(Т, Қ) Оқушылар төрт топқа бөлінеді және әр топ дәрігерге бару көрінісін қояды, сонымен қатар топтан бір оқушы шығып, осы әңгіменің мазмұнын айтады.
Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды;
топта жұмыс істеу, сөйлеу, тыңдауын;
шағын әңгімені іс-қимылмен мазмұндауын;
шағын әңгіменің көрінісін қоюын.
(Ұ,Қ) Топтар бір-біріне көріністерін көрсетеді және бір-бірін бағалайды.
Дифференциация:
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар әңгімені жоспарға сүйенбей, іс-қимыл арқылы мазмұндайды. Көріністерін бір-екі ауыз сөзбен толықтырады.
Қабылдау деңгейі баяу оқушыларәңгімені мұғалімнің жоспарының көмегіне сүйене отырып мазмұндайды.
Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.
Оқушыларға көрініс қоятын ыңғайлы орын дайындаңыз.
Оқушылардың білімді меңгеруіне көмек көрсету үшін қызықты рөлдік ойындар, оқылым және жазылым дағдыларын дамытатын білім алу ортасы қажет. Оқушыларға төмендегі тапсырмалар қызық болуы мүмкін:
сахналық костюм және декорациясы бар сыныптағы арнайы бұрыш, рөлдік ойын орындары, дәріхана, дәрігерлік пункт, қалам мен қағаз.
аурухана, денсаулық туралы кітаптар, тыңдалым мәтіндері, көру мәтіндері бар арнайы ыңғайлы кітап оқу аймағы-бұрышы
шағын қойылым қоюға, оқуға арналған ертегілер, қуыршақтар мен ойыншықтар.
1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну
1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну
2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
1.2.2.1 сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру
(Ұ) Оқушылар мұғалімнің әңгімені мазмұндау жоспарын пайдалана отырып, дәрігерге бару әңгімесін мазмұндайды. Мұғалім тек қана іс-қимылдарды қадағалайды.
(МК) Мұғалім әңгімені мазмұндау жоспарын (схемасын), жазудың үлгісін көрсетіп, әңгімені мазмұндайтын бірнеше жай сөйлем жазып көрсетеді.
(Ж) Мұғалімнің жоспарын нұсқаулық ретінде пайдалана отырып, оқушылар бір-біріне әңгіменің мазмұнын өздері жазған жоспардың көмегімен айтады.
(Т,Қ) Мұғалім бағытталған жазуәдісін қолданады. Сөйлемдегі тыныс белгілер мен жаңа сөйлемнің бас әріптен басталатынын оқушылардың естеріне түсіндіреді.
Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:
оқиғаны мазмұндауға қажетті суретті тізбек салуын;
(Ұ) Оқушылар кезекпен өз жоспарларына сүйеніп, әңгімені мазмұндайды. Олар әңгімені мазмұндағанда арнайы ертегі айтатын атаның киімін киюі немесе арнайы безендірілген орындықта отыруы мүмкін.
Дифференциация:
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар әңгіменің мазмұндау жоспарын жазады немесе өздері әңгіме жазады және жазған әңгімелерін қажетті интонациямен мазмұндап береді.
Қабылдау деңгейі орташа оқушыларәңгімені мұғалімнің жоспарына сүйене отырып, ауызша мазмұндайды және суретпен береді.
Егер мұғалім оқушылардың әңгімені мазмұндауын бейнетаспаға түсіріп алған болса оны қолдануға болады.
Сабақтың мақсатын оқушыларға нақтылап айтыңыз.
Әрбір сөйлемді жазбас бұрын дауыстап оқып, жазып болған соң қайтадан оқыңыз. Әңгімені мазмұндауға қажетті сөздер мен тіркестерді қолданыңыз.
Егер мүмкіндік болса, оқушылар әңгімені мазмұндап жатқан кезде бейнетаспаға жазыңыз, кейін басқа сыныптарға, ата-аналар жиналысында көрсетесіз.
Бағытталған жазу әдісін үйрету бойынша нұсқаулық 5-бөлімде толығырақ берілген.
1.4.1.1 суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу
4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу
1.4.2.1 мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(термин сөздерді қолданбау)
1.5.1.1 мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану
1.5.1.4 мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану
Қысқа мерзімді жоспар Сабақ жоспары Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.
Формативті (қалыптастырушы) бағалау (ФБ) бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтар құжатынан таңдап алынған ОМ үшін жетістік критерийлерін көшіріп алыңыз.
ФБ үшін таңдап алынбаған ОМ үшін жетістік критерилерін өзіңіз құрастырыңыз.
Тілдік мақсаттар
Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады. Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз Пәнге тән лексика мен терминология: Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Құндылықтарды дарыту
Осы сабақта балалардың бойына сіңіруге арналған кіріктірілген оқу бағдарламасындағы құндылықтар мен ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды көрсетіңіз.