Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет282/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері. (4-тоқсан, 7-тарау). 109-сабақ

Дағды

Айтылым және оқылым

Оқыту мақсаттары

4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5




сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

Лексикалық минимум

Айналу, батыл, марапат, марапаттау

Алдыңғы білім

Ғарыштағы ас мәзірі

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

Осы сабақ Айсана атты кейіпкеріміздің көмегімен басталады. Бұл сабақта аталмыш ағамыз Тоқтар Әубәкіровтен сұхбат аламыз. Тақтада Айсана суреті. Ол оқушыларды бұлт сөздері арқылы өзімен бірге ұшқыш
ағамыздан сұхбат алуға шақырады.

2 мин

Мұғалім- сынып




«Жаттығайық» айдары мәтіналды тапсырмасы тақтада көрсетіледі. Онда дайын үлгіде тілдік құрылымдар беріледі және оған оқушылар өз бетінше мысалдар ойлап ауызша айта алады немесе жаза алады. Бұл алдағы мәтін мен жұмыстағы мәтіннің мазмұнын меңгерулеріне, оқушылардың естерінде мәтіннің жақсы сақталуына үлкен септігін тигізеді.
Сынып қабілеті төмен болған жағдайда, оқушылар тілдік құрылыммен жай танысып, алдағы мәтінді оқу барысында осындай құрылыммен жазылған сөйлемдерді оңай түсіне алу деңгейіне жете алуын қамтамасыз етумен ғана шектелуге болады. Ал сынып деңгейі жоғары болған жағдайда, оқушыларға келер шақта тұрған сөйлемдер беріп, оларды осы кестедегі сөйлемдер үлгісінде өзгертіп айту немесе жазу тапсырмасын беруді мұғалім әбден ұйымдастыра алады.

4-6 мин

Топтық жұмыс




Не- гіз- гі


бө- лім

Оқушылар «Оқиық» айдарымен берілген мәтінді, ең алдымен, оның жалпы мазмұнын түсіну мақсатымен оқиды. Мұғалім оқушыларға нақты уақыт белгілеп, іштей оқып түсінулерін тапсырады. Мәселен, берілген 2 минут уақыт болғанда, оқушыларды тоқтатып, олардың не түсінгенін сұрайды. Келесі кезекте мұғалім оқушылардан таныс емес сөздерді тауып, мағынасын талқылай отырып анықтауды тапсырады. Оқушылар өз араларынан жауап таппаған жағдайда мұғалім қолдау көрсетіп, көмек қолын созады.
Мұғалім бұл тапсырманы тереңдету туралы ойланатын болса, осы оқылым мәтіні негізінде сын есімдерді қайталату немесе Тоқтар Әубәкіров туралы үшінші жақта баяндап айту не жазу жұмыстарын ұйымдастыра алады.

7 мин










Келесі «Оқиық және жауап берейік» айдарында оқушыларға сұрақтар ұсынылып, жауап беру көзделген. 4.2.3.1 мақсаттары арқылы оқушы зейінін нақтылайды. «Оқы және жауап бер» тапсырмасы оқушылардың мәтін мазмұнын қаншалықты меңгере алғандығын бағамдау үшін берілген. Оқушылар мәтінді жетік түсіне алған жағдайда барлық
сұрақтарға жауап таба алады.

5 мин

Мұғалім - сынып

Оқулық







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет