Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет48/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56
Байланысты:
Монтессори
1557917413, 1575551429, 1539699345, олимпиада по каз яз5-6,9-10 кл, 6сынып мектепішілік олимпиада тапсырмалары ҚАЗАҚ ҰЛТЫ мен ӨЗГЕ ҰЛТ, АПФ слайд 23-24, мәтін
Қатені бақылау
:
әр штангідегі сегменттер саны. 
Тікелей мақсат:
сан тұрған мөлшерлермен эксперимент жасау 
және олардың сәйкес атауын білу
.
Балаға бөліктерден тұрушы бүтін боп табылатын әрбір сан тек бір 
затты білдіретінін көрсету. 
1-ден 10- ға дейінгі сандардың бірізділігін есте сақтауға көмектесу.
Жасы
:
3,5 – 4 жас. 
Кедір-бұдырлы цифрлар 
 
Материал
:
ағаш жиектемеге жапсырылған және бұжыр түрде
кесілген 0 - ден 9-ға дейінгі сандар белгілерінің жиынтығы.
Тұсаукесер:
Баланы материалдары бар үстелшеге шақырамыз, оған материалды 
көрсетеміз. «Бүгін біз бұжыр цифрлармен жұмыс істейміз. Біз оларды былай 
апарып қоямыз» деп айтып, цифрлары бар қорапты апаруын сұраймыз. 
Цифрлары бар қорапты қалай апаруды көрсетеміз. Бала материалды 
апарады және оны үстелге қояды. 
Әрі қарай «Бұл материалмен жұмыс үшін қол жастықшасын сезгіш 
етуіміз керек» деп айтамыз. Гид пен бала қол жастықшасының сезгіштігін 
арттырады.
Үстелге бала бізден сол жақта тұратындай етіп отырамыз.
Материалды үстелдің сол жақ бөлігіне жылжытамыз.
Ішкі бөлігін жоғары аударып жәшіктен «1», «2»,«3»үш тақталарын 
аламыз. 
Үстел үстіне алдымызға қоямыз, жәшікті үстелдің жоғарғы оң жағына 
жылжытамыз және оны біздің бетімізден аударамыз. 
«Есіңде ме сандық штангіде қалай санап едік? Енді мен саған «бірді» 
көрсетем. Міне бізде «бір».
Тақтаны аударамыз. Бұл «бір».
Цифрды белдеулейміз және оны «Бір» деп атаймыз. 
Осы әрекетті үш рет қайталаймыз. 
Сосын балаға «Сен белдеуле» деп ұсынамыз. 
Содан кейін «1» цифры бар тақтаны шетке жылжытамыз.
«2» цифры бар тақтаны үстелдің сол жақ орталық бөлігіне 
жылжытамыз.
«Екі» штангісімен санағаның есіңде ме?» деп сұраймыз. Карточканы 
аударып «Екі» деп айтамыз. 


57 
«2» цифрын екі саусақпен үш рет белдеулейміз, «Екі» деп атаймыз.
Бала белдеулейді және цифрды үш рет атайды. 
«2» тақтасын жылжытамыз және «1» тақтасының жанына қоямыз. 
Бұдан кейін тағы бір рет: «Бір, екі» деп қайталаймыз. Бірақ бұл кезде 
цифрларды белдеулемейміз.
«3» цифры бар ұқсас бірінші деңгейдегі тұсаукесерді өткіземіз.Сосын 
«3» цифры бар тақтаны қойып, «Бір, екі, үш» деп қайталаймыз. Тағы бір рет 
барлық үш цифрды белдеулеуге болады, бірақ бұл міндетті емес. 
3-сатылық сабақтың екінші кезеңіне өтеміз.
Айтамыз: «үшті көрсет, белдеуле; мында 2 қой, белдеуле; 2-ні қолыңа 
қой, белдеуле».
Екінші кезеңді бала барлық цифрларды меңгермейінше жалғасырамыз. 
Цифрлары бар тақталарды үстел бетіне ретімен қоямыз. 
3-сатылық сабақтың үшінші кезеңі: кез-келген тақталарға көрсете 
отырып «Бұл не? Белдеуле» деп сұраймыз. 
Сосын балаға жаңа сандарды білуді ұсынамыз және тұсаукесерді әрі 
қарай өткіземіз. 
Егер бала ұсынылған цифрларды дұрыс меңгерсе, онда қызығушылық 
болса, онда бір күнде 6 цифр бере аламыз. 
Сосын балаға өз бетінше жұмыс жасауды ұсынамыз және 
материалдарды орнына апаруды ұсынамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет