Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет105/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

ІІІ. Мәдени мұра




Сабақтың тақырыбы

Қаладан келеміз. (2-тоқсан, 3-тарау)
33-сабақ

Дағды

Айтылым және тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық
байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау

Лексикалық минимум

Өріс, жайлау, маңдайынан иіскеу жаңа сөздерін меңгерту.
«Қайдан?» сұрағына сәйкесінше жауап бере білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Алдыңғы білім

(жаңа бөлімнің алғашқы сабағы)

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Көрсетейік және айтайық» айдарымен берілген тапсырма ең алдымен орындалады. Мұғалім оқушыларға кіріспе әңгіме арқылы сабақ тақырыбын ұғындырады. Мұғалім, алдымен, оқушылардың назарын осы тараудың алғашқы бетіндегі коллажбен берілген суретке аудартып, төмендегі сұрақтарды қояды:

  • Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

  • Балалар қайдан келеді?

  • Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?

Оқушылар жалпы білетіндерін жеке сөздермен не сөз тіркестерімен айтады. Осылайша мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын ашады. Мұғалім жаңа сөздерді меңгеру үшін суреттегі іс-әрекеттер туралы не білетіндерін сұрайды. Бұл әдіс оқушылардың сурет арқылы көру, еске түсіру белсенділігін байқауға толықтай мүмкіндік береді. Оқушылар сурет арқылы өз білгендерін айтады. Мұғалім мен оқушы арасындағы талқылау, ой бөлісу диалогтерінде шығыс септігінің жалғаулары қолданыстық дәрежеде жиі, мақсатты түрде қолданыс табады. Сондай-ақ таныс емес сөздердің мағынасын жеткізу де параллель іске асып отырады. «Қарапайым анықтама беру» әдісі арқылы, мысалы, «өріс» деген сөзді меңгерту керек болса, «ол жерге мал жайылады», «мал шөп жейді» деп түсіндіріп, мысалдар арқылы сөйлемде қолданылуын көрсеткен дұрыс. Бұл тұста оқушылар жаңа сөздерге айрықша фокус жасамағанымен, құлақтары үйреніп алдағы таныстырылымға дайын болады.
Бұл тапсырма да оқылымға жатады. Суретті, графиканы түсініп оқуға болады.

5-7 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық
Суретті коллаждар




Оқулықтың алғашқы тапсырмасынан грамматикалық ереже шығарып, мұғалім «Есте сақтайық!» айдарына ауысады.
Мұғалім жалғаулармен мысалдар жазылған кестені тақтада көрсетіп түсіндіреді. Оқушылар алдымен жекелеген сөздерге жалғау жалғауды үйренеді. Осы орайда мұғалім оқушылардың жалғауды жалғай алуы жоғарғы деңгейге жеткенге дейін түрлі амалдарды қолданып жұмыс істеуіне тура келеді. Оқушларға грамматикалық білім алуда түрлі ойындар ұйымдастыру өте тиімді болып табылады. Мәселен, бұлтшаларға жазылған жалғаулар мен сөздер шатастырылып беріліп, қай топ тез сәйкестендіріп бере алады деген тілек тастауға болады
немесе жалғауы қате жазылған сөздерді тап деген тапсырма беруге болады.

5-7 мин

Топтық жұмыс

Интербелсенді тақта

Негізгі бөлім

Оқулықтағы ұсынылған «Жаттығайық» айдарымен берілген тапсырма алда орындалған тапсырманың логикалық жалғасы болып табылады.
«Сұраққа жауап бер» әдісі арқылы «Қайдан келесің?» сұрағына алдыңғы грамматикалық тапсырманы еске түсіру арқылы қосымшаны жалғап диалогті орындайды.
Диалогтің дұрыс нұсқасы мынадай болып келеді.

  • Бип, бип, жолдан былай тұрыңдар.

  • О, балалар, қайдан келесіңдер?

  • Қаладан келеміз.

  • Сендермен бірге ұшсам бола ма?

  • Әрине, отыр. Ал, кеттік, бип, бип. Жерден көтерілеміз. Мұғалім ауызша комментарий береді. Оқушылардың берген жауаптары бойынша қолдау көрсетіп, «Жақсы! Тамаша! Керемет!» деп жігерлендіру сөздерін айтады.

6 мин

Жұптық ұмыс

Оқулық

Кестеде

берілген

қосымшалар

Келесі оқулықта берілген «Жаңа сөз үйренейік» айдарымен берілген

6 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

суретті сөздіктермен жұмыс істейді. «Суретті сөздік» тәсілі бойынша
жаңа сөздердің мағынасын анықтау үшін өріс, қуаттандыру,

Суреттер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет