Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ БЕЙНЕЛІ ТІРКЕСТЕР



бет70/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   153
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ БЕЙНЕЛІ ТІРКЕСТЕР

Адамзат қоғамында адамның адам болып қалыптасуындағы ең басты құрал – сөз. «Өнер алды қызыл тіл» демекші, сол сөзді шеберлікпен пайдалана білу де өнер. Өз жерін білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғай білген ата-бабамыздың аузы да дуалы болғандығы сөз саптауларынан айқын аңғарылады. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дегендей небір даудың басын жүйелі сөзбен қайыра білген. Осылайша тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып, қас шешендер сөз айтқан.


Өмірде түрлі тіршілік атаулының барлық саласын қамтитын әр ұлттың тілінде өзіне тән бейнелі сөз орамдары, тұрақты сөз тіркесі көптеп кездеседі. Ол - әр ұлттың тарихын, тұрмысын, болмысын, сана сезімін танытады, ұлттық ерекшеліктерінен хабардар етеді. Сондықтан да сол тұрақты сөз тіркестерін, яғни фразеологизмдерді зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ғалымдар бұл сала бойынша сөз қозғап, жан-жақты зерттеу жүргізіп келе жатқанымен, ғылымның үздіксіз дамуына байланысты зерттеуді қажет ететін тұстары әлі де баршылық.
Құрылымына қарай фразеологиялық бірліктер сөз тіркесі формалы немесе сөйлем формалы болып келеді. Зерттеу барысында қазақ және түрік тілдерінің фразеологиясының айрықша бай және құрылымы мен мазмұны жағынан да әртүрлі екендігі анықталды. Фразеология жүйесінің байлығы құрылымдық-семантикалық типтердің әртүрлілігі мен мазмұнының кеңдігінде. Өзара туыс екі тілдің де фразеологиялық қабаты халықтың бұрынғысы мен күні бүгінге дейінгі жағдайын сипаттайды, белгілі бір халықтың бүкіл өмірі, тыныс – тіршілігі мен өмір тәжірибесін бейнелі түрде жеткізеді.
Көрсетілген қазақ және түрік тілдеріндегі бейнелі тұрақты тіркестердің ұқсастығы екі тілдің түбі бір туыс тілдер екендігін, олардың рухани мәдениеті, наным-сенімі, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің жақындығын айқындайды.
Қазақ және түрік халықтары өзара туыс дегенмен, зерттеу барысында әр халықтың өзіне тән ұлттық рухани және материалдық мәдениетінде ерекшеліктері байқалады. Шығу төркіні, тілде қалыптасуы жағынан тұрақты тілдік бірліктер әртүрлі болып келуі мүмкін және олар бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударылмайды.
Өзара туыс екі тілдің фразеологиялық бейнелі тіркестерінің тақырыптық топтары мен мағыналық жіктелімінде де ұқсастық байқалады. Оның себебі тілдердің туыстығында немесе құрылымы жағынан бір типке жататындығында ғана емес, фразеологизмдердің табиғатына, оған тән тілдік заңдылықтарға байланысты.



Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
123456789 -> Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
123456789 -> Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
123456789 -> Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»
123456789 -> А. Ж. Кунанбаева
123456789 -> Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет