Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық


Сурет саймандар тақтасында Қисықты сызу үшiн АвтофигураларСызықтар (АвтофигурыЛинии)



бет55/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   130
Байланысты:
6. leksia
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
Сурет саймандар тақтасында Қисықты сызу үшiн АвтофигураларСызықтар (АвтофигурыЛинии) командасын орындап, Қисық батырмасын таңдаймыз да сызықты бастайтын орында тышқанның сол жақ батырмасын бiр рет шертемiз, одан кейiн курсорды жылжыта отырып келесi ұштары тұратын жерлерде шертемiз. Қисықты тұйықталмаған күйiнде қалдыру үшiн оның кез келген нүктесiнде тышқанды екi рет шертемiз. Ал тұйықтау үшiн тышқан батырмасын сызық басталған нүктеде екi рет шертемiз (16-сурет).



16-сурет. Автофигуралар батырмасының
көмегімен енгізілген қисықтар.

Сондай-ақ, Сурет саймандар тақтасында орналасқан Автофигуралар мәзірiндегi Салынған қисық (Рисованная кривая) және Көпсызық (Полилиния) саймандарының көмегiмен әртүрлi сызықтар және бiрiктiрiлген формалар салуға болады. Салынған сызықты өзгерту үшiн, суретте тышқанның сол жақ батырмасын екi рет шерту арқылы белгiлеп алған соң жанама мәзірдiң Түйiндердi өзгертудi бастау (Начать изменение узлов) командасын қолданамыз. Түзу және қисық сызықты кесiндiлерден тұратын объектiнi салу үшiн АвтофигураларСызықтарКөпсызықтар батырмаларын шертемiз. Қисық сызықты кесiндiлердi тасымалдау жолымен салған өте тиiмдi.


Word мәтiн редакторында жақтау мен жақтау iшiндегi мәтiн “графикалық объект” ретiнде қарастырылады – яғни оны бiр беттен екiншi бетке графикалық объектiлер сияқты тасымалдауға, өлшемiн өзгертуге болады. Жақтау iшiне мәтiн енгiзу үшiн:
1)ЕнгiзуЖақтаудағы жазба (ВставкаНадпись) командасын орындаймыз немесе Сурет саймандар тақтасындағы батырмасын шерту қажет;
2)Тышқан курсорын Жақтау тұратын жерге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйiнде жылжыта отырып, тiк төртбұрышты жақтауды салғаннан кейiн қажеттi мәтiндi iшiне терiп жазамыз.
3)Жақтауды және оның iшiндегi мәтiндi форматтау үшiн, оны белгiлеп алып жанама мәзірден Жазбаның форматы… (Формат надписи…) командасын орындағанда ашылған сұхбаттық терезесiн пайдаланамыз. (17-сурет).

17-сурет. Жазбаның форматы… (Формат надписи…) командасы.

Бұл сұхбаттық терезе Түстер және сызықтар, Өлшемi, Орналасуы, Сурет, Жазба және Веб астарлы беттерiнен тұрады. Мұнда:


а)жақтау iшiнiң түсiн және шекара сызығының түрiн, қалыңдығын таңдай аламыз;
ә)жазбаның биiктiгi мен енi бойынша өлшемiн;
б)абзацтан, парақ шетiнен, бағанадан горизонталь және вертикаль бойынша орналасуын анықтай және өзгерте аламыз;
в)мәтiннiң орналасуын таңдай аламыз..
Жақтау iшiне жазылған мәтiннiң мүмкiндiктерi:
1.құжаттың бiр бөлiгiнен басқа бөлiгiне тасымалдауға болады;
2.Сурет саймандар тақтасындағы батырмалардың көмегiмен форматтауға болады. Бұл кезде көлемдi эффектiлер, көлеңкелер, шекаралардың түстерi мен стильдер және iшiн бояу батырмалары қолданылады;
3.Формат мәзірiндегi Мәтiннiң бағыты (Направление текста) командасын пайдалануға болады;
4.Мәтiнге енгiзiлген немесе салынған объектiлермен топқа бiрiктiруге және осы топқа қолданылатын барлық командаларды пайдалану мүмкiндiктерi бар.
Word құрамындағы графикалық редактордың көмегiмен кез келген элементтi тiк немесе көлденең бағытта 900 немесе 1800-қа бұрып орналастыруға болады. Бұл мүмкiндiктердi симметриялы түрде салынған суреттер үшiн қолдануға болады. Бұратын геометриялық фигураны белгiлеп алғаннан кейiн Iс-әрекетБұру/көрсету (ДействияПовернуть/отразить) командасын орындап, қажеттi бұру параметрiн таңдау қажет (18-сурет).

18-сурет.Iс-әрекетБұру/көрсету (ДействияПовернуть/отразить) командасы.
Бiр автофигураны басқамен алмастыру мүмкiндiгi бар. Алмастыратын фигураны белгiлеп алған соң, Iс-әрекетАвтофигураны өзгерту командасын орындап, тiзiмнен қажеттi фигураның түрiн, одан кейiн фигураның өзiн таңдаймыз. Автофигураның көлемiн өзгерту үшiн, оны белгiлегеннен кейiн жан-жағында пайда болған маркерлердiң қажеттiсiн тышқанның көмегiмен жылжытамыз. Автофигураны өзгерту командасын орындаған соң, фигураға курсорды орналастырып, тышқанның оң батырмасын шертсек, түйiндердi қосу, өшiру, өзгертуге байланысты жанама мәзір ашылады.
Егер масштабын өзгерту кезiнде Shift пернесiн басып ұстап тұрсақ, өзгертулер пропорционалды түрде екi бағытта (тiк және көлденең) жүргiзiледi. Бұл мүмкiндiк квадраттар мен шеңберлер масштабын өзгертуде олардың пропорцияларын сақтап қалу үшiн, яғни өзгерткеннен кейiн шеңбер – шеңбер болып, квадрат –квадрат болып қалуы үшiн қолданамыз.
Егер де масштабтау кезiнде Ctrl пернесiн басып, оны жiбермей ұстайтын болсақ, масштабын өзгерту процесi геометриялық элементтiң центрiне байланысты жүргiзiледi.
Геометриялық элементтердiң көшiрмесiн алу және өшiру үшiн Түзету (Правка) мәзірiнің командаларын қолдануға болады немесе объектіні белгілеп алған соң CTRL пернесін басып отыру керек.
Егер графикалық элементтер бiр-бiрiн жауып тұратын болса, қай элементтiң беткi жағында (үстiнде), ал қайсысының астыңғы жағында орналасуы керектiгiн анықтап көрсету мүмкiндiгi бар. Бұл үшiн элементтi белгiлеп алып Iс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған мәзірдiң немесе жанама мәзірдiң Ретi (Порядок) командасынан қажеттi команданы таңдаймыз (19-сурет)

19-сурет. Іс-әрекетРеті (ДействияПорядок) командасы.

Көптеген құжаттарда әртүрлi иллюстрация түрiндегi объектiлер бар. Word редакторында мәтiндiк құжат iшiне алдын ала басқа программаларда дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар, графиктер, суреттер және дыбыстық объектiлердi енгiзуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет