы көрсетілген сөздің мағынасын жазбаша түрде түсіндіріп бере алады;
|
мағынаны танытатын таныс әріптер мен сөздерді айта алады;
әріптердің жалпы элементтерін дұрыс жазады;
сөз бен сөздің арасын ажыратуды, сөздердің орын тәртібін біледі;
үлгі бойынша сөздер мен жай сөйлемдерді көшіріп жазады.
|
қарапайым тыныс белгілерін қолданады;
әріптерді сөз бен сөздің арасын ажыратып дұрыс жазады;
бірте-бірте жетілдіре отырып,әріптер мен сөздерді жазады;
жалпы мағынаны бере алады.
|
білетін әріптерінен жаңа сөздер құрап жазады;
назар аударту үшін қажетті сөздік қорын пайдалана алады; мысалы, сипаттауыш сөздерді т.б.;
жай сөйлемдерді жазуда бас әріп пен нүктені қолданады;
жазуда таныс әңгіме, ән, өлеңдегі сөз тіркестерін мұғалімнің көмегі арқылы қолданады.
|
Бөлім – анықталған тақырыпты қамтитын сабақтар жиыны.
«Қазақ тілі» пәні.Бастауыш мектеп. 1-сынып
|
1-бөлім: «Өзім туралы»
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Бірінші бөлім үйде/балабақшада алған білімдеріне негізделеді. Оқушылар өзінің бірінші тілінде өзі туралы айта білуі және екінші тілде білімін жетілдіру керек. Олар қазақ тілдеөздері туралы сипаттап айту үшін балаларға арналған әңгіме, өлеңжәне кейбір сөздермен танысады
|
Контекст
|
Бұл бөлім мектепке жаңа келген оқушыларға бір-бірімен танысуға мүмкіндік береді.Бөлімді оқыту барысындадыбыстықжаттығуларжүйелітүрдеүнеміөтуікерек. Бөлімді меңгертуде «Жаратылыстану», «Математика» және «Өнер» білім саласы пәндерімен пәнаралық байланыс ұсталынады; тұлғалық және әлеуметтік қалыптасуына ықпал етеді.Бұл бөлімде оқушыларды қызықты рөлдік ойындарды ойнатуарқылы оқу және жазуға көмектеседі.
|
Қысқаша шолу
|
Бұл бөлімде оқушылар танысудан бастап, өздерінің киімдері, түр мен түс туралы білетінін айтып, тілдерін дамытады.Олар мектепке келгенде бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу тәсілдерін, өз сезімдерін білдіруді үйренеді, өздеріне,мектептегі және үйдегі күнделікті өмірлеріне байланысты сөздік қорды меңгереді. Олар осы бөлімде әңгіме, өлең және аудиовизуалды мәтіндермен танысады. Қажетіне қарай жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды атқарады. Мұғалімнің интерактивті әдістері оқушылардың сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, ол үнемі қалыптастырушы бағалау жұмысына негізделеді.
|