Сабақтың тақырыбы
|
Қайырымды қойшы. (1-тоқсан, 2-тарау)
30-сабақ
|
Дағды
|
Оқылым мен жазылым
|
Оқыту мақсаттары
|
4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып белгі қойып оқу
4.4.1.1 Шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/ презентацияны
сөйлемдермен толықтыру
|
Лексикалық минимум
|
Қиыршық тас, асыл тас, бұзылып қалу
|
Алдыңғы білім
|
Менің қалауым
|
Пәнаралық байланыс
|
Әдебиеттік оқу
|
Сабақтың барысы
|
С.кезең
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
«Жаңа сөз үйренейік». Жаңа сабаққа кіріспе ретінде мұғалім оқушыларға суреттерді көрсету арқылы жаңа сөздерді меңгертеді. Жаңа сөздерді бірнеше рет қайталатады. Сөздер пирамидасын құрастырады (қиыршық тас, асыл тас, бұзылып қалу).
сөз
сөз тіркесі сөйлем
Осы тапсырманы орындау барысында 4.4.1.1 шағын сюжетті
комикс/буклет/коллаж/жарнама/ презентацияны сөйлемдермен толықтыру мақсаты жүзеге асырылады.
|
5 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Суреттер,
«Сөздер пирамидасы»
|
Негізгі бөлім
|
«Оқиық» айдарындағы тапсырмада оқушылар ертегіні оқиды. Ертегінің шатасқан бөліктерін ретімен орналастырады. Тапсырма топта орындалады. Әр топ ертегіні өз бетінше оқып танысады, өз ойларымен ретімен орналастырады. Ортаға шығып өз нұсқаларымен таныстырады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды. Тапсырманы жүзеге асыру үшін «Ретін тап» әдісін қолдануға болады. Ертегіні параққа суретпен немесе сызба арқылы беру оқушылардың өз еріктеріне байланысты. Барлық топтар өз ертегілерінің ретімен орналасуын айтып болған соң, мұғалім ертегінің дұрыс ретімен орналасқан түрін береді. Оқушылар өз ертегілерімен салыстырады. Қай топтың ертегісінің реті дұрыс қойылса, сол топ жеңіске жетеді. Оқушылар бір-бірін «дүркін шапалақ» әдісімен бағалайды. Тапсырма оқушылардың оқылым және айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар ертегінің бөліктерін ретімен орналастыру арқылы ертегінің мазмұнымен танысады. Ертегінің басы, ортасы, соңын ажыратып үйренеді.
Ертегінің мазмұнын терең меңгерту мақсатында оқушыларға «Сиқырлы сандық» әдісін қолданып, сұрақтар береді. Оқушылар сандықтан сұрақтар алып жылдам жауап берулері керек.
Ертегідегі кейіпкерлерді ата
Қарлығаш күнде не істепті?
Неліктен қарлығаштың ұясы бұзылып қалды?
Қойшы қандай ән айтты?
Қарлығаш ұшып бара жатып не тауып алды?
Кім қарлығаштың ұясын қайта құрастырады?
Қарлығаш қойшының үйіне не апарып тұрады?
Қойшының арманы қалай орындалады?
Қарлығаш қандай құс?
Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздерімен бағалайды.
Осы тапсырманы орындау мақсатында 4.3.1.1 мәтінді іштей түсініп
және қажетті ақпаратты тауып/шолып белгі қойып оқу мақсаты жүзеге асырылады.
|
5 мин
|
Жеке жұмыс
|
Суреттер, ретсіз
жазылған ертегінің параққа жазылған нұсқасы
Сұрақтар салынған сандықша
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |