Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет106/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

маңдайынан иіскеу сөздерін меңгертеді. Мұғалім суретті көрсетіп,




оқушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік береді. Содан кейін




оқушыларды мәтінге бағыттау үшін жетекші сұрақтар қояды.







«Тыңдайық және жауап берейік» айдарында ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың тыңдау арқылы есте сақтауын және оқылым дағдысын жетілдіруге арналған. Оқушылар мәтінді алдымен түсіну үшін тыңдайды, мәтіннің жалпы мазмұнын айтады, қандай таныс сөздердің есінде қалғандығын атап айтады. Кейін тиісті орынға қажетті сөздерді қойып толықтыру үшін қайталап тыңдайды.
«Бірлесіп оқу» әдісімен оқиды. Бірлесе тексереді.
Тыңдалымның дұрыс жауабы осы тұста тұру керек.
Кемел мен Нұрәлі қаладан ерте шықты. Олар жерден баяу көтерілді. «Керемет!» – деді Кемел. Жоғарыдан бәрі көрінеді.
Балалар жолшыбай өзеннен балық аулады. Ол жерден Жанар көлікке отырды. Ол жерден Жанар көлікке отырды. Біраз ұшқан соң олар өріске жетті. Балалар жайлаудан қой алды. Ол жерден Жиһан көлікке отырды. Жолшыбай балалар ауылдан көлікті қуаттандырды. Балалар бірге жайлауға келді. Киіз үйден Нұрәлі мен
Кемелдің әжесі шықты. «Қош келдіңдер, балаларым!» – деп барлығын маңдайынан иіскеп, құшағына қысты.

7 мин

Мұғалім-топты сынып

Аудиодиск

Оқулық

Келесі «Ойнайық » айдарымен берілген оқулық тапсырмасы орындалады. Оқушылар әр кейіпкер туралы мәліметті естеріне сақтағаны бойынша рөлдік ойынға қатысып, диалогке түседі.
Сөйлесім барысында осы сабақта үйренген жаңа сөздерін қолданады.

5 мин

Топтық жұмыс




Қо

Мұғалім әр топтың өздеріне тиесілі мәтіндегі ақпараттарды Кубизм

2 мин

Сынып-мұғалім




ры

стратегиясымен талдатады. Оқушылар қорапшаның алты жағына

ты

мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Топтар кезектесіп жауап

нд

береді. Бір-бірін «Басбармақ» арқылы бағалайды.

ы




бө




лім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  • Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

  • Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын

(кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау

Дескриптор:

  • Мәтіннен негізгі ақпаратты табады.

  • Сұрақтар құрастырады.

  • -нан/-нен/-дан/-ден/-тан/-тен септік жалғауларын қолдана біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?


Сабақтың тақырыбы

Нағыз өнер қолөнер. (2-тоқсан, 3-тарау)
34-сабақ

Дағды

Оқылым

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Лексикалық минимум

Құмыра, қоржын, былғары

Алдыңғы білім

Қаладан келеміз

Пәнаралық байланыс



Технология

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Осы сабақты бастарда мұғалім оқушылардың барлығын ортаға шақырып, олардың қолдарына оқулықта көрсетілген бұйымдардың суретін ұстатады. Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір оқушымен бірге шеңбер ортасына тұрады. Оқушылардан 1–5-ке дейін көзін жұмып санаған кезде орын ауыстыруларын сұрайды. Көзін ашып, қандай суреттердің орны ауысқандығын сұрайды. Осылайша оқушылар осы сабақта үйренетін жаңа сөздерін оңай ойын арқылы үйреніп алады. Егер оқушылардың қабілеті өте төмен болып жатса, тақырыпқа сай оқушылардың білетін суреттерін ғана таңдап, ойынға қолдануға болады. Ал таныс емес сөздерге арнайы уақыт бөліп, таныстыру және
жаттықтыру жұмыстарын жүргізуіне болады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық
Сөйлемнің шаблон-
дары, қима қағаздар




«Сөйлесейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді ойын арқылы аңғарусыз меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Алдыңғы тапсырмадан үйренген ойынын ойнатуға да болады. Әрине мүмкіндік болып жатса дорбаға салып, оларды сипап сезу арқылы ажыратып айту сынды тапсырмаларды қосымша орындатуға болады.
«Қарапайым анықтама беру, сөйлем құру» әдісімен жаңа сөз мағынасы түсіндіріледі. Мысалы, «Былғары» деген сөзді меңгерту керек болса,
«Былғары – малдың жұмсақ иленген терісі» деп түсіндіріп, әрі қарай мысалдар арқылы сөйлемде қолданылуын көрсеткен дұрыс.
Қоржын неден жасалған? Тымақ неден жасалған? Кітап неден жасалған?
Үй неден жасалған?

5 мин










Келесі кезекте «Есте сақтайық» айдарымен жұмыс түрін жалғастыруға болады. Балалар сөздерді, зат атауларын меңгеріп алғаннан кейін олардың неден жасалғанын айта алатындай болуы үшін грамматикалық білім игертіледі. Оқулықтағы кестеге сүйеніп ереже түсіндіріледі. Осы тұста оқулықтың алғашқы бетіне қайта оралып, әр заттың неден жасалғанын талқылауға болады. Немесе алдыңғы ойналған ойын карточкаларын пайдаланып, оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауап
алуын ұйымдастыру оңды болады.

8 мин












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет